Ол не? Қалай жасалады? Не үшін қажет?



Pdf көрінісі
Дата05.05.2023
өлшемі21,28 Kb.
#90090
Байланысты:
Перифраз



Перифраз
Қазақ тілі мен әдебиеті 
Құлмағамбетова А.Ш. 


Перифраз 
Ол не? 
Қалай жасалады? 
Не үшін қажет? 


Перифраз 

Перифраз 
(
гр.
 periphrasis — айналым) — құбылыстар мен 
заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне 
негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз 
мәтіннің
 
идеялық
-
эстетикалық
және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық 
реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы 
(
арыстан
дегеннің орнына), дала кемесі (
комбайн
), қара алтын 
(
көмір
), т.б. 
(Уикипедия) 

Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды 
басқа сөзбен жеткізу. 
 


Перифраз тәсілін ... 

Тыңдалым және оқылым тапсырмаларын құрастырған кезде 
сұрақтарды түрлендіру, сөздік қорын тексеру 

Айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында ойын өз сөзімен 
жеткізу 

Жазылым тапсырмаларын орындаған кезде бір ойды жеткізу үшін 
әртүрлі грамматикалық және синтаксистік құрылымдарды қолдану 


құралы ретінде қолдану ұсынылады. 


Перифраз жасау тәсілдері 
1. Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. 
Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б. 
Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп 
соқты. 
Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады. 
 
2. Синонимдерді қолдану.
Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам. 
Перифраз: Менің апам әдемі жан. 


3
. Сандар мен пайыздық көрсеткішті өзге формаға ауыстыру.
Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие 
болды. 
Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды. 
 
 
4
. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа 
алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру). 
Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады. 
Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды. 
 


5

Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану. 
Түпнұсқа: Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? - 
деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Перифраз: Зат есім - бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның 
атын білдіретін сөз табы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?- деген сұрақтарға 
жауап береді. 
 
6. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі формаларын түрлендіріп қолдану. 
Түпнұсқа: «Өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажет» - деді Ф. 
Достоевский 
Перифраз: Ф. Достоевский өмірді өмірдің бағасынан артық сүю 
қажеттігін атап өтті.


7. 
Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге 
түрлерін қолдану. 
Түпнұсқа: Арман сабағына дайындалып отырып, інісіне де көмектесті. 
Алайда екі нәрсені қатар жасау оған қиын тиді. 
Перифраз: Арман әрі сабағына дайындалды, әрі інісіне көмектесті. 
Дегенмен екі нәрсені қатар жасап қиналды.
8. 
Алайда жалқы есімдер мен кілт терминдерді ауыстыруға, 
өзгертуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет