Ол өз кезегінде мұнай ағынын жақсартып оның өндірілу көлемін арттырады. Бұл тәсіл әртүрлі типті кенорындарында әртүрлі жағдайларда қолданыла алады



бет1/6
Дата14.08.2023
өлшемі318,73 Kb.
#105274
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шпоры


Е: Ол өз кезегінде мұнай ағынын жақсартып оның өндірілу көлемін арттырады. Бұл тәсіл әртүрлі типті кенорындарында әртүрлі жағдайларда қолданыла алады. Оған қоса, әдіс өз тиімділігін ауыр мұнай, битумды құмдар, құмды каверндерде және тағы да басқа күрделі геологиялық жағдайлар мысалында көрсетеді. Аса эффективтілікті қолдану аясы – дәстүрлі игеру тәсілдері көмектеспеген, игеру көлемі азайған стадиядағы кенорындарда көрсетеді. Дегенмен, бу айдау тәсілі кенорындар үшін әмбебап құрал болып табылмайды. Оның өзінің кемшіліктері мен шектеулері бар. Мысалы, үрдіс шығыны, бу генерациясы үшін судың ірі көлемі, конденсат пайда болуының жоғары ықтималдылығы, тау жынысының қасиеттерінің өзгеруі және тағы да басқа. Оған қарамастан, қазіргі таңда көптеген инженерлер мен мұнай-газ саласындағы ғалымдар өз назарын бу айдау әдісіне аударуда. 3


Н: ЕмбіМұнайГаз тресті 1922 жылы құрылып, мұнай мемлекеттік монополия құзырына өтіп, Орал – Ембі мұнай кенорындар администрациясы тағайындалады. 1918 жылы маусымда мұнай өндірісі толығымен мемлекет меншігіне өтті. Кеңес өкіметінің батыстық акционерлерге жоғалтқан акцияларының құнын өмеуден бас тартуы үлкен бойкот пен қарсы алынады. Соның салдарынан, ел изоляцияда қалып, өз мұнай секторын өзі дамытуына тура келеді. Жаңа мұнай кенорындарын зерттеу арнайы экспедициялары НКВД (Ішкі істер бойынша ұлттық комитет) құзырында болады. Мұнай өндірісі бағытында білікті мамандарды дайындау үшін Доссорлық тау-кен академиясы 1924 – жылы құрылады. Ембі роторлы бұрғылаудың және геофизикалық барлаудың жаңа тәжірибелік алаңына 1926 – жылдан бастап айналды.
1892 – жылы С.Н. Никитин кенорында бірнеше барлау ұңғыларын бұрғылап, ірі мұнай кеніштері бар екенін дәлелдеді. Кейбір деректерге сүйенсек, кенорын мұнайы одан ертерек анықталған. Осылай, 17 – ғасырдың ортасында ағылшын саудагері Гок Әбілқайыр ханға аттанған жолында Ембі өзенінің маңында су емес, мұнай қайнар көзіне тап болған. 1911 жылы сәуірінде Доссор кенорны ашылып, мұнайының сапасы жоғары болғананы сонша, әлемдік резонанс тудырып, Лондон патшалық биржасы аймақтағы мұнай қорларын барлауға және игеруге 5 миллион фунт көлемінде акция шығарады. 1914 – жылға қарай кенорында 200 мың тонна мұнай өндіріледі.
осы 1914 – жылы “Г.М. Лиаонозов ұлдары” мұнай өндіру серіктестігі “Нобель ағайындары серіктестігі” – мен бірлесе отыра Доссор кенорнына иеленіп, игере бастады. Алайда, 1916 – жылғы деректерге сәйкес, серіктестік назары тек жалға алынған территорияларда мұнай игеруге аударылып, арендалық төлемдер табыстың 36% - на дейін жетті. “Г.М. Лиаонозов ұлдары” мұнай өндіру серіктестігі Ресейдегі ең ірі мұнай өндіруші компаниялардың бірі болды. Ол фирма Г.М. Лианозовқа тиесілі мұнай өндірісінің салаларының формасының өгеруі нәтижесінде ұлдары С.Г. және Д.Г. Лиазоновтармен мұрагер құқығы негізінде 1917 – жылы ашылған болатын. Фирма басқармасы Петербургта орналасып, алғашқы мұнай жобаларын Баку маңындағы кенорындардан бастаған. Тарих ғалымдарының көпшілігінің пайымдауы бойынша, Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталуының бірден – бір себебі Каспий маңында мұнай үстемдігіне күрес деп негізделеді.
Сол уақыттың жазбаларына сәйкес: “Доссор кенорнының мұнайының фонтандануы 25 метр биіктікке жетіп, 30 сағат бойы атқылап, 16.7 тонна алынды.” 1920 – жылы М.Фрунзе бастаған әскер Доссор және Мақат кенорындары территориясында орналасты. Олардың мақсаты – Каспий теңізі арқылы мұнай транспортировкасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 4




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет