Ол өз кезегінде мұнай ағынын жақсартып оның өндірілу көлемін арттырады. Бұл тәсіл әртүрлі типті кенорындарында әртүрлі жағдайларда қолданыла алады



бет2/6
Дата14.08.2023
өлшемі318,73 Kb.
#105274
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шпоры

Е: Бу айдау үрдісі

Бу айдау технологиясы ауқымды дайындық, заманауи техника және қаражатты талап етеді. Ол күрделі және рестурстарды талап ететін жоба болып табылады. Оны іске асыру технологиялық үрдістердің стандарттарға сәйкес орындаулын, әдістердің дұрыс таңдалуын және заманауи жабдықтарды қажет етеді.


Бу айдау технологиясының негізгі технологиялық үрдістері:

  1. Буды дайындау: сапалы бу алу үшін оның тиянақты дайындалуын қамтамасыз ету керек.Ол үрдіс қоспалардан тазарту,газдардың концентрациясын төмендету,керекті көрсеткіштерге дейін температура мен қысымды жеткізуден тұрады.

  2. Бу айдау: буды айдау арнайы парогенераторлар және инжекторлы сораптар орнатылған ұңғылар арқылы жүргізіледі.Бумен қатар бір уақытта су немесе химиялық ерітінділер де айдалуым мүмкін.

  3. Будың қабатта біркелкі таратылуы: Ол үшін қабатты зоналарға бөлу,бу және қысымның шығынын қадағалау сиақты әртүрлі технологиялар қолданылады.

  4. Қайтымды үрдіс: бу қабатқа еніп мұнайды қыздырған кезде қайтымды үрдіс орын алады.Ол кезде бу мұнай мен газбен бірге пайдалану ұңғылар арқылы жоғарыға көтеріледі.

  5. Өнімді өңдеу: жоғарыда мұнай,газ және бу қоспасының өңдеуі жүреді.Ол үрдіс компоненттер сепарациясын,қоспалардан тазарту және қайта өңдеуді қамтиды. 7

Н: Бу айдау процесстері алаңдық тәжірибеге сай, мұнай бергіштікті арттырудың басқа әдістерінің арасында үздік деп саналады. Әдіс, ереже бойынша, біріншілік немесе екіншілік методтардан кейін емес, олардың орнына қолданылады. Бу айдаудың коммерциялық бағыты 1960 – жылдан бері ұдайы практикаланып келеді.

  1. Пайдалану ұңғымаларға бумен тікелей әсер ету.

  2. Тікелей емес стимуляция. Яғни, игеру көлемін арртыру үшін булы привод жасауға басқа ұңғылардан буды айдау.

Резервуардың өзінің жеткілікті энергисяы болғанда ұңғыға бумен стимуляция жасау ғана жеткілікті. Резервуар энергиясы азайғанда бу айдау әдісін қолдану қажет. Бумен стимуляция кезінде өнім аймағына жоғары сапалы буды енгізу арқылы қабатты қыздырады. Бұл үрдіс мұнайшылар терминологиясында “продувка” немесе “пропитка паром” деп те аталады. Стимуляция үрдісінің басты айырмашылығы – буды арнайы айдау ұңғымаларынан емес, пайдалану ұңғымасы арқылы қабатқа енгізеді. 8

Әдіс алғашында Cold Lake – те 1950 - жылы Imperial Oil – мен ашылып, іс жүзінде қолданылған. Технологиясы тек 1985 – жылы коммерцияланған. Процесске парогенератор қатысып буды C және орташа алғанда 11000 кПа қысыммен қабатқа айдайды.


Циклдік булы стимуляция 3 этаптан тұрады: алдымен вертикальды ұңғы арқылы белгілі бір уақыт көлемінде жоғары қысымда бу енгізіледі, резервуарды буға қанығу үшін жабады, сосын ұңғы пайдалануға беріледі. Егер Cold Lake мысалында қарастырсақ, бу инъекциялары – 4 - 6 апта, қанығу – 4 – 8 апта , өндіру – 3 – 6 ай.
Өнімділік азайған сәтте бу айдау циклы тағы басталады. Ұңғының қызмет мерзімінде цикл бірнеше рет жүреді. Буға қанығу мен өндіру уақыттары цикл сайын 6 айдан 18 айға дейін өзгеріп отырады. Күтілетін өндіру коэффициенттері 20% - дан 25% - ға дейін өзгереді.
Жоғары қысымды бу битумды тек қыздырып қана қоймай, қабатта жарықшақтар тудырады. Ол өз кезегінде флюидтардың өтімділігін арттырады. CSS – пен өндірілген мұнай API – мен есептегенде, тығыздығы жоғарырақ және тұтқырлығы азырақ. Сәйкесінше, бұл процесс тиімділігін жоғарлатады.
CSS – өте жақсы игерілген процесс болып табылады. Негізгі шектеу – бастапқы мұнай қорының тек 30% (көп жағдайда 20%) ғана игеріле алады. Бұл процесс вертикалды өтімділігі шектеулі коллекторларда және ауыр мұнайларды игеруге қолдануда ерекше тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет