Ол өз кезегінде мұнай ағынын жақсартып оның өндірілу көлемін арттырады. Бұл тәсіл әртүрлі типті кенорындарында әртүрлі жағдайларда қолданыла алады


Бу көмегімен гравитационды дренаж SAGD (Steam Assisted Gravity Drainage)



бет3/6
Дата14.08.2023
өлшемі318,73 Kb.
#105274
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шпоры

Бу көмегімен гравитационды дренаж SAGD (Steam Assisted Gravity Drainage)

Ауыр мұнайдың тұтқырлы табиғаты және қоғалғыштығының төмендігі басқа да өндіру әдістерін жоққа шығарады. Ауыр мұнайды дәстүрлі әдістермен игеру экономикалық тұрғыда тиімсіз. Сәйкесінше, ауыр мұнайдың тұтқырлығы игеру орнында төмендетіліп, ұңғыға қарай қозғалғыштығын арттыру керек.


Жеткілікті өтімділік жағдайында ауыр мұнай мен конденсацияланған бу пайдаланушы ұңғыға қарай өз энергиясымен жылжиды. SAGD ауыр мұнайды, CSS – ке қарағанда, жұқа қорлардан өндіруге қабілетті. Дегенмен, ол да вертикалды өтімділікті қажет етеді. Бу – мұнай қатынасы SAGD технологиясында қатынасы 2,5:1, жоғары сапалы кенорындар үшін 3:1.
Осылай, құмтас түбінде екі горизонталды ұңғы бұрғыланып, бір – бірінен вертикалды 4.6 – 6.1 метр (15-20 фут) қашықтықта орналасады. Жылу мұнайдың тұтқырлығын бастапқы жағдайларына және температурасына байланысты 1 – 10 сП – ға өзгертіп, вертикалды да, горизонталды да тарайтын булы камера жасайды. Бу мен газдар өздерінің тығыздығынан үстіге, ал мұнай мен сулы конденсат астыңғы ұңғымен кетеді. SAGD технологиясы нәтижесінде синтезделген газдар аз көлемде көмірқышқыл газы мен күкіртсутек іздерімен кездесетін метанмен ұсынылады. Конденсацияланбаған газдар конструкция төбесінде қалатын тенденцияға ие. Бұл газдар өз кезегінде бос кеңістікті толтырып, изоляциялайтын қабат түзеді. Олар камераның үлкеюі кезінде вертикалды жылу жоғалтуын азайтады. Кеуектер және де одан ірі масштабта ағындар қарсыағын мен гравитациялы ағын арқылы жүзеге асады. Оған қоса, жұқа әрі үзіліссіз майлы жабын сақталады, ал ол шикізаттың игерілуінің жоғары коэффициентін қамтамасыз етеді.
SAGD технологиясы CSS – ке қарағанда бірқатар потенциалды артықшылықтарға ие. Олар:

  1. SAGD – ны жұқарақ шөгінділерде қолдануға болады.

  2. SAGD қолдану мұнай өндіру коэффициентінің жоғары коэффициентін көрсетеді. SAGD үшін 50%, ал CSS үшін 15-20%

  3. SAGD бу – мұнай қарым – қатынасы төмен, сондықтан эксплуатационды шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

  4. SAGD төменірек қысыммен жұмыс жасайды, сәйкесінше кішірек кенорындарды эксплуатациалауға мүмкіндік береді.

Алайда, SAGD үшін будың сапасы 100% - дық болу талабы және жоғары мұнай – газ қатынасы бар.
SAGD жобалары коммерциялық қолданымда 2001 – жылдан бері болғанымен, бұл әдістің игерілуі әлі ерте стадиясында. Оған қоса, энергоэффективтілік және игеру коэффициенті тұрғысынан модификациялау потенциалы жоғары. SAGD технологиясы өткізгіштігі жоғары кенорындарды үздік нәтижелер көрсетеді. Нәтижесінде, ол айдаудың төменірек қысым қажеттілігіне және будың мұнайға қатынасының төменділігне алып келеді. 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет