Бұл кезеңге тән сақ обаларының шеңбері оған ернеуі және сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айнадан тұратын кешендердің енгізілуі есебінен кеңейе түседі. Қазақстанның бес кешенінде айналар ертедегі үлгідегі жүген жиынтығымен бірге табылды. Бұл — тікбұрышты үзеңгі мен тіреуішке қоса, тесіктері екі катар жасалған өзекше тәрізді орамы бар қола ауыздық. Ауыздық көне заманға жататындығын айқын көрсететін белгі өзекшелеріндегі шығыңқы, «езуіне» құйып жасалған «ойык» түріндегі өрнек болып табылады. Солтүстік Кавказ кешені бойынша мүндай өрнегі бар ауыз- дықтар б. з. б. VIII—VII ғасырлардан кейін таралған жоқ. Бұл кезеңге үш қоныс жатады. Қарлыға-1 және Боркі-2 қоныстарынын заттай құрал-саймандарының арасында қоныс мерзімін дәл анықтайтын бұйымдар кездеспеді. Керамикалық кешеннің орманды-дала өңірі ескерткіштерінде ұқсастары бар. Қоныстардың уақытын анықтау үшін біз жанама сипаттағы мәліметгерге жүгінуге мәжбүр болдық.

Керамикалық кешендері бойынша Қарлыға-1 және Боркі-2 қоныстары бәйіт мәдениеті ескерткіштерінің тобына жатады. Оның аумағы Тобыл-Есіл өзендерінің аралығындағы орманды-дала өңірін қамтиды. Бәйіт мәдениетінің хронологиялық шеңбері (б. з. б. VIII—V ғасырлар) салыстырмалы мерзіммен белгіленген. Төменгі шегі (б. з. б. VIII—VII ғасырлар) соңғы қола дәуірінің Тобыл өңіріндегі қоныстары тұрғын жайларының ойпатындағы бәйітжәне крест керамикасынын бірге жату фактілерімен көрсетілген.
Қола ғасыры дәстүрлерінің біртіндеп өзгеру, Солтүстік Қазақстандағы ертедегі темір ғасырының көшпелі мал шаруашылығы мен мәдениетінің қалыптасу үрдісін Кеңөткел-10 қонысының материалы көрсетеді. Ескерткіштің шағын дала өзенінің жағасына, қысқы желден корғалған, шоқылар арасындағы құнарлы алқапта орналасуы егіншілік үшін де, мал жаю үшін де барлық жағдайды туғызған. Мәдени қабаттың құрамы, коланың, қола бұйымдарының, күл мен тас құрал-саймандардың ұсак фрагменттерінің табылуы қонысты қолонер және егіншілік орталығы деп санауға мүмкіндік береді.
Мұндай қоныстың пайда болуы - көшпелі мал шаруашылығы қалыптасуының занды нәтижесі. Көшпеліліктің таза күйінде тіршілік ете алмайтыны мәлім. Оның табиғи тіршілік етуі үшін отырықшы қолонер және егіншілік орталықтарымен өзара байланыс жасауы қажет. Шаруашылықты жүргізудің жылжымалы түрлеріне көшудің бастапқы кезеңінде отырықшылық ошақтары бір этникалық, туыстық ортада пайда болды. Бұл іс жүзінде кауымның көшпелілерге қызмет ететін бір бөлігі еді. Одан кейін жаңа өндірістік маманданудың кеңеюі мен топтануына байланысты көшпелі және отырықшы дүниенін алшақтау үрдісі басталады. Отырықшы компонент этниқалык қауым шегінен шығады. Б. з. б. I мың- жылдықтың орта шеніне қарай Солтүстік Қазақстанның көшпелілері үшін егінші әріптестер рөлін Батыс Сібірдің орманды-далалық өңірінің отырықшы орталықтары өз мойнына алды. Солтүстік Қазақстанның далалық өңірінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуымен бірге ертедегі темір ғасыры мәдениетінің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Мұны өтпелі кезендегі обалар тобы айқын көрсетеді, ал ол кездің ғұрпында қола ғасырының да, ертедегі темір ғасырының да белгілері ұштасып жатыр. Б. з. б. I мыңжылдыктың басында палеоклиматтық және шаруашылық өзгерістердің нәтижесінде ландшафтық аймактардың қазіргі шектері қалыптасып, әр түрлі екі археологиялық мәдениеттер мен шаруашылық-мәдени үлгілердің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Олардың арасына қатаң шек болтан жоқ. Шаруашылықтың жаңа уклады неғұрлым ілгері басушылық және ширақ кадам болды, ал оны таратушы дала аймағының көшпелі тайпалары орманды-далалық өңірдің оңтүстік шетіндегі тұрғындарға ықпал жасады. Бұл ықпал мәдениет пен өндіріс саласында жекелеген элементтердің (жыл- жымалы мал шаруашылығының элеменггері) алмасуы түрінде көрінді.