Ќоланылєан јдебиеттер


Painter жұмысының негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
stud.kz-74085

Painter жұмысының негізгі принциптері:
1. Қылқаламды таңдау көмегімен дәстүрлі бейнені құру;
2. Фондық суреттен басқа, суретке растырлық және векторлық объект
құруға болады;
3. Фон сияқты объектіні де редактірлеуге, өшіруге немесе көшіруге
болады;
4. Кез – келген элементті кескінде ерекшелеуге және оған әртүрлі
құбылыс қолдануға болады.
Кез – келген суретті сақтап немесе баспаға шығарғымыз келсе,
редакциялау үшін алдын – ала құрылған бейнені ашып, оны сканерден алу
керек. Сонымен қатар бейненің өлшемін өзгертуге болады. Фотосуретті
редакциялау үшін Painter программасының мүмкіншіліктерін қолдану керек.
Сканерден, сандық фотокамерадан, Web камераларынан бейнені графиктік
редактордын өзінен алуға болады. Әрине, ол үшін берілген құрылғы
компьютерге қосылып, Windows – та орнатылуы тиіс. Құрылғылармен
жұмыс Twain интерфейсі арқылы орындалады. Барлық құбылыстарды Painter
графикалық редакторында бейнеге және бөліктеріне қолдануға болады.
Құбылысты қолданбас бұрын суреттің керекті бөлігін ерекшелеп алу керек.
Құбылыстың барлық командалары Effect менюінде орналасқан. Керекті
команданы таңдап алғаннан кейін, құбылысты баптау диалогын ашамыз.
Қажетті параметр беріп, диалог өрісінде ok кнопкасын басу арқылы,
құбылысты редакцияланған кескінімізге қолдана аламыз.
Corel Photo – Paint - Corel фирмасынан шыққан Photo – Paint
программасының атын “фотосуреттер және бояу” деп аударуға болады. Бұл
графикалық редактор фотосуреттерді өңдеу және өзіңнің жеке суреттеріңді
құруға, яғни растырлық графикамен жұмыс істеуге арналған. Photo – Paint –
тың көмегімен фотосуреттегі адамды оңай алып тастауға немесе оған
аспандағы бұлтты қосып, күрделі фотоколлаж құрастыруға болады. Photo –
Paint Corel Draw векторлық графика редакторымен тығыз байланысты.
Редактормен жұмыс істеу үшін алдын – ала Photo – Paint – тың
мүмкіншіліктерін графиктік редакторымен жұмыс істеу құралдарымен толық
таныс болу керек. Photo – Paint – та алдын – ала құрылған бейнені
45


редакциялау өте жеңіл болады. Photo – Paint құралдарының көмегімен
фотосуретті қалпына келтіруге болады. Photo – Paint дәстүрлі көркемсурет
техникасына ұқсастырып суретті құру мүмкіндігі бар. Арнайы
құбылыстардың көмегімен кескінге және оның бөлігіне нақты түр беруге
болады. Күрделі редакциялау кезінде және коллажды құрғанда ерекшелеу
тәсілі міндетті түрде орындалады. Құралдардың көптеген түрлерінің
көмегімен, кез – келген күрделі фрагментті ерекшелеуге, ерекшелеуді
өзгертуге, оны сақтап және келесі жұмысқа жүктеуге болады.
Объекті редакциялау өзіне көптеген түрлі процедураларды қосады. Біз
объектінің түсі мен формасын өзгертіп, оның бөлігін өшіріп немесе түрге
арнайы құбылыстарды қолдануға болады.
Photo–Paint суреттерді құруға жоғарғы сапалы таңдамалы құралдарды
береді. Ең ыңғайлысы ол қарапайым фигуралар құру: тікбұрышты үшбұрыш,
элипс, көпбұрыш және түзу сызықтар. 
Сонымен қатар ерекшеленген облыс немесе объектіні таңдаған түспен
бояу қиын емес. Негізінде жақсы көрсеткішті қылқалам жинақтарының
көмегімен көрсетуге болады.
Photo – Paint жұмысының негізгі принциптері:
1. Алғашқы кескінді файлдан, буферден, сканерден немесе сандық
фотокамерадан алу.
2. Қарапайым фигуралар және ерікті суреттерді түрлі құралдардың
көмегімен құру.
3. Кескіннің бөлігінде ерекшелеу операциясын қолдану. Ерекшелеуді
өзгерту, сақтау және қалпына клтіру.
4. Көптеген түрлі құбылыстарды кескіндерге және оның бөліктеріне
қолдану.
Photo – Paint графикалық редакторында бейнефайлдардың кадрын
редакциялауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет