Ќоланылєан јдебиеттер



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
stud.kz-74085

Web-палитра
Web-тегі графикалық форматтар. 
Жер бетінде алғашқы екі компьютердің пайда болуынан
бастап адамдар олардың арасында байланыс орнатып,
ақпаратты тарату мәселелерін шеше бастады. Техникалық
жағынан бұл мүмкін жағдай еді. Компьютерлдік техника
дами бастады да, компьютерлік желілер қолданыла бастады. 
Компьютерлер арасында ақпарат алмасу мұқтаждығы
арта түсті де, бүкіл әлемде ауқымды желі пайда болды. 
Интернет – әлемнің түкпір-түкпірімен байланыстыратын
алғашқы ауқымды желі. 
1989 жылы Тим Бенерс-Ли гипермәтіндік жүйені ойлап
тапты, ал 1990 жылы алғашқы WWW (World Wide Web, WWW
немесе жай Web – дүниежүзілік өрмек) 
пайда болды. Сол кездерде ірі
фирмалар жасаған алғашқы веб-беттері пайда бола бастады.
49


WWW (World Wide Web, WWW немесе жай Web – дүниежүзілік
өрмек) – интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны қысқаша Web
деп те айта береді. 
WWW – интернетте ақпаратты графикалық түрде беру беру құралы. 
Web-беті – WWW-да орналастырылған және гипермәтін форматында
дайындалған құжат (файл). 
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-беттерінің бір ортақ
қасиеттері олардың барлығы да HTML
(
Hyper Text Maker Language
)
да
жазылуында. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Кез келген мәтiндiк
редакторда даярланған құжаттар HTML форматында сақталғаннан кейiн
Web-беті түрiнде бейнеленедi. 
Гипермәтін - бұл қосымша элементтердi басқару мақсатында iшiне
екпiндi элемент орналасқан мәтiн түрi. Ол мәтiн iшiне сурет, дыбыс енгiзу,
мәтiндi безендiру және форматтау әрекеттерiн орындайтын немесе осы
құжаттың басқа бөлiгiне сiлтемесi бар алғашқы нүкте ретiнде
қарастырылатын белгiленген сөз. 
Гиперсілтеме – басқа файлды немесе объектіні көрсететін гипермәтіннің
үзіндісі. Сөздi ерекшелеп белгiлеу келесi көрсетiлетiн құжат бөлiгi қалай
бейнеленетiнiн анықтайтын айрықша кодты осы сөз iшiне енгiзу деген
мағынаны бiлдiредi. 
Броузер – бұл Web-беттерiн (гипермәтiндiк беттердi) қарауға негiзделген
программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).
Графикалық, бейнелiк және аудиомәлiметтер жеке файлдарға жазылады
да, құжат iшiндегi сiлтемелерге сәйкес броузерлер оларды бiртiндеп iске қосу
қызметiн атқарады. Файлдардағы мәлiметтердi қабылдап, броузер оларды
реттеп орналастырады да, HTML тiлiнiң командалары арқылы мәтiнге
қажеттi түстер енгiзiп, терезе көлемiн, мәтiн қарiпi мен оның мөлшерiн және
т.б. әрекеттердi анықтап, нәтижесiн экранда көрсетедi. 
HTML файлдары *.htm немесе *.html деген кеңейтiлулер арқылы
өрнектеледi. Оны құрастыру үшiн “Стандартные” программасындағы
Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесiн экранда көру үшiн Microsoft
Internet Explorer броузерi қолданылады.
Ал сайт – Web-беттерінің жиынтығы. 
WWW-дың негізгі қасиеті – ол тек қана мәтін мен графиканы ғана
біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар, мультимедиа мүмкіндіктері, яғни
аудио және бейне клиптерді де біріктіре алады. Кез келген Web-беті
ақпараттың төрт түрлі берілуін біріктіре алады. 
50


Web – гипермәтіндік орта болып табылады. Гипермәтін – ақпараттың
белгілі бір бөлігі ақпараттың басқа үзінділеріне сілтеме жасайды.
Гипермәтіндік сілтеме тышқанды баса отырып, ақпаратқа сілтеме жасалған
құжатты жеке терезеде аша аласыз. 
Гипермәтіндік сілтемелер – Web құрастырылатын кірпіштер сияқты. 
Web-беттерін құру үрдістері:
1. Тұжырымдама. Web-бетін құрудың алғашқы қадамы – тұжырымдаманы, 
яғни мыналарды анықтап алу керек:

аудиторияны;

бетті құрудың мақсаты;
2. Архитектурасы. Қағазда Web-бетінің эскизін сызып алу керек. 
3. Дизайн. Негізгі тұжырымдамасы анықталғаннан кейін, құрылымы
жасалғаннан кейін дизайнын анықтау керек. Яғни ондағы фонның,
суреттердің, мәтіндердің түстерін, қаріптерін, анимацияны таңдап алу және
т.б.
4. Орындау. Дизайнның нұсқасы таңдап алынғаннан кейін оны іске асыру
керек. Яғни графикалық элементтер, HTML, программылқ код, мультимедиа
элементтері және мазмұны біріктіріледі де, құрылады.
5. Сапасын тексеру және тестілеу. Дайын болғанда оны Интернетке
орналастыру керек. Сілтемелерді, грамматикалық қателерді және т.б.
нәрселерді қарап шығу керек. 
Web-беттерін құруға мынадай мамандар қатыстырылады: идея беруші –
маркетинг мамандар, директор, дизайнерлер, мультимедиа жасайтын
мамандар, HTML-программистер, программистер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет