Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
 
 
 
 
 
 
 


39 
ӨЛЕҢ ЖАЗУ 
 
Өлең жазу-жүректің саралығы, 
Жақсы өлең ақынның даналығы. 
Өлең жазу басымдағы бақ деп білем, 
Сөз саптау- ол адамның даралығы. 
Өлеңге шын берілдім жанымды арнап
Отырмаймын ескі ақындай босқа сарнап. 
Абайша сөз асылын жазсам деймін, 
Күмісі мен алтынын талғап-талғап. 
Шабыт деген-найзағайдың жарқылы, 
Сезімдердің ұстатпайтын алтыны. 
Еріккеннен жазбаймын мен өлеңді
Жазамын мен толқын шабыт арқылы. 
2013 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


40 
АНАҒА АРНАУ 
 
Басымнан сипап , мейірім берген анашым, 
Жанынан артық көретін өз баласын, 
Тәрбиелеп,тәлім берген,өсірген, 
Өз елінің батырын да данасын. 
Алыстаса сағынар құлыншағын, 
Ойлайды әр кез өзінің ұрыншағын. 
Қуанады сапардан қайта оралса, 
Желбіретіп құлыны тұлымшағын. 
Тілегі бар балаға әр ананың
Аңдап басса құлыным әр қадамын. 
Елін сүйер ,елі сүйер әрдайым, 
Азамат боп өссе екен қарағым. 
Баласынан еш нәрсені аямай, 
Мәпелеген,әлдилеген аялай. 
Қуансам да мұңайсам да бірге боп, 
Қорғап тұрар,қолдап тұрар саядай. 
Кішкентайдан қорғап,қолдап пана болған
Ана деген өмірдегі дара тұлғаң. 
Сен үшін түн ұйқысын төрт бөліпті, 
Сен де оны бақытты ет,қарап тұрман. 
Мейір толы жүрегі шуақ шашқан, 
Жақсылығын көрсе ұлының асып-тасқан. 
Шалыс басса баласы бұл өмірде, 
Жан ананың көңілін қайғы басқан. 


41 
Ұлы анасын құрметтеп,қадір тұтса, 
Анасының қадірін біліп,ұқса. 
Әз анаға одан асқан бақыт бар ма? 
Құлыншағын ойлайтын жатса –тұрса. 
Сендей жанды қайдан іздеп таба алам? 
Жан перзентін Ай мен күнге балаған. 
Бесік жырын тыңдап өстім өзіңнен, 
Қамқор анам,асыл анам, ақ анам. 


42 
ІНІМ ДУМАНҒА 
 
Думан інім,сырласым да досым да, 
Жан сырымды ақтарар мұңдасым да. 
Бірге ойнап ,бірге өскен асыл інім, 
Бауырым бола білді құрдасым да. 
Болса дағы екі жас кішілігі
Теңіздердей телегей түсінігі. 
Бауырым дер өзіне жақын тартып, 
Кей кезде дара жандай түсінігі. 
Алғыр да еңбексүйгіш інім барда, 
Менде жанда орындалмас арман бар ма? 
Бауырмалдық күшін жоймас ешқашан да, 
Көрінеміз биік-биік асуларда. 
Көмек берер қолынан келіп жатса, 
Ұмытпайды кетсе де алыс жаққа. 
Сенемін өр намысты ініме мен
Өзгермес отырса да хандық таққа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет