Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
 
 
 
 


32 
ҚАРИЯЛАР 
 
Көкірегіңде тұнып жатқан дара сыр бар
Ақсақалдар,әрқашан да дарасыңдар. 
Кішілерге өсиетін айтатұғын, 
Қариялар азайып барасыңдар. 
Көкірегі алтын сандық аталарым, 
Өсиетіңді ұрпаққа апарамын. 
Қара жерді жаңбыр ғана көгерте алса
Ел-жұртты көгертеді баталарың. 
Көпті көрдің ,ойға түйдің жақсыны да, 
Айналдың дүйім елдің асылына. 
Ұрпақтарың әр сөзіңді үлгі тұтып, 
Үстем болып мерейің ,тасыды ма? 
Әр сөзің жас ұрпаққа азық болар, 
Өсиетіңді жүрегіне түйеді олар. 
Игі ісің ұрпаққа үлгі болса, 
Батаңменен ер жігіт өсіп-толар. 
2014 
 
 
 
 
 
 
 


33 
МЕН ҚАЗАҚПЫН 
Мен әрдайым қазақпын деп мақтанамын
Қазақ деген атпенен бақ табамын. 
Қаным қазақ,арым менен жаным қазақ, 
Мұңданып көкірегімде жатса да мұң. 
Қазақпын барша әлемге аты мәлім
Жанынан биік қояр ұят-арын. 
Елі үшін қиюдан тайынбайтын, 
Кеудесінде бұлқынған шыбын жанын. 
Мен қазақпын ән-күймен көзін ашқан
Ата-бабам тарихы жыр мен дастан. 
Сөз өнерін қастерлеп,қадір тұтқан, 
Сөз қадірін түсінген әуел бастан. 
2014 
 


34 
ІНІГЕ КЕҢЕС 
 
 Келер-келер ер жігіт жүзге келер, 
Үйінде туса-дағы түзде өлер. 
Бұл өмір мәңгі емес өте шығар
Тағдыры басқа салса пенде көнер. 
Кітап оқы ,еңбектен, әлем таны, 
Мал мүлік болмас саған ата малы. 
Жігітті жігіт дейсің ғана, 
Болмаса өнері мен ұят- ары. 
Жігітке өзі де аз жеті өнердің
О ,халқым парқын түсін бұл өлеңнің. 
Асыл ер ел үмітін ақтай білер, 
Біледі ер жігітке ел сенерін. 
Жігіттің жігіттігі ақылында, 
Жат көрмес алысты , жақынды да. 
Бұл кеңесті ,ұнатсаң ал қаперіңе, 
Өкініп жүрмеу үшін ақырында. 
2014 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет