Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
 
 
 
 
 
 
 
 


29 

БАЛАЛЫҚ ШАҚ 


 
Гүлге толған құшағы,жадыраған, 
Балалық шақ бәріне қазір арман. 
Ештеңені ойламай сауық құрып, 
Достарымен ойнаған асыр салған. 
Үлкен болғың келеді бала кезде, 
Балалық дәурен өтер бастан лезде. 
Үлкен мән бар зер салсаң егер де сен
“Балалық шақ –бал кезің” деген сөзде. 
Қырға шығып,қозы-лақтай ойнақтаған, 
Бұл өмірдің қызығына тоймаған. 
Ол шақтарда ештеңені ойламай
Тек зор бақыт,жақсы ниет ойлаған. 
Сол кездерді еске түсір арманда, 
Кей сәттерде көңілсіз боп қалғанда. 
Байлыққа ала-алмассың ол шақты, 
Бала кезің –тәтті шақ бұл жалғанда. 


30 
ЖАЛҚАУЛЫҚ 
Жалқаулықтан арашала жаныңды
Таза ұсташы жүрегің мен арыңды. 
Ешқашан да жалқаулыққа жол берме, 
Жалқау болсаң теберсің өз бағыңды. 
Жалқаулық билемесін әз денеңді
Жалқау болсаң жеңілмес еш кедергі. 
Еңбектен,ойлан,оқы уақытында, 
Ұмытқын сен құр күлкі,ұйқы дегенді. 
Еріншектік оңдырмаған еш адамды
Үздіксіз шынықтырып ой-санаңды. 
“Еріншектің ертеңі бітпес” деген, 
Қазақ халқы жақтырмаған арамды. 
Адам түгіл ара да құр жатпайды, 
Еңбектеніп қысқа азық сақтайды. 
Жалқау болмай әр істің ебін тапсаң
Дархан халқың “елгезек” деп мақтайды. 
2014 
 


31 
БАТЫР АТАМА 
 
Батыр атам ұрпақтарын ойлаған, 
Хас батырдай бес қаруын сайлаған. 
Сұм соғыста батыр атам шайқасқан, 
Сондықтан да қас жауымыз жайраған. 
Батыр атам-халқының қорғаушысы, 
Елі үшін соғысқан жазы-қысы. 
Батырдың ұрпағы ғой не дегенмен
Дарыған Қабанбайдың алып күші. 
Қар кешті,мұз жастанды ұрпағы үшін, 
Майданда аямады бұла күшін. 
Қасық қанын аямады, алға ұмтылды, 
Атаңнын ерлік ісін сен де түсін. 
Сол атаңнын арқасы ойнағаның
Күлгенің,ойынға еш тоймағаның. 
Батыр бабаң ел үшін жанын берді, 
Мақтан тұт дәл осындай атаң барын. 
2014 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет