Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Отан-тарих жинағы.Оңласын Айдын.

 
 
 
 
 
 
 
 


43 
АНА ТІЛІМ 
 
Ана тілім-асыл анам ардақты, 
Өз тіліммен табамын мен бар бақты. 
Қылдай нәзік сырлар да бар тілімде, 
Тап-тұйнақтай ойлар да бар салмақты. 
Ана тілім-сермейтұғын қылышым, 
Бабалардың ашылмаған сырысың. 
Тұнық ойлар жатыр өне бойыңда, 
Құдіреттісің,шексіз биік ұлысың. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


44 
ЖАУЖҮРЕК АТАЛАРЫМ 
Батырлар аз болды ма елім деген ? 
Халқы үшін егілген де еңіреген. 
Ойға алсам хас батырдың өр бейнесін, 
Намыс кернеп бойымды,тебіренем. 
Ерлігіңді сақтайды ел жадында, 
Отан үшін түстің отқа,жалынға. 
Өздеріңсіз аталарым ешқашан , 
Көре алмас ек тәуелсіздік таңын да. 
Бабаларым-жүрек жұтқан ерлерім, 
Тайсалмастан жауға қылыш сермедің. 
Сұм жаулармен арпалысып,шайқасып, 
Намысыңды қолдан бермей өрледің. 
Ата- жауды қасарысқан жайраттың, 
Иесі едің жүректің күш, қайраттың. 
Аңсадың да армандадың атажан, 
Тек биікте желбіреуін байрақтың. 
Кеудеңменен қорғап өттің даламды, 
Әрбір сөзің толықтырар санамды. 
Сұм соғыстың қасіреті қалдырды, 
Ақ жүзіңде әжім менен тарамды. 
Батыр ерлер-халқымның қамалы, 
Қорғап өткен мынау сайын даланы. 
Ер есімі қашан да ел есінде, 
Ұлағаты мәңгі есте қалады. 


45 
БАБА ТУРАЛЫ ОЙ 
 
(Қ.Кемелұлына )
Өлең десе,сөз десе, 
Тайсалмайтын Құлыншақ, 
Ашылмай ма көкірегің, 
Кеңесіне бұрылсақ. 
Сынаушы болса жаманды, 
Өр ақындай-ақ сынасын. 
Таныған, шіркін, безбендеп, 
Адамның ала-құласын. 
Қылыштан өткір сөздері, 
Тұрақтаған ойымда. 
Мұқалмас ерік-жігері, 
Қанымда,менің бойымда. 
Көрсін қазақ ақынның, 
1000 жасқа келген тойын да, 
Жырласа ақын жырласын, 
Кемелдің ұлы жайында. 
2016 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет