Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Отан-тарих жинағы.Оңласын Айдын.

 
 
 
 
 
 
 


35 
КҮЛМЕ ДОСҚА 
Қазақтың мынау байтақ даласында, 
Сырдария өзенінің жағасында. 
Оразымбет деген бір бай болыпты
Беделі бар елінің арасында. 
Жегені қазы менен жал болады, 
Риза болар ас-су ішкен әр қонағы. 
Бай еді ақ жүректі адал жанды, 
Қыдыр дарып,үйіне бақ қонады. 
Осылайша уақыт өтті бұл арада, 
Уақытқа адам тоқтау сала ала ма? 
Жылжыған уақыт емдер барлық дертті
Уақыт керек жазылмаққа жараға да. 
Бір жылдары тасқын болды өзен тасып, 
Кеткен екен арнасынан өзен асып. 
Егістікті,үй-жайды жайпап өтті, 
Байдың үйін,мал-мүлкін кетті басып. 
Мал-мүлкі байдың жиған кетті суға, 
Бірақ та салынбады бай ашуға. 
Жүзе білді ,аман шықты қара судан, 
Бұнымен тоқтар емес, су тасуда. 
Бір жігіт қарқ-қарқ күлді байға қарап, 
Суға батып кеткені үшін қылды мазақ. 
Ұялды бай кірерге тесік таппай
Көрмеп еді ешқашан мұндай азап. 
Уақытты ұқсатамын мен тұлпарға, 


36 
Ұқсатамын биік ұшқан бір сұңқарға. 
Сағаттар жылжи берер жылға ұласып, 
Жалғасады жылдар менен жылдарға. 
Бір жылы қуаңшылық заман болды, 
Жауын жаумай қара жер азып-тозды. 
Мал қырылып,егін шықпай ел азықсыз, 
Талай жан сонда нағыз азап көрді. 
Азап көрді жігіт те байға күлген, 
Әркімді келемеждеп ойнап жүрген. 
Құрығын қолына ұстап жалғыз қалды
Туыстары жан-жаққа кетті бірден. 
Тамақ таппай шықты жолға іздеп азық, 
Жүдеді,қылдай болып кетті азып. 
“Мұнша азапқа тәңірім неге салды?- 
Деп ойлады-бар ма еді менде жазық.” 
Бес күн болды жүргеніне айдалада, 
Сөйтіп жүріп жолықты бір балаға. 
Баладан үйің қайда деп сұрайды, 
Жақын екен оның үйі осы араға. 
Бала оны үйіне әкеледі, 
Үй иесі қонаққа ас береді. 
Ел қонғанда ішіне жас жігіттің, 
Есіктен қаба сақал шал кіреді. 
Таныды бір көргеннен жігіт шалды
Баяғы өткен шағын есіне алды. 
Бұл шалды келеке еткен баяғыда, 


37 
Қысылып жігіт басын төмен салды. 
Ағаттығын жігіт байғұс түсінді кеш, 
Өзіне сәл болса да кіріпті ес. 
“Дүние алма кезек” деген халқым, 
Бұл өмір бір орында тұрмақ емес
АҒАЛАРЫМ
 
Ағаларым,тас болаттай қорғаным, 
Маған қуат бұл өмірде болғаның. 
Қанаттыға қақтырмадың,қорған болып, 
Қиын сәтте сая болдың қорғадың. 
Өзің барда мен қияға самғармын
Әр ойымды жанарымнан аңғардың. 
Жүрші әрдайым інім бар деп мақтанып, 
Арманы боп ағасы жоқ жандардың. 
Пейілі кең жаны жайсаң ағаларым, 
Бақ мекен жиылсаңдар араларың. 
Тәлім алып,өздеріңді қадір тұтып, 
Сендерді бақытыма бағаладым. 
Ағаң болар арқа сүйеп арысың, 
Сен ағаңның барысың да нарысың. 
Орны бөлек қадірі бар ағаның, 
Санасы бар жұмыр басты жан үшін. 
2014 


38 
ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ
 
Арсытандай азулы да қайратты
Жолбарыстай жүректі де айбатты. 
Болашаққа үмітпен көз тастаған, 
Көк аспанда желбіретер байрақты. 
Текті ұрпақ намысын еш бермеген, 
Елі үшін еңбек етіп терлеген. 
Көк бөрідей,күшті ата-бабамдай, 
Халқы үшін жауға қылыш сермеген. 
От боп жанған лапылдап,жалындаған, 
Алға қарай талпынып,арындаған. 
Найағайдай өр жастар аз болды ма? 
Өзгелердің құрсауына бағынбаған. 
Жастар ғана болашағы байтақ елдің, 
Құшағын гүлдендірер туған жердің. 
Ата-баба қалдырған атырапты, 
Олар бірге қорғауға берген сертін. 
2014 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет