25
Ә
ЙЕЛДЕР МЕРЕКЕС І
Әйелдер мерекесі әз
Наурызда,
Бұл мейрамды күтеді ұл да,қыз да.
Ұзақ өмір тілейміз,құттықтаймыз,
Гүл береміз әжемізге ,анамызға.
Ару қыздар
бұл өмірдің болар сәні,
Арулармен кіреді өмір мәні.
Аналарға,қарындасқа, ақ әжеге,
Арнаған сазгерлердің аз ба әні?
Сый құрметті көрсетпейік бір күн ғана,
Өмір бойы қуансын барша ана.
Қуансын қарындастар ақ аналар,
Әйелдер бұл өмірде болар дара.
Арулар-жаны ізгі асыл жандар,
Қырдағы қызғалдақтай ашылғандар.
Арулар тіршілікке күре тамыр,
Жер бетіне шуақ боп шашылғандар.
26
КІТАП
Кітап-білім бұлағы,
ғылым нәрі,
Санында емес сапасында оның мәні.
Ішкі сыры ұшан теңіз,сарқылмайтын.
Жанға қуат беретін ойдың беретін ойдың сәні.
Кітап-тарих жаршысы, ғасырлардың,
Сөз байлығы бізге мұра асылдардың.
Бойымызға сіңіріп келеміз біз,
Асыл сөзін жазушы - ақындардың.
Кітап
орнын баса алмас ешбір затың,
Сонда бар барлық керек мағұматың.
Кітапты көп оқуды ұмытыпты,
Ғаламторға телмірген кәрі-жасың.
Кітаппен білім көзін ашпадық па?
Сөз үйреніп ғылым сырын ақтардық та.
Әңгіме,жыр дастанды талмай оқып,
Жүрекке үміт отын жақпадық па?
2014
27
МҰҚАҒАЛИ АҚЫН
Тебіренсем ақиық ақын жайлы,
Жан-жүрегім дәл отттай лапылдайды.
Қалайша келістірер десеңізші,
Әсемдеп,әрлеп, сырлап,болған жайды.
Бар сезімін өлеңге сыйдырыпты,
Оқушысын күйдіріп,сүйдіріпті.
Оқырманның жүрегіне
сәуле беріп,
Жырларымен іс жасаған игілікті.
Өле –өлгенше сүйіп өткен үш бақытын,
Ұрапағына қалдырған жыр жақұтын.
Өлеңдері әр жанның санасында,
Мәңгі жасар жырымен халқы үшін.
Қара өлеңді дәріптеп , үлгі қылған,
Халқына алқа таққан сұлу жырдан.
Маңдайына біткен бағы қазағымың,
Жүз жылда бір туатын тұлпар мыңнан.
Бөліп қарау мүмкін
емес өлеңінен,
Жарып шыққан жүрегінің тереңінен.
Шығармасын бей-жай оқу мүмкін емес,
Оқырманға ой салар мазмұны кең.
Сұлулықтың сипаттады түр-түсін де,
Белгісіз тылсым сырын,мол күшін де.
Қаншама жырлар жазып кетті өмірден,
Әттең-ай құрметтелмей тірісінде.
28
ГҮЛДЕР
Гүлдер, гүлдер жапырағы жайқалған,
Алыстан-ақ сұлулығы байқалған.
Келбетіңді суреттеуге сөз жетпес,
Тек ақындар суреттеген,айта алған.
Жұпар шашып,кіргізер сәнін жердің,
Ол әдемі болмаса неге тердің?
Сұлулықтың
белгісі болғандықтан,
Барша әйел затына гүлді бердім.
Қыр гүлі бәйшешегі қызғалдағы,
Түрлі –түсті кілемдей құлпырады.
Оның түсі адамды баурап алар,
Сол себепті гүлге ғашық адам жаны.
Гүл-нәзік ғажап сыйы табиғаттың,
Жаныңа ең жақыны адамзаттың.
Сезім ,сырын білдірген ғашықтардың,
Гүл-сәні
бау бақшаның, саябақтың.
2014
Достарыңызбен бөлісу: