ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖƏНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ИНСТИТУТЫ
«ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
Искакова Қоңырша Мырзашқызы
Анапияев Бақытжан Бейсенбекұлы
СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІК ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
"Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар" пəні
бойынша
050701 – Биотехнология
мамандығына арналған
Алматы 2010
2
Қ.И.Сəтбаев
атындағы
ҚазҰТУ студенттеріне
арналған 050701-
Биотехнология мамандығы үшін
"Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық
ресурстар" пəні бойынша пəннің оқу-əдістемелік кешені. Құрастырушылар:
Искакова Қ.М., Анапияев Б.Б. Алматы: ҚазҰТУ, 2010ж.
Құрастырушылар:
- Искакова Қ.М., доцент, биология ғылымдарының кандидаты;
- Анапияев Б.Б., биология ғылымының докторы, профессор.
Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты,доцент Г.А. Жамалова.мен
оқытушы Г.М.Бітімшинаға дəріс материалдарымен көмегіне алғысымызды
білдіреміз.
Аңдатпа
" Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар " пəнінің оқу-əдістемелік
кешені (ОƏК) типтік жəне жұмыс бағдарламасына сəйкес құрастырылған жəне
оқытылатын пəннің негізгі мазмұнын сипаттайды. ОƏК пəннің оқу
бағдарламасы (Syllabus), курстың тақырыптық жоспары, қажетті əдебиеттер
тізімі, дəрістің қысқаша конспектілері, студенттердің өз бетімен жасайтын
жұмыстарының жүйесі, пəн бойынша есеп беру жұмысының жəне өзіндік
бақылауға арналған тест тапсырмаларының күнтізбесі келтірілген.
Дəріс сабағының конспектісінде популяциялық экожүйеден бастап
молекулалық деңгейге дейінгі биотехнологиялық ресурстар қарастырылады.
Ерекше қарастырылған сұрақтар, экожүйе деңгейінде биологиялық мəнді
қарым-қатынастардың
жалпы
принциптерін
табу, оларды
заманауи
биологияның заңдарына сəйкес табиғатын ашу жəне биотехнологиялық
процестер негізінде жетілдіру.
"Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар" пəнінің мақсаты – оқып
үйренушілерге теориялық жəне тəжірибелік сабақтар арқылы биологиялық
құбылыстар табиғаты жөнінде түсінік беру. Оқу-əдістемелік кешенді пайдалану
студенттердің оқу уақытын дұрыс бөлуге, өз бетімен істейтін жұмыстарын
ұйымдастыруға
жағдай
жасайды, студенттердің
танымдық
жəне
шығармашылық қызметте белсенді болуына мүмкіндік туғызады. Оқу-
əдістемелік кешені студенттерге ғылыми дүниетанымды қалыптастырады,
алған теориялық білімін биотехнология бойынша қазіргі заманғы зерттеулердің
жағдайын тəжірибе жүзінде бағалауға пайдалана алады.
© Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті, 2010
3
1. ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ –SYLLABUS
1.1. Оқытушылар туралы мəліметтер:
Сабақты жүргізетін оқытушылар:
- Искакова Қ.М., доцент, биология ғылымының кандидаты;
- Анапияев Б.Б., профессор,биология ғылымының докторы.
Байланыс тел: 257-71-37, қосымша 7218
Кафедрада болатын уақыты бекітілген сабақ кестесі бойынша.
1.2. Пəн туралы мəліметтер:
Пəн атауы: " Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар ".
Кредит саны – 3
Өткізу орны ҚазҰТУ
1- кесте.
Оқу жоспарының көшірмесі
Аптадағы академиялық сағаттар
Курс
Се-
местр
Кре-
диттер
Дəріст
ер
Зертх.
сабақт
ар
Тəжіри
б.
сабақта
р/
семи-
СӨЖ
*
СОӨ
Ж*
Барл
ығы
Бақылау
түрі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
2
3
3
2
-
1
3
3
9
Емтихан
1.3. Пререквизиттері: жалпы жəне молекулалық генетика, микробиология
жəне вирусология, экология.
1.4. Постреквизиттері: пəн бойынша алған білім басқа да ұқсас пəндер
үшін базалық тұрғыда қала бермек: клеткалық биотехнология, микроорганиз-
мдер биотехнологиясы, өсімдіктер биотехнологиясы, жануарлар биотехноло-
гиясы, экологиялық биотехнология.
1.5. Пəн
туралы
қысқаша
мəліметтер:
" Биоалуантүрлілік:
биотехнологиялық ресурстар " курсы студенттерде өздерінің мамандығына
байланысты пəндерді оқуды жəне оны түсіну үшін қажетті биологиялық
ойлауды
жəне
біліммен
қарулануды
қалыптастырады. Сондықтан
биотехнологиядағы экспериментті ұйымдастыру принциптері жəне процестері
туралы оқу курсының жалпы құрылымда биотехнология саласы бойынша
мамандар дайындауға зор маңызы бар. Пəн үшінші семестр бойы
3
кредит
көлемінде оқытылады (30 дəрістік жəне 15 тəжірибелік сағат).
" Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар " пəнінің оқыту мақсаты:
оқып үйренушілерге теориялық жəне тəжірибелік сабақтар арқылы
биологиялық құбылыстардың негізіне жататын өзара қатынастардың негізгі
табиғаты жəне материя қозғалысының заңдылығы туралы түсінік беру болып
4
табылады.
Пəнді оқыту міндеттері мемлекеттік стандарттағы жоғары білім негізіне
сай болашақ мамандардан білім мен іскерлікті талап етуден шығады.
Студенттер курс соңында өздеріне жағдай жасайтын білімділікті, іскерлікті,
білгірлікті игеруі тиіс. Олар жаңа технологияларды пайдалану жолымен
өндірістік өнімдердің биотехнологиялық принцниптерін, биология жəне құнды
өнімді өндірудің биотехнологиялық принциптерін дамыту заңдылықтарын
қолдана білуге мүмкіндік береді.
1.6. Тапсырманың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі:
2-кесте
Тапсырманың түрі жəне оларды орындау мерзімі
Бақылау
түрі
Жұмыс
түрі
Жұмыстың
тақырыбы
Ұсынылған
əдебиетке
сілтеме (беттері
көрсетіледі)
Тапсыру
уақыты (апта)
I
II
III
IV
V
Б.ж.№1
1
зертханалық
жəне
тəжірибелік
сабақтың ма-
териалы
1 нег. [12-116]
2 нег. [5-32]
4 қос. [8-24]
3
Б.ж.№2
2-3
зертханалық
жəне
тəжірибелік
сабақтың ма-
териалы
1 нег. [24-49]
2 нег. [11-109]
4 нег. [5-33]
3 қос. [6-41]
4 қос. [8-24]
6
Коллоквиум 1-4
дəрістің
материалы
бойынша
1 нег.[12-116]
2 нег. [5-109]
4 нег. [6-42]
3 қос. [6-41]
7
Б.ж.№3
4-5
зертханалық
жəне
тəжірибелік
сабақтың ма-
териалы
2 нег. [46-85]
4 нег. [79-109]
4 қос. [14-140]
10
Ағымдық
бақылау
Б.ж..4
6-7
зертханалық
жəне
тəжірибелік
сабақтың ма-
териалы
бойынша
1 нег [212-316]
2 нег. [125-309]
4 нег. [126-242]
3 қос. [246-441]
4 қос. [28-104]
13
Аралық
бақылау
АБ
1
5-8 дəрістің
материалы
бойынша
Негіз: 1-4
Қос: 2-4
8
5
АБ2
1-8 дəрістің
материалы
бойынша
Нег: 1-4
Қос: 2-4
14
Бақылаудың
басқа түрлері
Курстық
жұмыс
КЖ
тақырыбы
бойынша
Нег: 1-4
Қос: 2-4
15
Қорытынды
бақылау
Емтихан
Барлық
өтілген ма-
териалдар
Нег: 1-4
Қос: 1-4
Сабақ кестесі
бойынша
1.7. Пəн бойынша оқу-əдістемелік материалдар:
Негізгі:
1. Беккер М.Е. Введение в биотехнологию. Москва, Пищевая промышлен-
ность, 1978.
2. Адырбайқызы Р. Жануарлардың дара даму биологиясы. Оқу құралы.
Алматы ,2005.
3. Анапияев Б.Б. Гаплоидная биотехнология и преспективы ее
использования в генетической инженерии растений. В сборнике Изучение
генома и генетическая трансформация растений -2001, Наука. Новосибирск, -
С.174-1922.
4. Əліқұлов З. Беймаза биомалекула. Қазақстан 1988ж.
5. Биотехнология: принципы и применение. Под ред. И.Хиггинса, Д.Беста,
Дж.Джонса. Москва, Мир, 1988.
6. Н.Грин Биология. М., Мир, 1990.
Қосымша:
1. Б.Альбертс. Молекулярная биология клетки. Москва, Мир, т. 1-3. 1994.
2. Биғалиев А.Б., Мұхамеджанов Қ,М. Молекукалық биология мен гендік
инженерия, Оқу құралы.Қарағанды.1995.
3. Бегімқұлов Б.К. Молекулалық генетика жəне биотехнология негіздері.,
Білім, 1996.
4. Б.Глик, Дж.Пастернак. Молекулярная биотехнология. М., Мир, 2002.
5. С.Н.Щелкунов. Генетическая инженерия. Сибирское университетское из-
дательство. Новосибирск, 2004.
1.8. Білімді бақылау жəне бағалау:
Кредиттік технология бойынша Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық
курс пен барлық пəндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік
бақылау қолданылады.
Пəн рейтингі қорытынды бақылаудан тыс 100 балдық шкаламен
бағаланады.
Əрбір пəнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық
бақылау, қорытынды бақылау (3-кесте).
Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма,
коллоквиум, тəжірибелік жұмыстарды орындау жəне басқалар жатады. Берілген
пəн бойынша қорытынды бақылауға емтихан да жатады.
6
3-кесте.
Бақылау түрлері бойынша рейтингтік процент бөлінуі
Нұсқау №
Қорытынды бақылау түрі
Бақылау түрлері
Процент
Қорытынды бақылау
100
Аралық бақылау
100
1
Емтихан, курстық жұмыс
Курстық жұмыс
Ағымдық бақылау
100
100
4-кесте.
Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі
“Биоалуантүрлілік: биотехнологиялық ресурстар” пəні бойынша
Апта
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Бақылаудың
апталық
саны
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
Бақылау
түрлері
ӨЖ Т
Б
1
Б
2
Кл
ӨЖ Б
3
АБ
1
ӨЖ Т
Б
4
Т
Кл
АБ
2
КЖ
Бақылау түрлері: Б – бақылау жұмысы, Кл - коллоквиум, ӨЖ - өздік жұмыс, Т –
тəжірибелік сабақ, КЖ– курстық жұмыс.
5-кесте.
Студенттердің білімдерін бағалау
Баға
Əріпті
эквивалент
Рейтингтік балл
(пайызбен 100%)
Балмен
А
95–100
4
Өте жақсы
А–
90–94
3,67
В+
85–89
3,33
В
80–84
3,0
Жақсы
В–
75–79
2,67
С+
70–74
2,33
С
65-69
2,0
С–
60–64
1,67
D+
55–59
1,33
Қанағаттанарлық
D
50–54
1,0
Қанағаттанарлықсыз
F
0–49
0
Ағымдық бақылаудың қорытындысын өткізу мерзімі пəн бойынша оқу
процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4-кесте). Ағымдық бақылау саны
пəннің оқу-əдістемелік кешенінде көрсетілген пəннің мазмұнымен жəне оның
көлемімен анықталады.
Студент жалпы ≥30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жібе-
ріледі. Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізілді деп
есептелінеді. Пəннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.
Модулдер мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге
7
арналған сұрақтар тізімі :
1 – модуль бойынша бақылау жұмысын өткізуге арналған сұрақтар:
1. Биотехнология: пəн жəне зерттеу объектісі.
2. Биотехнология – ғылым жəне өндіріс саласы.
3. Ескі жəне жаңа биотехнология.
4. Биотехнология өндірістің əр түрлі салаларында.
5. Қызыл биотехнология.
6. Сары биотехнология.
7. Жасыл биотехнология.
8. Көк биотехнология.
9. Сұр биотехнология.
10. Ақ биотехнология.
2 – модуль бойынша бақылау жұмысын өткізуге арналған сұрақтар:
11. Вирустар биотехнология объектісі ретінде.
12. Прокариоттар биотехнология объектісі ретінде.
13. Саңырауқұлақтар биотехнология объектісі ретінде.
14. Өсімдіктер биотехнология объектісі ретінде.
15. Жануарлар биотехнология объектісі ретінде.
16. Салыстырмалы аспектіде тіршілік ұйымдасуының клеткалық емес жəне
клеткалық формалары.
17. Салыстырмалы аспектіде прокариоттар мен саңырауқұлақтар.
18. Салыстырмалы аспектіде прокариоттар мен эукариоттар.
19. Салыстырмалы аспектіде өсімдіктер мен жануарлар.
20. Салыстырмалы аспектіде саңырауқұлақтар мен өсімдіктер.
Аралық бақылау сұрақтары:
21. Салыстырмалы аспектіде саңырауқұлақтар мен жануарлар.
22. Бактериялар биотехнологиялық өнімнің продуценті ретінде.
23. Саңырауқұлақтар мен ашытқылар биотехнологиялық өнімнің
продуценті ретінде.
24. Өсімдіктер биотехнологиялық өнімнің продуценті ретінде.
25. Жануарлар биотехнологиялық өнімнің продуценті ретінде.
26. Экожүйенің метаболиттік ресурстары.
27. Экожүйенің клеткалық ресурстары.
28. Экожүйенің молекулалық ресурстары.
29. Молекулалық биотехнология негіздері.
30. Клеткалық биотехнология негіздері.
1.9. Курс саясаты мен процедурасы. Курс бойынша 4 бақылау жұмысы
8
жоспарланған. Коллоквиумнан жəне аралық бақылаудан алған нəтижелер
бойынша балдар есептелінеді.
2. НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттар саны
№
Тақырып атауы
Дəріс
Тəжірибелік
/Семинар
Зертханалық
СОӨЖ
СӨЖ
1
Кіріспе, пəннің
мақсаты міндеті
жəне бағыттары
2
1
-
3
3
2 Экожүйенің
биотехнологиялық
ресурстары:
вирустар
2
1
-
3
3
3 Микроорганизмдер
таралуы.
Бактериялар
2
1
-
3
3
4 Микроскопиялық
саңырауқұлақтар
биотехнология
объектісі ретінде
2
1
-
3
3
5 Экожүйенің
биотехнологиялық
ресурстары:
өсімдіктер,
балдырлар мүктер
2
1
-
3
3
6 Экожүйенің
биотехнологиялық
ресурстары:
қарапайымдылар,
ішекқуыстылар
2
1
-
3
3
7 Экожүйенің
биотехнологиялық
ресурстары:
жануарлар
жəне
адам
2
1
-
3
3
8 Генетика.
Белгілердің
тұқымқуалау
заңдылықтары
2
1
-
3
3
9 Клеткалық
ресурстар
2
1
-
3
3
10 Клетканың бөлінуі,
химиялық құрамы
2
1
-
3
3
11 Гендік ресурстар.
Түрдің
генетикалық
паспорты
2
1
-
3
3
12 Биотехнология
2
1
-
3
3
9
əдістері.
13 Гендік
инженерияға
түсінік
2
1
-
3
3
14 Гендік
инженерияның
мүмкіндіктері мен
даму болашағы
2
1
-
3
3
15 Трансгендік
өсімдіктерден
биопрепараттар алу
2
1
-
3
3
Барлық сағаттар
30
15
-
45
45
2.2. Дəріс сабақтарының конспектілері
1
–ДƏРІС. Кіріспе. Пəннің мақсаты, міндеті жəне бағыттары
Биотехнология ─ ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология
ұғымының дəл мəнісі ─ биологиялық технология, немесе «биология + техноло-
гия». Басқаша айтқанда, биотехнология дегеніміз, биологиялық объектілер мен
биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құру, сол
арқылы адамға қажетті өнімдерді алу.
Осы айтылған қандай объектілер, процестер, өнімдер? Биологиялық
объектілерге сан-алуан организмдер, олардың əр түрлі мүшелері мен ұлпалары,
əсіресе клеткалары жəне протопластары, солардың құрамындағы органоидтар,
хромосомалар, тіпті жекеленген гендер де жатады. Ал, биологиялық процестер-
ге келер болсақ, олардың тіршілік үшін ең маңыздылары ─ өніп-өсу, даму,
көбею, зат пен энергия алмасу, информация қабылдау, сақтау, пайдалану жəне
стресстік, қолайсыз
факторларға
бейімделу
болып
табылады.
Биотехнологиялық жолмен алынатын өнімдерге көптеген дəрі-дəрмектектер,
белоктар мен ферменттік препараттар, құлпырған табиғи бояулар, хош иісті
заттар, витаминдер жəне тағы басқа да биологиялық активті қосындылар кіреді.
Біріншіден, биотехнологиялық əдістердің көмегімен селекция процесін
жүргізуде ежелден қолданылып келе жетқан тəсілдерді (будандастыру, мутаге-
нез, сұрыптау, т.б.) едəуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Екіншіден, керемет
зор нəтижелерге қол жеткізетін мүмкіндіктер тууына жол ашылды. Бұлар био-
инженерия (клеткалық инженерия, гендік инженерия) принциптері негізінде
бұрынды-соңды дүниеде болмаған, түп-тұқияннан қалыптасқан қасиеттерді
тіпті қиялға симастай етіп өзгертіп, жаңа организмдерді конструкциялау, «жа-
сап шығару». Осындай биотехнологиялық жолдармен өсімдіктердің сапалы
сорттары, малдың асыл тұқымдары, микроорганизмдердің аса өнімді штаммда-
ры алынады.
Биотехнология ─ биологиялық процестердің өту заңдылықтарын терең
зерттеп, ұғу арқасында биологиялық объектілердің қызметін пайдалану
негізінде іске асырылатын қазіргі заманның өте тиімді де биік деңгейдегі тех-
нологиясы.
10
Осы жоғарыда айтылғанның бəрі жалпы биотехнология ғылымының си-
паттамасы. Ал кеңірек алып қарағанда, биотехнологияның өзі бірнеше саладан
тұрады. Пайдаланылатын объектілерге қарай: өсімдік биотехнологиясы, жануар
биотехнологиясы, микроорганизмдер биотехнологиясы болып бөлінеді.
Қолданылатын əдістер бойынша, клеткалық инженерия, гендік (немесе
генетикалық) инженерия, ферменттік инженерия (немесе инженерлік энзимоло-
гия), белоктық инженерия, иммунобиотехнология, гибридомдық технология
деп аталатын биотехнологияның жеке тармақтары өріс алуда. Сондай-ақ,
биотехнологияның жетістіктерін экономиканы дамыту үшін қолдануға байла-
нысты ─ ауыл шаруашылық биотехнологиясы, фармацевтикалық (немесе
медициналық) биотехнология, геобиотехнология, биотехнологиялық энергети-
ка, экологиялық биотехнология сияқты салалар қалыптасты. Осы жағдайларды
еске ала келе, өсімдік биотехнологиясын өз алдына жеке, дербес пəн ретінде
тану қажет.
Биотехнология ғылыми пəн ретінде жəне өндірістік қызмет саласы
ретінде биохимияның, молекулалық биологияның, микробиологияның жəне
химиялық технологияның функционалдық жетістіктері мен табыстарына
сүйене отырып негізделеді (1.1-сурет).
1.1-сурет. Биотехнология жəне оның басқа ғылымдармен байланысы.
«Жаңа» биотехнология терминін «ескі» биотехнологияға қарама-қарсы
қолданады, гендік инженерияның, жаңа биопроцессорлық техниканың жəне
Биотехнология
Биологиялық
ғылымдар
Техникалық
ғылымдар
Экономикалық
ғылымдар
Молекулалық
биология
Жалпы биология
жəне экология
Микробиология
Физиология
Генетика
Биохимия
Экономика
Менеджмент
жəне маркетинг
Гидрогеология
Энергетика
Металлургия
Информатика
Математикалық
моделдеу
Электроника
11
мейлінше дəстүрлі формаларының əдістерін қолданатын биопрцессорларды
ажырату үшін пайдаланады. Сонымен, ашу процесіндегі қарапайым спирт
өндіру - «ескі» биотехнология, бірақ, осы процесте гендік инженерия
əдістерімен ашытқыны қолдану - «жаңа» биотехнология болып табылады (1.2-
сурет).
Биотехнология жеке қолданылу аймағында салалар бойынша бөлінеді.
Бұған кіретіндер (1.3-сурет):
Қызыл биотехнология. Қызыл биотехнология (медицина) биотехнология-
ны
қолдану
аймағының
ең
маңызды
саласы
болып
табылады.
Биотехнологиялық процестер жаңа медикаменттерді шығаруда маңызды рөлді
атқарады (мысалы, ісік ауруын емдеу үшін). Диагностика үшін де
биотехнологияның атқаратын рөлі өте маңызды болып отыр (Неміс өндірістік
нормалар жəне стандарттар комитетінің чипі, биосенсорлар). Қызыл биотехно-
логия қолданудың ең жоғарғы деңгейінде тұр жəне ол көптеген басқа да сала-
лар үшін де технология көзі жəне қозғаушы күші болып табылады.
Жасыл биотехнология. Жасыл биотехнология заманауи өсімдіктер селек-
циясы саласын қамтиды. Мұнда жəндіктердің, саңырауқұлақтардың,
вирустардың жəне гербицидтердің қарсы тұруының биотехнологиялық
əдістерін күшейту бағытында жұмыстар жүргізіледі. Жасыл биотехнология са-
ласында гендік техника ерекше орында тұр. Ол белгілі бір гендердің
өсімдіктердің бір түрінен екінші түріне ауысуы үшін негіз салады жəне
резистенттіліктің тууына мүмкіндік береді.
1.2 - сурет. Биотехнологияның даму тарихы.
Биотехнология: даму тарихы
«Танылмаған» биотехнология
Биологиялық пəндердің дамуы
«Жаңа» биотехнология
«Ескі» биотехнология
«Болжамды » биотехнология
XVII ғасырдың ортасына дейін
XIX ғасырдың басына дейін
1953 жылға дейін
1972 жылға дейін
Қазіргі уақыт
12
Сары биотехнология. Сары биотехнология қазіргі заманғы мал
шаруашылығы саласын қамтиды. Мұнда жануарлардың өнімділігі мен
резистенттілігін күшейту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі. Сары биотехно-
логияда гендік жəне клеткалық техника ерекше орын алады. Олар белгілі бір
гендердің жануарлардың бір түрінен екінші түріне ауысуы үшін жəне
жануарлардың жаңа генотиптерін жасау үшін негіз болады.
Көк биотехнология. Көк биотехнололгия теңіз биологиясының
организмдерін жəне процестердің техникалық қолданылуына негіз болады.
Мұнда əлем мұхиттарының биологиялық организмдері бар.
Сұр биотехнология. Сұр биотехнология қоршаған ортаны қорғаумен ай-
налысады. Мұндағы биотехнологиялық əдістер топырақты тыңайтуға, канлиза-
цияларды тазартуға, газдардан тазартуға, ауаны тазартуға, қалдықтар мен
артылған материалдарды екінші мəрте қайта өңдеуге көмектеседі.
Ақ биотехнология. Ақ биотехнология химия өндірісін қамтиды. Ақ
биотехнологияның міндеті – ресурстарды сақтау талаптарын жəне қоршаған
ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, спирт, дəрумендер, амин
қышқылдары, антибиотиктер немесе ферменттер субстанцияларын өндіру.
1.3 - сурет. Биотехнологияның бағыттары.
Биотехнологияны өндірістің келесі түрлерінде қолдануда болады:
- химиялық жəне фармацевтикалық өндіріс;
- азық-түлік өнімдері жəне дəмдік өндіріс;
- ағындарды, қалдықтарды жəне газдарды өндірістік тазарту;
- жаратылыстану ғылымдары мен медицина саласын зерттеу үшін
жабдықтау;
- биотехнологиялық приборлар мен жабдықтар саласында кеңес беру,
өтім жəне даму.
Биотехнология көптеген ғылымдардың түйісуі арқасында пайда болды.
Сондықтан оның дамуы биологияның көптеген салалары бойынша (биохимия,
генетика, микробиология, молекулалық жəне клеткалық биология, эмбриоло-
гия) терең жəне де жан-жақты жүргізілетін зерттеулер негізінде алынған
ғылыми мəліметтерге, жетістіктерге тығыз байланысты.
Биотехнология биологиялық білімді практикада қолданып, адамзат ал-
дында тұрған мынадай көкейтесті мəселелерді шешуге жол ашады: азық-
түлікпен, дəрі-дəрмекпен, жаңа энергоресурстармен қамтамасыз ету жəне
Биотехнологияның бағыттары
Қызыл биотехнология
Жасыл биотехнология
Ақ биотехнология
Сұр биотехнология
Көк биотехнология
Сары биотехнология
13
экологиялық жағдайды жақсарту. Биотехнология, сөзсіз, ХХІ ғасырдың жоғары
дəрежелі технологияларына жатады.
Əдебиет:
Негізгі – 1 [4-46]; 2 [8-40].
Қосымша – 1 [4-62]; 2 [т.1; 4-42].
Бақылау сұрақтары:
1. Биотехнология алдында қандай мақсаттар жəне міндеттер тұр?
2. Биотехнологияның негізгі өнімдеріне, бағыттарына жəне оларды
қолдануға сипаттама беріңіз.
3. Биотехнология жəне өндірістің түрлі салалары.
4. Сіздің ойыңыз бойынша неліктен биотехнологияны түсті гаммаларға
бөлдік?
Достарыңызбен бөлісу: |