Қолданбалы экология


 – ДƏРІС. Экожүйенің биотехнологиялық ресурстары: вирустар



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата12.03.2017
өлшемі0,65 Mb.
#8915
1   2   3   4   5   6   7   8

2

 – ДƏРІС. Экожүйенің биотехнологиялық ресурстары: вирустар

Биотехнология, өндіріс аймағы ретінде – бұл тірі организмдер көмегімен

өнім өндірісіне бағытталған биоиндустриалды ғылым.

Биотехнологиялық 

өнімдерді 

өндіру 


негізіндегі 

биологиялық

əралуандылық.   Органикалық  əлем – біздің  планетамызда  тіршілік  етіп  келе

жатқан  тірі  организмдер. Органикалық  əлемді  тіршіліктің  ұйымдасу  формасы

бойынша, генетикалық  əр  түрлілікке  байланысты  жəне  биологиялық

қасиеттеріне қарай жіктеуге болады (2.1-сурет).

Тіршіліктің  клеткалық  емес  формалары.  Тіршіліктің  клеткалық  емес

түріне  вирустар жатады. Вирустар  тек  клеткаішілік паразитизм  кезеңінде ғана

өміршеңдігін  байқатады. Өзінің  кішкентай  мөлшеріне  байланысты, вирустар

кез  келген  сүзгілерден (фильтрлерден) өтіп  кете  алады, сондықтан  да  олар

алғашында 

фильтрлеуші 

вирустар 

деп 


аталып 

келді. Вирустар

ультрамикроскоптық организмдерге жатады.

Вирустарды  алғаш  рет  темекі  теңбілін  зерттеген  орыс  ботанигі  Д.И.

Ивановский (1892 жылы) болды, бірақ оларды көру көптеген жылдардан кейін

ғана мүмкіндік ашылды.

1935 жылы У. Стенли темекі теңбілі вирустарын кристалл күйінде алды.

Осы  кристалды  темекі  өсімдігіне  енгізгенде  темекі  теңбілі  ауруының  барлық

балгісі  қайталанатыны  анықталды. Осыдан  кейін  көптеген  вирустардың

кристалл түрлері алынды.

Өзінің  көлеміне  қарай  вирустың  бөлшектері  ең  кішкене  тірі  клеткалар

мен химиялық қосылыстардың ірі молекулалары арасынан орын алады. Орташа

мөлшердегі  вирус  бөлшегі  əдеттегі  бактериядан 1500 есе  жеңіл  екені

анықталды. Вирустарда 

ядро, цитоплазма, клетка 

қабықшасыөзара

жекеленбеген. Олардың  шамасы 10-нан 350мкм–ге  жетеді. Мəселен  аусыл

вирусының шамасы 10 мкм, құтыру вирусынікі 100-150мкм, темекі теңбілінікі

15мкм болады.

Вирус  бөлшегінің  құрамына  кіретін  жоғары  молекулалы  қосылыс –

белоктың  құрамы  да  күрделі, ол  амин  қышқылдарынан  тұрады. Амин


14

қышқылдарының  жалпы  саны  жиырма. Əрине  бұл  алғшқыда  қарағанда  аз

сияқты, дегенмен  олар  табиғатта  кездесетін  əртүрлі  белоктарды  түзе  алатын

қабілеті бар. Ғалымдар темекі теңбілі вирусындағы белок құрылымын зерттеп,

оның  жеке  тізбегінің  өзінде 158 амин  қышқылдары, ал  вирустың  барлық

тізбегінде 2130 амин қышқылдары болатынын анықтады.

Құрамы  күрделі  вирустарда  белок  пен  нуклеин  қышқылдарынан  басқа

көмірсулары, май тəрізді заттар, əсіресе маңызды нəрсе – ферменттер кездеседі.

Вирустың  бөлшегінің  жəне  компоненттері  өте  күрделі  қызмет  атқарады.

Мысалы, белок  қабықша  вирусты  қолайсыз  жағдайдан  сақтайды, нуклеин

қышқылы  оның  тұқымқуалаушылық  жəне  зақымдаушылық  қасиетін

анықтайды, ал  ферменттер  басқа  организм  клеткасын  ерітіп, вирустың  оған

енуін оңайлатады.

Вирус  тірі  адамның  серігі  десек  қателеспейміз. Өйткені  олар  адам

туғаннан бастап оны қоршайды жəне онымен бірге тіршілік етеді. Олардың біз

кейбіреулерін  елең  етпесек, қалған  біреулерімен  жанассақ  болағаны, ауырып

қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолдармен енеді: ауамен немесе

тағаммен немесе маса, кенелер көмегімен.

Қазіргі  кезде  адам, жануарлар  мен  өсімдіктерде  жұқпалы  ауруларды

қоздырғыштардың 600-ден астам вирустары табылды. Осындай қыруар ғылыми

еңбектің  нəтижесінде  вирусология  деп  аталатын  ғылым  саласының  негізі

қаланды. Қазір ол зор қарқынмен дамуда.

Қазіргі  кезде  вирустардың  таяқша, жіпше, цилиндр, түйреуіш  тəрізді

түрлерін кездестіруге болады.

Вирустардың  ерекше  қасиеттерінің  бірі – олардың  зертханада  жасалған

жасанды қоректік ортада өспеуі. Олар тек тірі клеткаларда ғана тіршілік етеді.

Тірі 

немесе 


құрылымы 

бұзылған, ұнтақталған 

ұлпаларда, тауық

жұмыртқасында  өсіп  өне  алады. Кейбір  вирустардың  белгілі  бір  жағдайда

кристалға айналатын қасиеті бар.

Вирустардың  бөлшегі – вириондар, нуклеин  қышқылдары  мен  белоктан

тұрады. ДНҚ  немесе  РНҚ  тұратын  спираль  тəрізді  жəне  капсид  деп  аталатын

белок  молекулаларымен  қоршалған  болады. Белоктың  бір  немесе  бірнеше

молекуласынан құралған капсидтер капсомерлер деп аталады. Белокты капсид

пен  нуклеин  қышқылының (ДНҚ  немесе  РНҚ) қосылысы  клеокапсид  деп

аталады. Басқа  барлық  тірі  организмдермен  салыстырғанда  вирустардың

клеткалық құрылысы жоқ..

Вирустар топырақта көбеймейді, бірақ ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Адам

мен жануарлардың біраз вирустары топыраққа түскеннің өзінде бірнеше айлар

бойы өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін жоймай сақтайтыны белгілі болды.

Вирустар тіршілік жағдайына  тез  бейімделіп, өзгеріп  отырады. Олардың

осы  қасиетін  ескере  отырып, қазіргі  кезде  аса  тиімді  шипалық  қасиеті  бар

вакциналарды жасайды.

Төменгі  температурада  вирустар  тіршілігін  жоймайды. Ал +55

0

-60



0

С

температурада  олардың  кейбіреулері  бір  сағаттың  ішінде, ал  көпшілігі +90



0

С

градус  ыстықта  қырылып  қалады. Вирустар  құрғатуға  да  төзімді, олардың



тіршілігі  жойылмайды. Ультракүлгін  сəулелер  де  бұларға  күшті  əсер  етеді.

15

Бірқатар  химиялық  заттар: этил, метил  спирттері, эфир  жəне  хлороформ

вирустарды қырып жібереді.

Қазіргі  кезде  адам  мен  жануарларда  вирустар  қоздыратын  отызға  жуық

ісік  аурулары  бар. Бұларға  тауық  лейкозы  мен  саркомасы, тышқан  емшегі

бездерінің рагі, үй қояны лейкозы жəне рагі т.б. жатады.

Көпшілік  жағдайда  ісікті  қоздыратындар  клетка  ішінде  болса  да, ешбір

əрекет  жасамайды. Олар  тек  қолайлы  жағдайда  ғана  қаулап  өсе  алады  жəне

бұған  ісіктің  өсуін  қолдайтын  кейбір  консерогенді  заттар  организмдер  өте

күшті  қарқынмен  көбейетін  жас  клеткалардың  пайда  болуына  жəне  ісік

туғызатын вирустардың дамуына аса қолайлы жағдай жасайды.

Клеткаға  еніп  кеткен  вирустармен  күрес  жасау  оңай  емес. Вирустарды

клетка  өте  жақсы  қорғайды  да  олардың  көбеюіне  жағдай  туғызады. Клеткада

бір вирус болғанда екінші вирустың енуіне тыйым салынады, мұндай қорғаныш

интерферон деген заттың əсерінен ғана болады.

Инфекция – адам  мен  жануарларда  паразит  микроорганизмдердің  əсер

етуінің  бір  көрінісі, оларға  жұқпалы  аурулар  жатады. Жұқпалы  аурулардың

қоздырғышы патогенді микробтар.

Жұқпалы  аурулардың  таралуы  адам  мен  жануарлардың  организмінің

беріктігіне  яғни  сол  ауруға  қарсы  тұра  алатындық  қасиетіне  байланысты.

Мысалы  тауық  топалаңмен  мүлде  ауырмайды. Жұқпалы ауру  қоздырғыштары

біздің организмге  түрліше зиянды  əсер  етеді. Зиянды  микробтардың көпшілігі

организмді  уландырып, нерв  жүйесін, жүрек  қызметін, қантамырларын  жəне

ішкі мүшелердің барлығын зақымдайтын түрлі улы заттар бөліп шығарады.

Ауру  қоздырғышы, яғни  патоген  микробтар  бір  адамнан  екінші  адамға

жұғуы əбен мүмкін. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда

ауаға тарайды. Осы ауамен демалған сау адамның науқастануы ықтимал.

Əрбір  патоген  микробтар  тек  бір  ауруды  ғана  қоздыруы  мүмкін, яғни

олардың  атқаратын  қызметі  жекеленген  болады. Кейде  адамдарда  белгілі  бір

аурулар  тек  жануарлардың  бір  түрінен  жұғады. Мысалға  маңқа  ауруы  адамға

жылқы немесе мысықтан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы ит,

шошқа жəне ірі қара обасы адамға қауіпсіз.

Көптеген  вирустар  субмикроскопиялық  мөлшерде  кездеседі, сондықтан

олардың  құрылымын  зерттеу  үшін  электронды  микроскоптарды  қолданамыз.

Неғұрлым ұсақ вирустар, мысалы аусыл қоздырғыштары жұмыртқа ақуызының

молекуласындай  ғана  болады. Соған  қарамастан  көлемі  ірі  вирустар  да

кездеседі. Оған  мысал  ретінде  шешек  қоздырғышын  алсақ  болады. Ол  жарық

микроскобтан да көріне береді.

Вириондар немесе вироспоралар төмендегі бөліктерден тұрады:

-     ақуызды қабықтан;

-  генетикалық  материал  орналасқан  нуклеокапсидтен. Ол  нуклеин  қышқылы

ретінде танылған:

-

кейбір вирустар дезоксирибонуклеин қышқылдарынан тұрады (ДНҚ);



-

кейбіреулірінің құрамында рибонуклеин қышқылдары бар (РНҚ);

Вироспоралар  стадиясында  тіршіліктің  ешқандай  белгісі  байқалмайды.

Осыған байланысты ғылымда вирустарды осы стадияда тірі деп айтуға болаты-



16

нын  айқындайтын  біркелкі  қалыптасқан  пікір  жоқ. Кейбір  вирустар  өлі  зат

түрінде кристалданып қалады, бірақ олар сезімтал организмдер клеткасына ен-

генде  тірі  организмнің  барлық  белгілерін  береді. Осылайша, вирустар  өз

кезегінде бүтін организмдер əлемін өлі  органикалық заттармен байланыстыра-

тын көпір түзеді.

Вироспора – вирустың тіршілік ету стадиясының бірі ғана. Тіршілік цик-

лы бойынша вирустарды келесі кезеңдерге бөліп тастауға болады:

-

вирустың клеткаға жабысуы;



-

оған енуі;

-

латентті кезең;



-

вирустардың жаңа дəуірінің түзілуі; вироспоралардың шығуы.

Органикалық

əлемнің


жіктелуі

Тіршілік


ұйымдасуының

формасы


Генетикалық

əр түрлілік

Биология

Клеткалық

емес

Клеткалық



Вирустар

Прокариоттар

Эукариоттар

РНҚ


ДНҚ

Вирустар


Жануарлар

Өсімдіктер

Саңырауқұл

ақтар


Бактериялар

Вирустар


Вирустар

Эукариоттар

Прокариот-

тар


17

 

2.1  -  сурет.  Биотехнологиялық  индустрияның  негізі  ретінде,



биологиялық əр түрлілік.

Латентті  кезеңде  вирус  жоқ  болып  кеткендей  болады. Оны  клеткадан

шығарып  алу  мүмкін  емес, бірақ  дəл  осы  кезеңде  бүкіл  клеткалар  вирусқа

қажетті барлық ақуыздар мен нуклеин қышқылдарын синтездейді, нəтижесінде

вироспоралардың жаңа дəуірі басталады.

Өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда ауру туғызатын жүздеген вирустар

бар. Адамның  вирустық  ауруларына  құтыру, шешек, көктемгі-жазғы  кене

энцефалиті, грипп, эпидемиялық паротит, жұқпалы сары ауру, қызылша, сүйел

жəне т.б.

Бактерия клеткаларында паразиттікке үйренген жəне осы клеткалар сыр-

тында тіршілік қабілетін  байқатпайтын  вирустар тобы фаг  деген  атауға  ие  бо-

лып отыр.

Фагтар  өздерінің  құрылымы  бойынша  өсімдіктер  мен  жануарлар

клеткасында  паразиттік  тіршілік  ететін  вирустарға  қарағанда  күрделірек.

Көптеген фагтардың басы жəне құйрығы болады. Фагтың ішкі құрылымы ДНҚ-

дан тұрады, ал ақуызды компонент қабықшасында тұрақтаған.

Фагтар  бактериялардың  белгілі  бір  түрлеріне  ену  арқылы  көбейеді  жəне

бактерия  клеткасының  еруін  тудырады (лзис). Осыған  орай, фагтар

профилактикалық жəне емдеу мақсатымен холераның қоздырғыштарына қарсы

қолданылады.

Кейде  фагтардың  клеткаға  енуі  бактерияның  лизисі  арқылы  іске  аспай

қалады, мұндайда фаг ДНҚ-сы бактерияның тұқым қуалаушылық құрылымына

қосылып, оның  ұрпақтарына  беріледі. Бұл  бактерия  клеткаларының  көптеген

ұрпақтарында жалғасын таба береді. Мұндай бактериялар лизогенді деген атау

алды. Сыртқы  факторлардың  əсерінен, əсіресе  сəулелі  энергиядан  лизогенді

бактериялардағы  фаг  өзін  көрсете  бастайды, сөйтіп, бактериялар  лизиске

ұшырайды. Лизогенді  бактерияладың  бұл  ерекшелігі  оларды  ғарыш  кемесінде

міндетті  түрдегі «пассажир» етті. Олар  ғарыш  кемесінде  кеме  кабинасына

ғарыштық радиацияның ену индикаторы ретінде қызмет етеді.

Əдебиет.

Негізгі – 1 [4-46]; 2 [8-40].

Қосымша – 1 [4-62]; 2 [т.1; 4-42].

Бақылау сұрақтары:

 1.    Вирусты зерттеген кім жəне нешінші жылы?

 2. Тіршілік ұйымдасуының клеткалық емес формаларының биологиялық

ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

3.     Клеокапсид, вирион деген не?


18

3

–ДƏРІС. Микроорганизмдердің таралуы. Бактериялар

Бактериялар (bacterian – таяқша) – бұл  табиғатта  ең  кеңінен  таралған

микроорганизмдер  тобына жататынын  жəне сол  арада  өте үлкен я  алуан  түрлі

болатын, дүниедегі  микроскопиялық  тірі  ағзаларға  жататын  дарақтар  болып

табылады. Ең ұсақ түрлерін алсақ, олардың денелері шар тəрізді, мөлшерлері ең

кемінде 0,1 мкм (яғни 0,0001 мм болады екен). Бактериялардың ең кең таралған

түрлеріне  жататындар – ол  таяқша  тəрізді  ағзалар, мөлшерлері: қалыңдығы

орташаланған  есеппен 0,5 – 1 мкм, ұзындығы 2 – 3 мкм; сол  арада  кəдімгі

“алып” болатын  түрлері  де  кездесеуі  мүмкін; олардың  диаметрлері

орташаланған  есеппен 5,0 – 10 мкм; ұзындығы 30 – 100 мкм. Бактериялардың

тіпті  майда  болатын  мөлшерлері  ең  сипатты  ерекшеліктеріне  жатады.

Бактериялардың  көпшілігінде  кəдімгі  ядросы  жоқ (ядролық  мембранамен

оқшауланған ядросы болмайды).

Бактериялардың  ядросының  аналогы  ретінде  нуклеоид  болып  табылады.

Ол  құрамында  ДНҚ  бар  плазма  түрінде  кездеседі  жəне  цитоплазмадан

мембранамен оқшауланбайды. Сонымен қатар, бактериялар клеткаларында ми-

тохондриялар жəне хлоропласттар табылмайды. Кəдімгі ядросы жоқ ағзаларды

прокариоттар (ядросы  жоқ  клеткалар  деп  атайды), немесе  протоциттер (яғни

жай құрылымды клеткалы ағзалар жатады).

Бактерияларды – шынында  прокариотты  ағзаларға  жатқызады.

Прокариоттарға  мынадай  микробтар  тобы  жатады: эубактериялар, спирохета-

лар, микоплазмалар, миксобактериялар, актиномицеттер, көк-жасыл  түсті  бал-

дырлар (немесе  цианобактериялар). Бактериялар  пішінді  таяқша  тəрізді

(жұмыр) не  шар  тəрізді (кокктар), спириллалар (вибриондар, спирохет-

тер).Актиномицеттер  жəне  оларға  туысты  ағзаларға  жататын  дарақтарда  ұзын

жəне  бұтақталған  клеткаларды  гифтерді,олар  мицелий  жіпшелердің  немесе

гифтердің  өрірілуін  түзеді. Микоплазмалардың  клеткаларында  тығыз  қабығы

болмайды, сондықтан  олардың  пішіндері  кез  келген  түрге  айналуы  мүмкін.

Тұңғыш  рет  микробтар  əлемін  ашқан XVII голландиялық  жаратылыс  танушы

Антоний Ливенгук болған екен; ол көз əйнекті (лупань) бірнеше рет жетілдіріп,

оның  ұлғайтуын 160-270 есе  арттып, лупа  микроскопты  ойлап  шығарған;

Левенгук  заманынан  кейін  микробтар  əлемін  зерттеу  үшін  микробиологиялық

техника бірнеше есе қадам алға басты. Жарық микроскоптары арқылы 2000 есе

зерттелінетін  объектілерді  ұлғайтушы  дəрежесі  қазіргі  заманғы  электрондық

микроскоптың  ұлғайту  күші 200000-500000 есе  артып, өте  майда  мөлшерлі

объектілерді 

зерттеуге 

мүмкін 


болды.

Орыс 


микробиологы

С.Н.Виноградскийдің  лабораторияларда  қолданатын  микробтарды  зерттейтін

бірнеше  элективті  жасанды  қоректер  арқылы  тəсілі  енгізілді. Осы  тəсілді

қолданып, ғалымдар таза судың, топырақ қиыршығының,ауаның сынамасында

микробтар  табылған. Микробтар  тағы  да  Франц  Иосиф  аралдарының

жартастарында  полярлы  аймақтардың  қарларында, мұхитта  жəне  Солтүстік

полюсында  табылған. Алуан  түрлі  бактериялар  Сахара  шөлінің  топырағында,

мұхиттың  түбінде, 4 км  тереңдігінен  жəне  терең  жерде  болатын  мұнай

қабаттарында  дəлелденген. Қызуы 80º С  шамасындағы  қайнар  көздерінің


19

суларында  бактериялардың  өмір  сүруі  дəлелденген. Бактериялар  өте  ұсақ,

мөлшеріне  байланысты  оңай  түрде  жарықтардан, саңылаулардан  жəне

тесіктерден  өтеді. Бактериялар  өте  төзімді  болады  жəне  қолайсыз  жайларға

тіршілік етуге бейімделген: олар кеуіп қалуды, өте күшті тоңазытуды жəне 80-

90º С  қыздыруға  шыдайды. Ал бактериялар  споралары  тіпті  өмірде  күнделікті

қажетте өте маңызды қызметтерді атқарады. Бактериялар кеңінен өсімдік өсіру

мен  мал  шаруашылығына  жəне  тамақ  өнеркəсібінің  алуан  тармақтарында

қолданылып  отыр. Микробиология  кеңінен  текстильдік  жəне  тері  илеу

өнеркəсібінде  пайдалана  басталды. Қазіргі  заманда, мысалы  зығыр

талшықтарын  жұмсарту  мен  тері  илеу  бактериялар, ашытқы  өнімдерсіз  тіпті

мүмкін  емес  болғаны  рас. Бактериялар  маңыздылығы  тіпті  ғажап, əсіресе

олардың адам, жануарлар мен өсімдіктер питогенезін алсақ. Топырақтағы бак-

териялар өсімдіктердің  өсуі  мен  дамуына  үлкен  ықпалын  тигізеді. Өсімдік  та-

мырларында көптеген бактериялар шоғырланады. Мұндай микрофлора өсімдік

қоршаған  ортамен  байланысты  пайдалы  немесе  зиянды  болуы  мүмкін. Бакте-

риялар  өмір  сүру  кезінде  адаммен  қолданатын  заттарды  бөліп  шығарады. Сол

заттар  тізімінде  антибиотиктер, амин  қышқылдары, витаминдер, ферменттер

жəне басқа  қоспалар. Жыл сайын осы заттардың тізімі  жалғаса  береді; микро-

бтар əлемі – ол сарқылмас өте маңызды заттардың қайнар көзі. Бактериялардың

геологиялық  тіршілік  атқару  іс-қимылдары  орасан  зор  болғаны  мəлім. Бакте-

риялар  табиғаттағы  зат  алмасу  шеңберіне  тіпті  белсене  қатысады. Осы  кезде

барлық органикалық заттар жəне бірқатар бейорганикалық заттар аса маңызды

өзгерістерге ұшырайды. Мұндай зат алмасу шеңбері – ол жер бетіндегі  негізгі

тіршілік атқарумен байланысты болады. Бұрынғы кезде бактериялық ағзаларды

өсімдіктер  əлеміне  жатқызатын, ал  қазіргі  заманда  бактериялар  прокариоттар

ретінде, ерекшелікті  тірі  жандар  патшалығына  жатқызады, ол  өсімдіктер  мен

жануарлар патшалығынан өзгеше болатыны дəлелденген.

Бактерияларды  классификациялау  жəне  оларды  зерттеу  əдістемелері.

Бактериялар  құрылысты  ерекшеліктеріне  байланысты  оларды  зерттеу

мақсатымен  ботаникалық  əдістемелерін  жұмсау  кезінде  жақсы  нəтижелерге

жеткізбейді. Бактериялардың құрылымының жайлылығы жəне кəдімгі ядроның

я  тағы  басқа  органоидтердің  жоқтығы  жəне  жыныстық  көбею  үрдісінің

болмауы  мен  цитоморфологиялық  тəсілдерді  жұмсау, мысалы, ботаникалық

жіктеуге қолдануында тəуір нəтижелерді бермейді. Мұнда тағы да басқа тарихи

əдістемелерді қолдануға мүмкіндік болмайды. Қазіргі заманда бактериялардың

көне заманғы дамуы туралы ешқандай мəліметтер сақталмаған. Тасқа айналған

бактериялар қалдықтары өте аз, сондықтан осы ағзалардың эволюциялық даму

үрдістеріне  көмек  беруі  өте  шамалы  болғаны  рас. Бактериялар  табиғатта  өте

кең  таралған, сондықтан  оларға  космополитизм  деген  құбылыс  өте  сипатты

болғаны  мəлім. Қазіргі  заманғы  географиялық  мəліметтер  туралы  жəне

ерекшеліктер туралы мағлұматтар əзірше сипаттауға мүмкіндік бермеді (жіктеу

жасау  мақсатымен). Қазір микробтар  туыстық жағынан  дəлелдеу жасаудың  ең

қолайлылысы – ол эксперименталдық құбылмалылық əдістемесі. Осы əдістеме

арқылы бірқатар бактериялар мен микобактериялар арасында, микококтар мен


20

микобактериялар  арасында  жəне  микобактериялар, проактимомицеттер  мен

актиномицеттер  аралығында  жықындығын  дəлелдеу  мақсатымен. Бактериялар

арасында  түрлерін  дəлелдеу  үшін  осы  зерттеуге  қойылған  микробтарды

жасанды  қоректендіру  орталарда  өсіру (таза  күйінде  өсіру  жəне  жалғы

клеткаларды  я  толығымен  популяцияны  жəне  сонымен  қатар  даму  кезеңінде

кездесетін  көзге  түсетін  я  анық  көрінетін  өзгерістер. Бактериялардың  шапшаң

өсуі, ағзаның  құбылмалылығымен  байланысты  көптеген  сұрақтарды  шешуге,

əсіресе  тұқым  қуалаумен  байланысты  белгілері  дəлелдеу. Культуралық  өсу

үрдістерін  салыстыру  өткізгенде  олар  бірқатар  жасанды  қоректерде

айырмашылықтарды дəлелдеудің мүмкіншіліктерін береді. Бірқатар микробтар

алуан  түрлі  түсті  пигменттерді  түзеді  екен: қызыл, көк, жасыл, қызсарғышты,

қоңыр, қара  жəне  ар  алас  түсті. Көптеген  микробтар  пигменттерді  түзбейді,

олардың  колониялары  түссіз  болады. Пигмент  атаулысы – ол  тұрақты  белгі,

мұндай белгі бактериялар жіктеулерінде пайдаланады. Жіктеу морфологиялық,

физиологиялық  жəне  биохимиялық  белгілер  арқылы  өткізіледі. Соңғы  кезде

əрбір ағзаларда көптеген белгілер дəлелденген, бірақ кез келген белгілер жіктеу

жасауға  жарамайды. Соңғы  жылдарда  химиялық  құрамына  өте  үлкен  көңіл

бөлінеді. Бірқатар  зерттеушілердің  пікірі  бойынша  клеткалы  қабықтарының

нуклеин қышқылдарына , басқа пікірлері бойынша протоплазмасының белоктар

мен нуклеин қышқылдары құрамына қарай, ал үшінші пікірі бойынша тек қана

дезоксирибонуклеин  қышқылының  құрамына  қарай. Микробиологияда

филогенетикалық тəсілі ұтымды түрде қолданылуы мүмкін. Эксперименталдық

құбылмалылығы  тəсілі  бойынша  культуралардың  полиморфизмын  жəне

өзгергіштігін  зерттеп  жəне  осындай  көрсеткіштерге  қарай  зерттелген  вариан-

ттар топтардың туыстылығы туралы бағалау өткізу пайда болды. Медициналық

бактериологиялық  практикада  серологиялық  тəсіл  кеңінен  қолданылады.

Серологиялық  тəсілі  көмегімен (антиденелер  жəне  солармен  байланысқан  им-

мунитет  реакциялары – микробтардың  уыттылығын  кетіру, микробтарды  агг-

лютинациялау  жəне  т.б.) тəсілі – бактериялардыңк  диагностикалау  үшін. Осы

тəсіл  өте  сезімтал, оның  көмегімен  өзара  жалпы  сипаттамаларды  айқындауға

жарамды. Бірнеше  бактериялар  жəне  актиномицеттер  идентификациялау

фаголизис  əдісін  қолдануы  ұсынылып  жатыр. Осы  əдісі  фагтар  бір  қатар

бактериялар  клеткаларын  лизис  жасау (ыдырату  қабілеті). Фагтар  қатарында

поли- жəне моно-валенттік фагтар  кездеседі. Түрлерді дифференциялануға тек

қана моноваленттік фагтар жарамды болады. Табиғи жайларда дарақтардың та-

ралуымен  жəне  ағзалар  қауымдастықтарымен  олардың  құрылымдық  жəне

функцияларының қызметтерінің зерттеу биология  тармағының  бірі – экология

болып  табылады. Микробтар  əлемін  зерттеумен  микроорганизм  экологиясы

атты  ғылым  тармағы  шұғылданады. Микроорганизмдердің  мекен  жайлары.

Микробтардың табиғи мекен жайлары ретінде – ол жануарлар мен адамдардың

денелері  болып  табылады. Алдын  ала  микробтар  дененің  тері  жабындысында

мекендейді, сонымен  терінің  қалыпты  микрофлорасын  түзіп  шығады. Адам

ішак-қарын  жолында  ешқандай  ауруларды  қоздырмайтын  сүт  қышқыл

бактериялар  мекендейді. Ондай  ара  қатынастар  жиі  түрде  бұзылуы  мүмкін.

Мысалы, адам  мен  жануарларға  эпибионт (ол  басқа  ағзаның  беткейінде  өмір



21

сүріп, егер  жарақаттар  мен  сызаттар  арқылы  тіндерге  ексе, онда  іріңдеулерді

қоздыруы ықтимал, мынадай спораларда түзбейтін бактериялар) болуы мүмкін,

мысалы, псевдомондакар. Бірқатар  немесе  көптеген  қорғаныс  механизмдер  я

тосқауылдар  бүлінсе, онда  əлсіреген  ағза  кəдімгі  қоректену  ортаға  айналады,

мұнда  патогенді  микробтар  дами  бастайды. Олар  адам  мен  жануарлардың

тіндер  мен  мүшелерді  зақымдай  бастайды. Өте  ұсақ  бактериялар –

риккетсиялар. Қан арнасында оба ауруының қоздырғыштары – ерсиния пестис.

Тырысқақ  ауру  қоздырғышы  вибрион. Көптеген  коккалар  өкпе  қабынуының

қоздырғыштары. Ауыр  өтетін  аурулар – олардың  қоздырғыштары  спораларды

түзетін бактериялар, мысалы: среспе ауру, гангрена (бақай құрт), сібір жарасы

(топалаң) жəне  т.б. Ауруларға  қарсы  ағзалар  тосқауылдарды  ұйымдастырады,

мұнда  кіреді – антиденелер (иммунды  денелер), клеткалы  қорғаныс (фагоци-

тоз). Ауруларды тасымалдаушы ретінде жиі түрде көптеген жəндіктер (кенелер,

биттер, бүргелер) жəне  қос  қанаттылар (масалар, қанмен  қоректенетін

шыбындар, шіркейлер, құмытылар) болып  табылады. Өсімдіктерде  ауруларды

қоздырушы  микробтарды  кішкене  цикадкалары  тасымалдайды. Көптеген

микробтар  облигатты  анаэробтар  яғни  оттексіз  ортада  өмір  сүруі  мүмкін.

Бактериялардың  көпшілігі  теңізде  тіршілік  етеді. Сондықтан  олар  мұхиттың

биомассасының 90 % құрайды. Бактериялар  жер  шарының  экожүйесін

қалыптастыруында  маңызды  қызметті  атқарады. Бірқатар  бактериялар

автотрофтарға жатып көміртек алмасу шеңберіне кіріп, үлкен үлесін қосатыны

рас.

Атмосфералық  азотты  фиксациялау  қабілеттілігі – ол  шешуші  экологиялық



қабілеттілігіне  ие  болғаны  баршаға  мəлім. Гетеротрофты  бактериялар,

саңырауқұлақтарға  сəйкес  редуценттерге  жатады. Егер  ауыл  шаруашылықты

егістіктен 1 г құнарлы топырақты алса, оның құрамында шамамен 2,5 млрд бак-

териялар, 400000 саңырауқұлақтар, 50000 балдырлар 

мен 300000

қарапайымдылар табылады екен. Бактериялар алуан түрлі органикалық заттар-

ды  ыдырату  қабілеттілігі  болады. Сондықтан  оларды  қолайсыз  синтетикалық

заттары (мысалы, пестицидтерді, бояуларды  жəне  мұнайды  ыдырататын

қабілеттілігінің активті түрде зерттеулер өткізіледі.

Əдебиет:

Негізгі – 1 [36-124].

Қосымша – 1 [46-102]; 2 [т.2; 16-142].

Бақылау сұрақтары:

1. Бактериялардың жалпы сипаттамасы.

2. Бактерияларды классификациялау жəне зерттеу əдістемелері.

3. Микроорганизмдердің табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы.

4. Микроорганизмдерді зерттеу үшін қандай əдістемелер болады?

5. Суда өмір сүретін микроорганизмдердің ерекшеліктері.

6. Микробиологияның дамуына қысқа тарихи шолу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет