Модуляция туралы жалпы түсінік Хабарламалар көзінен келіп түсетін бірінші реттік дабылдар (хабарламалардың дабылға айналуы көздің өзінде жүзеге асады), әдетте, канал бойынша тікелей тасымалданбайды (мысалы, электрлік дабыл радио немесе оптикалық канал бойынша), немесе тасымалданады, бірақ үлкен бұрмалау деңгейімен, бұдан тасымалдану сапасы төмендейді.
Дабылдардың қандай да бір ортада нәтижелі тасымалдануын қамтамасыз ету үшін, осы ортаның параметрлеріне сай дабылдарды қолдану керек (көбінесе жиілікті диапазонға байланысты таңдалады). Сондай дабылдарды тасымалдаушы дабыл д.а. Олар берілген байланыс желісі арқылы өте жақсы тарала алады. Бірінші реттік ақпараттық дабыл арқылы тасымалданатын хабарлама енгізу үшін тасымалдаушы дабылға модуляция үрдісін қолданады.
Модуляция – тасымалдау дабылының бір немесе бірнеше параметрлердің бірінші реттік ақпараттық дабылдың лездік мәндерінің оған әсер ететін өзгеру заңы бойынша түрлену үрдісі.
Көп жағдайларда тасымалдаушы дабылдың бір ғана параметрінің өзгеруі қолданады. Ал қалған параметрлер тұрақты болады.
Модульдeу дабыл әсерімен уақыт бойынша өзгеретін тасымалдау дабылының параметрі ақпараттық деп аталады. Себебі оның түрленуінде ақпарат тасымалдайтын жіберілетін хабарлама негізге салынған. Бірінші реттік ақпараттық дабыл uақп(t) модульдеу дабылы, ал модуляцияны жүзеге асыратын кұрал - модулятор деп аталады. Тасымалдаушы дабылдың модуляциялану нәтижесінде алынған екінші ретті дабыл – модульданған дабыл uмод(t) д.а.
Кез келген модулятордың 2 кірісі мен 1 шығысы бар.
Хабарламалар көзінен
Дабыл тасымалдаушы генератордан
Сурет 1.1 – модулятордың сызбасы
Сайып келгенде, ақпараттық көзқарас бойынша модуляцияның қолданысы – ақпарат тасымалдайтын берілетін (передаваемое) хабарламаның желі (канал) параметрлеріне сай келетін тасымалдаушы дабылға кіруі.
Сонымен қатар, кез келген модуляцияның ерекшелігі - модуляциялайтын ақпараттық дабылдың спектрінің модуляция үрдісі нәтижесінде түрленуі, бұдан модуляторларды жиі жиілік түрлендіргіштері (преобразователь) деп атайды. Жалпы жағдайда спектр кеңейеді, ал гармоникалық тасымалдаушы дабылда ақпараттық дабыл спектрі тасымалдаушы дабылдың жиілік төңірегіне тасымалданады (әдетте ТЖ диапазоннан ЖЖ диапазонға).
4