Детектор Демодулятор. Модуляция процесіне кері процесті жүзеге асыратын құрылғы. Радиобайланыс жүйелерінің, оптикалық және дыбыстық (суасты) байланыс жүйелерінің құрамында демодулятор болады. Модуляцияланған тербелістің модуляция тереңдігін азайту үшін де демодулятор қолданылады. Радиоарна бойынша қабылданған сигналдарды бастапқы пішінге айналдыратын құрылғы.
Детектірлеу – электр және басқа тербелістерді модуляциялау заңын тағайындау мақсатында олардың модуляцияланған тербелістерін түрлендіру.
Детектор (лат.detector - ашқыш). Модуляцияланған жоғары жиілікті тербелістен төмен жиілікті тербелісті бөліп алуға арналған құрылғы. Тасымалдаушы жиіліктегі тербелістің модуляциялану (амплитудалық, жиіліктік, фазалық) түріне қарай детекторлар да амплитудалық, жиіліктік және фазалық детекторлар болып бөлінеді.
1.Қабылданатын сигналдарды белгілеуге арналған сызықты емес схема.
2.Белгілі бір алгоритммен жұмыс істейтін бөгеуілдер аясынан пайдалы сигналды бөліп алатын құрылғы.
Таратуды тура және кері бағыттарға бөлу үшін және генерацияның алдын алу үшін әр күшейткіштің шығысы мен кірісіне бөліктейтін фильтр қойылады. (cур1.6).
Бұл фильтрлер екісымды схема арқылы бұрмаланулар енгізеді және байланыс ұзақтығын лимиттейді.
2 сурет – байланыс жұйесінің құрылымдық сұлбасы
1 – үзіліссіз хабарламалар көзі (ХК);
2 – түрлендіргіш, (t) үзіліссіз хадарламаларды Uа(t) бірінші реттік (аналогтік) дабылға турлендіреді;
3 – аналогті-цифрлі түрлендіргіш (АЦТ), Uа(t) бірінші реттік аналогтік дабылды Uц(t) цифрлік дабылға түрлендіреді;
4 – цифрлік санның қарапайым екілік кодының кодты комбинацияларын бөгекткетұрақтылық кодпен жұптылыққа тексерумен (кодер) кодтау құрылғысы;
5 – Uцк(t)бірінші реттік цифрлік дабылды S(t) екінші реттік байланыс желісі арқылы жақсырақ өтетін жоғарыжиілікті дабылға түрлендіргіш. Бұл
8
дискретті жиілікті модулятор, онда ақпарат тасымалдаушы гармоникалық дабыл жиілігінің бірінші реттік, акпараттық сандық дабылдардың мәндерінің өзгеру заңы бойынша өзгеруіне салынады;
6 – шығыс құрылғысы, көп жағдайларда дабылды күшейткішті, әр түрлі каналдарда өзара ықпал жасайтын бөгеттерді азайту үшін дабыл жиілігінің жолақтарын шектейтін жолақты (полосовой) сүзгі, байланыс желісімен келістіретін таратқыштың құрылғысы;
7 – байланыс желісі, дабылды тарату үшін физикалық орта;
8 – ξ(t) бөгеттер көзі, қабылданған дабылдардың тасымалданған дабылдардан ауытқуларын туғызады (дабылдың бұрмалауын қоса). S**(t)=S’(t)+ξ(t);
9 – кіріс құрылғысы, демодулятор кірісіндегі бөгеттер деңгейін азайту үшін кіріс дабылын сүзілуін, дабылдың күшейуін және қабылдағыштың байланыс желісімен келісуін жүзеге асырады;
10 – демодулятор, S*(t) екінші реттік ЖЖ дабылды Ũцк(t) бірінші реттік ақпарат тасымалдаушы ТЖ дабылға кері түрлендіреді. Бұл дискретті жиілікті демодулятор, мұнда ақпараттық цифрлік дабыл модульдалған дабыл жиілігінің өзгеру заңынан бөлінеді;
11 – декодер, бөгекткетұрақты кодтың кодты комбинацияларын онда қате табу мақсатымен декодерлейді. Жұптылыққа тексеру коды тақ еселіліктің барлық қателерін анықтайды;
12 – цифрлі-аналогті түрлендіргіш (ЦАТ), Uц(t) цифрлік дабылды U’a(t) бірінші реттік аналогті дабылға түрлендіреді;
13 – U’a(t) аналогті (үзіліссіз) бірінші реттік дабылды b”(t) үзіліссіз хабарламаға түрлендіргіш;
14 – b”(t) үзіліссіз хабарламаларды қабылдаушы.
Аналогті дабылдың цифрлікке түрленуі АЦТ-те бірінен соң бірі бірнеше кезеңде өтеді:
а) аналогті дабылды уақытта дискретизациялау, яғни Ua(t) негізгі аналогті дабылды оның Котельников теоремасына сәйкес: Tg≤1/2Fв таңдалған уақыт интервалында алынған Ug(nTg) дискретті есептерімен (отчет) ауыстыру, мұнда Fв – аналогтік дабыл спектрінің жоғарғы жиілігі.
Спектрінде тұрақты құрастырушысы бар ТЖ дабыл үшін Tg≤1/2∆F, мұнда ∆F – дабыл спектрінің ені, Гц;
б) амплитуда бойынша (деңгей бойынша) дабылдың дискретті есептерін кванттау, яғни Ug(nTg) дискретті есептердің мәндерін Uкв(nTg) жақын арадағы рұқсат етілген кванттау деңгейлерінің мәндеріне ауыстыру;
в) дабылдың кванттық есептерінің мәндеріне сәйкес деңгей номірлерін кодтау. Кодтау – кванттық есептердің мәндерін кванттау деңгейінің номірінің екілік кодының кодты комбинациясымен ауыстыру.
ИКМ дабыл – бұл екілік кодтың К-разрядты кодты комбинацияларының кезектесуі. Код симметриялы екілік, мұнда Х-элемент «l» кернеу белгісін, «Х» кері кернеуді кодтайды, ал келесі элементтер (K-l) кванттау деңгейінің номірін кодтайды.
Кодты комбинацияның элементтер (разряд) саны N кванттау деңгейінің
9
санымен анықталады
K=log2N+1.
Нақты (реальный) цифрлік жүйелерде дискретизация жиілігін Х аналогтік дабылдың қабылдағыш жақтағы дискретті есептер бойынша қалпына келуін жеңілдететін АИМ дискретті дабыл спектріндегі расфильтровка жолақтарын жасаудан 2∆F-Fg>2∆F көбірек алады. Fg 8 кГц еселік жиілікте тасымалдаудың цифрлік жүйелерін унификациялау үшін таңдайды.
10
ҚОРЫТЫНДЫ
Радиобайланыс жүйесi мына принципке негiзделген: радиотаратқыштағы жасақталған жоғарғы жиiлiктегi электр тербелiсi антенна арқылы өзiн қоршаған кеңiстiкке электромагниттiк толқындар түрiнде тарайды. Одан әрi бұл толқын радиоқабылдағыш антеннасына жетiп, қабылданып, онда керiсiнше сол жиiлiктегi электр тербелiсiне айналдырылады.
Осы тұрғыдан қарағанда радиобайланыс орнату аса күрделi мәселе емес тәрiздi көрiнуi мүмкiн. Ол үшiн бар болғаны микрофондағы дыбыс толқындарын, сәйкес жиiлiктегi электромагниттiк толқындарға айналдырып таратып, қабылдағышта қайтадан дыбыс толқындарына айналдыру жеткiлiктi сияқты.
Бiр қарағанда осылай оңай тәрiздi көрiнген бұл мәселе шындығында бiз ойлағаннан әлде қайда күрделi. Себебi электромагниттiк толқын шығарудың қуаты жиiлiктiң төртiншi дәрежесiне пропорционал. Осының салдарынан дыбыс жиiлiгiндей төменгi жиiлiктегi электромагниттiк толқындар мүлдем шығып тарамайды десе де болады.
Сондықтан, жиiлiгi төмен толқындарды таратудың бiрден-бiр жолы оны тарату үшiн жиiлiгi жоғары толқындарды пайдалану. Мұндай мүмкiндiк шындығында бар. Ол үшiн жоғарғы жиiлiктегi тербелiстердiң қандай да бiр параметрлерiн төменгi дыбыс жиiлiгiне сәйкес өзгерте отырып электромагниттiк толқындар тарату қажет. Жоғарғы жиiлiктегi толқындардың көмегiмен осылай төменгi жиiлiктегi мағұлматтарды тарату әдiсiн модуляциялау деп атайды. Модуляциялау кезiнде жоғарғы жиiлiктегi толқындардың қандай параметрiнiң өзгергенiне байланысты амплитудалық модуляция, жиiлiк және фазалық модуляциялары болуы мүмкiн. Амплитудалық модуляцияның ерекшелiктерiмен мына жерден танысуға болады.
Ал осылай модуляцияланған толқындар радиоқабылдағыштарға жетiп қабылданған соң, керiсiнше, жоғарғы жиiлiктегi электромагниттiк толқындардан дыбыс жиiлiгiндегi сигналдарды ажыратып алу қажет. Бұл процесстi демодуляциялау немесе детекторлау деп атайды. Детектор ретiнде жоғарғы жиiлiктегi токты тек бiр бағытта ғана өткiзетiн жартылый өткiзгiштi диодтар қолданылады. Осындай қарапайым детекторлы радиоқабылдағышта демодуляциялау процессiнiң қалай жүзеге асатыны жөнiнде мына жерден қарап көруге болады.
11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.М.В.Гаранин, В.ИЖуравлев, С.В.Кунегин - Системы и сети передачи информации,2001-51с
2.Каганов В.И. Радиотехнические цепи и сигналы.: Учебник для вузов.М.: Академия, 2003.-224 с.
3.Радиотехнические системы передачи информации.: Учебное пособие для вузов/В.А. Борисов, В.В.Калмыков и др. Под ред. В.В. Калмыкова.-М.: Радио и связь, 1990.- 304 с.
4.Скляр Б. Цифровая связь. Теоретические основы и практическое применение. Пер. с англ.- М.: Вильямс, 2003,- 1104 с.