Басталуы: Саусақтардың терең бүккіштер сіңірінің сәйкес кәрі жілік жиегі.
Бекітілуі: 2-5 саусақтардың проксималді бунақтары негізінің сыртқы бетіне.
Қызыметі: 2-5 саусақтардың ортаңғы және дисталді бунақтарын түзеді, проксималді бунағын бүгеді.
Алақандық сүйекаралық бұлшықеттер ( mm. interossei palmares)
Саны үшеу 2-5 алақан сүйектері арасында сүйекаралық кеңістіктерде орналасады.
Басталуы: Бірінші сүйекаралық бұлшықет 2- алақан сүйегінің медиалді жағында екінші мен үшінші – 4-5 алақан сүйектерінің латералді жағында.
Бекітілуі: 2-5 саусақтардың проксималді бунақтарының негізі осы саусақтардың алақан буындық буындарының буын қаптары.
Қызыметі: 2-5 саусақтардың ортаңғы және дисталді бунақтарын жазады, проксималді бунақтарын бүгеді, осы саусақтарды ортаңғысына жақындатады.
Сүйекаралық сыртқы бұлшықеттер ( mm. interossei dorsalis)
Төрт сүйекаралаық кеңістікте орналасады.
Басталуы: Әрбір бұлшықет екі көрші алақанды сүйектердің бір – біріне қараған беттерінен басталады.
Бекітілуі: 2-4 саусақтардың проксималді бунақтарының негізі сонымен бірге бірінші және екінші бұлшықеттер 2-4 саусақтардың кәрі жіліктік жиегіне бекиді, ал үшінші және төртінші бұлшықет ортаңғы және атауыз саусақтың шынтақтық жиегіне бекиді.
Қызыметі: Проксималді бунақты бүгеді, отаңғы және дисталді бунақты жазады саусақтарды ортаңғы саусақтан әкетеді.
Аяқ бұлышықеттері
Аяқ ұлышықеттері топографиялық жамбас бұлшықеттері және аяқтың ерлін бөлігі бұлышықеттері болып бөлінеді. Аяқтың еркін бөлігі бұлшықеттерінің ішінен сан, сирақ және аяқ ұшы бұлшықеттеріне бөлінеді.
Жамбас бұлшықеттері
Жамбас белдеуінің бұлшықеттері басты қызметіне қарай оларды алдыңғы және артқы топтарға бөледі.
Алдынғы топ мықын бұлшықетіғ(m. iliopsoas)
Бекіну орында ғана қосылатын екі жеке бұлшықеттен тұрады: үлкен бел бұлшықет(m. psoas major) және мықындық(m. iliacus). Басталуы: үлкен бел бұлшықет- 12 кеуде және 1-4 омыртқалар денелерінің бүйір бетінен сондай-ақ, олардың көлденең өсінділерінен, мықындық бұлшықет мықындық шұңқырдын қабырғаларынан; кейін дистальді екі бұлшықеттеің де бұлшықеттік будалары қосылып, жамбас қуысынан шап байламы астынан бұлшықеттік лакунадан шығатын бір бұлшықет түзеді, ол төменнен бағытталып ұршық буынының алдынан өтеді. Бекітілуі: ортан жіліктің кіші ұршығы.
Қызметі: ортан жілікті ұршық буынында бүгеді және оны сыртқа бұрады. Аяқ қозғалмай тұрғанда омыртқа бағанасының бел бөлімін және жамбасты бүгеді.