Негізі жамбасқа қараған жалпақ тең қырлы үшбұрыш пішінді.
Басталуы: сегізкөздің жамбас беті; кейін бұлшықет шоғырларысыртқа бағытталады да, кіші жамбас қуысынан жінішке қысықа сіңірін түзіп, үлкен шонданай тесік арқылы шығады.
Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығының ұшында.
Қызметі: ортан жілікті сыртқа бұрады, сонымен қатар оның әкетілуіне қатысады.
Кіші бел бұлшықеті (m.psoas minor)
Жіңішке, ұршықтәрізді, тұрықсыз.
Басталуы: 12 кеуде және 1 бел омырқалар денелерінің бүйір беттері.
Жалпақ пішінді, оның бұлшықеттік будалары сәл желпеуіштәрізді бағытталған.
Басталуы: жапқыш жарғақ айналасында жамбас сүйегінің ішкі беті, жапқыш жарғақ, кейін бұлшықет шоғырлары сыртқа қарай бағытталады, кіші жамбас қуысынан қысқа мықты сіңір түзе отырып, кіші шонданай тесік арқылы шығады.
Бекітілуі: санды сыртқа қарай айналдырады.
Артқы топ Үлкен бөксе бұлшықеті (m. gluteus maximus)
Адам денесінің тік жағдайына байланысты ең жоғарғы дамуға жетеді. Бұл мықты ірі талшықты жалпақ бұлшықет, пішіні, бойныша ромбқа жақын.
Басталуы: мықын сүйегінің бөкселік беті, сегізкөз бен құйымшақтың сыртқы беті, бел кеуде шандыры.
Бекітілуі: ортан жіліктің бөкселік бұдыры талшықтарының бір бөлігі, мықын үлкен жіліншік жолға өтеді.
Қызметі: санды жазады, тұрғанда жамбасты бекітеді, онымен бірге тұлғаны да бекітеді.
Ортаңғы бөксе бұлшықеті(m. gluteus medius)
Үлкен бөксе бұлшықеті астында орналасады, үшбұрыш пішінді.
Басталуы: мықын сүйегінің бөкселік беті, ортан жіліктің жалпақ шандыры.
Бекітілуі: ортан жіліктің үлкен ұршығына.
Қызметі: санды әкетеді, алдынғы будалары ішке бұрады, артқы будалары сыртқа бұрады.