Кішкене бақайдың қысқа бүккіші(m. flexsor digiti minimi brevis)
бет 18/18 Дата 17.10.2023 өлшемі 8,78 Mb. #117071
Кішкене бақайдың қысқа бүккіші(m. flexsor digiti minimi brevis) Басталуы: 5 табан сүйегінің негізі, ұзын табандық байлам. Бекітілуі: шынашықтың проксималді бақайшығының негізі. Қызметі: шынашықтың проксималді бақайшығының бүгеді. Ортаңғы топ Бақайлардың қысқа бүккіші(m. flexsor digitorum brevis) Басталуы: өкше төмпегінің медиалді өсіндісі, табандық апоневроз. Бекітілуі: бұлшықеттің әрбір 4 сіңірі екі ұштарымен 2-5 ортаңғы бақайшақтарына бекиді. Қызметі: 2-5 бақайларының ортаңғы бақайшықтарына бүгеді. Табанның шаршы бұлшықеті(m. guadratus plantae) Табанныңортасында, бақайдың қысқа бүккіштері астында орналасады. Басталуы: 2 басымен- өкше сүйегінің төменгі және медиалді беткейлерінен. Бекітілуі: бақайлардың ұзын бүккіші сіңірінің сыртқы жиегінде, оның жеке аяқшаларға бөлінуі тұсында. Қызметі: табан бақайлардың дисталді бақайшықтарын бүгуге қатысады. Құрттәрізді бұлшықеттер(mm. lumbricales) 4 жіңішке қысқа бұлшықеттер. Басталуы: әрбір бұлшықет- бақайлардың ұзын бүккішінің сәйкес сіңірінен және де біріншісі – бір басымен, ал үш латералді бұлшықет екі басымен. Бекітілуі: 2-5 бақайлардың дорсалді апоневрозы. Қызметі: проксималді бақайшықтарды бүгеді, бір уақытта ортаңғы және дистальді бақайшықтарды жазады. Сүйекаралық бұлшықеттер(mm. interossei plantares) 2-5 табан сүйектері арасындағы аралықтарда орналасады. Басталуы: 3-5 табан сүйектерінің медиалді беттері. Бекітілуі: 3-5 бақайлардың проксималді бақайшықтарын негіздері. Қызметі: 3-5 бақайлардың проксималді бақайшықтарын бүгеді, оларды 2 бақайға әкеледі, осы бақайлардың ортаңғы және дисталді бақайшықтарының жазылуына қатысады. Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер(mm. interossei dorsales) 4 сүйекаралық арлықтарда орналасады. Басталуы: бір-біріне қараған табан сүйектері. Бекітілуі: 2-4 бақайлардың проксималді бақайшықтарының негіздері. Қызметі: бірінші сүйекаралық бұлшықет 2 бақайды медиалді бағытта тартады, қалғандары 2-4 бақайларды латералді бағытта қозғатады. Барлық бұлшықеттер проксималді бақайшықтарды бүгеді және ортаңғы мен дисталді бақайшықтарға жазады. Достарыңызбен бөлісу: