Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет7/55
Дата15.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#50194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
Қайырбекова ТопАнат қол аяқ

Білек аймағы
Шекарасы: жоғарғы жағынан иық сүйегінің айдаршықтарынан екі елі жоғары жүргізілген сызық арқылы, төменнен-шынтақ және кәрі жілік сүйегінің біз тәрізді өсінділерінен 1 см жоғары өткізілген сызық арқылы шектелген. Сүйек-байлам негіздерін к»рі жілік пен шынтақ сүйектерін байланыстыратын сүйек арасының жарғақтары құрайды.


Білектің алдыңғы бетінің қабаттары:

  1. Терісі жұқа және қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасында-беткей тамырлар мен жүйкелер өтеді sephalica n. basilica және n. cutaneus antibrachii medialis /ішкі жағында/, олардың арасында v. mediana antibrachii орналасқан.

  3. Беткі шандыр нашар дамыған.

  4. Меншікті шандыр /fascia antibrachii/ аймақтың сыртқы бөлігінде жақсы дамыған. Жоғарғы бөлігінде одан бұллшық етке және тамыр-жүйке шоғырларына қынап түзеді.

  5. Бұлшық еттері төрт қабат болып орналасқан. Бірінші қабатта сырттан ішке қарай m. brachioradialis /иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің сыртқы жиегінен басталып кәрі жіліктің processus stylodeus-нің үстінде бекітілген/, сосын m. pronator teres /иық сүйегінің ішкі айдаршығынан және septum intermusculare mediale-дан басталып кәрі жіліктің ортаңғы бөлігіне бекітілген/, flexor carpi radialis /epicondylus medialis-тен басталып ІІ және ІІІ саусақ сүйектерінің негізіне бекітіледі/, m. palmaris longus epicondylus medialis-тен басталып алақан апоенврозына жалғасып, бұл қабатта m. flexor carpi ulnaris /epicondylus medialis humeri және olecranon-тен басталады/ ospisiforme-ке бекітіледі /ішкі жақта жатады/. Екінші қабат беткі бүккіш бұлшық еттерден-m. flexor digtorum subimis /epicondylus medialis humeri және білек сүйектерінен басталып, ортаңғы фалангтың негізіне бекітіледі/ құралған. Үшінші қабатта: сыртында m. flexor pollicis longus /кәрі жіліктің алдыңғы бетінен басталып және membranae interosseae жанасып өтіп бас бармақты соңғы фалнагісінің негізіне бекітіледі/, ішкері- m. flexor ligitroum profundus шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып және membranae interosseae бөлігіне жанасып, ІІ-V саусақты соңғы фалангісінің негізіне бекітіледі. Төртінші қабат-m. pronator guadratus /білектің төменгі бөлігінде шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, осы деңгейде кәрі жіліктің алдыңғы бетіне бекітіледі/ құралған.

Білектің алдыңғы бетінде бірнеше жүлгелер бар.

  1. тамырлар мен жүйкелер. M. brachioradialis /сыртынан/ және m. flexor carpi radialis /ішінен/ арасында sulcus radialis-те жатады. Бұдан а. radialis екі венамен және ramus superficalis n. radialis артерияның сыртынан. Білектің оратңғы және төменгі бөлігінде sulcus radialis –тен шығып кетеді де, жүйке м. Brachioradialis сіңірінің астымен өтіп, апоневрозды тесіп өтіп қол басының сыртқы бетіне өтеді. Sulcus ulnaris m. Flexor digitorium sublimis m. flexor carpi m. ulnaris арасында жатады. Оның түбінде m. Flexor digitorium profundus жатады. Sulcus ulnaris-те венамен бірге а. ulnaris және n. ulnarisжатады. Жүйке артерияның ішкі жағында орналасқан. Білектің жоғарғы бөлігінде а. ulnaris-тен а. interosseae comunis шығады, ол а. interosseae dorsales және volaris-кебөлінеді. Бірншісі membranae interosseae тесігі арқылы білектің сыртына, екіншісі еківенамен және n. interossus volaris-пен бірге сүйек арасындағы байламның алдыңғыбетімен жүреді. N. medianus аттас артериямен / а. interosseae volaris тармағы/ біргеартқы бөлімінде жоғары бөлігінің үштен бірінде m. pronator артында, оратңғыбөлігінде-саусақтардың беткей және терең бүккіш бұлшық еттерінің арасында, ал білектің төменгі бөлігінде Sulcus medianus-те жатады. Sulcus medianus radialis-ті m. flexoris ligitorum sublimis сіңірлері /ішінен/ құрайды. Жүлгенің алдыңғы жағын m. palmaris longi сіңірі жауып жатады. Сүйек арасындағы жарғақтың алдыңғы бетінде терең тамыр-жүйке шоғыры өтеді. Оны а. interosseae valvaris екі венамен және аттас жүйке құрайды. а. interosseae volaris шаршы пронатордың жоғарғы жиегінде білектің алдыңғы бетінен сүйек аралық жарғақты тесіп өтіп және білектің сыртқы бетіне өтеді.

Сосын білекзікке бағытталып, recti carpi dorsale және volare-ні құрауға қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет