Білезік аймағы Білезік білекті қол басынан бөліп тұрады. Білектен ulnae мен radii-ның біз тәрізді өсінділерінен 1 см жоғары өтетін көлденең сызық, қол басынан бұршақ тәрізді сүйектен жүргізілген сызық шектейді.
Қабаттары:
Тері.
Тері асты клетчаткасы, онда тері асты веналары мен жүйкелері жатады. Сыртқы жағында v. cephalicae және n. radialis-тің тармағы r. superficialis /сыртында/, rami dorsalis тармағы, cutanei antibrachii dorsalis-тің, соңғы тармақтары, алдыңғы бетінде v. medianae antibrachii, nn. cunei antibrachii medialis және lateralis-тің соңғы тармақтары nn. ulnaris және mediani-тің алақан тармақтары жатады.
Апоневроз шыбық білезік буыны аймағында қалыңдап екі байлам түзеді: алдыңғы бетінде- lig. carpi volare ортаңғы бетінде - lig. carpi dorsale lig. carpi volare lig. carpi trancversum-нен тығыз бірігеді. Осы байламдардың әр қайсысы беткі және терең жапырақтар болады. Терең жапырақшасы - lig. carpi trancvers-мен бірігіп жүлгені қаптайды.
Бұлшық ет сіңірінің алдыңғы бетінде апоневрозды астында бірнеше қабат түзеді. Бірінші қабатта /сырттан ішке қарай/ m. brachioradialis сіңірі radius processus styloideus үстінде бекітіледі /m. flexor carpi radialis-тің терең және беткі жапырақтарының арасында өтеді. Сосын carpi transversi жапырақшасы мен үлкен көп қырлы сүйектің арасында түзілген өзектен / canalis carpi / өтіп, ІІ, ІІІ метакарпальды сүйектердің негізінде аяқталады. Осы бұлшық еттен ішке қарай m. palmaris longii сіңірі өтеді, /lig. carpi volaris жапырақтарының арасында/, ол кейін алақан апоневрозына /aponevrosis palmaris/ қосылады. Одан ішке қарай m. flexoris carpi ulnaris сіңірі өтеді, ол ospisiforme-ге бекітіледі/. lig. carpi volarе /оның терең жапырақшасының/ астында екінші қабат бұлшық еттері сіңірі жатады. Оның астында үшінші қабат /саусақтың бүккіш бұлшық еттері және бас бармақтың ұзын бүккіш бұлшық еттері орналасқан. Саусақтың тығыз сіңірлерінің барлығы және n. medianus негізгі өзек canalis carpi-тен өтеді. Ол lig. carpi transversum-нің астында орналасқан. Бұл жерде сіңірлер екі синовиальды қынапта орналасады, оның сыртқысында flexoris pollicis longi, ішкісінде саусақтардың бүккіші бұлшық еттерінің 8 сіңірі жатады. Қынап жоғарғы жағынан білектің жоғарғы шекарасына жетеді.
Тамырлар мен жүйкелер сіңірлердің арасынан өтеді. Сыртқы бөлігінде m. drachioradialis пен m. flexor carpi radialis арасында а. radialis жатады /екі венамен бірге/. Одан mm. abductoris pollicis longii шығады. Сосын mm. abductoris pollicis longii және extensoris pollicis brevis сіңірлері астынан өтіп, оның сыртқы бетіне анатомиялық табакерка аймағына өтеді. Аймақтың ортаңғы бөлігінде m. medianus /екі венамен/ өтеді, ол сыртқы жағынан саусақтардың бүккіш бұлшық еттің сіңіріне жанасып және олармен бірге canalis carpi-ден өтеді. Ішкі бөлігінде a. ulnaris /екі венамен/ және n. ulnaris орналасқан, олар бұршақ тәрізді сүйекке дейін m. flexor carpi ulnaris және m. flexor digitorum subliniis арасынан өтеді. Кейін осы тамыр-жүйке шоғыры негізгі өзектен canalis carpi ulnaris, s. Spatium interaponeuroticum gujoni-мен жүреді. өзек sulci ulnaris-тің жалғасы және ол lig. carpi volare мен lig. carpi transversum арасында бұршақ тәрізді сүйекте түзіледі. Бұл жерде а. және n. ulnaris lig. carpi volare-нің астынан өтеді. Жүйке артериядан ішкері орналасқан. Аймақтың артқы бөлігінде астында алты өзек түзіледі. Олардан синовиальды қынаппен қоршалған сіңірлер өтеді І-өзек /сырттан ішке қарай/ mm. abductoris pollicis longi m. extensoris pollicis brevis сіңірлері өтеді. 2-өзек mm. extensoris carpi radialis longi және brevis өтеді. 3-өзек m. extensopis pollicis longi өтеді. 4-ші өзек m. ext. digitorium communis және indicis propria өтеді. 5-ші өзек m. extensopis digiti proprii өтеді. 6-шы өзек өзек m. extensopis carpi ulnaris өтеді. M. abductoris pollicis longii және extensopis pollicis brevis сіңірлері мен m. extensoris pplicis longi сіңірі арасында ойыс-анатомиялық табакерка орналасқан. Тірі адамдар бас бармағын қайырғанда көрінеді. Оның түбін os naviculare құрайды. Оны r. carpeus dorsalis шығатын a. radialis өтеді. Ол бірінші сүйек аралықта І сыртқы сүйек аралық бұлшық ет басының арасына бағытталған.