Шыбық артерияны байлаау Білектің төменгі бөлігіндегі артерияны байлау шынтақ иірімінен пульсті нүктеге дейінгі немесе Пирогов бойынша, екі басты бұлшық еттің ішкі жиегінен сүйегінің біз тәрізді өсіндісіне қарай жүретін кесінді сызық бойынша жүргізеді. M. brachioradialis
Теріні, тері асты клетчаткасын, flexor carpi radialis /сыртқы жағынан/ және /ішкі жағынан/ арасындағы сызық бойынша кеседі.
Егер тері жүйкелерін және –ні кесу сызығы бойынша орналасса, оларды доғал түрде итеріп, зонд бойымен меншікті шандырды кеседі және сол жерде артерияны табады. Коллатериальды қан айналымды қалпына келтіру үшін, шынтақ және шыбық артерияларын байлау ешқандай асқынуларға қауіп туғызбайды.
Беткі алақан доғасын байлау Алақанның диогоналды ұзындығы бойынша, яғни бұршақ тәрізді сүйекпен екінші саусақтың алақан-саусақ қатпарының сыртқы соңын қосатын сызық бойынша кесу жүргізіледі /Шевкуненко әдісі/.
Теріні кесу айтылған сызықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде, жайылған білезік бойынша 3-4 см ұзындықта кесіледі.
Алақан апоенврозы терімен дәнекер тканьді бөлгіштермен тығыз байланысқан, оны тауып науа тәрізді зонд бойымен алақан доғасын зақымдап алмас үшін кеседі.
Жүйке бағаналарына жететін жолдар. Иықта n. Radialis-ті ашу Көбінесе жүйкені иықтың артқы бүйір бетіндегі өзекте ашады. Бұл жерде жиі иық сүйегі сынғандағы сынықтармен және өсіп келе жатқан сүйелдерінің қуысынан зақымдалуы мүмкін.
Кесуді жүргізетін жүйкенің кескіні sulci bicipitalis lateralis-тің артқы жиегінің ортағын қосатын сызық бойынша немесе иықтың төменгі үштен бір бөлігінде жүйке иық сүйегінің ішкі бетінде жатады және оны артқы тілікпен кесу мүмкін болмайды.
Теріні және тері асты клетчаткасын кескен соң, m. triceps brachii-ті жауып m. deltoidei-тің үстінен өтетін шандырды кеседі. M. tricipitis brachii-дің қарыншаларының арасынан кеңістікті оңай табады: caput longum-артынан, caput laterale-алдынан. Осы кенңістікті қолға алып пышақпен үш басты бұлшық еттің қарыншасын жараның бойымен сүйектің бағытымен кеседі және оның соңын ілмекпен созады. Жолында кездескен a. profundae brachii-дің тармақтарын лигатурамен байлау керек, жүйкені табуға n. radialis n. cutaneus antibrachii dorsal-тің ірі тармақтары көмектеседі. Соңғысы жараның түбінде, сүйектің үстінде жатады, оны жұқа шандырлы қынап жауып жатады. Жүйкені ашу және оны жарақаттанған жерден бөліп алу, сау бөліктен басталады. Жарақаттанған жерден жүйкені орталықтан және шеттен тапқанда ғана бірте-бірте препараттап және оны жарақаттанған жерге бағыттай тыртықтан бөліп алады.