Сирақ және сан веналарының кеңеюі кзіндегі операциялар Ұсынылған әдістердің кең таралған түрі Маделунг операциясы. Оның маңызы v. saphenae magnae-ның жоғарғы ұшін байлағаннан соң кеңейген венаны кесіп алып тастау. Патологиялық өзгерген венаны алып тастағанда тері ұзынша етіліп кесіледі. Кейде, тері жұқарғанда /вена тез кеңейгенде/ венамен бірге терінің семіп қалған жолағын қосып алып тастайды. Түйіндерді алып тастағанда коллатериальды веналарды байлайды. Қанның ағуы операциядан кейін терең веналар арқылы жүзеге асады. Веналарды ашық жолмен алып тастаумен қатар, жабық-тері асты әдісімен алуда қолданылады.
Бэбкок операциясы - v. saphenae magnae-ның ортаңғы бөлігін алып және оны байлайды. Сосын венаның тесігін ашады және соңғы ұшы жуан темір зондты тамырдың соңынан қарай бағыттап кіргізеді. Бұл зондты шетіне қарай қаншалықты кіргізуіне байланысты енгізіп және жуан төмпешігі бар жерден теріні кеседі: венаны бөліп, соңын зондтың үстінен байлайды. Алдын ала салынған лигатурамен зондтың ортаңғы бөлігінен тартып венан алып тастайды. Бұл кезде коллатериальдар үзіліп, тері асты гематомасы байқалады. Бұл әдісті v. saphenae magnae-ның кеңейген бағанасы бөлек болған кезде қолданады.
Веналардың кеңеюін емдеу үшін, қазіргі қолданылатын әдістердің бірі Соколов Н.Н. модификацияланған Клапп операциясы болып табылады. Операцияның маңызы көптеген лигатура салу, оны кеңейген вена аймағына тері және тері асты клетчаткасы арқылы жібек жіп салу. Лигатураны байлаған соң, түйіндер тері асты клетчаткасына енеді. Операциядан кейін венаның байланған бөлігі семіп қалады.
Жүйкелерге жету Аяқ жүйкелерін ашудың көрсеткіші жүйкелердің /үзілуі, оқ тиіп жарақаттану/ зақымдалуы болып табылады, сонымен қатар жүйкелердің айналасында бірігу, невромалар және басқалар.
H. ischiadici-ді ашу.
Жүйкенің кескіні tuber ischii мен trochanter major арасынан тақым ойысының ортасына жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Жүйкенің көрсеткіштеріне байланысты деңгейде ашады.
Санның жоғарғы бөлігінде жүйкеге оперативтік жету Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды 10-15 см ұзындықта кескін сызыққа сәйкес кеседі. Кескіннің басы plicae natium-нен 2 см жоғары тұру керек. 2. Науа тәрізді зондпен санның жалпақ шандырын кеседі, бұл кезде n. cutanei femoris posterioris-ті зақымдап алмау керек. 3. Fasciae latae-нің жиектерін ілмекпен ығыстырады. Доғал жолмен клетчаткаларды бөлектейді, бұл кезде санның екі басты бұлшық етінің басы көрінеді, оның доғал жолмен /ілмекпен/ ішке қарай ығыстырады. Өзінің жуандығымен ажырататын жүйке бағанасын, осы бұлшық еттің сыртқы жағынан клетчаткадан іздейді. Санның төменгі бөлігінде шонданай жүйкесін, ашқан кезде m. bicipitis femoris-тің ұзын басын сыртқа ығыстырады. Сонымен қатар бұл жерде n. ischiadicus n. tibialis-ке және n. peroneus-ке жиі бөлінеді.
Н. tibialis-ті тақым ойысында ашу.
1. Ұзындығы 12-15 см –дей тақым ойысының ортасынан тілік жасайды. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды кеседі. Жараның төменгі бұршында v. saphena parva және онымен бірге n. cutaneus-surae medialis көрінеді. Бұл құрылымдар Fascia latae дупликатурасынан өтеді. 2. Науа тәрізді зонд бойымен тақым шандырын кеседі және майлы клетчаткадан n. tidialis-ті іздейді, одан тереңіректе және ішке жағынан v. femoris-ті, одан да ішкері және тереңіректе артерияны іздейді.