Өлеңдер, толғаулар, балаларға



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата15.03.2017
өлшемі1,33 Mb.
#9689
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ән мен ән қанаттасып үн қосады, 
Бір жүрек бір жүрекке ынтығады. 
 
Масайрап күллі дүние көріктеніп, 
Қол бұлғап сені өзіне шақырады. 
Кеңітіп тынысыңды, желік беріп, 
Жаныңды рахатқа батырады. 
 
 ЖОЛ АЙЫРЫҒЫНДА 
 (әзіл) 
 
Көктем күні көңілді, 
Аспанда бұлт жоқ еді... 
Бастығына сенімді, 
Шофер жолда келеді. 
 
Айырылды жол міне, 
Өрге шыға бергенде. 
Сұлу қызды көрді де 
Тоқтай қалды ол демде; 
 
-Бейтаныс жол бұралаң, 
Адаспасақ жарады. 
Жөн сұрайын мынадан, - 
Деді түсіп қабағы. 
 
Жауып машина есігін, 
Жол шетіне ол барды. 
Сұрап жасын, есімін, 

292 
 
Дереу қызды қолға алды. 
 
Жауап қатты қыз дағы: 
 – Бойжеткен боп өстім деп, 
Сөз салған жоқ ешкім деп. 
 
Таныс дерсің бұларды, 
Созылды сөз аяғы. 
Шофер естен шығарды, 
Жол сұрауды баяғы. 
 
Қайта оралған кезінде, 
Бастық отыр бұрқырап: 
 – Ұят бар ма өзіңде, 
Неғылған көп бұл сұрақ?.. 
 
Айтты:  
 – Мұным қате, – деп, –  
Тыңдаңызшы, алайда; 
Бұрылысты өте көп, 
Еске сақтау оңай ма?.. 
 
СМОЛЕНСК – ТУҒАН ЕЛІМ 
 
Смоленск – туған елім, 
Өсіп-өнген аймағым. 
Жастық шағым мұнда менің –  
Салған сауық-сайраным. 
 
Өтті мұнда жас дәуренім, 
Ән толқынын аунатып. 
Жарқыратып орман төрін, 
Костер отын лаулатып. 
 
Балғын гүлден алқа таққан 
Әдемі өрнек шашында, 
Арманымды алғаш тапқам 
Ойда жоқта осында. 
 
Оралмастай қайтып мүлде, 
Алыс кетті жырақтап. 
Жасырынды қай түкпірге, 
Қалды қайда тұрақтап? 
 

293 
 
Соның әсем әні емес пе, 
Көктемгі су сылдыры?! 
Соның көркін салады еске, 
Нарттай қызыл күн нұры. 
 
Қырдағы ізін жаңбыр шайып, 
Өшіріпті бүгінде. 
Мәңгілікке болды ғайып, 
Жел жұтыпты үнін де. 
 
Баяғыдай бола ала ма, 
Еске алғанмен еркемді? 
Қайтып маған орала ма, 
Шаралғанмен өлкемді? 
 
 – Енді қайтып бұрылмайды, 
Шақырсаң да ол саған, –  
Дегендей боп сыбырлайды, 
Жапырақтар самсаған. 
 
ШЫҚ БАСҚАН ШАЛҒЫНДЫ АРАЛАП 
 
Шық бақан шалғынды аралап, 
Соқпақ жол салып бір әлдиге, 
Көмескі тартқанда бар алап, 
Жас жігіт шығарып салды үйге. 
 
Айнала жалтақтап, қымсына 
Сөз айтты дәл үйдің қасында: 
Сүйер ем ерніңнен құлшына, 
Ыңғайсыз болмаса расында. 
 
Мен жауап қайтардым табанда, 
Әрине қылжаққа көнбеймін. 
Ешқашан ешқандай адамға 
Сүюге рұқсат бермеймін. 
 
Ол аяқ астынан мұңайды, 
Танытып қоштаспақ сыңайды. 
Дегендей шолжың қыз тым әйгі, 
Кездесу қажетсіз былайғы. 
 
Шыдасын тап мұндай күйге кім? 
Қададым көзіне көзімді: 

294 
 
Үн-түнсіз бас салып сүй дедім, 
Күтпей-ақ рұхсат сөзімді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Назым ХИКМЕТТЕН  
(Түрік ақыны) 
 
 ӨЛГЕН ҚЫЗДЫҢ МОНОЛОГЫ 
 
Ашыңыздар, 
Ашыңыздар, мен келем! 
Әр есікті қағып шығам – сенделем. 
Көрінбеймін көздеріңе бірақ та, 
Көру қиын – өйткені мен өлген ем. 
 
Хиросима құрбанымын кешегі, 
Мені тоспас, жылдар жылжып көшеді. 
Жетіде едім, қалдым жеті жасымда, 
Өлген сәби қалай ғана өседі? 
 
Жалын тілі жалмады да шашымды, 
Қара түнек көзіме кеп басылды. 
Лезде күл боп шыға келдім бір уыс, 
Күлді сосын жел әкетті – жасырды. 
 
Жапырақтай өртке жанған балақан, 
Тәтті сұрап, жаймас енді алақан. 
Өмір үшін зар қағамын өлсем де, 

295 
 
Менің рухым – шырылдаған балапан. 
 
О, адамзат, келісімге келіңдер, 
Тыныштыққа төрден орын беріңдер! 
Менен кейін өртке бала жанбасын, 
Құрғамасын балдан сәби-еріндер! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Түгелбай СЫДЫҚБЕКОВТЕН  
(Қырғыз ақыны)  
 
  МЕН 
 
Мен бір жан ойым қалыс, сөзім шорқақ, 
Байқасам өзім момын, өзім қорқақ. 
Бұйда үзбес, бұра тартпас торпақ құсап, 
Жоқ бірақ желіп берер кезім жортақ. 
 
Ақылмен терең ойлап, сезінсе бір, 
Әр адам – жұмбақ әлем, өзінше өмір, 
Деген сөз шынымен рас па екен? 
 
Мен бір жан пейілім хақ, көңілім ақ, 
Жүргенім жомарттықпен төгіліп-ақ. 
Сонда да жүнім қызыл, сөзге қалам, 
Жақпайсың пенделердің көбіне ұнап. 
 
Ақылмен терең ойлап, сезінсе бір, 
Әр адам – жұмбақ әлем, өзінше өмір, 
Деген сөз шыныменен рас па екен? 
 
Мен бір жан өртке кірген жалаңаяқ, 

296 
 
Жанымды ақиқаттан аямай-ақ. 
Бұған да замандастар өзі куә –  
Күліскен қылығыма, жаман аяп. 
 
Ақылмен терең ойлап, сезінсе бір, 
Әр адам – жұмбқ әлем, өзінше өмір, 
Деген сөз шыныменен рас па екен? 
 
Мен бір жан дүниеде жоқты іздеген, 
Арманды талмай қудым жеткізбеген. 
Санаулы сапарласқа разымын, 
Жалғыздық ауыр жолда шеккізбеген. 
 
Ақылмен терең ойлап, сезінсе бір, 
Әр адам – жұмбақ әлем, өзінше өмір, 
Деген сөз шыныменен рас па екен? 
  
 
 
 
МЕН ІЗДЕГЕН КҮЛКІ 
  
Кеш тұрыппын мен бүгін күндегіден, 
Қызығы мол күндерден кім жеріген? 
Уа, дариға, достарым көзден ғайып, 
Кеше ғана бірге ойнап, бірге күлген. 
 
Құйындатқан, өмірді зорықтырған –  
Күндер-күлік көңілді торықтырған. 
Өмірбайдың күлкісін іздеудемін, 
Кеше ғана жанымды қарық қылған... 
 
 ҚАЗАҚ ҰЛЫ 
  
Мен көрдім қазақ жігіт Жұмағұлды, 
Енеден егіз туған сыңарымды. 
Еркесі кең даланың ерте кезден –  
Жүрегі, тілегі бір ұланымды. 
Басына киіп жүрер мен кигендей, 
Кәдімгі бүркіт құйрық тұмағымды. 
Тұмағы есіме ылғи түсіреді, 
Баяғы Ерсайынды, Қобыландыны. 
Біресе өжет жүз бен өткір көзден 
Танимын Семетейді, Табылдыны. 

297 
 
Ұқсайды жиырмадағы өзіме де, 
Шегерсем кейін қарай мына күнді. 
Біресе елестетем болашақта 
Әр үйде маздайтұғын шырағымды. 
Өнер мен білім қуған жас өрімдер, 
Сейілтті көңілдегі мұнарымды. 
Кешегі қызыл-күрең өзіме ұқсас, 
Мен көрдім қазақ ұлы Жұмағұлды. 
Тұтқасын келешектің ұстағандай, 
Күмбірлеп көкірегімнен жыр ағылды. 
Ежелгі бабасындай ер мінезді, 
Ел үшін жанын қияр қыран ұлды. 
Сөйлесе сөзі терең, жүзі жылы, 
Мен көрдім қазақ ұлы Жұмағұлды. 
 
 
ҚИЯЛ АТТЫҢ КҮЛІГІ-АЙ 
 
Қызыл гүлдей таза едік, 
Қызығына мәз едік, 
Көрген түстей күндізгі, 
Күліп кетті бір кезек. 
 
Желдей жеңіл наз едік, 
Желпіп қойса мәз едік. 
Желдей елес жастығым, 
Желіп өтті бір кезек. 
 
Гүлдей өмір солмастай, 
Ешбір қайғы болмастай, 
Еш қызықтан қалмадық, 
Қиял мініп самғадық. 
 
Бетін ашқан ақ таңның, 
Жеткізбесін аққан күн, 
Кейін барып аңдадық, 
Қала бердік сандалып. 
 
Қиял-аттың күлігі-ай, 
Қызығы мол күнім-ай! 
Қадіріңді кім білген, 
Жүргенде ойнап-күліп-ай!? 
 
 АЖАЛ МЕНЕН АСУДА 

298 
 
 
Асуда ат терлеткен, өмір құрбым, 
Мұз терге тізгін бермей тоқтай тұрғын. 
Ажалға айтатұғын арызым бар, 
Отқа қой ақбозыңды, көңіл бұрғын. 
 
Күндіз-түн арпалысып әлем кезген, 
Ей, ажал, қарайсың сен тажал көзбен. 
Кездессең ойдан, қырдан, кезеңдерден, 
Құтылмас ешбір пенде сенен безген. 
 
Жаутаңдап қараса да қабағыңа, 
Түспейтін адам бар ма араныңа? 
Жердегі қыбырлаған жан-жануар, 
Жаншылар өзі барып табаныңа. 
 
Жасайды әрқашанда өз дегенін, 
Құлатар ажал мерген көздегенін. 
Аямас момынды да, зұлымды да, 
Білген соң бұйрығына тез көнерін. 
 
Бұл күнде мұрша қайсы алысқандай, 
Ақырма, ажал, маған арыстандай. 
Онсыз да жүрек мұздап, бой қалтырап, 
Жайым бар мұз асуда қарысқандай. 
 
Мен сені қарағамаймын, тілдемеймін, 
Көңілім көнерді деп кірлемеймін. 
Еншісін тіршіліктің бөліскен соң, 
Өмірді өлерімде күндемеймін. 
 
Өзіңе көрмесем де мен жалынып, 
Айтатын арызым бар ақ жарылып. 
Мәреде ат ойнатар албырт шақта, 
Боз үйде ұйықтап қаппын тон жамылып. 
 
Сабылып сол ұйқымның өтесіне, 
Ұрпақтың үлгі тастап жетесіне, 
Халқымынң құмға сіңген ізін іздеп, 
Асудың тура тарттым төтесіне. 
 
Мін кәне, ажал батыр, ақ бозыңа, 
Екеуміз енді аялдар жоқ қазына. 
Мен сонау Көк төріме құлаш ұрам, 

299 
 
Боратып мұз теріңнен соқ та азына... 
 
  
 ӨМІР КҮРЕСІ 
 
Тимеген жауырыным жерге менің, 
Өзімше балуан болып, өрлеп едім. 
Көріп ем гүжілдеген менімендерді, 
Маңыма жолай алмай терлегенін. 
 
Тіресіп арпалысып меніменен, 
Елубай жықпақ болды ебіменен. 
Күн шықпай жалаңаяқ қырда жортып, 
Жайнадым қуатыма сеніп ерен. 
 
Бұлқынып, білек түріп келді Алпысбай, 
Қайтсем де қоймаймын деп жерге тықпай. 
Бұған да былқ етпеді бекем белім, 
Жөніне ол да кетті түк те шықпай. 
 
Жетпісбай желкелемек арбаң-құрбаң, 
Байқасам бір бәлекет ол антұрған. 
Қолында қара болат қанжары бар, 
Болам ба күреспесем босқа құрбан. 
 
Сексенбай түсер ме екен жетсем бүріп, 
Лып етіп іштен шалып, өкшемді іліп. 
Бетпе-бет сол батырмен білектесіп, 
Күн бата ақбозбенен кетсем жүріп. 
 
Тек сонда бағасы артар балуандықтың, 
Көтерген өмір бойы алуан жүктің. 
Көңілде сабақ болып, нұсқа болып, 
Үмітсіз оты маздар қалған жұрттың... 
  
  **** 
 
Мақтан деген немене? 
Ауыздың жылы желі екен. 
Байлық деген білгенге, 
Бір әзәзіл неме екен. 
Ауыр-жеңіл күндерде 
Қуат берген, әл берген, 
Өзегіңе нәр берген –  

300 
 
Адал аққан тер екен. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сауранбай ЖУСИЕВТЕН 
(Қырғыз ақыны) 
 
МҰХТАР ӘУЕЗОВКЕ 
 
Қырғыз бенен қазақта жік бола ма, 
Ортақ мәңгі ішкен су, жұтқан ауа. 
Көркем сөздің ең асыл кені едіңіз, 
Қырғыз бенен қазаққа тең едіңіз, 
Тау, даланың жаршысы – Мұхтар аға! 
 
Серуендедің қырғыздың арасында, 
Ой тербеттің қазақтың даласында. 
Ынтық болып даңғыл күй, дана жырға, 
Мадақтадың қазақтың Абайын да, 
Мадақтадың қырғыздың Манасын да. 
 
Қазақ қырын шәкіртше сағынғандай, 
Қырғыз жерін аңсадың сабыр қалмай. 
Қысты өткізіп Алматы қаласында, 
Жазда болып Ыстықкөл жағасында, 
Ой іздедің өрнекті дамыл алмай. 
 
«Біздің Мұхтар» дейтұғын қазағыңыз, 

301 
 
«Біздің Мұхтар» дейтұғын қырғызыңыз. 
Тау, даланы өзіңдей сүйікті етті, 
Тау, даланы өзіңдей биіктетті, 
Өзің қолдан ұшырған Шыңғысыңыз. 
 
Халқыңыздың мерейін асырдыңыз, 
Өзіңізбен өлшейміз ғасырды біз. 
Қатар тұрып атыңыз жұлдызбенен, 
Бір жасайсыз мәңгілік қазақпенен, 
Бір жасайсыз мәңгілік қырғызбенен. 
 
 
ЖЫР ДОСТЫҒЫ – ДҮР ДОСТЫҚ 
(М.Әлімбаевқа) 
 
Қайда едік біз он сегіз жасымызда, 
Ерке қыз ермеп пе еді қасымызға. 
Бұрқандық, оқты тостық, отты кештік, 
Дулыға баса киіп басымызға. 
 
Тапталып табанымызда жау қабылан, 
От алдық ұлы жеңіс таңдарынан. 
Жар салдың қызғалдақты даладан сен, 
Мен шырқап гүлқайырлы тауларымнан. 
 
Нұр қосты бейбіт күндер түсімізге, 
Күш қосты бейбіт күндер күшімізге. 
Соғысты өңімізде көрмейікші, 
Сойқанды көрсектағы түсімізде. 
 
Тербетіп жүрміз біздер ел қаламын, 
Қолдасып халқымыздың өр талабын. 
Даланың дархан халқын мақтасаң сен, 
Тау халқы сырын мен де шерте аламын. 
 
Өтсек те орта жолдың өрін басып, 
Ерлейік елдің бағын тең жырласып. 
Келе бер өлең жазып далалдан сен, 
Тауымнан келе берем мен жыр жазып. 
 
БАҚЫТ ДЕГЕН НЕМЕНЕ? 
 
 – Бақыт не? – деп отыншыдан сұрадым. 
 – Бақыт – от қой жылу берген денеңе, 

302 
 
Бірақ еппен қыздырын сен, шырағым, 
Күйіп қалу емес әсте дәнеңе. 
 
 – Бақыт не? – деп дәрігерден сұрадым. 
 – Бақыт – дәрі ауыр дерттен жазатын, 
Бірақ дұрыс қолданбасаң, шырағым, 
Тартарың қақ соның зардап-жазасын. 
 
-Бақыт не? – деп атбегіден сұрадым. 
 – Бақыт – тұлпар қайшылаған құлағын, 
Бірақ бабын таба алмасаң, шырағым, 
Омақаса дей бер қатты құладым. 
 
 – Бақыт не? – деп құсбегіден сұрадым. 
 – Бақыт – сұңқар, саятшылық ермегің, 
Бірақ оны шамдандырсаң, шырағым, 
Көктен келіп салар саған шеңгелін. 
 
 – Бақыт не? – деп балықшыдан сұрадым, 
 – Бақыт – қайық көлде желдей есетін, 
Бірақ оны күте алмасаң, шырағым, 
Су түбіне батасың да кетесің. 
 
 – Бақыт не? – деп қариядан сұрадым. 
 – Бақыт – жарық жайнып тұрған жас құшақ, 
Бірақ көңілін бір қалдырсаң, шырағым, 
Біржолата қатып қалар тас құсап. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

303 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тейіпжан ӘЛИЕВТЕН  
(Ұйғыр ақыны) 
 
 
 МӘҢГІЛІК ӘН 
 
Күннің көзі жасырынса, 
Өзің жаққа асығам. 
Ынтықтырдың осы ғұрша, 
Уа, махаббат – асыл ән! 
 
Терезеңе неше келем, 
Шыға алмаймын айналып. 
Сен тұратын көшеге мен, 
Қалғандаймын байланып. 
 
Әйнегіңді қағып әнмен, 
Бүгін түні тағы өттім. 
Махаббаттың бағынан мен 
Қызыл алма дәметтім. 
 
Ұйқысынан құр қалғандай 
Бір шал шықты күңкілдеп: 
 – Жеті түнде жынданғандай, 

304 
 
Мазаны алған бұл кім деп? 
 
Әр күн сайын тыңдай-тыңдай, 
Сарсаң болды құлағым. 
Осыншама тынбайтындай, 
Неғылған ән шырағым? 
 
Дедім оған: – Қапаланба, 
Болмадың ба сен де жас. 
Өмір қызық жас адамға, 
Махаббатқа мен де мас. 
 
Қарай-қарай көзің талған 
Терезеге тұманды, 
Кеше ғана өзің салған 
Ұмыттың ба бұл әнді? 
 
Сен ғана емес баяғыда 
Сансыз пенде сарнаған. 
 
Осынау ән аяғына 
Ешкім шыға алмаған. 
 
Адамзаттың тағдырынан 
Бөлінбейтін ешқашан, 
Үзілмейді мәңгі бұл ән, 
Деме сірә қоштасам!.. 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ӘНШІ ҚЫЗЫНА 
 
Алаулайды ішімдегі от, 
Өзің жаққан, қарындас! 
Өңім бе әлде түсім бе деп, 
Мұңға орандым арылмас. 
 
Қозғадың ғой шер-мұңымды, 
Әніңменен жалынды. 
Жапырақтай желді күнгі 
Тербедің ғой жанымды. 
 
Айналайын таңдайыңнан, 
Бұлбұл ұя салғандай. 
Жарылқасын маңдайыңнан, 
Шолпан жұлдыз жанғандай. 

305 
 
 
Жүрегіме бойладың сен, 
Әнді өзіңдей кім айтар! 
Еске түсіп қайда жүрсем, 
Әсем сазың мұңайтар... 
 
  АРША 
 
Сұрадым бір күн Аршадан: 
 – Қызығам сонша мен саған! 
Бұтада сендей бар ма асыл, 
Жыл бойы түсің жап-жасыл. 
Демейсің қыстан жаз артық, 
Ауаны ылғи тазартып, 
Жарады иісің мұрынды, 
Айтшы сен кәне, сырыңды? 
 
Сыбырлап Арша тіл қатты: 
 – Жаралған жерім қымбатты. 
Қасиет туған топырақта, 
Бас ием осы атырапқа. 
Тауымды өзім нәр жұтқан, 
Құшақтап өсем сондықтан... 
 
 ТОБЫЛҒЫ 
 
Иілгіш деп тобылғыны 
Кінәлама, жарандар! 
Солай болса оның күні, 
Тағдырға не амал бар?! 
 
Өмір қандай қиын еді, 
Түсірер әр сарсаңға... 
Морт кетпейді, иіледі 
Отқа қанша салсаң да. 
 
Қиналғанда ақыл таппай, 
Төзім ерді шыңдайды. 
Тобылғы да Ақиқаттай, 
Иілгенмен сынбайды... 
 
 ЖІГІТ ТІЛЕГІ 
 
Жігіт «күйдім» дегенде, 

306 
 
Қыз да тұрса «күйдім» деп. 
От лауласа денеңде, 
Қайта-қайта сүйгің кеп. 
 
Кете қалсақ алысқа, 
Күтсе сұлу мөлдіреп: 
Сағынысып табысса, 
Жас жүректер елжіреп. 
 
 БАҚЫТ ЖҰЛДЫЗЫ 
 
Бала кезден көп қараушы ем аспанға, 
Көңілімді күңгірт ойлар басқанда. 
Сол биіктен жұлдызымды іздеуші ем, 
Бақыт нұрын себетұғын жас жанға. 
 
Қайран жүрек қиялға еріп егілер, 
Көк төсінен қайдан жақұт төгілер? 
Көзіңде екен мен іздеген жұлдызым, 
Қос жанарың қос бақыттай көрінер. 
  
ҚАЙҒЫ 
 
Лаулап жанып, қызған отты 
Су септің де сөндірдің. 
Жүрегімді ызғар өпті, 
Қалтыратып, тоңдырдың. 
 
Пәк сенімім ұшты желге, 
Ғайып болып бар арман. 
Ақ жұлдызым түсті жерге, 
Махаббатқа жаралған. 
 
Мүсірке деп өтінбеймін, 
Жараспайды ол маған. 
Айырылғанға өкінбеймін, 
Алданғанға қорланам. 
 
 
 
 
 
 
 

307 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мирпулат МИРЗАЕВТАН  
(Өзбекі ақыны)  
 
 
 НАУАИ ӨСИЕТІ 
 
Мен үшін әйкел тұрғызба, 
Көшенің атын сұрама. 
Теңеме жарық жұлдызға, 
Басыма келіп жылама! 
 
Бұлаңдап заман түлкінің 
Алдасын мейлі біразы. 
Сақтасаң тілін түркінің, 
Аруағым менің разы!.. 
 
 
 КЕН ІЗДЕУШІГЕ 
 
Кен іздеп ата-жұртты ақтарасың, 
Өмірдің айырмайсың ақ-қарасын. 
Кеніштің алтын кілтін жат қолына 
Бергенге масайрайсың, мақтанасың. 

308 
 
 
Кезуден тау мен тасты жалықпайсың, 
Көзіңе түскен затты парықтайсың. 
Күміс пе, қорғасын ба, алмас па әлде, 
Асылдың құрамын тез анықтайсың. 
 
Түрткілеп сұлу төрді анау жатқан, 
Шыға алмай ұзақ жүрдің сол аумақтан. 
Белгісіз не тапқаның, білетінім –  
Сарқылды мөлдір бұлақ заманғы аққан. 
 
Бермедің өзің туған қонысқа опа, 
Кен іздеп басқан ізің қорыс-қопа. 
Көргенде өткен-кеткен тұнжырайды, 
Ісіңе алыс-жақын тегіс қапа. 
 
Газ тауып не бүлдірдің, біл, қарағым, 
Суырып жер қолқасын, жұлмаладың. 
Ошағын өшірмеген тезек жағып, 
Астында анаң қалды зіл-заланың. 
 
Пендедей елін сатып баққа жетер, 
Жеріңді күйдіресің отқа бекер. 
Сиқың бар саған салса, қыстағың мен 
Бабаңның қабірін де таптап өтер. 
 
Кемеңгер Беруниға табынасың, 
Хабибты мақтағанда ағыласың. 
Солардың құлақ ассаң рухына, 
Жұртыңның ортасынан табыласың. 
 
Басыңды айналдырған азғын дәуір, 
Мылқаудай тілге көнбей тоздың, бауыр. 
Кеудеңе жез қаңылтыр таққанменен, 
Жылтырақ жез тісің жоқ аузыңда бір. 
 
Әйтеуір сенің күнің туды аңсаған, 
Деуменен далақтайсың уран табам. 
Миғұла, ұғасың ба, қаза берсең, 
Таусылмас қазына емес Тұран саған. 
 
Жұтатын өз еліңді жайындайсың, 
Көрінген жерден көзіңді айырмайсың. 
Бәтшағар, бұйрық келсе, Яссауидің 

309 
 
Мазарын тегістеуден тайынбайсың. 
 
 КӨГІЛДІР ТАУЛАР 
 
Көгілдір таулар, 
Көңіліңді аудар, 
Тыңдашы нала-мұңымды. 
Жас толып көзге, 
Іздеген кезде 
Қойныңнан балалығымды. 
 
Жолдардан өттім, 
Арманға жеттім, 
Сыбаға татып сан жылдан. 
Құлыншық күнім, 
Шапқылап бүгін 
Шығар ма, шіркін, алдымнан?!. 
 
 
 
 
  ТҮҢІЛУ 
 
Зуылдап тасқын судай, жылдар ақтың, 
Ойласам өмірімді мұңға баттым. 
Мен бейне қалың орман ішіндегі, 
Жапырағы солғын тартқан бір дарақпын. 
 
Жуынып жаздың жылы жаңбырымен, 
Тынымсыз тілдесемін таң нұрымен. 
Гүлдердің шешек атқан жұмысы жоқ, 
Жаны пәс жапырақтың тағдырымен. 
 
Жүрегім қалтырайды сондықтан да, 
Салғандай сүйегіме зорлық таңба. 
Күн шығар, ай да батар өз жөнімен, 
Селт етпес жасыл әлем шаң жұтқанда. 
 
Кірлесе табиғатым мөлдір, тұнық, 
Жылаймын нәзік гүлдей мен күрсініп. 
Жалғанды озандатып, тозаңдатып, 
Шығады әлдеқайдан жел жұлқынып. 
 
Өз еркі соқсын өмір ызғырығы, 

310 
 
Қабағын түйіп қыс пен күзді күні. 
Әйтеуір құлағанша қарманамын, 
Жанымның жұтамаса ізгілігі. 
 
  АРМАН 
 
Азаттыққа шықса егерде ел-жұртым, 
Әттең тыным алмас едім мен бір күн. 
Өміріме разы боп өтер ем, 
Терсем-дағы қыбырлаған жер құртын. 
 
Халқым үшін тозаққа да төземін, 
Әр тынысын қабағынан сеземін. 
Көк тасын да гүлге бөлеп қояр ем, 
Белім сынып, үзілсе де өзегім. 
 
Кенелсе шын қуанышқа ұлы елім, 
Жүрегімді күн ғып көкке ілемін. 
Жер бетінде мәңгі ғұмыр сүрсін деп, 
Шуақ төгіп, шырайналып жүремін. 
 
Сергей ЧАВАЙННАН 
(Мари ақыны) 
 
 ОТАН ТУРАЛЫ ОЙ 
 
Ұмытам қалай мен сені, 
Бесігім – туған мекенім? 
Өзіңсің өмір өлшемі, 
Өзің деп қана өтемін. 
 
Жазған соң тағдыр маңдайға, 
Қайғының дәмін татамын. 
Қамығып қазір шалғайда, 
Сен жайлы ойға батамын. 
 
Көзімді мәңгі жұмғанша, 
Көркіңді сенің қия алман. 
Араға салып жыл қанша, 
Қайтамын саған қияннан. 
 
Өзіңнен сірә бар ма асыл, 
Кезсем де шексіз ғаламды? 
Жібектей жұмсақ, жап-жасыл, 

311 
 
Шарлаймын тағы далаңды. 
 
Билейді мені көргенде, 
Шалғының баяу сыбырлап. 
Тулайды шаттық кеудемде, 
Иіскесем қолға гүліңді ап. 
 
Іздерім жайнап қайтадан, 
Жатады таныс бақтарда. 
Жастығым сонда айтады ән, 
Бұлбұлдай сайрап ақ таңда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет