Өлеңдер, толғаулар, балаларға



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата15.03.2017
өлшемі1,33 Mb.
#9689
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
 
Көз жібермей өткенге
Опық жеген көп пенде. 
Ұмытқандар тарихын, 
Мұратына жеткен бе? 
 
Өткенге оймен қарасақ, 
Өкінбейді болашақ. 
Ел қорғаған ерлер көп, 
Саусақпенен санасақ. 
 
Бабалардың ерлігін 
Жырлайтұғын келді күн. 
Батырлар ғой сақтаған, 
Туған жердің кеңдігін. 
 
Соның бірі – Қабанбай, 
Берік соққан қамалдай. 
Қабанбайдың тұсында 
Жау көп болған сабандай. 
 
Көлге жылқы жаптырмай, 
Шөлге түйе бақтырмай, 
Ерегескен дұшпандар 
Елге тыным таптырмай, 
 
Көшті кеңге бұрғызбай, 
Керегені құрғызбай, 
Талай-талай бас салған, 
Орнымыздан тұрғызбай. 
 
Аш бөрідей анталап, 
Қорқау көзі қанталап. 
Шаңырақты қаусатқан, 
Босағаны балталап. 
 
Туырлықты тураған, 
Тұнық суды улаған. 
Үркіп қашқан ұлардай, 
Бала-шаға шулаған. 
 
Жауға келмей шамамыз, 
Зар қақсаған анамыз. 
Жылау менен жоқтаудан 

247 
 
Күңіренген даламыз. 
 
Қариялар бүгілген, 
Тіршіліктен түңілген. 
Халық босып, тау-тасқа, 
Табандары тілінген. 
 
Көк найзамен түйреген, 
Қабырғамыз күйреген. 
Аруларды шыңғыртып, 
Бұрымынан сүйреген. 
 
Төбемізде билеген, 
Табанға сап илеген. 
Қиналса да ұландар, 
Бағынып, бас имеген. 
 
Бәлесі жоқ үймеген, 
Зияны жоқ тимеген. 
Соның зары біздерге. 
Жеткен әнмен, күйменен. 
 
Солай, солай күн болған, 
Зорлық көріп сұмдардан: 
Қыздарымыз күң болған, 
Ұлдарымыз құл болған. 
 
Азап тартып жендеттен, 
Жау қолында ержеткен. 
Тұтқындағы байқұстар, 
Көздің жасын көлдеткен. 
 
Қаптағанда қара түн, 
Қайғылы әнге салатын, 
Бесік жыры сол кездің, 
Міне, былай болатын: 
 
«Әлди, әлди, қуатым, 
Ата жолын қуатын. 
Батпан-батпан шерімді 
Өзің ғана жуатын. 
 
Ертең өсіп, толарсың, 
Садақ оғын жонарсың. 

248 
 
Сауыт киіп, қол бастап, 
Салқын төске қонарсың. 
Жаудан кекті қайтарып, 
Елге қорған боларсың! 
 
Әлди, әлди, зерегім, 
Сүйенішім – терегім. 
Жауда кеткен көкеңнің 
Білемісің дерегін? 
 
Бала құстай түлерсің, 
Белге семсер ілерсің, 
Жөргегі жат Жоңғардың 
Туырлығын тілерсің. 
Қолды болған мұңлықтың 
Бір хабарын білерсің! 
 
Әлди, әлди, тынысым, 
Жүзі қайтпас қылышым. 
Жатқа бермес жерінің 
Ұлтарақтай бұрышын. 
 
Батыр болып өсерсің, 
Қанды жорық кешерсің. 
Көз алартқан дұшпанның 
Көк желкесін кесерсің. 
Талқан етіп сүйегін, 
Тас төбесін тесерсің. 
Елді бастап сонан соң
Көк жайлауға көшерсің. 
Қалың теңді шешерсің, 
Қалы кілем төсерсің! 
Әлди, әлди, әлди-ай!». 
 
Жерді шаңға бөктірген, 
Елді қанға бөктірген, 
Сол жауыздар соңғы рет, 
Шығыс жақтан кеп кірген. 
 
Қапылыста бас салған, 
Қырғын соғыс басталған. 
Қарындастан айырлып, 
Қара көзден жас тамған. 
 

249 
 
Ерлер атқа қонғанша, 
Қолын жинап болғанша, 
Тоз-тоз болып торғайдай, 
Еңіреген ел қанша. 
 
Біреу қашқан қыр жаққа, 
Біреу қашқан Сыр жаққа. 
Қанмен өрнек салынған, 
Текемет пен сырмаққа. 
 
Қалың жаудан қаптаған, 
Жанын әрең сақтаған, 
Аталыпты сол заман: 
«Шұбырынды ақ табан». 
 
Кең даланы шарлаған, 
«Елім-айлап!» зарлаған. 
Тентіреген қазақтың 
Түкпірі жоқ бармаған. 
 
Жерімізге құт қонған, 
Жау табаны – жұт болған. 
Сол бір сордан халықты, 
Қабанбайлар құтқарған. 
 
Жалғыз емес Қабанбай, 
Қасында бар Бөгенбай. 
Райымбек, Жәнібек, 
Қазыбек пен Боранбай. 
 
 
Жалпақ елдің көсемі, 
Жан біткеннің шешені, 
Ортасында ақылгөй 
Бұқар жырау деседі. 
 
Бұлардан да басқа бар, 
Кілең жайсаң, қасқалар. 
Тізе қосса батырлар, 
Тажал дұшпан тас қабар. 
 
Алтай мен Сыр арасы, 
Сарыарқаның даласы- 
Жауға қарсы аттанды, 

250 
 
Бүкіл қазақ баласы. 
 
Аянбады жау-дағы, 
Өрттей қамап қаулады. 
Барған сайын үлкейді, 
Қырғын соғыс аумағы. 
 
Қанды судай сапырып, 
Жаншитындай жапырып, 
Ұмтылысты екі жақ, 
Ұрандарын шақырып. 
 
Кескілесті керемет, 
Бірін-бірі төбелеп, 
Қырылғандар майданда  
Қалып жатты төбе боп. 
 
Жау шегінді ақыры, 
Құлап алтын шатыры. 
Берілмеді сонда да, 
Бір қара дәу батыры. 
 
 
 
2. Қабанбайдың Арқауылмен 
жекпе-жекке шығуы 
 
Әлгі батпан шойқара, 
Қаһар шашты айнала. 
Аспанға атын секіртіп, 
Қарсы шапты сайлана. 
 
Бурадайын шабынды, 
Қасқырдайын қағынды. 
Жекпе-жекке шақырып, 
Қақты кенет дабылды. 
 
 
Көпті бұйым көрмеді
Көкке шапшып өрледі. 
«Менің атым – Арқауыл, 
Мықтыларың кел!» – деді. 
 
Айқасқанды шыдатпай, 
Жайпап салды құрақтай. 

251 
 
Сан батырды ұшырды, 
Ат үстінен тұмақтай. 
 
Бұқар жырау ерлерге, 
Былай деді сол жерде: 
«Мұндай дию көрмедім, 
Талай жауды көргенде. 
 
Жан шошырдай түсінен, 
Тау құлардай күшінен. 
Айласы бар 
Ілетін 
Найзасының ұшымен. 
 
Батырлыққа салмаңдар. 
Босқа жайрап қалмаңдар. 
Ер Қабанбай болмаса, 
Басқаларың бармаңдар!». 
 
Ер Қабанбай долданды, 
Қыран құстай қомданды. 
Жауар бұлттай түйіліп, 
Көк найзасын қолға алды. 
 
Алға шықты атылып, 
Атқа қамшы батырып. 
Айғай салды күркіреп, 
Арыстандай ақырып. 
 
«Өлетұғын сен! – деді, 
Жеңетұғын мен! – деді.- 
Мен боламын Қабанбай, 
Ал, қорғанып көр!» – деді. 
 
Гүрзіменен батпандай, 
Соқты допты қаққандай. 
Өршеленді дұшпан да, 
Өлем-ау деп сақтанбай. 
 
Екі алпауыт сайысты, 
Найза, қылыш майысты. 
Тірескенге шыдамай, 
Аттың белі қайысты. 
 

252 
 
Көпке дейін ала алмай, 
Арпалысты Қабанбай. 
Беріле ме жау оңай, 
Жан берісіп, жан алмай. 
 
Бойын ыза кернеді. 
Қызған сайын ерледі. 
Алдаспанын қолға алып, 
Қаһарлана сермеді. 
 
Олай соғып бір өтті, 
Бұлай соғып бір өтті. 
Арқауылдың ақыры, 
Аузынан қан дір етті. 
 
Быт-шыт болып қалқаны, 
Шықты жаудың талқаны. 
Ұрандады сарбаздар, 
Сілкіндіріп Арқаны. 
 
Қалатындай жер жетпей, 
Жөнімен кеп,жөн кетпей, 
Ажал тауып сұм жауыз, 
Төңікерілді дөңбектей. 
 
Шыдап тұра алмады, 
Зыта қашты қалғаны. 
Ел қорғаған ерлердің  
Орындалды арманы. 
 
 
3. Қабанбай қалай Қабанбай атанды? 
 
Осы күнгі Алакөл, 
Айналасы қара жол. 
Бір кездері отырған, 
Көлді қоршап тамам ел. 
 
Шалқып жатқан ел екен, 
Берекесі мол екен. 
Ерен туған ұлдары 
Шеттерінен ер екен. 
 
Ел болған соң ұл туар, 

253 
 
Талаптанып ұмтылар. 
Күні бүгін сол жерде 
Қабанбайдың жұрты бар. 
 
Күнін көріп еңбекпен
Әкесі осы жерде өткен. 
Ақ бесігін шешесі, 
Осы жерде тербеткен. 
 
Бағыланды сойыпты, 
Бал қымызға тойыпты. 
Жаңа туған ұл атын 
Ерасыл деп қойыпты. 
 
Сықырлатып бесікті, 
Сәби тездеп өсіпті. 
Алакөлде шомылып, 
Ала жаздай кешіпті. 
 
Он жасында жығыпты, 
Алпамсадай жігітті. 
Он бесінде сындырған, 
Бұрап атан жілікті. 
 
Күші судай тасыпты, 
Арнасынан асыпты. 
Асау тайды шыңғыртып, 
Құлағынан басыпты. 
 
Ауыр садақ тартыпты, 
Атанға жүк артыпты. 
Ақылға да кенде емес, 
Бала бопты тәртіпті. 
 
Жақсыларды қолдапты, 
Жазықсызды қорғапты. 
Ерасылды елінде  
Білмейтін жан болмапты. 
 
Су бетімен сең көшер, 
Көл шетімен ел көшер. 
Көшіп-қонып жүрген жұрт, 
Бір-бірімен селбесер. 
 

254 
 
Жер биігі жоталы, 
Көл жиегі қопалы. 
Көш алдында келеді 
Топ-топ жылқы отары. 
 
Қалың жылқы қаптаған, 
Кенет үркіп тоқтаған. 
«Не бәле?» деп қараса, 
Шыға кепті көп қабан. 
 
Кетпей тұрып алыпты, 
Ойран-асыр салыпты. 
Тап бергенде, 
Жылқының  
Бірнешеуін жарыпты. 
 
Мұны көріп шошыған 
Жылқы қашып жосыған. 
Лап беріпті селдей боп, 
Кері қарай тасыған. 
 
Жылқышылар ойбайлап, 
Безіпті атын борбайлап. 
Күжірейген қабандар 
Жатып апты жол бойлап. 
 
Өткел екен әлгі жер, 
Соқпақ екен мал жүрер. 
Сонда ашуға мініпті, 
Ерасылдай балғын ер. 
 
Найзасын ап қолына, 
Адам ертпей соңына, 
Жалғыз өзі барыпты, 
Қабандардың тобына. 
 
Араласа кетіпті, 
Тобын жарып өтіпті. 
Шаншып алып лақтырып, 
Опай-топай етіпті. 
 
Қабан түгел өліпті, 
Ерлігін ел көріпті. 
Жол ашқан жас баланың 

255 
 
Соңынан көш еріпті. 
 
Қабан жеңген қаһарман, 
Үлкендерден бата алған. 
Содан бастап Ерасыл, 
Ер Қабанбай атанған! 
 
4. Қабанбайдың кекке аттануы  
және Ерденені құтқаруы 
 
Өткен талай алпауыт, 
Ұрлықпенен мал тауып, 
Қабанбайдың жылқысын 
Әкетіпті жау шауып. 
 
Шолып таудың арасын, 
Жылқы іздеген ағасын 
Атып тастап, 
Кетіпті 
Көрсетпестен қарасын. 
 
Жауға бұрын шаппаған, 
Бұғанасы қатпаған, 
Жас Қабанбай аттанды, 
Атын мініп ақ табан. 
 
Қуды жауды соңынан, 
Қорықпай садақ оғынан. 
Қия басса қауіп бар, 
Қазақ жерін торыған. 
 
Құйындатып келеді, 
Қия жерде желеді. 
Жолға жалғыз шығарған, 
Ағасының кегі еді. 
 
Шаба-шаба шаршады, 
Көрінбеді жау шаңы. 
Алты күнде жетеді, 
Сары тауға аршалы. 
 
Жалғызды жау таласа, 
Кім түседі араша? 
Түйе баққан біреу жүр, 

256 
 
Таудан күн сап қараса. 
 
Ойланып сәл тұрады, 
Аттың басын бұрады. 
Аяңдап кеп ақырын, 
Әлгіден жөн сұрады. 
 
Ол да өзіндей ұл екен, 
Қолға түскен құл екен. 
Құтылуға амал жоқ, 
Қор боп әрең жүр екен. 
 
Жөнін біліп танысты, 
Жақын болып табысты. 
Кек алмаққа дұшпаннан, 
Серттесіп қол алысты: 
 
«Кек алмаймын мен неге? 
Жаным тұрса кеудеде! 
Затым қырғыз болады, 
Атым, – деді, – Ердене. 
 
Мен айтайын жөн саған, 
Іздегенің – Арсалаң. 
Арсалаңның қолында, 
Тұтқында жүр қанша адам. 
 
Ата жауың осында, 
Жылқышылар қосында. 
Оңайлықпен алдырмас, 
Нөкері көп қасында. 
 
Бір әдісін табайық, 
Айламенен алайық. 
Аңдып тұрып жауыздың 
Тажал басын шабайық!». 
 
Екі бала осылай, 
Жабырқамай, жасымай, 
Түн жамыла айқасты, 
Дүйім жаудан шошымай. 
 
«Ей, Ердене, Ердене, 
Көп ат тұр ғой кермеде. 

257 
 
Қанды қолды нақ көрсет, 
Қапы кетсем ер деме! 
 
Байлаулы атын тізейін
Шылбырынан үзейін. 
Оқшау тұрған ақ боздың 
Жал-құйрығын күзейін. 
Бір-біріне қосақтап, 
Ауыздықтан ілейін. 
Бейғам жатқан дұпанның 
Жайын байқап білейін. 
Қойға бөрі тигендей, 
Ұшырайын үрейін». 
 
Қосқа келді жақындап, 
От жанып тұр лапылдап. 
Түнді басқа көтеріп, 
Күліседі сақылдап. 
 
Аңдып келген манағы, 
Байқамады баланы. 
Қызып алып қымызға,  
Әндеріне салады. 
 
Көзін алмай қадала, 
Қарайлап тұр бала да. 
Сол заматта теңселіп, 
Біреу шықты далаға. 
 
Осы еді Арсалаң, 
Келе жатқан қарсы оған. 
«Нақ өзі!» – деп – Ердене, 
Сыбырлады қалқадан. 
 
Қабанбай да қамданды, 
Оңтайлады қанжарды. 
Еппен басып барды да, 
Қарнын осып, қақ жарды. 
 
Қорқыраған үн шықты, 
Селт етпеді түн тіпті. 
Қанішер жау ақыры, 
Өз қанына тұншықты. 
 

258 
 
Арсалаңға ергендей, 
Біреу шықты ербеңдей. 
Қараңғыда үңілді, 
Қараң-құраң көргендей. 
 
Анадайдан зіркілдеп, 
Дауыстады: «Кімсің?» – деп. 
Тықыршыды Ердене, 
Ет жүрегі дүрсілдеп. 
 
Белгі беріп «Бол!» – деген, 
Атты тартты көлденең. 
Екі бала жөнелді, 
Жарысқандай желменен. 
 
Естіп тосын дүбірді, 
Қалың қалмақ жүгірді. 
Көріп өлген батырын, 
Жандарынан түңілді. 
 
Міне алмады ат қармап, 
Қуа алмады қапталдап. 
Түн ішінде у-шу боп, 
Қала берді «аттандап!». 
 
 
*** 
 
 
 
Адыр-адыр белді асып, 
Алыс-алыс жол басып, 
Аман-есен оралған, 
Сол қашқаннан мол қашып. 
 
Ерлікпен іс тындырған, 
Екеуін ел жыр қылған. 
Күнде жасап бір думан, 
Тойдан тойды тудырған. 
 
Бірге шығып белге де
Бірге түсіп көлге де, 
 
Інісіндей болыпты, 
Қабанбайға Ердене. 
 
 
Уысынан жауының,  
Құтқарған сол бауырын 

259 
 
Жеткізіпті еліне, 
Іздеп тауып ауылын... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АУДАРМАЛАР
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАҢА БЕТТЕН АУДАРМАЛАР!!!!!!!!!! 

260 
 
 
 
 
 
 
 
ИГОРЬ ЖОРЫҒЫ ТУРАЛЫ  
  ЖЫР 
 (Орыс халқының тарихи дастаны)
 
 
 
 
Бауырлар, барлығыңа болсын баян, 
Ежелгі дертті әңгіме өзіме аян. 
Святослав ұланы Игорь
2
 ердің 
Жорығын түптен толғап, жұртқа жаям. 
Соқпағын баяғының түгел шолып, 
Ақ сөйле, жыр көсемі жампоз Баян
3
.
 
 
 
 
Тебіренсе дегдар Баян қайраттанар, 
Тиіндей дарақтағы ойнақ салар. 
Бөрідей тау жебелеп аласұрып, 
Бүркіттей бұлт шайқаған айбаттанар. 
Аққуға он сұңқарды салған сонау, 
Алғашқы айқасты ойлап саңлақтанар.
 
 
 
 
Сұңқары қу ілгендей көкке самғап, 
Жыр төгер Ярослав
4
 ерге арнап. 
Көзінше косог қолы Мстислав
5
 
Редейдің
6
 басын кескен жайды толғап, 
Мадақтар Роман
7
 кінәз салтанатын, 
Өткенді сөзбен сырлап, оймен шарлап.
 
 
 
 
Баянның он саусағы – он сұңқары, 
Ойнайды перне басса толқып қаны
8

Тіл бітіп өз-өзінен ішектерге, 
Тылысымның сұлық жатқан кірер жаны. 
Асқақтап кінәздардың атақ-даңқы, 
                                                           
2
2
 
 
 
 Игорь Святославович (1151-1202 ж.ж.) – Теріскей Новгородтың орта дәулетті кінәзі. 1185 ж. 6 
жасағымен қыпшақ еліне жорыққа аттанады. Дастанның негізгі қаһарманы.
 
 
3
3
 
 Боян – Игорь жорығынан бір жарым ғасыр бұрын ғұмыр кешкен орыс жырауы. Орыс деректерінде 
де, қазақ тілінде де «Баян» деген сөз бар.
 
 
4
4
 
 
 
 Ярослав – Ақылгөй (Мудрый) аталған. Киев кінәздері әулетінің бабасы. Игорь де осы тұқымға 
жатады.
 
 
5
5
 
 Мстислав – Ұлы Мстислав, Киев кінәзі. 1132 жылы өлген. Әйгілі Владимир Мономахтың ұлы
Юрий Долгорукийдің інісі.
 
 
6
6
 
 Редей – касог (черкес – адыгей) ханы.
 
 
7
7
 
 Роман Тмутаракан кінәзі (1079 ж. өлген).
 
 
 
 
8
8
 
 
 
 Музыка аспабы сөз болып отыр. 
 
 

261 
 
Түзелер қызған сайын жырдың сәні. 
  
Бұлыңғыр қадым заман әуел бастан, 
Алғыдан арттағыға сөз алмасқан. 
Владимирден
9
 Игорьге дейін қозғап, 
Бастайық жабырқаңқы ғажап дастан. 
Ел менен жер қайғысы жегідей жеп, 
Ер Игорь дұшпанымен майдандасқан.
 
 
 
 
Айбаты ақылының байрағы боп, 
Түбінде жүрегінің қайнады кек. 
Сыя алмай сауытына ашу кернеп, 
Қол бастап, көк семсерін айға білеп, 
Аттанды орыс жерін артқа тастап, 
«Қайдасың қалың қыпшақ аймағы!»
10
 деп.
 
 
 
 
Ал сайра, даңғыл Баян, сөз бұлбұлы, 
Құйылсын көмейіңнен ерлік жыры. 
Шабытың шұғыладай бұлтты шарпып, 
Тынбай жорт көк бөрідей күні-түні. 
Шаңына сұңқарлардың көмілген бе, 
Галич пен Донның
11
 анау ой мен қыры.
 
 
 
 
Велестің
12
 немересі Баян мұны 
Толғаса ақтарылар дүние сыры: 
«Сулыда
13
 ат кісінеп жер тарпыса, 
Желбірер Путивльде
14
 жеңіс туы. 
Киевте қаһармандар сапқа тұрар, 
Естілсе Новгородтан
15
 керней үні».
 
 
 
 
Тағатсыз күтті інісін Игорь енді, 
Кешікпей Всеволод
16
 хабар берді: 
«Бір туған Святослав ұлы едік біз, 
Жан аға, атқа қонар кезең келді. 
Түбінде Курскінің күтудемін, 
Лап қояр сарбаздарым берсең белгі. 
                                                           
9
9
 
 Владимир І Святославич, «Қарт» Владимир (1015 ж. өлген), орыс кінәз тұқымдарының түпкі атасы.
 
 
1
1
0
0
 
 Орыс жылнамаларының деректеріне қарағанда қыпшақтардың бір бөлігі Шығыс Еуропа ойпатын 
ХІ ғасырда жаппай мекендей бастайды.
 
 
1
1
1
1
 
 Галич пен Донның арасын қыпшақтар мекендеген.
 
 
1
1
2
2
 
 Велес – (көне түрі – Волос) – ежелгі славяндардың хайуанат пен су, байлық, игілік және сауда 
тәңірі.
 
 
 
 
1
1
3
3
 
 Сула – Днепр саласы, «сулы» мағынасында болуы да ықтимал. 
 
 
1
1
4
4
 
 Путивль – көне орыс қаласы. 
 
 
1
1
5
5
 
 
 
 Новгород – Теріскей Новгород (Северский).
 
 
 
 
1
1
6
6
 
 Всеволод Трубчевск мен Курскінің кінәзі («буй – тур») Игорьдің інісі, 1196 ж. өлген.
 
 

262 
 
 
Куряндық
17
 қырандарым «жау қайдалап!», 
Кернейдің үні естілсе шығады ойнап. 
Кез келсе сусын ішіп дулығамен, 
Жем іліп найза ұшымен қылар қайрат. 
Қанжарын күнде қайрап, садақ сайлап, 
Құрсанып мұздай темір шегеді айбат.
 
 
 
 
Бұларға қиыр шеттің сыры мәлім, 
Біледі сай-саласын, ұры жарын. 
Болжайды күні бұрын көріпкелдей, 
Қай тұстан жаудың қалай ұрынарын. 
Қан төгіп кінәздардың атағы үшін, 
Аямас олжа десе бірі жанын».
 
 
 
 
Ғайыптан күреңітті күн тұтылып
18

Қарады Игорь оған көзін тігіп. 
Жасақты қара түнек орай түсіп, 
Бүркеді көкжиекті тұншықтырып. 
Қар жауып қабағынан, қатуланып, 
Былай деп сөйледі Игорь сонда тұрып:
 
 
 
 
«Бауырлар, не табамыз бұрылғанда, 
Бір өлім қайда болсын шыбын жанға. 
Жауменен жағаласып байқасайық, 
Тірлікте ер жігітке тыным бар ма?! 
Тартайық атқа қонып алға қарай, 
Жетейік желдей ұйтқып тынық Донға».
 
 
 
 
Үстінен арғымақтың тер ағылтып, 
Суынан ұлы Донның қана жұтып, 
Өзенді ожау емес дулығамен
19
 
Сорпадай сапыратын жорық күтіп, 
Ширықты шамырқанып Игорь батыр, 
Түнеріп күннен бетер тұлан тұтып:
 
 
 
 
«Қыпшақтың талай салған ойраны үшін 
Қадаймын даласына найзам ұшын! 
Бақ сынап, осы жолға бас тігемін, 
Тұрғанда ойда жігер, бойда күшім. 
Бәріміз өлер болсақ бірге өлерміз, 
                                                           
1
1
7
7
 
 Курян – Курск жасағы деген мағынада.
 
 
 
 
1
1
8
8
 
 Күн тұтылу 1185 жылдың 1 мамырында болған.
 
 
 
 
1
1
9
9
 
 Дулығамен су ішу – әскери ырым, жеңіс ишараты. 
 
 

263 
 
Тағдырдың көріп басқа салған ісін».
 
 
 
 
Аяқ сап үзеңгіге алтындатқан, 
Бет қойды кең далаға мұнар жапқан. 
Тұмшалап күннің көзін қара тұман, 
Күркіреп түнек түні құс шулатқан. 
Ұлыды ішін тартып түз тағысы, 
Гүжілдеп құбыжық та шың-құз жақтан.
 
 
 
 
Қап-қара албастыдай зіл басады, 
Жыртқыштар түн қойнында шуласады. 
Поморь мен Еділ, Сурож, Посульге
20
 
Жалғасып бір-бірімен үн қосады. 
Оятып Тмутаракан
21
 дуалдарын, 
Қиянға қиырдағы ұласады.
 
 
 
 
Шошынған аққулардай көріп ойран
Қыпшақтар үрке қашты қанат жайған. 
Жөнелді қараңғыда жолсызбенен, 
Шиқылдап арба даусы әлдеқайдан. 
Беттетті қолын Игорь Донға қарай, 
Тіленіп: «Қайдасың!» деп қанды майдан.
 
 
 
 
Қарғалар қараға еріп қалбалақтап, 
Қасқырлар жалақтайды жолда қаптап. 
Құзғындар қою шаңның сыңайынан 
Сезеді сұрапылды қанға батпақ. 
Шаңқылдап шақырады жемтіктесін, 
«Тоятқа түсеміз!» деп далбалақтап.
 
 
 
 
Бұлт төніп, құтырынып дауыл кенет, 
Жай атып, аспан асты шаң үрлемек. 
Өліктің арасымен жортқан түлкі 
Қалқанның қанын жалап шәуілдемек. 
Қалдың сен, орыс жері, бір қиырда, 
Астында бел-белестің сағым бөлеп.
 
 
 
 
Үйіріліп тұманды кеш, бұлбұл тынды, 
Сарбаздар өткізді әрең бұл бір түнді. 
Ұзақтар ұйқысынан ерте оянып, 
Шығыстан таң асығып, күн бұлқынды. 
Қалқанын құла дүзге қамал етіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет