84
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
Абай өлеңдерінің шығу тарихы
қазақ халқының өміріндегі маңызды орнын
бағалады [3].
Абайдың ақындық өнерін алғаш жете
зерделеген қазақ оқығандарының бірі, Алаш
қайраткері – Әлихан Бөкейхан ақынның
шығармашылық мұрасы жайлы ол 1905
жылы Семей қаласының Географиялық
бөлімшесінің «Семипалатинский листогында»
жариялаған
азалы
ғұмырнамасында
(некрологында) былай көрсетті: «Абай асқан
поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының
мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың
рухани творчествосын осыншама жоғары
көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Оның
жылдың төрт мезгіліне арналған (көктем,жаз,
күз,қыс) тамаша жырлары оны Еуропаның
атақты ақындарының қатарына қосар еді»
[4, 17].
Сонымен қатар, қазан төңкерісіне
дейін баспа бетін көрген А. Байтұрсынұлы,
М.Ж. Көпеев, К. Ысқақов, С. Торайғыров, М.
Дулатұлы сынды ұлт тұлғаларының Абай
шығармашылығы туралы ой-пікірлерінің
орны ерекше.
Абай шығармаларының бір шоғыры –
арнау өлеңдері десек, осы жанрдағы мұрасы
туралы мағлұматтардың молыға түсуі 1939-
1940 жылдары басылған толық жинақтан да
көрінеді. Осы жолы ақын арнау өлеңдерінің
23-іне түсініктеме беріп, жазылу себептері
де анықтаған. Ал 1945 жылғы мерейтойлық
толық жинақта бұндай өлең саны 28-ге
жеткізіледі. Ал
соңыра Абай өлең арнаған,
тарихта болған кісілердің бірсыпырасы “Абай
жолы” эпопеясына еніп, өткен дәуірдің
тарихи-әлеуметтік шындығы мен оқиғаларын
суреттеуге арқау болғанын да көреміз. Жалпы
алғанда, ақынның қырыққа тарта арнау
өлеңдері бар. Олардың жазылу себептері, шығу
тарихы әр қилы. Бірде арнау өлең экспромт
түрде әзіл-ысқақ, әжуа-қалжың орайында
туып жатса, кейде олар аса өткір әлеуметтік-
саяси тақырыптарға байланысты туындайды.
Арнаудың көбі сынға құрылған. Мысалы,
«Назарға»,
«Баймағамбетке»,
«Разаққа»,
«Көжекбайға» деген арнау өлеңдер табиғаты
әзіл - сықаққа құрылған туындылар. Бұлар
Абайдың ақындық өнерге құлай берілмей,
бірақ ақындық қуаты шешек ата бастаған тұста
көбірек туындаған өлеңдері екені байқалады.
Ұлы ақын шығармашылығына молынан
түсінік беріп, өлеңдерінің жазылу тарихына
кеңінен тоқталған – М.Әуезов. Әрине, сол
кездегі
жағдайлардың орайына қарай
Кәкітайдың оларды баспаға ұсынбағанына
жазушы «…Сол Абай сынаған адамдардың өзі
немесе бала, бауырлары баспаға шығарушы
адамдарға өкпелейді, араздық ұстанады деп
жасқанып қалған» [5, 28] , – деп түсініктеме
берген. Ақынның улы тілі еттен өтіп, сүйекті
уатады. Сөз ұғар-ау деген кісінің бәрін Абай
өлеңінің қаншеңгеліне алады. «Сөзімді тасыр
ұқпас, талапты ұғар» деген ақынның өлең
арнаған ең сорлысының кеудесінде кісіліктің
сәулесі бар.
«Құдайдан
қорықпай,
иман
жүзін
тоздырған» Көжекбай, «Күштілері сөз айтса,
шыбындап бас изеген» Күлембай болыс,
«Бүйтіп берген балаңды, берген құдай өзің ал»
деп тентектігінен түңілген Рақымшал бала,
әйелге жарымаған Дүйсенқұлға, Қайранбайға
(Әйелің – Медет қызы, аты – Өрім),
қолына
біраз пұл біткенге мастанған Ғабидхан
молданың ұлы Ғабидоллаға арналған әжуа
экспромт, сықақ өлеңдер арқылы қазақ
даласының сатиралық типтік бейнелері
жасалған.
Абай шәкірттерінің өлеңін ғана сынап
қоймай, мінезінен мін, жасанды бір
оғаш қылық көрсе, өлеңге қосып екінші
қайталамастай етіп ұялтып, тыйып тастап
отырған. «Бұралып тұрып»
деп басталатын
өлеңнің тарихын да Көкбайдың естелігінен
табамыз. Бірер сөз, бірер мінезі жақпаған
Көкбайды Абай өлең қылған екен.
Бұралып тұрып,
Буыны құрып,
Қисайта тартар мұрынын;
Әсемсіп, сәнсіп,
Білгенсіп, бәлсіп,
Әр нәрсенің орынын.
Керенау кердең, бір керім
Жақпайды маған сол жерің.
Бұл өлеңнің басы ғана. Ең бір сорақы сынын
Көкбай жалынып-жалпайып Абайдан сұрап
алып, жыртып тастаған [6, 125] .
Турағұл Құнанбаев өзінің «Әкем Абай
туралы» естелігінде: «Патша құдай сиындым»
деген өлең мен «Жасымда ғылым бар деп
85
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
Б.А.Ердембеков, Б.Ісбек, Ж.И.Сатбай
ескермедім» деген өлеңдері Ғабдырахим
деген баласы Түмендегі реальный училищеде
Мағауияны Семейдегі городскийде оқытып
жүргенде айтқан. «Интернатта оқып жүр,
талай қазақ баласы» деген өлеңді сол кезде
айтса керек деп жазады. «Біреуден
біреу
артылса» деген өлеңді сол жылы бізге музыка
үйретемін деп Мұқа деген скрипкашыны
әкеліп, әм Әсет деген ақынды да сақтаған.
Әсет терісі тар, ызақор, кісімсіген адам еді,
соған арнап жазған. «Білімдіден шыққан
сөз» деген өлеңді де осының ретінде айтып
кеткен. «Бай сейілді» деген өлеңді ел билеген
болыстарға наразы ғып айтқан екен. Көбінесе
өлеңді қысты күні жазушы еді. «Бойы бұлғаң,
сөзі жылмаң» деген өлеңді 92 жылы Оспан
өткен жылы қыстауға қонғанда жазып еді. Бұл
өлеңнің аяғы «Кешегі Оспан бір бөлек жан»
деген өлең» [7, 51].
Адам мен табиғат, тіршілік аясындағы өмір
қашанда келелі тақырып болып қала бермек.
Осы
байланыс-бірлікті
шығармаларына
арқау еткен сөз зергерлері, ойшылдар,
ғалым-зерттеушілер қай халықта да аз емес.
Солардың ішінде «көңіл құсы» табиғатпен
ерекше үндесе білген ақын деп Абайды
айтамыз. Ол табиғатты жырлағанда жалаң
алмай, адамның ішкі дүниесімен астастырып,
болмыстың
сырларымен
салыстырып
суреттеген.
Абай өзі жазған
көп өлеңдерін бірнеше
жыл бойы Көкбай Жанатайұлының атынан
таратқаны мәлім. Көкбайдың есімі Абай
өлеңдері арқылы 1889 жылы баспасөзде мәлім
бола бастайды. 1889 жылы «Дала уалаятының
газетінің» №7 санында Абайдың «Жаз» деген
өлеңі Көкбайдың атынан шыққан. «Жазды
күні шілде болғанда» Абайдың 1886 жылы
жазылған өлеңі. Өлең 1909 жылғы кітапта
басылған. Турағұл естелігінде осы өлеңнің
шығу тарихы туралы былай дейді: «Жазды
күні шілде болғанда» деген өлеңі 1886 жылы
Бақанас деген өзеннің төменгі жағындағы
керей жері Көкбейіт деген қонысқа өзінің
ауылы қонып жатқандағысын көріп айтқаны»
[8, 65 ]. Көкбайдың естелігінде: «Ауыл
Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерде
қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан
ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен
біраз өлең қылып едім, жақтырмады да өзі
жазбақшы болды. Сөйтсем сол күні «Жазды
күн шілде болғанданы» жазған екен, оқып
берді», – дейді [9, 94]. Демек, Абайдың «Жаз»
өлеңі 1886 жылы Бақанас өзен бойындағы
Көпбейіт деген жерде жазылғаны анық. Абай
өлеңде өз ауылын суреттейді. Айқайшы шалы
сол жылы
Абай ауылымен көрші отырған
Әнет Бармақ шал. Құс салып жүргендер, ақын
балалары: Ақылбай мен Әбдірахман.
«Қыс» («Ақ киімді денелі, ақ сақалды»)
өлеңінің шығу тарихына байланысты деректер
келтірсек. Турағұл естелігінде өлеңнің шығу
тарихы туралы былай делінген: «Ақ киімді
денелі, ақ сақалды», - деп қысты өлең қылғаны
сол 1884-ші жылы қыс қатты болып, елі
жұтаған. Қар апрельдің басында кеткен сонда
айтыпты [8, 72]. М.Әуезовтің «Абай жолы»
роман-эпопеясында сол жылғы уақиға былай
суреттеген: «Осындай боп айықпас бораннан
да бетер қатты кәр ғып жүрген кезінде ақ
боранның ішінен шапқылап кеп шыққан екі
көк ат көрінді. Қылаң аттар боран ішінде дәл
жасырынып келгендей бопты» [10, 124].
Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де,
ең алдымен оның шындық бейнесін береді.
Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің
қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз
алдыңда тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: