Өлеңдерінің шығу тарихын зерделеу



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата22.09.2022
өлшемі462,93 Kb.
#39901
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
history-of-abays-poems-2

Талқылау
Арнау өлеңдердің бірі «Күшік асырап 
ит еттім» өлеңінің шығу тарихы жайлы 
деректерге тоқталып өтейік. Біреулер ақын 
бұл өлеңін өзінің досы Ерболмен араздасып 
кеткенде шығарғаны десе, екіншілері өздерінің 
көп шәкірттерінің бірі Көкбайға шығарған 
деседі. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1980 жылғы 
15 тамызда шыққан санында М.Түңлікбаевтың 
«Бір өлеңнің тарихы» атты мақаласында: «…
Ербол Абай тұрғылас, жас жағынан шамалас 
адам. Сондықтан да өлеңді “қиыннан 
қиыстыратын» сөз зергері өзі құралпы 
адамды «күшікке» теңемесе керек. Демек, 
кемеңгер ақын «Күшік асырап ит еттім» атты 
өлеңін Ерболға емес, өзінен кіші Көкбайға 
шығарған деген жорамал шындыққа келеді» 
[11] – дей келе, оның себебіне де тоқталып, 


86
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
Көкбайға арналғанын дәлелдейді. Сол Көкбай 
бір жылдары Тобықты руының шынжыр 
балақ, шұбар төс байларының бірі Оразбайға 
Абайды қаралап, оязға арыз жазып берген 
көрінеді. Осы ағаттығын уақыт өте келе білген 
Абай ызаланып, осы өлеңді арнаған.
Арнау өлеңдердің екінші бір тобына 
жататын «Сап, сап, көңілім, сап көңілім», 
«Қуанбаңдар жастыққа», «Мен боламын 
демеңдер», «Жазғытұры қылтиған бір 
жауқазын» туындыларына да М. Әуезов 
ерекше көңіл бөлген. Өйткені өл өлеңдерде 
кісі аты аталмайды, бірақ өлеңде жол жөнекей 
біреулер сөз болып, меңзеумен, ишаратпен 
ғана 
білідіретіні 
аңғарылып 
тұрады. 
Осы сияқты арнаудың кімге арналғаны 
көрсетілмеген: «Біреуден біреу артылса», 
«Болыс болдым мінеки», «Бөтен елде бар 
болса» өлеңдері де кездеседі. 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп 
басталатын өлеңінде «сөзімді тасыр ұқпас» 
деп талапты жас ақындарға салмақты ескерту 
жасайды. 
Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз»
Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Бір шумақ өлеңінде үш ақынды, өзінің ең 
талантты деген үш шәкіртінің өлеңін сынаған. 
Өлеңге анықтаманы Турағұл Абайұлынан 
тыңдайық: «Мен жазбаймын өлеңді ермек 
үшін» деген өлеңді Шаһкерім қажының 
жас күнінде кәрілікті жамандап, алпыстан 
аспай өлейік, кәрі ит, жат деп, былшылдап 
шат деп айтады деп, бозбалашылықты 
мақтап, «Шіліктен шымылдық құрып
томашадан жастық қып» деген өлеңі болған. 
Көкбай молданың «Әзірет Әлі айдаһармен 
алысыпты» деген өлеңі болған. Әріп деген 
сыбан, өлең жазғыш жігіт «Зияда» деген 
өлең жазған, қызды мақтамақшы болып 
суреттегенде көзі гауһар, иегі алтын деп, осы 
сықылды алтын тастарды түсіне қарамай 
сұлудың бетіне жапсыра берген. Сол үшеуіне 
ой салып, құбыла көрсетпекші болып жазып 
еді. Ол өлеңге Әріп кектеніп, Біржан мен 
Сара деген қыз айтысыпты деп өлең жазып, 
біздің ақсақалды жамандайды Біржанның 
Арғын емес, Керей екенін білмепті [8, 95]. Бұл 
өлеңдер 1909 жылғы кітапта басылған. Бірақ, 
бұл басылымда «Күлембайға» деген тақырып 
жоқ. 1933 жылғы «Толық жинақтан» бастап 
«Болыс болдым мінеки» өлеңі «Күлембайға» 
деген тақырыппен басылып келеді. 
Абай 1888 жылы табиғат тақырыбына 
арналған «Күз» («Сұр бұлт түсі суық 
қаптайды аспан»), «Қараша, желтоқсан мен 
сол бір екі ай» және «Қыс» («Ақ киімді денелі, 
ақ сақалды») өлеңдерін жазған. Осы үш өлең 
де Мүрсейіттің 1905, 1907, 1910 жылдардағы 
қолжазбасында кездеседі. Сонымен қатар 
Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлы 
бастырған 1909 жылғы тұңғыш жинағында 
жарық көрген. Бұл үш өлеңнің шығу тарихын 
тек лирикалық шығарма тұрғысынан емес, 
тарихи оқиғалармен байланыстыра қарау 
керек.
«Күз» («Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан») 
өлеңінде ақын табиғат арқылы көшпелі қазақ 
халқының күзді күнгі тіршілігін, тұрмысын 
суреттейді. Күнкөріс әрекеттерін бейнелейді, 
осының барлығы көшпелі елдің тағдырын, 
салтын анық аңдатады.Ал, М.Әуезовтің «Абай 
жолы» роман-эпопеясында ауыл күзін былай 
бейнелейді: «Ауыл реңі өзгеше жүдеу еді. 
Далада бұлттары жылтырап, жалбыр-жұлбыр 
киініп бүрсеңдеген, күс басқан аяқтары 
қызарған кедей балалары көрінеді. Бай үйінің 
сыртын жағалап, жүк жиылған күнес жақта 
ақырын күбірлеп ойнайды. Қойшының 
қоңыр лашығының бір үзігі сыпырылған. 
Қолы, беті жарылған жұмыскер әйел үйінің 
жыртығын жамап отыр. Жалаңаштанған 
үйдің керегесінен жүдеу, шоқпыт жоқшылық 
көрінеді. Арқасында ала қап жамылған, 
басына шоқпыт тымақ киген кәрі кемпір сол 
шала жағылған үй ішінде, қара суық астында 
малма сапсып отыр» [10, 130].
Арнау өлеңдерінің шығу тарихының 
жазылуының тағы бірден бір дереккөзі – 
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы. 
Романда: «Осы уақытта Абай жазуын 
тоқтатыпты. Енді:
- Ербол! Дәрмен! – деп, екеуін қатарына 
шақырып алды. 
- Тәкежан, Қаражан, сендер де тыңдаңдар! 
- деп, үйдің ішін тегіс елең еткізеді де, жаңа 
өлеңін оқып кетті:
Абай өлеңдерінің шығу тарихы 


87
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай,
«Ерте барсам жерімді жеп қоям», - деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай! - деп, 
бір тоқтады, айтып отырған ауылы, қазіргі 
өздері отырған Тәкежан ауылы екені, 
тыңдаушының барлығына тап еткендей 
таныла кетті» [12, 62]. Бұл өлеңде байлардың 
психологиялық портреті шебер берілген. 
«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» 
өлеңінің дүниеге келу себебі мен жазылу 
тарихын аша отырып, оның мүлде жоғалып 
кете жаздағанын да ескертеді. Өйткені хатқа 
түсті деген осы өлеңнің өзінде екі шумақ 
(6-7 шумақтар 8 жол) өлең жолдары мүлде 
ұмтылған, тек ғана өлеңнің жазылу тарихын 
зерттеу үстінде салыстыру арқылы ғана 
қалпына келтіреді. Бұл өлең жеке адамадарға, 
яғни, Абайдың туған ағасы Тәкежанның үй-
ішіне арналуы себепті, жазба түпнұсқасы 
сақталса да, өшірілген екі шумақ өлең Көкбай, 
Турағұл арқылы хатқа түсіріледі. Аталмыш 
өлең тарихын көп сұрастырып, жазылу 
себебі мен қандай жағдайда жазылу тарихын 
жан-жақты зерттеп білуі М.Әуезовке «Абай 
жолы» эпопеясындағы «Кек жолында» деген 
тараудың жазылуына, ондағы оқиға желісін 
өрбітуіне арқау болғаны бірден сезіледі. Осы 
аталмыш өлең тексі жағынан бастапқы табиғи 
қалпына оралуына, өлең мазмұны сол тұстағы 
өмір шындығымен орайлас кең ашылып, 
дәл бүгінгі күндегі танып отырған дәрежеге 
көтерілуінде сөзсіз М.Әуезов зерттеулерінің 
орны ерекше.
«Қыс» өлеңінің шығу тарихы 1884 жылы 
қыс қатты болып, ел жұтаған уақытпен 
байланыстырылады. Қар сәуірдің басында 
кеткен. Соны өлең еткен делінген. «Қыс» 
өлеңінің тағы бір ерекшелігі – Абайдың 
қысты қарт адам бейнесінде сипаттауы. Қазақ 
әдебиетінде бұндай құбылыс Абайға дейін 
болмаған. Өлеңде қазақтың дарқан даласының 
табиғаты көркем де, сұлу сөз орамдарымен 
дәл бейнеленген. Қыста тебіндеп жайылған 
жылқылар, оларды торыған аш бөрілер түгелі 
де көз алдыңа жанды суреттей елестейді:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
«Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың 
суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат 
тақырыбында жазылған бұл өлеңдері – 
ақынның асқан суретші екендігіне толық 
дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет