Қолжазба құқығында



бет2/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Абай Шакарім

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет – өмірдің айнасы. Еңбек – өмір мен қоғамның негізгі қозғаушы күші. Заманалар көшінде адамның қалыптасуындағы, адам адамшылығының сақталып қалуындағы еңбектің рөлі бір пәске де төмендеген жоқ. Қайта күн өткен сайын «еңбек ете білу өнері», «еңбек мәдениеті» деген ұғымдар тіршілігіміздің алтын арқауына айналып келеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ әдебиетінің тарихында еңбек тақырыбы ерекше орын алады. Кейінгі әдеби дамуға негіз болған идеялар мен құндылықтар тап осы кезеңде дүниеге келді. Сондай идеялардың бірі де бірегейі - «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Абай Құнанбайұлы шығармашылығының негізінде туған бұл көркем ой кейіннен қанатты сөзге айналып, ұран деңгейіне көтерілді. Бас бостандығынан айрылған отаршылдық кезеңдегі бодан жұрттың бойкүйездігі, ауыл арасынан ұзап шыға аламайтын тар өрістілік, адамның аяқ-қолын шырмап, адымын аштырмайтын рулық-тайпалық ұйық – аталмыш кезеңде өмір сүрген қалам иелерінің шығармашылығына негіз болды. Олар адамды еселі еңбектен тосатын жалқаулық, еріншектік, бос сөзділік, ел қыдырып ас ішу сықылды адам бойындағы кеселді қылықтарды өткір сынның нысанасына алды. Алып қана қоймай, еңбекті ғибадат деңгейіне, құдайға құлшылық деңгейіне дейін көтерді. «Әуел құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деген Абайдың, «Жігітлікте жаннан кеш те, іс қыл; Өлсең, өлесің; өлмесең, кісі боласың» деген Мәшһүр Жүсіптің, «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи» деген Шәкәрімнің идеялық көркемдік ойлары отаршылық бұғауда тұншыққан ұлтқа дем берді, алдыңғы күндерге үмітін жалғады.
Қоғам жекелеген адамдардан тұрады. Жекелеген адамдардың санасында еңбек құндылығының төмен болуы олардың еріксіз азғындауына, сөйтіп кісілік келбетін жоғалтуына алып келеді. Бұл үдеріс өз кезегінде жалпы қоғамның азып-тозуына себеп болып, қоғамдық дағдарыс пен күйзелісті күшейтеді. Біз көтеріп отырған қазақ әдебиетіндегі еңбек құндылығының зерделенуі тақырыбының өзектілігі де осында ғой деп ойлаймыз.
Адамзат баласы қай кезеңде, қай қоғамда өмір сүрсе де өміршеңдігін еңбек ете білу қабілетімен өлшейді. Әдебиетте еңбектің басты тақырып болуының себебі – әрі қоғам сұранысы, әрі ізденіс қуаты. Бұл ретте, әсіресе, интеллектуалдық ақыл-ой еңбегінің орны ерекше. Отаршылдыққа қарсы қарулы күрес нәтижелі болмасын түсінген ұлт көшбасшылары интеллектуалды ой еңбегіне, нақтылап айтар болсақ, ғылымға үміт артады. Үміт арта отырып ғылымды еңбектің ең жоғары формасы ретінде насихаттайды. Күрес тәсілін дер кезінде өзгертіп, замананың тамырын дәл баса білген Абай бастаған қазақ ағартушыларының еңбегі көп ұзамай-ақ өз нәтижесін берді: дүниеге «Алаш қозғалысы» келді.
Интеллектуалды ой еңбегін, ғылымды басшылыққа алған Алаш қозғалысының жан кешті еңбегі бүгінгі тәуелсіздігіміздің рухани-идеялық негізі болды деуге негіз бар. Индустриалды қоғамнан постиндустриалды қоғамға өткен жаһандық дамуда интеллектаулдық ой еңбегінің, ғылым-білімнің орны ерекше. Сондықтан да ғылымды еңбектің ең жоғарғы формасы ретінде дәріптеген Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім идеялары бүгінгі ақпараттық заманда ерекше өзектілігімен көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет