Қолжазба құқығында


«Әдебиеттегі еңбек культі»



бет9/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Абай Шакарім

    Бұл бет үшін навигация:
  • Салақ
«Әдебиеттегі еңбек культі» деп аталатын бірінші бөлімнің үшінші тараушасында еңбектің қазақ әдебиетінде культ деңгейіне көтерілуі сөз болады.
Еңбекті қадірлеу, оны культ деңгейіне дейін көтеру қазақ әдебиетінде бұрын-сонды болмаған құбылыс. Бұл – қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір кезең – ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған ерекше оқиға десе де болады. Абай тақырыбын өмірлік мұратына айналдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр аралығындағы қазақ өмірінің білгірі М. Әуезов әдебиеттегі бұл тосын да тың тақырыпты бірінші болып тап басып, атын атап, түсін түстеп айта білді. Ол «Абай Құнанбаев» атты монографиясында бұл мәселе төңірегінде былай деп ой қорытады: «Содан бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын әшкерелей келіп, осы жаманшылықтардың себебін де айтады:
...Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын, –
деп, жеке адам үшін, тұтас қауым, халық үшін де ең қадірлі, қажет іс – еңбек екенін айтады. Осыдан соңғы сан өлеңінде Абайдың бұрын қазақ ақындары айтпаған бір тақырып етіп алатын айнымас ойы – еңбек туралы болды. Еңбекті Абайдың қадірлеуі қазақ поэзиясы үшін аса бір соны сөз еді. Ол бұл тұста биік идеяға басады [1, 138 б]. М. Әуезовтің еңбекті қадірлеу – оны культ деңгейіне көтеру туралы құнды ойларының соңғы сөйлемінде: «Ол бұл тұста биік идеяға басады» – дегені біз үшін аса мәнді сөз. Өйткені, Абайға еңбектің қадіріне жету үшін де биік идея қажет болғаны айдан жарық, күннен анық ақиқат. Тіпті биік идеясыз қазақ әдебеті үшін жаңа да тың тақырыптың мүлдем ашылмай қалуы да ғажап емес еді.
Бұл биік идея, әлбетте, адамның жаратылыс сырымен, өмірге келу мақсатымен, оның адамшылық ар-ожданымен тікелей байланысты. Әуезовтің тұспалдап отырған биік идеясы да осы – адам және оның рухани дамуы; адам баласының о дүниеде ғана емес, осы дүниеде бақытты да бақуатты ғұмыр кешуі. Белгілі ғалым Ж. Ысмағұлов: «Ақын ұғымында халықтың адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруінің ең жемісті жолы – қоғамдық пайдалы еңбекке жұмылу, жапай оқуға, ғылым-білімге, өрісті өнерге ұмтылу, ілгері кеткен өркениеттті елдердің қатарына шығу. Әсіресе отарлық бұғаудан босанудың амалы – сол отаршыл елдің өз тілін, өз өнерін үйреніп, онымен терезесі теңелетін, өзін қорлыққа бермейтін дәрежеге жету» – деп, Әуезовтің биік идеясын одан сайын аша түседі [12, 269-270 б].
Жер бетіне уақытша ғана келіп, жылап туып, кейіп өлетін (Абай) адам баласынның бақытты болуыныың кілтипаны неде? Жасырын сыры қандай? Міне, осы адамзаттық мәңгілік сауалдарға жауап беру талпынысын ХІХ ғасырдың бел ортасында дүнеге келіп, аласапыран ХХ ғасырдың басында дүниеден өткен үш ғұламаның – Абайдың, Мәшһүр Жүсіптің, Шәкәрімнің шығармашылығынан анық байқаймыз.
Абай атын атап, түсін түстеп берген адамның басты жауының бірі – еріншектік феноменіне үңілу, үңіле отырып оның бет-бейнесін айқындау жұмысы Шәкәрім шығармашылығында айқын көрініс береді. Ақын «Еріншек» атты өлеңінде асқан шеберлікпен һәм дәлдікпен, көркем де бейнелі сөз арқылы еріншектіктің адам баласын алдап-арбайтын, сиқырлап, дуалайтын әдіс-амалдарының галереясын жасайды. Сөйтеді де қой терісін жамылған қасқырдай «досыңмын, жанашырыңмын» деп келетін еріншектіктің бет пердесін Құдай берген ақындық қуатын сарқа пайдалана отырып сыпырады. Бұл өлең – жалпы қазақ әдебиетінің ғажайып табысы, әдебиет қазынасына қосылған қомақты үлес десек те болады. Енді осы өлеңнің өзіне келейік:
Еріншектен – салақтық,
Салақтықтан – надандық...
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық [15, 101 б].
Шәкәрім бұл өлеңінде Абай айтқан адамды қор қылатын үш нәрсенің тууын, дүниеге келуінің генезисін бәдізшінің қашауындай тасқа басып таңбалайды. Енді осы ақын атап отырған ұғымдардың мән-мағынасына бір сәт үңілер болсақ, өзіміз үшін пайдалы қазынаға жолығамыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде салақ, және салақтық үғымдары туралы былай делініпті: Салақ - Шаруаға ыңғайы жоқ қырсыз, ұқыпсыз; Салақтық - ұқыпсыздық, немкеттілік [16, 120-121 б]. Адам бойындағы осы кеселдердің түп-тамырын дәл басып, індете суреттеген ақындардың айтуынша осы шаруаға қырсыздық, немкеттілік, ұқыпсыздықтың қайнар көзі тағы да сол баяғы еріншектік екенін көреміз.
Қорыта айтар болсақ, бұл тараушада қазақ әдебиетіне мүлдем жаңа, тың тақырыптың – еңбек культінің Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармаларында көрініс беруі айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет