Қолжазба құқығында


Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен сарапталуы



бет6/20
Дата03.01.2023
өлшемі211,5 Kb.
#60318
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Абай Шакарім

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен сарапталуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны, нәтижелері мен тұжырымдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көріп, халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында баяндалды.
Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысының негізгі міндеттеріне сәйкес диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың жариялануы мен талқылануы сөз болады.


Диссертацияның «Қазақ әдебиетінде еңбектің адамшылық өлшемі ретінде айқындалуы» деп аталатын бірінші бөлімінің «Әдеби ой-аңсарлар: еңбек – адамшылық мәртебесі» атты тараушасында ХІХ ғасырдың екінші жартысынадғы қазақ қоғамындағы орын алған алуан түрлі өзгерістердің руханиятқа тигізген әсері сөз етілді. Диссертациялық еңбектің зерттеу нысанына айналып отырған әдебиеттегі еңбек құндылығының басты тақырыптардың біріне айналуы осы кезеңге байланысты. Сондықтан да, тақырыпқа бойлап кіріп, әдебиеттегі көркемдік тәсілдер арқылы көрініс берген еңбек құндылығының бейнеленуінің өзектілігін анықтау үшін де сол кездегі тарихи-әлеуметтік шарттармен таныс болуымыздың қажет екені айқындалды. Абайды, Мәшһүр Жүсіпті, Шәкәрімді тудырған екі ғасыр тоғысын қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып терең зерттеп, толғана жазған М.Әуезов: «ХІХ ғасырдың орта кезі, екінші жартысында Абай кезінде болған жағдайларды білу үшін сол кездегі жалпы Қазақстанның тарихи халін еске алу керек», – деп жазды [1, 5 б]. Шынында да осы кезеңнің өмір шындығын жете білу, қалмгерлер қаламынан туған шығармалардың астарына бойлап, көркемдік образдардың сырына қанығуға мүмкіндік берері сөзсіз. Бұл кезең – қазақ әдебиетінің тарихында қазақ халқы Ресей империясының бодандығын біржолата мойындаған кіріптарлық кезең болып есептелінеді. Жер телімінен, өзіндік дәстүрлі билігінен айырылған қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы да күйзеліске ұшырап, халықтың басым көпшілігі кедейлене бастайды. Бұрынғы рулық-туыстық қатынастар әлсіреп, қазақ даласына метрополияның ықпалымен капиталистік қатынастар дендеп енеді. Бұрынғы рулық-туыстық қатынасқа негізделген қоғамда сөкет көрінбейтін мәселелер, енді қоғам тарапынан сөгіліп, теріс бағалана бастағанын да байқауға болады. Осы кезде қазақтың дәстүрлі дүниетанымы қайта қарауға ұшырап, сыни көзқарастың нысанына айналды. Қазақ коғамының дәстүрлі құндылықтарының сынға ұшырауы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармашылығында анық көрініс тапты. ХХ ғасырдың бел ортасында дүниеге келіп, қазақ қауымының басынан өткеріп жатқан үдерістерді жан-дүниесімен, жұлын-жүйкесімен сезінген Абай бұл келеңсіз құбылыстардың тамырын дөп басып көріп қана қоймай, оның емін де қоса ұсынды. Жаңа заман алып келген өзгерістер ақынның «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей!» деп аталатын өлеңінде асқан шеберлікпен беріледі:
Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей? [2, 223 б].
Бір қарағанда қарапайым көрінетін осы өлеңінде ақын адам табиғатының аяусыздығы, қатыгездігі туралы сөз қозғап отыр. Жан мен тәннен тұратын адам баласында жанның қонақ үйі (Абай) – тәннің қажеттіліктері бірінші орында тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілі сөз нұсқаларында бұл тәннің мәмілеге келмейтін қажеттіліктерін «үш арсыз» деп ныспылайды. Олардың қатарына ұйқы, күлкі, тамақ жатады. Абайдың осы өлеңінде бірінші болып ауызға алынып отырған да осы тамақ мәселесі. Адам өміріндегі құндылықтар жүйесіндегі тамақтың алатын орны туралы Майқы би:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет