Өлкетану бөлімі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#5442
  1   2   3   4

 

 

 



 

 

Өлкетану бөлімі 

 

 



«ОҒƏК өлкетану ресурстары – 

жастарға» сериясының 4 басылымы 



 

С

С

а

а

р

р

ы

ы

а

а

р

р

қ

қ

а

а

 

 

б

б

а

а

т

т

ы

ы

р

р

л

л

а

а

р

р

ы

ы

 

 

Библиографиялық əдебиеттер көрсеткіші 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды, 2006 

 

Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы 

ғылыми - əмбебап кітапханасы 

 

2

Оқырманға 

 

Кең  байтақ  қазақ  жерінің  бір  бөлігі  Сарыарқа.  Ұлан-ғайыр  жерді  алып  жатқан, 



жерінде  табиғаттың  барлық  ғажайыптары  бар  бұл  жер  ежелгі  заманнан  бері  көшпелі 

мəдениеттің бір ошағы. Орталық Қазақстан – кең дала, көне тарих қана емес, сонымен 

қатар  қара  қылды  қақ  жарған,  елін  жаудан  қорғаған,  жұртына  қалқан  болған 

батырлардың отаны. 

Бабаларымыздың өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректер негізі қазақ 

елінің  шежіресі,  ел  ішінде  сақталған  ауыз  əдебиеті,  аңыз-əңгіме  жəне  көзі  ашық, 

көкірегі  ояу  ақсақалдардың  айтулары  бойынша  жазылады.  Оны  зерттеп,  зерделеу 

тарихшы, зерттеуші, ғалым-этнографтардың төл ісі деп білеміз. Ал, бүгін бізге жеткен 

ауызекі  деректерге  қарағанда  олар  көшпелі  заманда  халықтың  басын  біріктіріп  елді, 

жерді  сыртқы  жау  шапқыншылығынан  қорғауды  ұйымдастырушы  жəне  бастаушы, 

ақылшы,  қолбасшы  болған  аса  ірі  тұлғалар  екені  анық.  Олар  тұтас  бір  өлкенің, 

ұлыстың,  өз  елінің  елдігін,  бірлігін,  тұтастығын  сақтау  үшін  бар  өмірлерін  күреспен 

өткізген,  ел-жұртының  сый-құрметіне  бөленген  аса  қадірлі  азамат,  қайраткер 

қолбасшы, би, ұлысбегі болғандықтары ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі жетіп отырған.  

Міне,  осындай  тұлғалы  қазақ  батырларының  елін-жерін  қорғағаны  айрықша 

еленіп, ерекше ауызға алынып, ел ішінде аңыз болып айтылып келеді. 

Назарларыңызға  ұсынылып  отырған  басылым  қазақ  халқының  сыртқы  жауларға 

қарсы  елдің  басын  біріктіріп,  қалың  қол  жинап  қаһармандық  ерлік  көрсетіп,  аттары 

аңыз бен ұранға айналған қазақтың қас батырлары туралы. Батырлардың алдыңғы тобы 

–  жоңғарлар  қазақ  жеріне  басып  кірген  күннен  бастапқы  соғыстың  ерлері  болса, 

кейінгілері – жоңғарды  қазақ  жерінен  қуып  шығатын  қанды  шайқастардың 

қаһармандары жəне халқымыздың ұлт азаттығы жолындағы табандылықпен күрескен, 

сол жолда қаһармандықпен шаһид кешкен батырлар. Бұлардың бəрі де қазақ тарихынан 

ерекше орын алатын тұлғалар. 

Бұл  көрсеткіштің  негізгі  мақсаты  көпшілік  оқырмандарды  ел  қорғаны  болған 

халқымыздың  бір  тума  перзенттері  жоңғар,  қалмақ  шапқыншыларының  жойқын 

жорықтары мен Қытай алпауыттарының көз алартуынан «Ақтабан шұбырынды, алакөл 

сұламаға»  ұшыраған  қазақ  ұлтын  жер  бетінен  құрып  кетуден  аман  алып  шыққан 

баһадүр  батырлар  туралы  таныстыру.  Жастарды  патриоттық  тəрбиелеуде,  елін,  жерін 

сүйіп өсуіне, ұлтжанды болуына оң əсер, ғибрат болатындығы сөзсіз. 

«Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы қалмақтармен ғасырдан артық 150 жылдай 

соғысты. Елінің тұтастығы мен жерінің бөлшектелмеуі жолында бар жанын пида еткен 

қазақ  батырларының  атақ-даңқы  арада  қанша  ғасыр  өтсе  де  ұмытылмайды,  ел 

зердесінде  сақталып,  жаңа  қырынан  жарқырап  көріне  бермек. «Осыншама  ұлан-асыр 

жерді сойылменен қорғаған бабаларым осал емес шамасы»,- деп ақын айтқандай, ұрпақ 

бар жерде, қазақ ұлты бар жерде ел қорғаны батырлар ұмтылмақ емес.  

Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың кітап қоры, қазақ 

батырлары  туралы  шығармалар  жинағы,  жинақтар,  жеке  басылымдар,  таңдамалы 

шығармалар,  облыстық  жəне  аудандық  газет  пен  журналдарда  басылған  мақалалар, 

өлкетану картотекасы жəне электрондық өлкетану катологы пайдаланылды. 

Сонымен,  алдарыңызға  ұсынылып  отырған  «Сарыарқа  батырлары»  атты 

библиографиялық  көрсеткіш  тек  қана  оқушы,  студент  қауымға  ғана  емес,  барша 

жұртқа, 

яғни 


жоғары 

оқу 


орындарының 

оқытушыларына, 

мұғалімдерге, 

өлкетанушыларға,  кітапханашыларға  жəне  өз  өлкеміздің  тарихын  білгісі  келетін 

оқырмандарға арналған. 

Батыр  есімдерін  келешек  ұрпақтарға  жеткізу  бəріміздің  қасиетті  парызымыз. 

Өйткені,  ел  қорғаны  болған  батыр  бабаларымыздың  ерлігі  де,  даналығы  да  ұрпақтан 

ұрпаққа мирас болып жалғаса береді. 

 

 

 



Нұрбай Алтайұлы 

(1609-1675) 

 

Арғын  Нұрбай  батыр – Есім  жəне  Жəңгір  хандардың 

белгілі  батырларынын  бірі.  Ол  шамамен  ХVІІ  ғасырдың 

басында (1609 жылы) туып, сол ғасырдың екінші жартысында, 

яғни 1675 жылы дүниеден өткен. 

 

3



Оның есімі қалың Алтай руына ұран болған. Аса қырағы 

батыр  ХVII  ғасырдың  басында  Жаңаарқа  өңірінде  дүниеге 

келіпті,  сонда  ер  жетіпті.  Ат  жалын  тартып  мінгеннен  бастап 

сан  рет  қалмақтармен  болған  соғыстарға  қатысып,  елін-жерін 

қорғағаны  айрықша  еленіп,  ерекше  ауызға алынып,  ел  ішінде 

төрт гасыр бойы аңыз болып айтылып келеді. 

Нұрбай атан түйедей ірі кісі болыпты. Денесіне сай күші 

де керемет болған көрінеді. Батыр атану үшін, дененің үлкендігі мен күштің молдығы, 

əрине, аздық етеді. Ең бастысы, ерлік жасайтындай жүректі болу- шарт. 

Өмірдеректеріне қарағанда, Нұрбай бабамыз ол жағынан да айтулы екен. Ол ата-

бабалар өнегесімен жастайынан ерлік дəстүрлерге сай тəрбиеленген. Ол кезде он үште 

садақ тартуға жараған ұл жорық атын баптай бастайтын болған.  

Нұрбай батыр тік денелі, қимылына көз ілеспес, шапшаң кісі екен. Жекпе-жекте, 

бір-біріне найза шаншып, қылыштасқан шабуылда ол көз ілеспес шапшаңдықпен оңнан 

солға, солдан оңга ер үстінен ат бауырына түсіп, дөңгелене айналады екен. Нұрбайдың 

осы қимылына найзасын кімге түйрерін, қылышын кімге сілтерін білмей, аузы аңқиып 

қалған қарсыласы жалт бере қашады екен, қашпаса оп-оңай мерт болады. 

Ол  қазақ  дəстүріне  сəйкес  бозбала  шағынан  жоңғар  қалмақтарынан  қазақ  жерін 

қорғау жорықтарына қатысқан.  

1627 қоян жылы Тобылдан ығысқан қалмақтар Еділ мен Жайыққа келіп, Кіші үз 

қазақтарына  күн  көрсетпейді.  Есім  хан 20 мың  қолды  басқарып,  Жайыққа  аттанады. 

Қазақ жауынгерлері жоңғарларға қарсы аттанғанда осы сапта 17-18 жастағы Нұрбай да 

болған екен.  

Ол кездегі заманның салты бойынша жалпы соғыс басталардан бұрын екі жақтың 

батырлары  үш  кезек  жекпе-жекке  шыгарылады  екен.  Кейбір  жекпе-жектер  ол  кезде 

ертеден қара кешке дейін созылады екен. 

Өкінішке  орай,  жекпе-жекте  қазақтың  екі  батыры  жеңіліске  ұшырайды.  Қазақ 

халқының  болашағы  бір  қыл  үстінде  тұрғанда, 18 жастағы  ақбоз  атқа  мінген  Нұрбай 

қалмаққа топтан шыға шапқан. 

Сонда топтан шыға келген жас жігітті менсінбегендей қалмақ батыры:  



“Алдымда тұрған жас бала, 

Бола берме мас бала. 

Үмітің болса жаныңнан, 

Қарсыласпай, қаш бала”- деген екен.  

Нұрбай жұлып алғандай: 



“Төгейін деп келемін, 

Кəпір қалмақ қаныңды, 

Жіберуге келемін, 

Жеті тамұқ түбіне, 

Бір шыбындай жаныңды”- дейді.  

Сөйтіп шайқас басталып кетеді. Ойрат тайпасы көсемдерінің бірі Қоту-Қойсының 

інісі Барғай батыр Нұрбайды маңдайынан шаншады. Ал, қазақ батыры бұл жолы асқан 

ерлік  жасап,  қалмақтың  асқан  мықтысы,  құралайды  көзге  атқан  мергені  Барғайды 

найзасымен  өңменінен  шаншып,  ту  сыртынан  шығарады.  Қалмақ  батыры  сол  жерде 

өледі де, Нұрбай əрі қарай шайқаса береді. 



 

4

Есім хан анығын білмек болып: “Нұрбай қай жерінен жараланды?” –деп сұрайды. 



Ханның  қасында  тұрған  бір  нөкері: “Ол  туп-тура  маңдайынан  жаралы  болды”,-дейді. 

Сонда Есім хан: “Онда Құдай берген екен, даңқты батыр болайын деп тұр екен”,-дейді. 

Бетке  ұстаған  батыры  өлгесін  қалмақтың  маңдайы  тасқа  тигендей  болып,  белі 

сынып,  жалпы  соғысқа  кірісіп  кетеді.  Жалпы  алғанда  қалмақтармен  соғыс 83 күнге 

созылды.  Оның  бір  жарым  айы  жекпе-жекпен  өтті.  Бұл  сол  кездегі  соғыстың  өзіндік 

ерекшелігі еді. 

1627  жылғы  ұлы  жорық  нəтижесінде  Еңсегей  бойлы  Ер  Есім  хан  Ойрат  Одағын 

екі  жүз  жылдық  соғыс  тарихындағы  ең  ауыр  жеңіліске  ұшыратты.  Есім  ханның 

соққысының  ауырлығы  сондай,  бір  байрақ  астына  ұйысып,  үлкен  күшке  айналған 

Ойрат ұлысы шылпара ыдырайды. 

Ел аузындағы əңгімеге қарағанда Есім хан Нұрбайдың соғыста көрсеткен ерлігіне 

өте  риза  болып,  қол  жайып  батасын  береді.  Хан  жас  жігітке  ақсауыт,  дуылға,  алмас 

қылыш, алты қанат ақ киіз үй сыйға тартады.  

Қалмақтың Барғай деген батырымен болған жекпе-жек Нұрбайдың жас кезіндегі 

алғашқы ерлігі. Сол жағдайды еске салатын: “Қара қалмақ Барғайдың басын кесіп, 

Бақ алған Нұрбай батыр 17-де жекпе-жектен. 

Ерлігі үш алашқа мағлұм болып, 

Ұранға аты шыққан сол себептен.”- деген  

Жыр  жолдары  ел  жадында  сақталған.  Оның  есімі  өз  елінде  жауынгерлік  ұранға 

айналған. 

Нұрбай  бабамыздың  ерлігі  күні  бүгінге  дейін  ел  аузында  аңыз-жыр  болып 

сақталуда.  Атақты  Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  шежіресінде (“Қазақ  шежіресі”,-

Алматы.  Жалын, 1993.-25-26 б.)  мынадай  қызық  деректер  келтірілген: “Алтайдың  ақ 

сауыты  Нұрбайда  қалған.  Қалмаққа  олжаға  түсіп  кеткен  жерінен  Нұрбай  өзі  барып 

алып  келген,  сауыттың  аты  Шежекөз.  Сондықтан  Нұрбай  ұраны  “шөжекөз”  болған. 

Нұрбайдан басқасында белгілі ұран жоқ. Əупай, Қуандық аталған...  

Нұрбай  морт  мінезді,  көзсіз  батыр  болған  екен.  Бір  ұрыста  аты  əлсіреп, 

сүріншектей берген ағасы Алысайдың қолынан туды жұлып алып, жаудың жебес қара 

санынан  бір  түйір  бұлшық  етін  жұлып  кеткеніне  қарамастан,  əскерді  бастап,  қалмақ 

қоңтайшысы  шатырын  тіккен  төбеге  тұра  шапқан.  Төбе  басындағы  жауды  тас-талқан 

етіп, Алтайдың қылқұйрық қадаған туын тіккен деген əңгіме бар. 

Нұрбай батыр аға-інілеріне, балаларына, туыстарына қалыңдықты өзі таңдап, құда 

түсіп,  алып  береді  екен.  Қалыңдық  таңдағанда  шарты  болашақ  құдалардың  дəулеті, 

сəулеті,  өсіп-өнгендігі  емес,  басты  шарты  келіннің  денсаулығы,  тəрбиесі,  бойының 

ұзындығы 170-180 см-ден кем болмауы керек болған. 

 

Əдебиеттер: 



 

Асыл  тектi  Нұрбай  батырдың  өрiм-бұтағы:  Шежiре//  Азия  Транзит.-  Қарағaнды, 

2002.- N12.-38-42 б. 

Есбаева  Р.  Тектiден  тектi  туып,  жай  отындай  жарқ    еткен  Алтынтөре:  Нұрбай 

батырдың жаны жайсаң бiр ұрпағы// Азия Транзит.- Қарағaнды, 2002.- N12.-48 б. 

Кəренов Р. Нұрбай батыр // Қазақ батырлары.- 2003.- наурыз(N3).-4 б. 

Кəренов  Р.  Ұлт  азаттығы  ұшiн  арыстандай  алысқан  Нұрбай  батыр:  Қазақ 

батырлары // Азия Транзит.- Қарағaнды, 2002.- N12.-6-10 б. 

Кəренов  Р.  Арғынның  Нұрбай  батыры:  Тарихымызды  таразыласақ // 

Орт.Қазақстан.- 2004.- 23 қазан.-10 б. 

Кəренов  Р.  Есiм  хан  мен  Нұрбай  батыр:  қазақ  хандары  мен  батырлары//  Азия 

Транзит.- 2004.- N10.-6-9 б

 

 

 

 



 

 

5

Барғана батыр 



(1682-1772) 

 

Руы  Тоқа,  Бесімнен  туған.  Барғана  батыр  шамамен 1682 жылдары  туып,  тоқсан 

жастан  аса  өмір  сүріп  қайтыс  болған.  Жезқазған  облысы  "Сарыарқа"  газетінің 1996 

жылғы 12 қыркүйегінде Айтқожа Əбдіраманұлының "Ферғананы билеген Барғана əмір" 

мақаласы басылған. Онда "Қуандық Барғана-Орта Азия тарихынан орын алған көрнекті 

мемлекет қайраткері. Ол-Əмір-Темір əулетінен соң Ферғана өлкесін билеген қазақтың 

бірінен  саналады.  Қуандық  Барғана  жөніндегі  толық  мəліметте  оның  қазақтың  Арғын 

тайпасынан екені айтылады. XVII ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Юсуф Сарай 

өзінің  "Фергананама" (Қоқан  əміршілерінің  тарихы)  кітабында  Қуандық  Барғана 

(Барқанай) өміріне аз ғана тоқталған. Онда Барғананың шын аты Ыбырайым екендігі, 

оның  Ферғана  əмірі  болған  соң  Барғанай  атанғандығын  айтқан.  Оның  көрсеткен 

шежіресінде Ыбырайымның тегі-Арғын-Қарпық-Мейрам-Қотан-Аджол-Қуандық-Тоқа-

Бескем-Мəнжі-Хайдар-Шерубай-Қандыбай-Ыбрайым  (Барғана)  деп  жазылған.  Осы 

шежіреге  қарап-ақ  Барғананың  қазақ  екендігіне  еш  күмəн  жоқ.  Сонда  Барғана  сонау 

Ферғанаға қалай барған? Бүған жауапты тағы да Юсуф Сарай кітапшасынан табамыз. 

Қазақтың  Ташкентті  билеген  хандарының  бірі  Тұрсын  хан  азғана  уақыт  Ферғананы 

билеген.  Сол  кезде  қазақ  қыпшақ  хандығының  астанасы-Ташкент  болған  екен.  Ол 

Ферғанаға  барып  қоныстанады.  Тұрсын  хан  өлген  соң  орнына  болған  інісі  Есім  хан 

Персиямен достық қатынас орнатып, Ферғананы оларға қайтарады. Ал Хахим төренің 

"Таурих  Шахруки"  кітабы  мен  Кенесарының  сенімді  серіктерінің  бірі  Сайдақ  қожа 

сұлтанның "Жүзге жатпайтын қазақ тайпалары" атты кітапшасында қазақ Тоқаларының 

көне  Қарлұқтың  Тоқар  тайпасынан  шыққаны  айтылады.  Юсуф  Сарай  Қытай 

тарихшысы  Жунь-Луньге  сүйене  отырып,  Қарлұқ-Тоқардың  күнбиі  (қағаны)  Хуан 

Дуанның  ұзақ  уақыт  Алтайда  тұрып  бүкіл  шығыс  қарлұқтарды  билегеніне  тоқтала 

келіп,  ол  өлген  соң  інісі  Суан  Дуань  хан  болғанын  айтқан.  Сол  кезде  ағасымен 

сиыспаған  Хуан  Дуаньның  жалғыз  қызы  Энамха  ханша  Тоқалардың  біраз  бөлігін 

өзімен  бірге  батысқа  алып  кеткеніндігіне  тоқталған.  Сондай-ақ  Юсуф  Сарай  Хуан 

Дуаньды-Қуандық,  Суан  Дуаньды-Сүйіндік,  Қар-лұқты-Қарпық,  Тоқарды-Тоқа, 

Энамханы-Енемеке деп дəлелдейді. 

Осындай  деректері  Қуандық  Барғананың  ұрпағы-Ташкенттің  Шыназ  ауылында 

тұратын  Əлімжан  аканың  өз  аузынан 1979 жылы  естіген  едім...  Əлімжан  ака-

Барғананың  Қушақ  атты  баласынан  тараған  ұрпақ.  Əлімжанның  жазған  деректерінде 

Барғана  Персия  шахы  Айиуб  Ш-нің  атқосшылығынан  Ферғана  уəлаятының  əміріне 

дейін көтерілген көрінеді. 

Бірде  аңға  шыққалы  жатқанында  Айиуб  шахтың  атының  мойнына  оқ  жылан 

оралып тұрғанын көрген Барғана, жедел жылдамдықпен оқ жыланды айырмен түйреп 

өлтіреді. Бұған риза болған шах оны атқосшылықтан өзінің жеке күзетіне ауыстырады. 

Барғана  онда  жүріп  Құндыз,  Бадақшан  уалаяттарының  əмірлерінің  тапсырмасымен 

шахты  өлтірмекші  болып  келген  жансызды  үстап  алып,  шахқа  апарып  мойындатып, 

қылышпен бірден шауып өлтіреді... Шах оны өзінің өкіл баласы етіп жариялайды. Сол 

кезде Барғана 19 жаста екен. Барғана бұдан соң шахтың жеке күзетін басқарады. Шах 

оны  туысы  Саманидтер  /Хорасан  қожалары/  əулетінің  беделді  адамы  Сарайбан  уəзірі 

Панхас Халандардың қызы Гүлшеһра ханшаға үйлендіреді. Сонан соң оны Марғаллан 

аймағына  мың  басы  дəрежесін  беріп,  əкім  етеді.  Арада  бес  жыл  өткен  соң  Айиуб 

шахтың  өкімімен  Ферғана  уалаятының  əмірі  болып  тағайындалады.  Ол  кезде  уалаят 

орталығы  Андижан  қаласы  еді.  Барғана  өзінің  атымен  қазіргі  Ферғана  қаласын 

салдырады да, уалиат орталығын сонда көшіреді. Ол басқарып тұрған кезде, шашырап 

жүрген  түркі  тайпаларын  Ферғана  уалаятына  жинаған.  Ал  Ферғана  атауының  пайда 

болуы  Ескендір  Зұлхарнайын  (Александр  Македонский)  заманынан  басталады. 

Ферғана атауы парсы тілінен аударғанда, таулы аймақ деген мағынаны білдіреді екен. 

Ферғана атауы Барғана атынан шыққан жоқ. Керісінше Ыбырайым-сол аймақтың 

əмірі  болғандықтан  Барғана  аталған.  Барғана  Ферғананы  бас-аяғы  он  бес  жыл 



 

6

басқарады. Айиуб шах өлген соң, орнына Надир шах бүкіл Персияның билеушісі болып 



жарияланады.  Ол  Барғанамен  ертеден  өш  болатын.  Ақырында  жергілікті  тəжіктерді 

Барғанаға  қарсы  көтеріліске  шығарады.  Оны  əйелімен  бірге  бауыздап  өлтіреді. 1684 

жылы 42 жасында  өлген.  Оның  Гүлчеһра  ханымнан  Қушақ,  Шушақ  атты  ұлы  мен 

Нұрбике атты қыз болған. Тоқалы Рашидадан Мизамбай деген ұлы жəне Гүлбике деген 

қыз  туған.  Күңі  Дарухадан  некесіз  Рафхат  деген  ұлы  болған.  Барғананың  балалары, 

күйеу  баласы  Шақұрақ  бидің  көмегімен  аман  қалады.  Кенже  ұлы  Шушақ  үшті-күйлі 

жоғалып кетеді. 

Арада  ширек  ғасыр  өткен  соң,  Барғананың  үлкен  қызы  Нұрбикенің  күйеуі 

Шақұрық  би 1706 жылдары  Қоқан  қаласында  жеке  Қыпшақ  хандығын  құрып, 

Ферғананы  Персиядан  бөліп  əкетеді.  Шақұрық  би  өзбектің  Қыпшақ  тайпасынан 

болатын.  Юсуф  Сарайдың  дерегі  бойынша  Тоқалар  өзбек,  қырғыз,  башқұрт, 

қарақалпақ,  ноғай  халықтары  мен  қазақтың  Арғын,  Садыр  Найман,  Адай,  Жалайыр, 

Қоңырат  руларының  құрамында  бар  көрінеді.  Оның  себебін V ғасырда  Қарлұқ 

бірлестігінің  ыдырауына  байланысты  дейді  деп  жазған  дерегіне  жүгінсек,  біздің  Тоқа 

батыр Барғанамыз Ферғананы билеген Барғанадан басқа болып шығатын сияқты. 

Батыр  Барғананың  Тотия  деген  бəйбішесінен  Қансамай  (Самай),  Құлқара, 

Өтемырза,  Ақүрпік,  тоқалынан  Шушақ  туған.  Бөгенбай,  Аралбай, Барғана  айырылмас 

дос  болған.  Аралбайға  Бөгенбай  батырдың  қарындасын  алып  беретін  Барғана  батыр 

екен.  Барғананың  күші  ерекше  болса  керек.  Шөке  атқанда  садағының  оғын  жеті 

кетпеннен  өткізуші  еді  дейді. (Шөке-түйенің  жабуы,  соның  арасына  кетпен  темірді 

қойып, нысана атады. Шөкесінен түсірді деген содан қалған) 

Барғана,  бөгенбай,  Аралбай  батырлардың  қалмақтармен  соғыста  атағы  ерекше 

шыққан  кез 1726 жылмен 1730 жылдардың  арасындағы  шайқастарда. 1729 ж.  Балқаш 

көлінің  оңтүстік  шығысында  Итішпестің  Алакөлінің  жағасындағы  қалмақтармен 

қырғын  соғыс  болған.  Төлебидің  түйесін  бағып  жүрген  Сабалақ  деген  құлын 

Бөгенбайдың  ертіп  алатын,  жекпе-жекте  Сабалақ  «Абылайлап»  аруақ  шақырып, 

Шырыштың басын қағатын майдан осы кездегі шайқастардың бірі.  

 

Əдебиеттер: 

 

Жұмаділдин  А.  Жаңаарқа:  Дерекнама .-Алматы:  Кенже-Пресс-Медиа, 2003.- 521 



бет. 

 

 



Шерубай Биболдыұлы 

(1693-1812) 

 

Шерубай  Биболдыұлы 1693 жылы  қазіргі  Қарағанды 



облысы Бұқар жырау ауданындағы Сұлу Мəдина ауылының 

маңында  туған  деп  жорамалданады.  Демек,  бүкіл  қазақ 

халқының 1710-1770 жылдардағы  болған  жоңғар-қалмақ 

басқыншыларына  қарсы  жанқиярлық  Отан  соғысы 

кезеңінде  өсіп,  шындалып,  барлық  саналы  өмірін  қан 

майданға жаумен арпалысумен өткізген. 

Шерубай  батыр  бала  кезінен  батыл,  мерген,  ат 

құлағында ойнаған епті де, қара күштің иесі болған. Ол 16 

жасында Сарыарқа жерінде өткен белгілі бір байдың асында 

“Түйе палуанды” жыққан.  

Шерубай  Биболдыұлы 17-18 жасынан  бастап,  туған  жерін  қалмақ 

басқыншыларынан  азат  етуге  қатысып,  Отанын  қорғауға  кіріседі.  Ол  бірде  шаршап – 

шалдығып келе жатып, бір ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. 

Ол бөтен адамнан сескеніп қалады. 



 

7

-Менен  қорықпаңыз,  зияным  жоқ  адаммын – дейді  оны  сезген  Шерубай.  Сөйті 



шай  қайнатылып,  дастархан  басында  отырады  да,  оның  көзі  кереге  басына  ілінген 

садаққа  түседі.  Батыр  оны  алып  көреді  де, 1-2 рет  шіреніп  созады.  Мұның  бəрін  қыз 

тойдан  келген  əке-шешесіне  айтады.  Үй  иесі  Шерубаймен  танысып,  қонақ  етіп, 

кетерінде сол садақты сыйға тартып, ат мінгізеді. Сөйтсе ол садақ қалмақтардан тскен 

олжа  екен. “Сол  үшін  де  иесіз  садақты  үй  иесі  Шерубайдың  тегеін  адам  емес  екенін 

біліп, тарту еткен”-дейді көнекөз қариялар. 

Қарақұмда  болған  Құрылтай  алдында  қазақ  хандығының 80 мыңға  тарта 

жауынгерлеріне сардар қолбасшысы болып сайланған Бөгенбай батыр қарт əкесі Ақша 

батырдың  қолынан    Қазақ  мемлекетінің  əскери  сарыала  туын,  сардарлық  бағананы 

қабылдайды. 

 Жоңғарлармен кездесу Ұлытау өңірінде Сарыкеңгір өзенінің жағасында Сарайлы 

деген жерде болды. Жекпе-жекке екі жақтан бас батырлары шықты Бөгенбай ойраттың 

ноянын  өлтіреді.  Қалмақтар  абыржып,  қазақтар  аруақтанып  жауына  лап  қояды. 

Кескілескен кырғын соғыста қазақтар көп жыл күткен үлкен жеңіске жетті.  

Осы  шайқаста  қалмақ  батырымен  жекпе-жекке  он  жеті  жасар  Шерубай  да 

шығады.  Қалмақ  батырының  денесі  зор,  орта  жастардағы  адам  екен.  Өзінің  атын 

естігеннен  кейін  қазақтың  жас  батырына  ұмтылады.  Шерубай  өзіне  ұмтылып  келе 

жатқан қалмақ батыры жақындай бергенде, аттың бір бүйіріне жата қалып, қолыңдағы 

сүңгісін  жауының  кіндігінің  астына  көздей  салып,  екінші  ұшын  жерге  қаратады. 

Екпінмен шауып келе жатқан қалмақ батыры сүңгіге шаншыла жығылып, сүңгі денесін 

тесіп өтеді. Жас жауынгер Шерубай осы ерлігі үшін батыр атанады. 

Осы 1710-1711 жылдардағы  соғыстарда  қазақтар  айырылып  қалған  қоныстарын 

қайтарып алып қана қоймай, жоңғар билеушілерінің жерлеріне кіріп, Турфанда жауды 

тас-талқан етіп жеңіп, көп олжамен оралады. 

Қазақ  жасақтары  мен  жоңғар  əскерлерінің  арасында  үлкен  шайқас 1724 жылы 

Торғай даласының оңтүстік-шығыс жағында Бұланты өзенінің жағасында “Қара сиыр” 

деген жерде болды. Бұл бірнеше жылдар бойғы жиналған ыза мен кектің буырқанып-

бұлқынып сыртқа шыққан шағы еді. 

Қалмақтармен  кезекті  соғыс  алдында  жау  жақтан  астына  қаракөк  айғыр  мінген, 

қисық көз, еңгезердей біреу майдан алаңына қарай атын ойнақтатып шыға келді. 

-Мен қалмақтың аты шулы, талай қазақтың басын алған батырымын. Кім жекпе-

жекке шығады? Жаныңнан безген біреуің келе қойыңдар,-деп шіренеді. 

Сол  кезде  қазақ  əскері  жағынан  жасы  егделеу  келген  Бөгенбай  батыр  шығуға 

əзірлене бергенде, Орта жүз жігіттері тұрған жақтан: 

-Аға,  кезегіңізді  маған  беріңіз!-деген  жуан  дауыс  шығады.  Жауырынына  екі  кісі 

мінгендей кең иықты, бура сан, алып күш иесі, қарсұр жігіт астындағы ұзындығы есік 

пен  төрдей  қара  арғымағын  ойнақтатып,  ортаға  шыға  келді.  Шерубай  батыр  екенін 

көріп,  көңілі  орнына  түскен  Бөгенбай  батыр  қол  жайып,  батасын  беріп,  өз  орнына 

барып тұрады. 

Екі  жақта  тұрған  қалың  əскер  өз  батырларына  дем  бере  айқайлап  жатыр№  Ат 

үстіндегі  соғысқа  жас  кезінен  əбден  жаттыққан  Шерубай  батыр  қарсыласының 

найзадан  нашар  қорғанғанын  байқап?  өзінің  үйренген  тəсілі  найзаны  оң  қолына  берік 

ұстап, қалмаққа қарай тұлпарын зулата жөнелді. 

“Ақжол!”, “Ақжол!”, “Ақжол!”  деп  үш  рет  ұрандап  келіп,  қалмақ  батырын  дəл 

өкпе тұстан түйреп, атынан аударып иасиады да, оның атын ұстап алып өз адамдарына 

қарай шаба жөнеледі. Оны көрген жау əскерлері шыдамай қазақтарға қарсы лап қойды. 

Бұл, əрине, соғыс тəртібін бұзғандыққа саналады. Оған қарап жатқан жан жоқ. Даланың 

еркін  өскен  ұлдары  кең  дүниені  тарылтып,  енді  бірін-бірі  өлтірмесе,  екінші  оны 

өлтіретінің біліп, бар қаруларымен шайқасып, шабысып кетті... 

Зеңбіректермен  жəне  мылтықпен  жете  қаруланған  жоңғардың  қалың  қолы  қазақ 

батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. Бірнеше күнге созылған қиян-кескі 

соғыста жоңғарлар ондаған мың адамдарынан айырылып, ойсырай жеңілді. Сол ұлан-

асыр ұрыс болған жерді халық кейін “Қалмақ қырылған” деген атпен атап кетті. 


18 ғасырдың 40 жылдарында жоңғарлар тұғырынан тайған жоқ. Олар ресеймен тіл 

табысып,  қазақтарға  қауіп  төндіруін  қоймады. 1739-1740 жылдар  қалмақтар 

Сарыарқаға  бірнеше  рет  шабуыл  жасады.  Жеңіс  пен  жеңіліс  алма-кезек  ьолды.  Бірақ 

Абылай бастаған қазақ қолы негізінен тойтарыс бере алды. 

Сарыарқа  жерінде  жүргізілген  шайқастарға  Орта  жүздің  біраз  батырлары 

қатысады:  Қаракерей  Қабанбай,  Уақ  Сары  Баян,  Балта  Керей  Тұрсынбай,  Тарақты 

Байғозы,  Қаракесек  Сеңкібай  (Биата).  Олардың  арасында  ардагер,  ержүрек  Шерубай 

батыр да жүрді.  

Жоңғарларға  қарсы  жойқын  соғыс  аяқталған  соң,  Шерубай  батыр  бірқатар 

жасақтармен бірге ата қонысы- Қарағанды аймағына келіп мекен тебеді. 

Шерубай  батыр  қазіргі  Бұқар  жырау  ауданының  Топар  қалашығының  маңында 

Шерубай-Нұра  өзенінің  бойында 119 жасқа  келіп, 1812 жылы  дүниеден  қайтты.  Ол 

тұстағы биіктеу төбе басына жерленіп (бүгінде Шерубай батыр ескерткіші орнатылған 

көк дөңнің төл атауы Кіндіктөбе), бейіт соғылды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет