Пайда болу орнына байланысты қателіктерді аспапты, әдістемелі және субъективті деп ажыратады.
Аспапты қателік қолданылатын ӨЖ-нен туған. Кейде бұл қателікті аппаратты деп те атайды. Әдістемелік қателіктің ерекше қасиеті, ол ӨЖ-де қолданылатын нормативті-техникалық құжаттамаларда көрсетілмейді, өйткені оларға тәуелді емес, олар әрбір нақты жағдайларда оператормен анықталады.
Қателіктерді бағалау принциптері
Қателіктерді бағалау өлшеу нәтижелерінің дәлдігі жөніндегі объективті берілгендерді алу мақсатында жүргізіледі. Өлшеу нәтижесінің дәлділігі қателіктермен сипатталады. Өлшеу қателігі нақты математикалық модельмен сипатталады, ол модельді таңдап алу қателіктер жөніндегі априорлы ақпараттар мен өлшеу кезінде алынған берілгендер арқылы дәлелденеді. Таңдап алынған модельдің көмегімен қателіктің сол бір қасиеттерінің мөлшерлі өрнектелуі үшін қолданылатын сипаттамалары мен параметрлері анықталады.
Қателіктерді бағалау негізіне бірқатар принциптер қойылған. Біріншіден, қателік модельдерінің жеке сипаттамалары мен параметрлері бағаланады. Бұл қателік модельдері, ереже бойынша, күрделі және көптеген параметрлермен бағаланатынына байланысты. Олардың барлығын анықтау қиынға түседі, ал кейде тіпті мүмкін емес. Екіншіден,қателікдердің бағалануын, өлшеу мақсатына сәйкес дәлдіктегі шамамен анықтайды. Үшіншіден, қателіктер жоғарғы жағынан бағаланады, сондықтан қателікті азайтқаннан гөрі көбейткен жөн, өйткені бірінші жағдайда өлшеу сапасы кемиді, ал екінші жағдайда – барлық өлшеу нәтижелері бағалануы мүмкін. Төртіншіден, өлшеу нәтижесінің қателігін бағалаудың тура мәндерін алуға ұмтылғандықтан, яғни өте төменгі емес және өте жоғарғы емес, өлшеу дәлдіктері өлшеу мақсатына сәйкес келуі тиіс. Артық дәлділіктер құралдардың және уақыт шығынына алып келеді. Жеткіліксіз дәлділік өлшеу мақсатына байланысты жарамсыз бұйымдарды жарамды етуге және қате шешімдерді қабылдауға, т. б. алып келеді.
Қателіктерді бағалау негізіне бірқатар принциптер қойылған. Біріншіден, қателік модельдерінің жеке сипаттамалары мен параметрлері бағаланады. Бұл қателік модельдері, ереже бойынша, күрделі және көптеген параметрлермен бағаланатынына байланысты. Олардың барлығын анықтау қиынға түседі, ал кейде тіпті мүмкін емес. Екіншіден, қателікдердің бағалануын, өлшеу мақсатына сәйкес дәлдіктегі шамамен анықтайды. Үшіншіден, қателіктер жоғарғы жағынан бағаланады, сондықтан қателікті азайтқаннан гөрі көбейткен жөн, өйткені бірінші жағдайда өлшеу сапасы кемиді, ал екінші жағдайда – барлық өлшеу нәтижелері бағалануы мүмкін. Төртіншіден, өлшеу нәтижесінің қателігін бағалаудың тура мәндерін алуға ұмтылғандықтан, яғни өте төменгі емес және өте жоғарғы емес, өлшеу дәлдіктері өлшеу мақсатына сәйкес келуі тиіс. Артық дәлділіктер құралдардың және уақыт шығынына алып келеді. Жеткіліксіз дәлділік өлшеу мақсатына байланысты жарамсыз бұйымдарды жарамды етуге және қате шешімдерді қабылдауға, т. б. алып келеді.