Өлшеу жүйелері – бұл берілген объектіге автоматты басқару жүйесінде автоматты өңдеуге, беруге және (немесе) қолану үшін қолайлы түрдегі физикалық шамалар жөніндегі өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу үшін арналған байланыс каналдарымен бір-бірімен байланысқан өлшеу құралдары, есептеу техника құралдары және көмекші қондырғыларының функционалды түрде біріккен жиынтығы. Оларға мысал болып күрделі өнеркәсіптерде дамыған және қандай да бір бұйымды өндірудің технологиялқ процесін бақылауға арналған жүйелер жатады, мысалы болат, электрэнергия және т. б. өндірістері.
Өлшеу сигналдарының тағайындалуына байланысты өлшеу, бақылау, басқару деп бөледі. Өлшеу каналдарының санына қарай жүйелер бір-. екі-, үш- және көпканалды болып жіктеледі.
Ең маңызды түрі болып ақпаратты-өлшеу жүйелері (АӨЖ) болып табылады, олар өлшеу ақпараттарын тұтынушыға қажетті етіп беруге арналған. Құру алгоритмдерін ұйымдастыру бойынша жүйелер мына түрге бөлінеді:
Ең маңызды түрі болып ақпаратты-өлшеу жүйелері (АӨЖ) болып табылады, олар өлшеу ақпараттарын тұтынушыға қажетті етіп беруге арналған. Құру алгоритмдерін ұйымдастыру бойынша жүйелер мына түрге бөлінеді:
жұмыстың алдын ала берілген алгоритмі бойынша, олардың құрылу ережелері өзгермейді, сондықтан олар тек тұрақты режимде жұмыс істейтін объектілерді зерттеу үшін қолданылады;
программалаушы, олардың жұмыс алгоритмі зерттеу объектісінің құрылу шарттарына сәйкес құрылған берілген программа бойынша өзгереді;
адаптивті, олардың жұмыс алгоритмдері, сонымен қатар құрылымдары өлшенетін шамалар мен объектінің жұмыс шарттарының өзгеруіне бейімделе отырып өзгереді.
Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі есптері шешілуі тиіс. Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар:
Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі есптері шешілуі тиіс. Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар:
ақпаратты, кіріс пен шығыс сигналдарының түрлері мен номенклатуралары бойынша, информативті параметрлері мен деңгейлері бойынша үйлесімділігін алдын-ала қарастырады;
конструктивті, блоктардың эстетикалық талаптарының, конструктивті параметрлерінің, бірігіп қолданылуы кезіндегі механикалық бірігуінің үйлесімділігімен қамтамасыз етеді;
энергетикалық, блоктар қоректенетін кернеулер мен токтардың үйлесімділігін алдын ала қарастырады;
метрологиялық, блоктардың метрологиялық сипаттамаларының рационалды таңдап алынуы мен мөлшерленуін, өлшеу нәтижелерінің салыстырмаларын, сонымен қатар кіріс пен шығыс тізбектерінің параметрлерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
эксплуатациялық, яғни блоктардың сенімділігі мен тұрақтылық сипаттамаларының, сонымен қатар сыртқы факторлардың әсерін анықтайтын сипаттамаларының үйлесімділігі.