Оман Жұлдызай Қыдыралықызы 202 топ



Дата13.03.2023
өлшемі16,18 Kb.
#73634
Байланысты:
екінші сөж инкл


Орындаған: Оман Жұлдызай Қыдыралықызы 202 топ
ҚР мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті құқықтық құжаттарды талдау
Инклюзивті білім берудің халықаралық және қазақстандық тәжірибесі қоғам, отбасы, мемлекет ерте ме, кеш пе барлық балалар сапалы білім алу үшін бірдей жағдай жасауға міндеттенетінін көрсетіп берді. Бүгін инклюзивті білім беру әдісі енгізілген жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі дайындық жүйесінің педагогтары өз тәжірибелері­мен бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидалары ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:
- барлығының сапалы білім алуындағы құқықтарының теңдігі;
- әр адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі [5, 1-тарау, 3-бап].
ҚР білім беру аясындағы Заңнамасында бекітілген:
- баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы; [5, 6-т, 49-б];
- баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы [5, 5-т, 26-б, 2-б].
Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет [6];
- білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т. 6-б. 47; 4];
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды.
«Инклюзивтік білім беру – бұл халықтың әлсіз, аз қорғалған бөлігіне, сонымен қатар мүгедектеріне білім алудың қол жеткізерлік идеясынан тұратын интеграция процесі және әртүрлі мұқтаждықтары бар балалар үшін жалпы білім беретін мектептің бейімделгіштігі. Бұл термин әдетте жалпы білімнің мүгедек балаларға қол жеткізерліктей болуын қамтамасыз ету процесін бейнелейді».
Инклюзивтік білім беру – білім беру процесінен адамдарды алып тастайтын барьерлерді жою үшін және қоғамдағы барлық адамдардың білім алуға мұқтаждығы, білім алу жылдамдығы, жасы, жынысы, этникалық жағы, экономикалық мәртебесіне қарамастан, жалпы білім беру процесіне қосыла алатындықтарына кепілдік беру үшін білім беру жүйесі мен оның құрылымындағы өзгерістерді білдіреді.
Инклюзивтік білім беру әлеуметтік модельге негізделген және баладағы емес, бағдарлама мен әдістемелердегі проблемалардың таралуына жол бермейді.
Негізгі алғы шарт: балалардың барлығы оқи алады. Бұл серпінді үрдіс. Оның бірбеткей мақсаты: әлеуметтік әділеттілік пен теңдікті, инклюзивтік қоғамды қамтамасыз етудің кең стратегиясына ықпал ету болып табылады.
Инклюзивтік білім беруді дамытуға қоғамның барлық мүшесі жауапты және әр түрлі секторлар мен олардың белсенді қатысуы арасындағы қажетті ынтымақтастықты талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет