Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата22.12.2016
өлшемі0,78 Mb.
#213
  1   2   3   4

 

ЖОБА                                      



 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША  

ТИПТІК  

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Қазақстан Республикасы 



Білім және ғылым министрлігі 

 

 



Баспаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті 

Мемлекет тарихы институты Ғылыми кеңесі ұсынған. 

(№ 2 хаттама, 6 наурыз, 2013 жыл) 

 

Жалпы редакциясын басқарған: т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған 

Авторлық ұжым: 

тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған; 

тарих ғылымдарының докторы, доцент Жанна Үркінбайқызы Қыдыралина;  

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова.  

 

Рецензенттер: 

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  З.Е.  Қабылдинов  (Л.Н.  Гумилев 

атындағы ЕҰУ, Астана қ.)  

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  О.Х.  Мұхатова  (әл-Фараби  атындағы 

ҚазҰУ, Алматы қ.).  

 

 



Қазақстан  тарихы.  Типтік  оқу  бағдарламасы.  /  проф.  Б.Ғ.  Аяғанның  жалпы 

редакциясымен. - Астана, 2014. – 66 б. 

 

Типтік  оқу  бағдарламасы  тарихи  –  хронологиялық  қағидаға  негізделген  және 



Қазақстан тарихын толық  қамтитын бөлімдер мен тақырыптарды құрайды. Бағдарламада 

қазақ  мемлекеттілігінің  тарихи-өркениеттік  бастаулары,  даму,  өрлеу  тарихы,  әсіресе 

Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихы модульдік жүйемен берілген. 

Бағдарлама жоғары оқу орындарының бакалавриат студенттеріне арналған Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының  талаптарына 

сәйкес жасалды.  

 

Осы  типтік  оқу  бағдарлама  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігі  рұқсатынсыз  көбейтілмейді  және  таратылмайды.  Авторлық  құқық 

Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады. 

 

 

 

 


 

 



 

 

МАЗМҰНЫ 

 

АЛҒЫ СӨЗ 



Түсінік хат 



Курстың тақырыптық жоспары 



ПӘН МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

12 


12 

І МОДУЛЬ  

ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН   

 

12 



1.1  Ежелгі Қазақстан.  Адамдардың алғашқы қауымдастығы. 

Тұрмыс-тіршілігі  (б.з.б. 2,5 млн. -12 м.ж. – VІ ғ. дейін).   

12 

1.2  Қазақ халқының этногенезі. Орта ғасырлардағы Қазақстан.    



(VІ-ХV ғғ.) 

 

ІІ МОДУЛЬ 



 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ГЕОСАЯСИ 

ЖАҒДАЙЫ               

 

2.1.  Қазақ хандығы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. Әлеуметтік 

тарихы (ХV ғ. ортасы  - ХVІІІ ғ. басына дейін)  

2.2  Отарлық кезеңдегі Қазақстан (ХVІІІ ғ. 30-40 жж.– ХІХ ғ. 60 ж.) 

2.3  ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. Тұрғындардың көпұлтты 

құрамының қалыптасуы 

  

13 


 

 

 



14 

 

 



14 

 

15 



 

17 


ІІІ МОДУЛЬ  

ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 

 

18 



3.1  1917 жылғы Ресейдегі революциялар.  Жаңа заманның 

басталуы. Кеңестік кезең (ақпан-қазан 1917 ж.– тамыз 1991 ж.) 

 

18 


3.2  Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ел тарихындағы қазіргі кезең  

(желтоқсан 1991 ж. – бүгінге дейін) 

 

22 


           

 

 



СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК 

ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ  

 

26 



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

29 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ 



 

 

1.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ғылым 

комитеті  Мемлекет  тарихы  институтының  авторлық  ұжымы  жасаған  және 

енгізген. 

  

Профессор, т.ғ.д Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен 



  

Авторлық ұжым:  

тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған;  

тарих 


ғылымдарының 

докторы, 

доцент 

Жанна 

Үркінбайқызы  

Қыдыралина;  

тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент          Күлпаш  Мырзамұратқызы 



Ілиясова.   2. Баспаға ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының Ғылыми 

Кеңесі ұсынған. 2013 жыл, 6 наурыз. № 2 хаттама. 

 Рецензенттер: 

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  З.Е.  Қабылдинов  (Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.)  

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  О.Х.  Мұхатова  (әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.).  

 

3.  Типтік  оқу  бағдарламасы  жоғары  оқу  орындарының  тарихшы  емес 



бакалавриат 

мамандықтарының 

студенттеріне 

арналған 

Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына 

сәйкес жасалды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ТҮСІНІК ХАТ 



 

Курстың мәні. Адамзаттың кез келген саналы бөлігі өз елінің тарихын 

білуге  ұмтылады,  бұл  табиғи  құбылыс.  Қазіргі  кезде  қоғамдық  даму 

заңдылықтарын  білу,  жалпы  қоғамның  бірігуі,  тарихи  сананы  жаңғырту 

міндеттерін  іске  асыруда  «Қазақстан  тарихы»  пәнінің  алатын  орны  ерекше. 

Бұл  білімгерлердің  де,  тәлімгерлердің  де  жауапкершілігін  арттырады. 

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 

«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясында  ХХІ  ғасырдың  он  жаһандық  сын-

қатерінің 

ішінде 

уақыттың 



тарихи 

жеделдеуі 

мен 

өркениетіміз 



құндылықтарының  дағдарысын  атап  көрсетті.  Сонымен  бірге  білім  мен 

кәсіби  дағдылар,  мемлекеттілікті  нығайту,  жаңа  қазақстандық  патриотизм 

және  ұлттық  тарихи  сананы  қалыптастыру  сияқты  басым  бағыттар 

анықталды. 



Курс  мазмұнының  ерекшелігі.  Бұл  курс  орта  мектептерде  алынған 

білімнің  логикалық  жалғасы  және  жоғары  оқу  орындарының  барлық 

мамандықтарында оқытылады. Сондай-ақ, басқа да міндетті пәндермен қатар 

студенттердің  негізгі  білімін  толықтыруға  мүмкіндік  береді.  Курстың 

мазмұнында жалпыға міндетті орта мектептерде оқытылған материалдардың 

қайталанбауы  ескерілді.  Қазақстан  тарихының  тақырыптары  жаңа 

көзқарастар  мен  ғылыми  ұстанымдағы  отандық  және  шетелдік  тарих 

мектептерінің жетістіктеріне, жоғары деңгейдегі теориялық-методологиялық 

тұжырымдарға негізделді. 

Авторлық  ұжым  типтік  бағдарламаның  құрылымын  жасау  барысында 

Қазақстан  аумағындағы  мемлекеттілік  эволюциясы  мен  мемлекет  құраушы 

ұлттың – қазақтың шығу тегіне негізделген тұжырымдамалық ұстанымдарды 

басшылыққа алды.   

Қазіргі кезде Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарындағы білім беру 

үдерісінде  тәуелсіздік  кезеңімен  сабақтастықта  оқыту  міндеті  тұр  және  бұл 

мәселенің өзектілігі өте зор.  

Курстың  мазмұны  тәуелсіздіктің  алғашқы  кезеңіндегі  Қазақстанның 

күрделі  проблемалары  мен  оларды  шешу  жолындағы  қиындықтар  мен 

жетістіктерге  құрылған.  Бұл  курстың  методологиялық  негізін  отандық 

ғалымдардың мемлекеттілікті нығайту міндеттерінен туындайтын Қазақстан 

тарихының қазіргі проблемалары туралы еңбектері құрайды. Атап айтқанда, 

жаңа  қазақстандық  патриотизм,  жастарды  жауапкершілікке  тәрбиелеу, 

азаматтардың жасампаздық белсенділігі және т.б.  

Бағдарламада  қазіргі  заман  тарихы  КСРО-ның  ыдырауынан  бастап, 

посткеңестік  кеңістіктегі  өзгерістер,  егемендік,  тәуелсіздік  Қазақстанның 

қалыптасуы  мен  нығаюы,  экономикалық,  саяси  жүйенің  дамуы,  шекараның 

анықталуы, халықаралық қатынастарды реттеу, халықаралық қауымдастыққа 

ену  мәселелері  қамтылған.  Бұл  пәнді  оқыту  елдің  тарихи  санасын 

қалыптастыру және оның саяси тармағын құрайтын мемлекеттілік идеясына 

бағытталуы керек.   



 

Қазіргі  тарих  ғылымындағы  пәнаралық  ұстанымдардың  талаптары 



сапалық  жағынан  өзгерді,  яғни  антропология,  саясаттану,  әлеуметтану, 

мәдениеттану  сияқты  қоғамдық  ғылымдардың  методологиялық  негіздері 

айналымға енгізілді.  

Қазақстан  Президентінің  бағдарламалық  еңбектерінде  «Қазақстан 

тарихы»  пәнінің  тарихи  сананы  қалыптастырудағы  рөліне  баса  назар 

аударылды.  

2013  жылы  24  сәуірде  өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХХ 

сессиясы кезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Қазақстандықтардың 

тарихи  сана-сезімі  топтасуға,  өзінің   өткеніне,  қазіргісіне  және  болашағына 

патриоттық  қарым-қатынас  қалыптастыруға  жұмыс  істеуі  тиіс.  Біздің 

тарихты  тануымыз  тұтас,  оң  сипатта  болуға,  қоғамды  бөлініске  салмай, 

біріктіруге тиіс. Ұлттық рухты қажетті биіктікке көтеру үшін біздің шынайы 

тарихымыздың,  мәдениетіміздің,  дініміздің  қандай  екенін  айқын  сезінуіміз 

қажет. Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға 

созылған  бірегей  ажырамайтын  үдеріс  ретінде  қарастырылуы  тиіс.  Осы 

тұрғыда  қазіргі  заманғы  Қазақстан  ұлы  дала  өркениетінің  ежелден  келе 

жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс табатынын» 

атап көрсетті. Сондай-ақ  «Қазақстан ешқашан оқшауланған емес. Сондықтан 

да  тарихта,  оқу  пәніндегідей,  қазақтар  мен  өзге  халықтардың  мәдени  және 

экономикалық  қарым-қатынастар  үдерісі,  түрлі  этностардың  ел  тарихына 

үлесі лайықты танылуы тиістігі» назардан тыс қалмады. 

Бұл  бағдарламаның  басқа  бағдарламалардан  айырмашылығы,  мұнда 

тұңғыш  рет  еліміздің  сапалы  жаңа  тарихи  беттерін  құрайтын 

Қазақстанның  қазіргі  даму  кезеңі  дербес  қарастырылады.  Тарих  үшін  «қас 

қағым сәтте» қалыптасқан жас мемлекетіміздің өткен тарихы, өзінің мәні мен 

ауқымы  жағынан  «жүз  жылға  татиды».  Алғашқы  онжылдықтар  тарихы 

«сындарлы  он  жыл»  және  «бейбітшілік  пен  жасампаздық»  жылдары  деп 

аталады.  Сындарлы  онжылдықта  «ұлттық  экономикамыз  бен  мемлекетіміз 

қалыптасты»,  одан  кейінгі  онжылдықта  «еліміз  өсу,  тұрақтану  сатысына 

көтерілді», ал «үшінші, төртінші онжылдықтар біздің еліміз үшін болашаққа 

қарай  тарихи  секірісті  жылдар  болуы  тиіс».  Елімізде  басталған 

реформалардың  жетістіктері  мен  қоғам  дамуының  тұрақтылығын  сақтауға 

Президенттің  «алдымен  –  экономика,  сосын  саясат»  қағидасы  ықпал  етті. 

Соған сәйкес тәуелсіздік кезеңінде, алдымен елдің әлеуметтік-экономикалық 

ахуалы, содан кейін саяси жағдайы қарастырылады.  

Бағдарлама мазмұнындағы тарихи кезеңдердің толық көрінісі мемлекет 

тарихындағы  оқиғалар  мен  үрдістерді  көрсетумен  шектелмейді,  онда 

тарихты жасаушы халықтың күнделікті өміріне де назар аударылады. 

Авторлық  ұжым  заман  талабына  сәйкес  Қазақстанның  жаңа  және 

қазіргі  заман  тарихын  жаңаша  кезеңдерге  бөліп  қарастырады.  

Қазақстанның  жаңа  заман  тарихы  1917  жылғы  монархияның  күйреуі 

және  Қазақ  автономиясының  жариялануынан  басталып,  1991  жылғы 

КСРО-ның  ыдырауына  дейінгі  аралықты  қамтиды  (1917-1991  жж.).  Ал  


 

Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  елімізде  кең  ауқымды  экономикалық 



және  саяси  реформалар  іске  асырылып,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  іргесі 

қаланған 1991 жылдан  бүгінге дейінгі аралықты қамтиды (1991 ж.-бүгінге 

дейін).   

Авторлар  типтік  бағдарламаның  мазмұнын  өзгеріссіз  сол  қалпында 

қалдыруды  мақсат  етпейді  және  оны  оқу  процесінде  пайдалану  таңдау 

еркіндігіне  беріледі.  Сондай-ақ,  типтік  бағдарламаның  негізіне  алынған 

қолданыстағы  жұмыс  бағдарламалары  мен  силлабустарға,  оқу-әдістемелік 

құралдарына шығармашылық және сыни көзқарас тұрғысынан қарауды жөн 

санайды.  

Қазақстан  тарихы  пәні  қазақ  халқының  пайда  болуы  мен  қалыптасу 

тарихын,  оның  рухани  және  материалдық  мәдениетін,  мемлекеттілік 

түрлерінің  дамуын  оқытады.  Сонымен  бірге  республика  халқының 

көпэтникалық құрамының қалыптасу үдерісін зерттеу өзекті болып отыр.  



 Курстың  мақсаты    -  көне  дәуірден  бүгінге  дейінгі  Қазақстан 

тарихының негізгі оқиғаларын жаңа теориялық-методологиялық ұстанымдар 

тұрғысынан кешенді зерделеу және егеменді мемлекетіміздің әлемде алатын 

орны мен рөлі, елдің ішкі, сыртқы саясаты туралы студенттердің жан-жақты 

көзқарастарын қалыптастыру болып табылады.  

Курстың міндеттері: 

 



қазақ  этногенезі  мен  қазақ  ұлтының  қалыптасу  кезеңдерін 

қарастыру  және  қазақ  мемлекеттілігі,  көрші  халықтармен 

байланыс, мемлекетаралық  қатынастар, ұлт-азаттық қозғалыстар 

сияқты маңызды мәселелерді зерделеу;  

 

көшпелі 



өркениет 

жүйесі 


мен 

жалпытүркілік 

қауымдастықтағы қазақ халқының рөлі мен орнын көрсету;  

 



көшпелілердің  рухани  әлемінің  эволюциясын  және 

олардың  еуразиялық  кеңістіктегі  әлемдік  өркениетке 

қосқан үлесін көрсету;  

 



қазақ  этносының  қалыптасуы  мен  даму  кезеңдерін,  ұзақ 

мерзімді  саяси  жүйесін  игеру,  шаруашылығы  мен  салт-

дәстүрін, тұрмысы мен мәдениетін көрсету;  

 



Қазақстан  жеріндегі  мемлекеттік  құрылымдардың  даму 

ерекшеліктерін талдау; 

 

қазақ  халқының  отарлық  кезеңдегі  тарихын  және  оның 



даму ерекшеліктерін көрсету;  

 



кеңестік  кезеңдегі  Қазақстан  тарихының  әлеуметтік-

экономикалық, 

саяси 

және 


мәдени 

дамуындағы 

жетістіктері мен қарама-қайшылықтарын анықтау;  

 



Қазақстан  тәуелсіздігі  және  оның  тарихи  алғышарттарын 

көрсету;  

 

Қазақстан  халқының  көпұлтты  құрамының  қалыптасу  үдерісі 



мен күштеп көшірілген халықтардың тағдырын ашып көрсету;  

 



 

егеменді  мемлекетімізді  қалыптастыру  мен  нығайтудағы 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Ұлт 

Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін көрсету;  

 

тәуелсіздік  жылдарындағы  саяси,  экономикалық  және 



әлеуметтік-мәдени  реформалардың  іске  асырылуы  мен 

кезеңдерін  талдау,    шекараның  бекітілуін  көрсету;  астананы 

ауыстыру  және  Астана  қаласының  құрылысы  мәселелерін 

қарастыру; 

 

халықаралық 



қатынастардың 

субьектісі 

ретінде  

мемлекеттердің  аймақтық  және  әлемдік  қауымдастыққа  кіру 

үдерістерін көрсету;  

 



студенттердің  азаматтық  ұстанымын  қалыптастыру,  оларды 

халықаралық  қатынастар  мен  мемлекеттің  ішкі  өміріндегі 

оқиғаларға бейімдеу.  

 

Пәнді оқу барысында студент мынадай ұғымдар мен түйін сөздерді 



білуі тиіс:  

 



адамның    пайда  болуы  туралы  жаңа  теориялар  мен 

көзқарастар,  тас  ғасыры,  ежелгі  тұрғындар,  қола  дәуірі,  

тайпалық одақ, темір ғасыры, ерте мемлекеттік бірлестіктер, 

сақтар,  ғұндар  (хундар),  үйсіндер,  этногенез,  ортағасыр, 

түріктер,  монғолдар,  қазақтар,  мемлекеттілік  бастаулары, 

мемлекет,  қаған,  орда,  ұлыс,  әлеуметтік  қатынастар, 

әлеуметтік  топтар,  рухани  өмірі,    мәдениеті,  жүз,  хан,  билер, 

хандық кеңес, батырлар, жыраулар институты, Дешті қыпшақ, 

Жошы  ұлысы,  шаруашылығы,  әлеуметтік  топтар,  мәдениеті 

мен  рухани  өмірі,  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Көк  Орда,  Моғолстан, 

Ноғай Ордасы, Әбілхайыр хандығы.  

Түйін сөздерді білдіретін ұғымдар:  

 

отаршылдық, 



Ресейге 

қосылу, 

қоныстандыру 

саясаты, 

революция, бірінші дүние жүзілік соғыс, азамат соғысы, кеңестік 

кезең,  тоталитаризм,  екінші  дүние  жүзілік  соғыс,  Ұлы  Отан 

соғысы, әміршіл-әкімшілік жүйе, тың игеру.   

ХХ  ғасырдың  90  –  жылдарынан  бастап  саяси  сөздік  пен  жалпы 

қолданыс аясына енген ұғымдар:  

 



егемендік,  Қазақстан  халқы,  мемлекеттік  тәуелсіздік,  саяси 

билік,  президенттік  институт,  парламентаризм,  стратегия, 

саяси  жүйе,  азаматтық  қоғам,  өмір  сүру  деңгейі,  өмір  сүру 

сапасы,  адам  бостандығы  мен  құқықтары,  әлеуметтік 

жайлылықты  (комфорт)  сезіну,  халық  пен  билік,    ұлттық  идея, 

қоғамның  бірігуі,  ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісімнің 

қазақстандық  үлгісі,  төзімділік,  ұлт  капиталы,  мемлекеттік 

қызмет,  меритократия,  нарықтық  қатынастар,  нарықтық 

экономика, теңге, экономикалық реформа, мемлекет иелігіне алу 

 

және жекешелендіру, кластер, инновация, био – нанотехнология, 



жасыл  экономика,  трансформация,  әлеуметтік  саясат, 

этнодемографиялық үдерістер, көші-қон, мемлекеттік рәміздер, 

ішкі  және  сыртқы  саясат,  геосаясат,  мемлекеттік  шекара, 

еуразиялық доктрина, аймақтық және халықаралық интеграция 

мен қауіпсіздік, өркениет, жаһандану. 

Пәнді  оқу  барысында  студент  білімділік,  икемділік,  дағдыларды 

игеруі керек: 

 



Қазақстан  жеріндегі  негізгі  тарихи  оқиғалар  мен  үдерістерді,  

маңызды фактілер мен қоғамның даму бағыттарын білу;  

 

туған  елдің  дәстүрлі  мәдениетіне  қатысты  дүниетанымдық 



құндылықтар мен қағидаларды түсіну; 

 



дерек көздері және оларды пайдалану;  

 



Отан  тарихының  өзекті  мәселелері  бойынша  курстық  жұмыстар 

жазу,  рефераттар  мен  хабарламалар,  ғылыми  баяндамалар 

дайындау;  

 



проблемалық тақырыптар бойынша талқылаулар өткізу. 

 

 



«Қазақстан  тарихы»  жалпыгуманитарлық  пәндер  циклы  бойынша 

міндетті  пән  болып  табылады,  бірінші  курста  3  кредит  көлемінде  (135 

сағат) оқытылады және мемлекеттік емтихан тапсырумен аяқталады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 

 

КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 



 

№ 

Модуль, бөлім, тақырып атауы 

Тақырып 1 

КІРІСПЕ. Курстың мақсаты мен міндеттері 

Тақырып 2 



І МОДУЛЬ 

ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН   

1.1 Ежелгі Қазақстан. Адамдардың алғашқы қауымдастығы. Тұрмыс-

тіршілігі (б.з.б. 2,5 млн. -12 м.ж. – VІ ғ. дейін).  

Тақырып 3 

Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Саяси билік және әлеуметтік 

қатынастар. Мәдениеті, жазуы. Аймақтағы ислам  

Тақырып 4 



1.2 Қазақ халқының этногенезі. Орта ғасырлардағы  Қазақстан. (VІ- 

ХV ғғ.). 

VІ-ІХ ғасырлардағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Түрік қағанаты: 

құрылуы мен күйреуі 

Тақырып 5 

ІХ- ХV ғасырлардағы дамыған ортағасырлық мемлекеттер. Алтын Орда, 

Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы 

 

Тақырып 6 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет