Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Азық қоректілігін өнімдік әсерімен бағалау



бет18/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
2.3. Азық қоректілігін өнімдік әсерімен бағалау

Қорытылу - ас қорыту барысында азық қоректік заттарын игерудегі алғашқы сатысы. Сондықтан қоректілікті тек қорытылатын қоректік заттар бойыншабағалаужеткіліксіз.Мысалы, бидай кебегі мен сұлыдағы қорытылатын заттар көлемі шамалас (60-62%) бола тұра, бірдей өнім өндіру үшін кебек 25% көп жұмсалады. Сондай-ақ, қорытылатын қоректік заттары бірдей болса да клетчаткасы көп ірі азықтардыңклетчаткасы аз дәндерден қоректілігі әлдеқайда төмен келеді.




2.3.1. Азық өнімдік әсерін зат теңеуімен есептеу

Азық қоректік заттарының өнімдік әсерін зат алмасуыныңкейбір жақтарын айғақтайтын индикаторлы элементтер арқылы бақылауға болады. Мысалы, азық пен малденесіндегі азот тек протеин құрамында белгілі мөлшерде -16% - болатындықтан, азот балансы бойынша денедегі протеин алмасуын есептеуге болады:


АзықN = Тезек N + Зәр N + Байланған N
Мал денесінде азот, негізінен, қүрамында 23,2 % протеині бар бұлшық етте, 3,7 % протеині бар сүтте және 52 % протеині бар жүмыртқада байланады.
Организмге азықпен енген азот мөлшері оның тезек және зәрмен шыққан мөлшерінен көп болса ( жас малда) - оң, егерде бірдей болса (сақа малда ) - тең, ал керісінше аз болса (кәрі малда) - теріс азоттық теңдік орын алады. Теріс азоттықтеңдік мал жеген азықпен протеиндік мұқтаждығы қамтамасыз етілмеген жағдайда да орын алады.
Көміртегі балансы бойынша мал денесіндегі майды есептейді:
Азық С = Тезек С + Зәр С + Тыныс С +Ішек газдары С + Байланған С
Мал денесінде көміртегі құрамында 52,54% С бар белокта жене 76,5% С бар майда байланады.
Мал организіміндегі зат алмасу барысында өтетін химиялық өзгерістерімен қоса энергия өзгерісі жүреді. Бұл біртұтас үрдістің екі қыры. Сондықтан организмдегі өзгерістерді сипаттау үшін энергия балансын да зерттейді. Ол үшін респирациялық тәжірибе өткізіп, азық пен экскреттер үлгісін калориметрде оттегілік ортада жағып, жалпы (брутто) энергиясын анықтайды. Күйісті мал зәрімен қорытылған энергияның 2,5%-дан (жем, тамыртүйнектермен азықтандырғанда) 10%-ға дейін (көк шөп, пішен, сүрлеммен азықтандырғанда), ал шошқа зәрімен - 4% шығарылады.
Ішек газдарымен шығындалатын энергия мөлшері мал түлігінің ас қорыту ерекшелігі мен желінген жемшөп құрамына байланысты өзгереді. Шошқа мен құста аз болғандықтан, іс жүзінде есептелінбесе, күйісті мал мен жылқы үшін олар жалпы азық энергиясының жем мен тамыржемістілер жегізгенде - 5%, көкшөппен сүрлем жегізгенде - 10%, ірі азық жегізгенде 15% құрайды. Орташалап алғанда, күйісті малазығының қорытылған энергиясының 11% метанмен, ал18-20% зәр және метанмен шығарылады деп есептелінеді.
Қорытылғанэнергияның бір бөлігіжылуға жұмсалады.Оның мөлшері денедегі алмасу үрдісі мен қоректік заттар игерілуіне байланысты болады. Желінген азық қорытылуы мен игерілуіне жұмсалатынэнергия шығыны оның мөлшеріне сәйкес өседі. Құрғақ затының 1 кг-на шығындалатын энергия мөлшері желінген азықтың мал мұқтаждығы мен қорыту ерекшелігіне сәйкестігі, жұғымдылығымен таразыланып солай болған жағдайда, орташа есеппен, күйісті мал қоректенуінде – 1000, құс қоректенуінде – 1060 ккал құрайды.
Алмасу мен тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалатын жылу энергиясы мал түріне, салмағы мен атқаратын жұмысына тәуелді өседі. Демалған малда өндірілген алмасу энергиясы жұмыс атқарған малдікінен төмен болып, оның өндірілуі сыртқы орта жағдайы (ауа температурасы, ылғалдылығы, тазалығы) оңтайлы болса азаяды. Өндіріс жағдайында алмасу үрдісіне 500 кг-дық сиыр – 8400 ккал, 50 кг-дық қой – 1450 ккал, 200 кг-дық шошқа – 4400 ккал энергия жұмсайды.
Қазіргі кезде қолданылатын азықтың жалпы, яғни бүкіл органикалық затының қоректілігін бағалау тәсілдері мал денесіндегі зат пен энергия балансына негізделген. Олардың қатарына Германиядағы Кельнердің крахмалдық теңеулері мен кейіннен қабылданған нетто-энергиясы, Скандинавия елдеріндегі скандинав азық өлшемі, АҚШ-тағы Армсби термдері, ТМД мен Қазақстандағы сұлы азық өлшемі мен алмасу энергиясы жатады.
О.Кельнер (1905) қоректілікті 100 кг азықтың майбайлау мөлшеріне парапар крахмал килограммымен, яғни крахмалдық эквивалентімен бағалауды ұсынса, Г.Армсби (1915) физиологиялық пайдалы энергиядан дене жылуына жұмсалған энергияны алғанда қалатын таза өнім энергиясының 1000 килокалориясына тең нетто-энергия терммен бағалауды ұсынды. Скандинав азық өлшемі ретінде 1915 ж. Копенгагенде өткен съезде Даниядағы Фиордтың, Швециядағы Гансонның ұсынысымен 1 кг арпа дәні немесе 1,1 кг тамыржемістілер құрғақ заты немесе қоректілігі 1 кг арпаға (0,7 крахмалдық эквивалентке) парапар кез келген басқа азық мөлшері алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет