Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Қоректіліктің сапалық көрсеткіштері



бет21/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
2.4.Қоректіліктің сапалық көрсеткіштері

Азық қоректік заттарының өнімдік әсері оның жалпы, яғни энергетикалық қоректілігін сипаттайды. Алайда азықтың Щіроктілік қасиеттері организмде зат алмасу барысында энергия өндіретен қоректік заттармен қатар басқа да ірі азықтар көрсеткіштерге тәуелді өзгереді. Оларға ең алдымен протеинінің құнарлылығы, минералдық құрамы мен витаминдік жеткіліктілігі жатады. Бұл көрсеткіштер азықпротеиндік,минералдық және витаминдік құнарлылығын сипаттайтынсапалықкөрсеткіштері болып табылады.




2.4.1. Азық протеиндік қоректілігі

Азықтың протеиіндік қоректілігі, желінген азық протеинінің, ас қорыту барысында мал денесі мен өнімінің белогына айналуымен бағаланады - неғұрлым толық пайдаланып, айналса, соғұрлым құнарлы, яғни биологиялық тұрғыдан толық бағалы, құнды болғаны. Бұл азық протеиннің қорытылуы, сіңірілуі, игерілуі мен биотүзуге пайдаланылуына байланысты өзгереді. Оны бағалаудың негізгі тәсілі болып, төлөсуімен өлшенетін биологиялық тәсілтабылады.


Төлдің өсуі үшін, яғни желінген протеиннің дене белогына айналуына аминқышқылдық құрамы ықпал етеді.
Оның ішінде, алдымен ауыспайтын, яғни мал организмінде түзілмейтінаминқышқылдары - лизин, метионин, триптофан,валин, гистидин, фенилаланин, лейцин, изолейцин, треонин, - ал құс үшін оларға қоса глицин болуы қажет. Олар міндетті түрде азық протеинімен жеткізілуі қажет. Сонда ғана, желінген 1 г протеинге төл салмақ қосуымен есептелінетін протеиннің биологиялық құндылығы тиімділігінің коэффиценті жоғары болмақ. Бұлкоэффициент ауыспайтын амин қышқылдары толық жануар тектес азық протеинінде -2,2-3,8 болса, өсімдік тектес азық протеинінде - 0,4-1,5 болады.
Демек, азық протеинінің биологиялық құндылығы аминқышқылдық құрамына тәуелді. Бірақ, азықпротеині тиімді пайдаланылуы үшін, ас қорыту барысында ол аминқышқылдары тез сіңіріліп, дене мен өнім түзуіне біркелкі жеткізілуі керек. Биохимиялық дерек бойынша, протеиннің аминкышқылдық құрамы, сіңімділігі, оның ерігіштігіне байланысты. Мысалы, суда еритін гистон мен протамин фракцияларына азық протеинінің бүкіл лизині мен гистидині кіріп, тұзда еритін глобулиндерде глицин болмайды екен. Сондай-ақ, су мен тұзда еритін бөлігі 30-60% құрайтын астықтұқымдастар дәніндегі 10-15% протеинде - 3,5-4,5% лизин болса, ондай еритін бөлігі 70-90% құрайтын бұршақ-тұқымдастар дәніндегі 25-45% протеинде - 6-7% лизин болады. Сондықтан, азық протеинінің құндылығын бағалауда, оның су мен тұзда ерігіштігін ескерген жөн.
Мал азығымен биотүзуге қажет аминқышқылдары неғұрлым толық жеткізілсе, соғұрлым протеиннің игерілу коэффициенті (ПИК) жоғарылайды. Ол коэффициентТомас-Митчеллдің (Tomas S., 1909, Mitchell Н.Н., 1924), организм өсуі мен тіршілігін қамтамасыз етуіне желінген азық азотының пайдаланымын көрсететін, академик М.И.Дьяков (1951) өңдеген, формуласымен есептейді:
ПИК = (Азық N - Тезек N - Зәр N) : Азык N - Тезек Nx 100, %
Күйіс қайыратын малға ауыспайтын аминқышқылдарын түзуге ас қорыту жолындағы микроорганизмдер себептеседі. Бірақ олардыңда азығында бақылауды қажет ететін үш аминқышқылын - лизин, метионин, триптофанды -шектік (критические) ауыспайтын аминқышқылдары деп атайды. Олардың барлық мал түлігінің, әсіресе шошқа мен құс азығындағы жеткіліктілігін әрқашан қатаң қадағалайды.
Организмдегі зат алмасуда биотүзуге қажетті аминқышқылдары біркезде жеткізілуі керек. Қажетті бір аминқышқылының болмауы түзуді тежейді. Бұл аминқышқылын лимиттік амипқышқылы деп атайды. Аминқышқылдық минимум заңдылығы бойынша оның жетіспеуінен, яғни аминқышқылдары дисбалансынан түзу үрдісі тежелмеуі үшін, шектік аминқышқылдарының арақатынасы 1 : 0,5 : 0,25, метионин цистинмен бірге анықталғанда 1 : 0,7 : 0,25 аралығында, ал жалпы ауысатын және ауыспайтын амин-қышқылдарының арақатынасы 1 : 2 болуы керек деп есептелінеді.
Көптеген дерек бойынша, қанға сіңірілген лизин мөлшеріне қатынасты 40-45% метионин, 20-25% цистин, 20-23 % - триптофан, 65-75% аргинин, 40-45% гистидин, 90-95% лейцин, 60-65% изолейцин, 45-50% фенилаланин, 40-45% тирозин, 55-60% треонин, 60-65% валин сіңірілуі керек. Протеиннің биологиялық құндылығын (у) жұмыртқа ағы құрамымен салыстырмалы түрде бағалауды Mitchell лимиттік аминышқылы (х) жетіспеушілігімен (%) есептеуді ұсынды:
у = 100- 0,634х
Мал қорегіндегі аминқышқылдық дисбаланстың алдын алуүшін, азықтандыруда әр түрлі азық қолданып, олардыңаминқышқылдық құрамын бір-бірімен толықтыруға болады. Сонымен қатар, протеиндік алмасуға оның өз мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерімен қатар, мал азығындағы басқа да қоректік және биологиялық пәрменді заттар ықпал ететінін ескеру қажет. Оның ішінде, минералдық заттар протеин қорытылуына әсер етсе, витаминдер қорытылған протеин игерілуіне әсер етеді екен.
Протеиндік қоректену мәселесімал өнімінің түріне де байланысты. Мысалы, құрамында 18% белогі бар 1 кг сиыр етін түзу үшін- 220 г қорытылатын азот жұмсалса, құрамында 3,3% белогыбар 1 кг сиыр сүтін түзу үшін - 16 г қорытылатын протеинжұмсалады, яғни еттегі азот бірлігіне - 7-ден астам, ал сүттегіазот бірлігіне - 3 азық азотының бірлігі жұмсалады. Нейрот пен Бейли (1959) дерегі бойынша бір тәулікте сақа мал денесіндегі альбуминдердің 7%, жалпы белогінің 2,8% жаңарылатын болса, Филиппович (1969) дерегі бойынша белоктары 40 тәулікте толық жаңарады. Осыны ескеріп мал азығының протеиндік құнарлылығын кемінде 36-40 тәулік өткендебағалау қажет.
Азық протеиндік қоректілігін бағалауда көппептидтік қосындыбелок, яғни таза протеин және оның құрамындағы аминқышқылдарымен қоса, азықтағы барлық азотты қосындыларды біріктіретін, "шикі" протеин құрамына басқа да азотты қосындылар - жеке аминқышқылдары, аммоний тұздары, нитраттар, нитриттер, кейбір органикалық қышқылдар т.б.кіретіндігін және олардың күйісті мал протеиндік қоректенуінде өзіндік қызметін атқаратындығын ескеру қажет.
Азоттық қосындылар ыдырауынанпайда болған месқарын микрофлорасы түзу үрдісіне пайдаланып, көбейеді де, олармен сондағы микрофауна (инфузориялар) қоректеніп, олар өз ретінде жалбыршықта сығымдалып химуспен ұлтабар арқылы ішекке өткенде, протеолитикалық ферменттермен ыдыратылып, малға кұнды бактериялық белок (аминқышқылдарын) жеткізеді.
Азық азотты заттарынан пайда болған аммиакты тиімді игеруі үшін таз қарын микрофлорасына жеңілқорытылатым көмірсулар түріндегі энергия көзі жеткілікті болуы керек. Ол үшін азықтағы қант-протеиіндік қатынас 1:1 шамасында болып, басқа да қолайлы жағдай (минералдық элементтер, сілтілі орта, т.с.)туғызылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, таз қарындағы азотты қосындылар толық игерілмей, қанға сіңіріліп, малды уландырады. Әсіресе нитриттердің шамадантыс мөлшері (азық құрғақ затында нитриттерге айналатын нитраттар азоты 0,2%-дан аспауы керек) қауіпті. Олар қап гемоглобулининдегі тотығатын Ғе++метгемоглобиннің тотықпайтын Ғе+++айналдырып, торшалық тыныстануды бұзатынметгемоглобинурияға шалдықтырады.
1-тапсырма. Протеин мөлшері, қорытылуы мен сапасы бойынша әр топтағы азықтарды салыстырыңдар.
Түрлі топтағы азықтардың протеиндік сапасы

Азықтар

"Шикі" протеин

Қорытылатын протеин

Лизин

Метионин

Трипто­фан

1 килограмында, г





































Шикі протеинге % есебімен
















2- тапсырма. 1-тапсырма азықтарының шектік аминқышқылдар арақатынасын есептеп, қажетті қатынаспен салыстырыңдар.
3-тапсырма. 1-тапсырма азықтарының суда жене тұзда еритін фракцияларын анықтап, ауыспайтын аминқышқылдық құрамымен байланыстырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет