Көк азық үлгісін алу. Көкшөп сынамасы жер отының сипаты мен жер бедерін ескере отырып алынады. Көк балауса үлгісі шық кепкеннен кейін және күн батқанда алынады. Жер оттылығы әртүрлі болса, шабындықты не жайылымды біртектес учаскелерге бөледі. Әр шабындықтан аумағы 1 га учаскені бөліп алып, өлшемі 1 м210 сынамалык бөлікті карастырады. Әр бөлік шөбін жерден 3-5 см биіктікте шауып алады. ІІІабылған әр бөліктің 10 жерінен бір жолғы үлгі алып, бастапқы үлгі құрастырылады. Егер оның мөлшері 3-4 кг асса, мұқият араластырып 1,5-2 кг шамасында орташа үлгі алып, полиэтилен қапшыққа салады.
Зертханаға келіп түскен көк балауса үлгісін тез ұсақтап, кептіру үшін шаршылау принципі бойынша 0,5-0,8 кг үлгіні іріктеп алады. Өсімдік торшаларындағы фермантативтік үрдісті тоқтату үшін, үлгіні 4 сағаттан кейін кептіру шкафына салып, 80° температурада 30-40 минут ұстайды. Содан кейін екі өлшеу аралығындағы айырым кемінде 0,5 г болғанға дейін 60-65°-та кептіреді.
Тамыржемістілер үлгісін алу.Орташа сынамаға әр тамыр жемістілер партиясынан ірі, орта және ұсақ тамырларды пропорционалды түрде іріктейді. Егер партияда 100 орын (контейнер, жәшік, т.б.) болса, онда үлгіні катталған үш жерден алады. Егер партияда 100-ден астам орын болса, онда әрбір 50 қосымша орынға қатталған бір жерден сынама алады. Қызылшаны үйіндіде сақтағанда үлгіні үстіңгі, ортаңғы, астыңғы қабатынан 200-кг-дық партиясынан 10 кг, 200-500 кг партиясынан 20 кг, 500-1000 кг партиясын 30 кг, 1000-5000 кг партиясынан 60 кг алады.Бұл бастапқы үлгі салмағының 10-нан кем болмайтындай орташа үлгі алады. Үлгідегі тамыржемістілердің ылғалдылығы кеміп кетпеуі үшін жәшікке дымқыл мүкпен не үгіндімен орап салады.
Картоп үлгісін алу.Картоп тасылған кезде оларды әрбір транспорт бірлігінен іріктейді. Бір жолғы үлгіні тұтастай биіктігі, ені және ұзына бойына әр тұсы мен үстіңгі, ортаңғы, төменгі қабаттан біркелкі аралықтан алады. Қапталған картоптан сынаманы ағаш ожаумен қаттаманың үстіңгі, ортаңғы және астыңғы бөлігінен төге отырып алады. Үйілген немесе ұрада, буртта, орда сақталатын картоптан сынаманы ағаш не роликті күрекпен шайқайды. Әр үлгіге кемінде 3 кг, ал 60 тоннадан көп картоп партиясынан 10 кг тартатын бастапқы үлгісін араластырып, 4-5 кг-дай орташа үлгіні іріктейді.