Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет36/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Шөп ұны. Көкшөп қоректік заты мен витаминін толығырақ сақтау үшін, оларды жоғары жылулықта (500-800°C) арнайы қондырғыларда тез кептіріп, ұнтақтайды. Кептіру температурасына қарамай, жылу шығарудың физика-химиялық зандылықтары бойынша, 3-4% ылғалы қалғанша өнімдік температурасы 100°С-тан аспайтындықтан, ондағы қоректік зат пен витаминдер өзгеріссіз жақсы сақталады. Соның нәтижесінде, құрғақ затындағы клетчаткасы 19%-дан асқандықтан ірі азыққа жатқызылғанмен, 1 кг жалпы қоректілігі құнарлы азыққа пара-пар (0,8-0,9 а.ө.), каротиндік құндылығы өте жоғары (150-250 кг/мг) витаминдік, ал, негізінен, бұршақ тұқымдастардан дайындалатындықтан -протеиндік құнарлылығы да жоғары, сондыктан витаминдік қорек деп аталатын құнды мал азығы дайындалады.
Шөп ұнына өсімдік балаусасы пішенге шабылу үшін ертерек шабылады, сондықтан оның құрамы мен қоректілігі жайлым отына пішендікінен жақын болады. Мысалы, жоңышқа көгінің құрғақ затында 23,4% шикі протеин, 24,6%) шикі клетчатка, 3,3% шикі май, 46,1% АЭЗ, 220 мг/кг каротин болатын болса, одан дайындалған шөп ұнында бұл қоректік заттар, сол ретпен, 22,6%; 25,3%; 3,4%; 200 мг/кг мөлшерінде сақталады.
Арнайы "АВМ" типтес қондырғыларда дайындалған ұнын ұнтақ түрінде нығыз қағаз крафт-мешектеріне немесе түйіршіктеп сақтайды. Ұнтақтағы каротин ауа оттегіментотығып, тез ыдырайтынын ескеріп, 0,015%, яғни200 г/т сантохин, 0,05% бутилокситолуол не бутилоксианизол секілді тотықтануды тежейтін синтетикалық антиоксидантты /антитотықтырғышты/ пайдаланып немесе инертті газ толтырылған мұнара қоймада сақтайды.
Каротин тотығуын тежеу үшін техникалық май қолданып немесе 1 : 1 қатынаста шөп ұнымен жүгері, соя, мақта дәні ұнын араластыруға болады. Антитотықтырғыштарды таза күйінде немесе су, спирт ерітіндісі түрінде, сірне не техникалық майға қосып, дайындау барысында шөп ұнымен мұқият араластырса, каротин 2-3 есе жоғары сақталады. Бұларды қолданбай дайындалған 1 кг шөп ұнындағы 200 мг каротиннің 9 айдан кейін 40-50 мг, яғни 20-25% сақталса, ингибитор қосып дайындалған шөп үнында 90-140 мг, яғни 45-70% сақталады. Сонымен қатар каротин сақталуына сақтау температурасы, ылғалдылығы да ықпал етеді.
Ылғалдылығы 13,5%-дан аспайтын қолдан кептірілген шөп ұнын негізгі қоректілік көресеткіші - протеині мен каротині бойынша - келесі балл беріп бағалайды: құрғақ затындығы... - протеині 25% болса 30 балл, 23% болса - 24, 21% - 18, 18% - 12, 16% - 6, 14% - 6, 11% - б балл, ...каротині 270 мг/кг - 70, 245 мг/кг, 225 мг/кг - 50, 200 мг/кг - 40, 180 мг/кг - 30, 155 мг/кг - 20, 130 мг/кг -10 балл. 95-100 балл жинаған шөп ұны - тіпті жақсы, 70-95 балл жинағаны - өте жақсы, 40-70 - жақсы, 20-40 - орта, 0-20 - нашар болып бағаланады.
Пішенге кептірумен салыстырғанда жасанды жолмен кептіру арқылы шабындық көгінен өндірілетін қорытылатын протеин көлемін 1,5-2 есе, жеңіл корытылатын көмірсулар көлемін 3-3,5 есе, каротин көлемін 7-9 есе арттыруға болады. 1 кг бұршақ тұқымдастар шөп ұнында - 0,7-0,8 а.ө., 100-130 г қорыт. прот., 10-12 г Са, 2-3 г Р, 150-250 мг каротин болады. Қылқанұнын 13797-84 МЕСТ талаптары бойынша жоғары, бірінші және екінші сортқа бөледі. Олардың ылғалдылығы 8-12%, хош қарағай, шырша иісті, каротин мөлшері жоғары сортында - 90, бірінші сортында - 75, екінші сортында - 60 мг/кг болып, клетчаткасы, осы ретімен, 30, 33, 35, металл қосындысы - 10-12, күм қосындысы - 8-10%-дан аспауы керек. Ұнтақталатын қылканның малға зиян эфир майын булап азайтады.
Каротині мен қоректік сапасы бойынша шөп ұнынкелесі кластарға бөледі.

Жасанды кептірілген көк азыққа 18691-83 МЕСТ талаптары






Класы

Көрсеткіш

I

II

III

Ылғалдылығы, %

9-12

9-12

9-12

Құрғақ затында:










протеин, %-дан кем болмауы ксрек

19

16

13

клетчатка, %-дан аспауы керек

23

26

30

каротин, мг/кг

210

160

100

Ескерту:
1. Жасанды кептірілген көк азыққа шөп ұнымен қоса ылғалдылығы 9-14 шөп түйіршігі мен брикеті, ылғалдылығы 10-15% шөп кескіндісі (ұнтағы)жатады.
2. Жасанды жолмен кептірілген азык көк-жасыл түсті, күйген, көгерген шірік иіссіз, металлмагштті қоспасыз, құммен (шаңмен) ластануы 0,7%- дан аспауы керек.

Мал азығында пайдалану тиімділігін арттыру үшін көк және ірі азықты жеке немесе қоректілігін арттыру үшін, бірінің құрамын бірі толықтыратын азықтар менбелокты, витаминді, минералдықосындылардықосыптүйіршіктеп немесе брикеттейді. Брикеттелген, түйіршіктелгенастық және бұршақ тұқымдастар көгі мен пішені, сабанжәне олардың қоспасының ылғалдылығы - 9-14%, пресстеу тығыздығы ...бірден малға жегізсе - 500-700, сақталатын болса - 900-1200 кг/м3, диаметрі - 30-60 мм, ұзындығы- 70 мм, каротині мен қоректілігін жақсы сақтайтын, тасымалдап, мал азығына таратуға ыңғайлы, қалдық қалмайтын, шашарамайтын, қоректілігі құрамына байланысты құнды азық болып табылады.




1- тапсырма. Көк азықты жасанды кептіру техпологиясымен, қондырғы жұмысының температуралық режимімен танысып, шөп түйіршігі мен брикетін шығару көлемін анықтап, орташа сапасын бағалаңдар.
2- тапсырма.Шөп ұнындағы каротин мөлшерін анықтап, сақталуын шығынды қайжолмен азайтуға болатындығын көрсетіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет