Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет32/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Ірі жемшөп


Пішен. Малдың негізгі қысқы азығының бірі, шабылған көкшөпті кептіріп консервілеу арқылы дайындалады. Өсімдік торшасының суы кеміген сайын ылғалұстаушы күші өсіп, 16-17% ылғалдылыққа дейін кептірілгенде еш микробиологиялық өзгерістерге жол бермей, жақсы сақталады. Демек, шабылған балауса осы ылғалдылыққа дейін неғұрлым тез кептірілсе, соғұрлым қоректік және биологиялық пәрменді заттары толығырақ сақталып, пішен сапасы жоғары болады. Пішенге кептіру барысында өсімдікте азықтар күрделі үрдістер орын алады. Шабылғаннан кейін торшалары тыныстануын тоқтатпай, күн сәулесі түскен жағдайда "аштық алмасу" деп аталатын фототүзужалғастырады. Соның нәтижесінде крахмал мен қанты көмірқышқыл газы мен суға дейін гадролизденеді. 100 г ......ірақтан сағатына 0,3 г көміртегінің қостотығы шығарылғанторша ылғалдылығы 66%-дан азайғанда тежелетін "аштықу" кезеңі аяқталғанша орташа есеппен 10%-дай қоректік іры ыдырайды,
Торша тургорлық,яғни су бүріккенде бастапқы ылғалдылығын қалпына келтіру қасиетін, жоғалтқанда, тыныстануы тоқтап "аштық алмасу" кезеңінен кейін торша заттарының өздігінен ыдырайтын автолиз (өзін-өзі ыдырату, жұту) кезеңі орын алады. Оның себебі шабылғаннан кейінорганизм, яғни өсімдік торшасында, ферменттердің реакцияланған (зат алмасуына бағытталған) қызметі бұзылғанмен, олардың әсері біршама уақыт сақталады.Сондықтан пайдасыз бұл ыдыраушылықты азайту үшін «аштық алмасу»кезеңін мейлінше қысқарту қажет. Екінші жағынан, кептіру барысында күн сәулесі, өсімдік ферменттері ауа оттегінің тотықтыру әсерінен көкшептің бірқатар өнімдері (ультракүлгін сәулелендірудің әсерінен эргостерин түзілетін Д витамні калъцийферолдан басқасы), оның ішінде каротин ыдырайтындықтанда шабылған шөптің мерзімін қысқартып, қоректілігі мен каротиндік құндылығын сақтау қажеттігін Флейшман (Fleischmann, 1912), (Dijkstra, 1945) атап өткен.
Н.И.Николаева (1954) белоктың аминқышқылдарға ыдырауы кептірудің басындағы "аштық алмасу" кезеңінде өтетін, В.А.Бориневич (1954) шөпті шөмелелеп маялағанда цитолиз барысында пішенді хош иістендіретін ароматты қышқылдар пайда болатынын айтады. Дайындау технологиясын сақтап, қысқамерзімде кептірілген пішенде астық тыныстанумен - 10-13% (салыстыру үшін сүрлем мен пішендеме- 3-5%), механикалық себептерден - 15-17% сүрлем мен пішендемеде - 2-4%), жалпы - 25-30% қоректік заттар шығындалса, түрлі себептермен дайындау технологиясы сақталмай, жауын астында қалып кептірілген пішендешығындар күрт өсіп - 45-50%-ға жетеді. Салыстыру үшін алсақ, ферментациялаудан сүрлемде жоғалтылатын - 10-20% пішеңдеме жоғалтылатын - 4-5% қоректік заттар шығынын қосқанда, сүрлемдеу барысындағы жалпы шығыны- 15-30% пішенде салу барысындағы жалпы шығын - 10-13%.

Пішен сапасына 4808-87 МЕСТ талаптары









Құрғақ затындағы

Пішен түрі

Класы

"шикі"

алмасу

1 кг-да







протеині

энергиясы

а.ө.







%

г/МДж




Екпе бұршақ

I

16

9,2

0,68

тұқымдастардікі

II

13

8,8

0,62




III

10

8,2

0,54

Екпе астық

I

13

8,9

0,64

тұқымдастардікі

II

10

8,5

0,58




III

8

8,2

0,54

Екпе бұршақ-астық

I

14

9,1

0,67

тұқымдастардікі

II

11

8,6

0,60




III

9

8,2

0,54

Табиғи

I

11

8,9

0,64

шабындықтікі

II

9

8,5

0,58




III

7

7,9

0,50



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет