Омаров ғ.Қ., Сойкина н. Ю. Б а ғ дарлам а музейлік практика бойынша оқУ-Әдістемелік ұсыныстар алматы, 2015



бет6/11
Дата24.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#37273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
музейнпрактика қазақша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС




    1. Музей қорының есебіне керекті құжаттардың тізімі

Музей қорларын тіркеуге алу музей жинақтарын есепке алуды ұсынады. Музей қорлары құқықтық қорғауды қамтамасыз ете алатын қатаң түрде мемлекеттік есепке тиесілі. Құжаттарды тіркеу белгілі форма бойынша жасалынып, заттар мен коллекциялар туралы мәліметтерден, сонымен қатар олардың музейге түсуін, музей ішінде ауыстыруларынан жасалады.
Музей қорына тіркеуге алу 2 сатыны қарастырады:
А) музейге түскен заттардың алғашқы тіркеу жұмыстарын, және атрибуциясы (актілеу, түсім кітабы туралы қысқаша жазба)
Б) инвентарлау, яғни музей заттарын ғылыми тіркеуге алу (материалына, өнер түріне байланысты бөлу)
Тіркеу құжаттарына мыналар кіреді:
1. Қабылдау және беру актісі (қосымша 1). Олар музей қорының алғашқы құқықтық құжаттары болып саналады. Актіге мүмкіндігінше түскен заттың тарихы немесе аңызы жазылады (шығу тарихы, нақты тарихи оқиғалар мен адамдармен байланысы, жасалған уақыты, өмір сүрген орны, қолдану тәсілдері және т.б.). Ал, археологиялық немесе басқа да экспедициялық материалдарға заттық тізім жасалды.
2. Коллекциялық және далалық тізім. (қосымша 2). Заттардың көп мөлшерде түсуіне байланысты актіге коллекциялық тізімдеме жасалынады. Экпедициялық материалдар далалық жұмыс барысында жүргізілетіндіктен оған далалық тізімдеме жасалынады.
3.Түсім кітабы. (қосымша 3). Музей қорына түскен барлық заттар, қор-сатып алушы комиссия тексергеннен кейін ай ішінде ғылыми-қосымша қордың түсім кітабына енгізіледі. Түсім кітабы толтырғанға дейін нөмерленген, тігілген, қол қойылып, ұйымның мөрімен басылуы тиіс. Түсім кітабының мақсаты – түскен затты белгілі реттік нөмер бойынша тіркеп, оған қысқаша сипаттама беру. Сонымен қатар түсім кітабы уақытша және тұрақты сақтаудағы заттардың жалпы санын алуға мүмкіндік береді.
4. Инвентарлық кітап (қосымша 3). Қор бөлімшесіне түскен музей заттары инвентарлық кітап арқылы жүзеге асатын ғылыми инвентаризациядан өтеді. Инвентарлық кітап музейдің құқықтық құжаты ретінде бекітілген, нөмерленген және мекеме мөрі басылған болуы керек. Әр затқа берілетін мәлімет инвентарлық кітапта бөлек беріледі. Кітапқа түскен реттік нөмері оның бір мезгілде инвентарлық нөмері болып табылады.
5.Ғылыми сипаттамалық карточка (қосымша 4). Инвентарлық кітаптағы жазбалар инвентарлық карточканың жасауымен болады. Яғни, заттың атауы, оның толық сипаттамасы, уақыты, жасалған жері, заттың жасалған материалы, оның сақталуы). Карточканы музейдің ғылыми қызметкері құрайды. Заттың сақталуы, сонымен қатар реставрация мен консервациясы, заттың көрмеде қойылуы да қосып сипатталады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет