Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет60/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

АУЫЛДАН АТТАНУ
Сентябрьдің аяқ кезінде байдың аулынан ұлықсат алып, оқуға
жиналдым. Бірақ үстімде жөні бүтін киім жоқ, қалтамда ақша жоқ. Оны
қайдан алам?..
Есіме туған ауылым түсті. Хал-жайымды айтсам жəрдем берер деп
ойладым, сол үмітпен жездем Сүлейменнен құнан сұрап мініп,
Жаманшұбарға кеттім. Бірақ елу үй Жаманшұбардан соқыр тиын қаражат
берген жан жоқ, нашарлар: «Шырағым, күшіміз кем еді», деп жайын айтты,
ауқаттылар жағы: «Күніңді көріп жүре бермей, не бар саған қаңғырып?..
Осы маңайдың оқуы жетпей бармақпысың, Омбыға?.. Əлде, қаңғырып өліп
сүйекке таңба түсіргелі жүрмісің?.. қой, əрі шатаспай!.. Көрінбе көзіме!..»
деп ұрсып тастады.
Ауыз күшін берген Шəйін ғана. Оның айтқаны: Тəуекел деп тартып кет.
«Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген, «ер азығымен, бөрі азығы жолда»
деген, қолды-аяқтай жігітсің, жұмыс қып оқысаң да тамақ асырайсың. Бұл
жолға жиналмағай едің, жиналған соң тəуекелге белді бу, алған бетіңнен
қайтпа!..»
Молдағазының жəрдем бергісі келіп еді, əкесін көндіре алмады. Өз
қалтасынан 5-ақ сом ақша шықты. Оған соқыр қари үш сом қосты,
сонымен жəрдем сұрап барған 50 үйлі ағайыннан сегіз-ақ сом алып кейін
қайттым.
Қаражаттан ендігі үмітім бар адамдар екі жездем: Сүлеймен мен
Болатбай. Соңғысы «енді қайттім, қолымда ештеңе жоқ еді!» деп
қынжылады да, бастапқысы, — Жаманшұбардағы бай ағайындарымның
сөздерін айтып ұрысты. Апаларым біресе:
— Жалғызым-ау, қаңғырып қайда барасың? Артыңда қалған бұтаң жоқ,
жалғыз аяқ астайсың, төгілсең — сарқылғаның!.. Көп қыздың артынан
көрген жалғыз тұяқ едің, сорлы əкеңнің, атын құрытамысың? Барма,
бауырым! Осы елде сенен басқа оқу іздеген жан жоқ. Торсан баласына
еремісің? Оған не істесе де жарасады. Киім көп, қалта қалың. Ал, сен
неңмен оқу іздейсің? Бір жерде аштан өлуге ме? — деп, жылайды, біресе:
«Тіл алмайсың. Бұл қай қисықтық? Не ажал, не сор жетектеп тұр ма?!»
— деп ұрсады. Бірақ менің бекіген көңілім бекіген...
Сол кезде Ресейдің, Мұстафасы Көшебе руынан Балғаның Омары дейтін
баймен құда боп, той жасай қойды. Олар баласына атастырып отырған
Бадығұл дейтін қыз менің апам Зəуреден туып, баласы жоқ Мұстафа
кішкене күнінде асырап алған. Құда түскен шақта Бадығұлдың жасы он бір,
он екіде.


— Бейшара аузыңның салымы бар екен — деді маған, Бықас дейтін
жігіт, — осы той басталған кезде, — жайшылықта жетім қозыдай зарлай
беретін ең, енді мына құдаларға қызмет қып өлең айт, шамаң келсе бас
құдаларды мақтап өлең, шығар, сонда олар саған ақша береді...
— Шығарып айта алмаспын, ағай деп ем:
— Ендеше, қызғылықты қиссалардан айт! — деді Бықас. — Көтермешік
жəне жидашың — өзім болам...
Құдалыққа ылғи байлар келген екен. Кешке Мұстафаның үлкен қоңыр
үйі адамға лық толды. Бықас мені:
— Оқуға Омбыға барғалы жүр осы бала, — деп құдаларға таныстырып
алды да, қаражатымның жоқтығын айтып: — Ал, бала, қызмет қыл, ар
жағын жұрттың өзі білер, — деді.
— Жылу жинаса, елге келсін, қызметі жақса көрерміз, — деді бір құда.
— Бас, бала! — деді Бықас.
Ac піскенше менің аузым өлеңнен дамыл тапқан жоқ. Бықас ортаға
орамал салған, тəрелке қойды. Мен «Қобланды батырды» айтып болған
кезде, тəрелкеге 20 тиындап, жарты сомдап, бір сомдап ақша түсе бастады.
Енді «Мұңлық Зарлыққа» түстім. Ақша көбейе түсті, ішім жылып отыр!..
Бір кезде:
— Осы заржағың кім? — деп сұрады Есенəлінің Оспаны.
— Жаманшұбардағы Мұқанның баласы, — деді біреу.
— Əлгі маған өлең шығаратын осы екен ғой, — деді Оспан шыңтақтаған
жастықтан басын көтеріп ап, ашуланғаны сұрлана қалған кескінінен біліне
қойып, — бұған берген жəрдем арам!.. Қайтып алыңдар ақшаларыңды!..
— Осы жаман шірік пе еді сол?! —деді бірнеше құда үн қосып. —
Мұндай қарап жүрмейтін неменің, анау пұштиған мұрнын жепіріп жіберу
керек!..
— Сөйту керек! — деп босаға жақтағы біреуі жұдырығын түйіп
орнынан көтеріле бергенде:
— Құда, көтерілме! — деді Бықас, — сен ұрмайсың да, біз ұрғызбаймыз
да!
— Ұрғызбаймыз! — деп ду етті босаға жақтағы біздің елдің жігіттері.
Едірейген жігіт бəсеңдей қалды. Өзге құдалар да тым-тырыс, тек, мені
атқылаған көздерімен ғана ішіп-жейді.. Со кезде Бықас тəрелкедегі ақшаны
жинап қалтасына салды да:


— Кеттік бала! — деді. Екеуміз шығып кеттік. Бықас үйіне барып
ақшаны санасақ, жиырма жеті сом екен... Маған ол да көп олжа...
Со күні кешке Торсанның Бəкені мен Тəпіштің Боржабайы дейтін
Қызылжар жүретіндігі мəлім болды. Олар дағдылы «кооперация»
саудасына барады екен. Олар мені Қызылжарға дейін арбаларына мінгізе
кетпек болды.
Таң біліне Торсан үйіне барсам, жолаушылардың аттары жегіліп жатыр
екен.
Мен үндеген жоқпын жəне үндеуге күшім де жоқ еді: бір тəуекел деп
кетіп барам, əйтпесе, алдым күңгірт!.. Артымда апаларым... туған жер,
өскен ел қалып барады!.. Соның бəрін қиып тастап кету оңай боп па!..
Апам — Зəуремен амандаспай келгем. Несіне амандасам, — күйеуінің
қолында сол кезде 20-дан аса жылқы, 50- ден аса қой, 20-ға жақын сиыр
бола тура, маған көк тиын копейкелік жəрдемі болған жоқ... Ондай жəрдем
беру қолынан келмейтінін білем, ендеше, тағы да босқа жылатып. жүрегін
босқа сыздатқанда маған түсері не?!.
Осы ойлар кеп, амандаспай-ақ аттануға белімді мен бекіткем де, таңға
жақын Торсан ауылына кетіп қалдым, бірақ іштей аңырап жылап келдім.
Сонымды сезгендей, Бəкен манағы сұрауын қайталаған жоқ.
Біз жүріп кеттік: Бəкен мен Боржабай тарантасқа салған тоқыма
қораптың артында қатар отыр, мен алдында оңаша божы ұстап отырмын.
Көңілімнің босағандығы сондай, — егер көзімнен жас шығарсам, бар
денем су боп ақтарыла қалатын сияқты, сондықтан денені буып алқымға
тығылған көз жасын əрең ұстап отырмын.
Ол шыдамым, əлгі ұйқыдағы апамның ауылына деңгейлеп келгенше
ғана екен. Со тұсқа кеп, ауру апам — Зəуре мен алыстағы апам — Ұлтуған
есіме түскенде, кемерінен асқан судай ақтарылдым да кеттім!..
— Мынаныкі не?! — деді Боржабай.
— Қайтсін, елді қимайды да! — деді Бəкен.
— Адыра қал! — деді Боржабай ернін шығарып, — елшілін жаман
неменің!..
Он сегіз жыл шырмалып шыға алмаған туған жер, туған ауыл алыстаған
сайын мен оларды сағына, аңсай түстім...
Со кезде тіліме оралған жалғыз сөз:
— Хош, туған жер!..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет