«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы. Жолыңнан сыбағалы құры қалма,
Жақсыны аты естілген естен салма.
Жұртыңның қамы үшін қайрат қылып,
Айдалып, атылсаң да арман бар ма?
( “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі” өлеңі)
«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы. Ақынның отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұл мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты өнер-білімге, оқуға, мәдениеті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы.