Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)


ІХ.  АЗАЛЫ  ЖЫЛДАР   СЫРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата10.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#1586
түріӨмірбаяны
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ІХ.  АЗАЛЫ  ЖЫЛДАР   СЫРЛАРЫ 
 
       
Әлқисса. 1957-58 жылдары, ақыр аяғы, кеңестік кеңістіктегі 30 жылдай 
тұншықтырған  атмосфераға  соны  самал  ескенін  білеміз.  Мысалы,  Ресейде 
сталиндік  лагерь  –  ГУЛАГ-тің  тұтқынынан  босап  шыққан  Л.Разгон, 
А.Солженицын бастатқан ақын-жазушылар партияның қателігін әшкерелеген 
жазбаларын  ашықтан-ашық  жариялап  жатты.  Аспаннан  шұға  жауғандай 
жақсылық,  кеңшілік  әкелген  «саяси  жылымықта»,  обалы  нешік,    СССР  Бас 
прокуроры    Шәкәрім  Құдайбердіұлын  ақтау  туралы  құжатқа  да  қол  қойды. 
Бірақ  …кеңес үкіметіне қарсы бір ауыз сөзі де жоқ, тек ар-әділет деп қақсап 
өткен  ғазиз  ақынның  мұрасын  жариялауға  тағы  да  тыйым  салынды.  Неге? 
Кім кінәлі? 
      
1968  жылы  май  айында  Қазақстан  компартиясының  1-секретары 
Д.А.Қонаев атына домалақ хат түседі.  Онда: «Сырттай естуімізге қарағанда 
Қазақ  академиясы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  аруағын  көтеріп,  кітабын 
шығармақшы  көрінеді»  дей  келе,  кешегі  шолақ  белсенді  тобы  бар  пәлені 
былайша  үйіп-төгеді:  «Алаш  туын  көтерушілер  Шәкәрім  мен  Дулатов  Қази 
Нұрмағамбетов  деген  өлгенде  2000  адам  жинап  митинг  ашқанын,  Совет 
үкіметін  қарғап,  Алаш  партиясына  беріле  егіліп,  өлеңмен  жоқтағанын  да 
білеміз.  1918  жылы  4-5  мың  жасақ  жинап  әкеліп,  Семей  большевиктерімен 
соғысып, Барнаулға дейін барғанын, осы соғыста ту ұстаушы болғанын бүкіл 
ел біледі. 
       
…1931  жылы  «Көк  қасқа»  сойып, ақ  ту  көтеріп,  Совет  үкіметіне  қарсы 
көтеріліс ұйымдастырғанын, рай РКИ-дің бастығы Олжабайдың басын кесіп, 
Рамазан деген комсомол мұғалімді әйелі екеуін сүйретіп өлтірткенін білеміз. 
Компартия  мен  аудан  Совет  кеңесіне  360  кісімен  шабуыл  жасап,  бірнеше 
коммунист  пен  комсомолды  өлтіріп,  кеңсені  өртеп,  банк  пен  кооперативті 
талап алғаны да елге мәлім». 
       
Бар  күнәні  қажы  аруағына  артқан  домалақ  арыздың  соңы  да  өзіне  сай: 
«Шәкәрімнің  бар  жауыздығын  білетін  орыс  азаматы,  қарт  коммунист  сол 
кездегі ОГПУ бастығы Филимонов әлі тірі, осы Алматыда деп естиміз. Сол 
кездегі ОГПУ бастығы Қарасартов деген қарт коммунист те тірі. Сол кезде 
белсенді  комсомол,  мұғалім,  артист  болған  қарттар  бар.  Олар  барлық 
шындықты  айтар  еді.  …Сізден  көп-көп  кешірім  сұраймыз.  Өйткені,  аты-
жөнімізді  аша  алмай  отырмыз.  Халықтық,  партиялық  талдау  бола  қалса  – 
біздің табылуымызға сеніңіз».               
       
Бір  жағынан,  Қонаевқа  жолданған  осы  арызда  белгісіз  «қарт 
коммунистер»  тобы  тарапынан  Шәкәрімге  жабылған  жаланың  ақ-қарасын 
айыру  бүгінгі  біздерге  міндет.  Екінші  жағынан,  оны  «шолақбелсенділік» 
құбылыс  ретінде  қазақ  топырағында  тамыры  қандай  тереңге  кеткені 
байқалсын деген ниетпен келтіріп отырмын. 
       
Атам қазақтың «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегені 
айнытпай келген осы жылдары Шәкәрім Шыңғыс тауының тыныш қойнауы – 
Шақпақтағы  ішінде  жазу  столы,  шағын  кітапханасы  болған  тамында  терең 
ойға бойлап, хақиқат шыңдарына шарықтайды. Өмірінің соңғы он жылында 

 
214 
поэзиясы  жаңаша  гүлдеді.  Әсіресе,  1926-29  жылдары  туылған  асыл 
жырларды  кемел  ойдың  поэзиясы,  екінші  түрде  әулиелік  поэзия  десек 
дұрыстық.  Сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістерді, жаңағы жаңа заманның 
ағымы мен тынысын да жіті қадағалап бақылайды.  
     
Қарапайым  көпшіліктің  психологиясы  күннен  күнге  нілдей  бұзылып, 
өзгере түскенін жеткізуге төмендегі шумақтарды келтірейік. Оны өз дәуірінің  
тамыршысы Биағаң (Б. Майлин) былайша кестелеген: 
-
 
Күлән-ау, анау кім? 
-
 
Ленин ғой. 
-
 
Шошайғаны несі? 
-
 
Қолы ғой. 
-
 
Неғып тұр? 
-
 
Шақырып тұр. 
-
 
Кімді? 
-
 
Кедейді. 
-
 
Қайда? 
-
 
Байға. 
-
 
Не деп? 
-
 
Күресейік, кел деп. 
      
Осы ажуа диалогте суреттелген көрініс алты қырдың артында емес-ті.  
        
Ілияс Жансүгіровтың: 
                          
Пай, пай, пай, балшебек! 
                          
Кәмпелескеп, пәршелеп, 
                          
Бастан тайды бағымыз! 
                          
Азғанымыз емес пе, 
                          
Қойшыдан сынды сағымыз,  
деп  құрдасы  Биағаңа  үн  қосқанындай,  таяу  болашақта  күрестің  көкесі 
кәмпеске мен қызыл қырғын диірмені іске қосылатын болады.                              
 
        
Иә, ғұлама сүрген ұзақ өмірінің ең ауыр өткелі 1930-31 жылдарға келеді, 
бұлттан биік, ұлттан аласа Шәкәрім жеке басының ең трагедиялы шағын да 
халқымен  бірге  кешеді.  Бірақ  кемеңгер  өмірінің  беймәлім  тұстары,  әсіресе, 
соңғы күзінің жұмбағы әлі көп. Бізге оларды аршып, шынға жетуге талпыну 
парыз.  Сөйтіп,  азалы  жылдар  сырларына  байыппен  келіп,  рет-ретімен  сөз 
етелік. 
 
   
Саяси репрессия шеңгелінде 
1989  жылы  Алматыда  жарық  көрген  Қазақ  ССР,  4  том  қысқаша 
энциклопедияның  4-ші  томы  678-бетіндегі  «Репрессия»  атты  мақала  бізге 
мынадай дерек береді: «Репрессия Қазақстанда тұңғыш рет 1928 ж. басталды. 
1925  ж.  Қазақстанға  өлкелік  партия  комитетінің  1-секретары  болып  келген 
И.Ф.  Голощекин  республиканың  саяси-экон.  және  әлеум.  жағдайымен 
танысқаннан  кейін,  «Қазақстанға  Ұлы  Октябрь  революциясының  ешқандай 
әсері  болмапты,  сондықтан  мұнда  «Кіші  Октябрь»  революциясын  жасау 
керек»  деген  қорытындыға  келеді.  Ол  өзінің  бұл  қате  тұжырымын 
И.Сталинге  мақұлдатып  алады.  Сталинге  арқа  сүйеген  Голощекин  қазақ 

 
215 
ұлттық интеллигенциясын жаппай жазалауға кірісті. …Сөйтіп, аз ғана қазақ 
оқығандарынан 150 адам жазаға ұшырады». 
Әттеген-ай,  биліктің  екі  тізгін,  бір  шылбыры  қиракезік  қияли,  «шаш  ал 
десе,  бас  алатын»  қиямпұрыс  әрі,  орыс  классигі  айтқандай,  «ит  жүректі» 
адамның  уысына  түсті.  Айтқандайын,  Голощекинді  қазақ  оқығандары  өз 
ішінде  Қужақ  (орысша  фамилияны  осылай  қазақшалаған  –  Ахмет 
Байтұрсынов) деп атаған. Бұл санасы бітеу, тек тіл-жағын безеген бос адам 
деген мағынаны білдірген. Айтары не, 1928-31 жылдар орны толмас ұлттық 
апатқа ұрындырды. 
       
«Конфискация»  делінген  аты-шулы  пәлені  айналып  өту  мүмкін  емес. 
1928 жылдың қыркүйек айында шыққан «ірі байлар, халықты бұрын қанап, 
зорлық-зомбылық  көрсетіп,  байыған  ақсүйек,  шонжарлар  кәмпескеленсін» 
деген  үкімет  қаулысы,  дәлді  атауы  «Қазақтың  бес  жүз  бай-феодалдарының 
мал-мүліктерін  конфискациялау»  туралы  осы  декрет,  сорымызға  қарай, 
ұлттық катаклизмнің «детанаторы» рөлін атқарады. Ол елімізді орны толмас 
демографиялық дағдарысқа ұрындырады деп кім ойлаған?!  Шынтуайтында 
ол  ат  төбеліндей  жаңағы  500  адамға  ғана  қатысты  әрі  жаңа  қалыптаса 
бастаған  жас  мемлекет  жағдайында  бірде  орындалса,  бірде  орындалмай 
қалуы мүмкін декретсымақтың бірі ғой. Бірақ, ал енді қайтесің дегендей, нақ 
осы шара асыра орындалды.  
       
Сондай-ақ  далалық  көшпелі  тұрмыс-тірліктің  арқау  тірегі  – 
қонақжайлылық, бауырмалдық, ағайынға жанашырлық және кішінің үлкенді 
силауы  сияқты  халықтық  мінезге  оңдырмай  соққы  берілді.  Осымен,  жарты 
ғасырдан  астам  уақыт  дәстүрлі  қоғамның  іргетасы  бордай  үгілді  десе  де 
болады.  Ең  төменгі  инстинкттер  оянып,  іште  бүгулі  пендешілік  жабайы 
сезімдер (қатігездік, күндестік, бақталастық) барынша жалаңаштанды.  
«Осы  кезде  бұрынғы  Шыңғыс  болысы  –  Досов  болысы  болып  атанған. 
Досов болысынан бірнеше адамдар кәмпескеге ілінетін болды, - дейді Ахат 
ақсақал.  -  Солардың  ішінде  малы  толмаса  да  болыс  болған,  ақсүйек,  аға 
сұлтан болған шонжар Құнанбайдың немересінен біреуі ілінуі қажет болды. 
Бұған орай Шәкерім кәмпескеленіп, жер аударылатын болды». 
Заң  деген,  ар-әділет  деген  ұғым  біржола  аяқасты  болмаған  бастапқыда, 
кәмпескеге  ілінген  адам  көпшіліктің  жиналысына  салынған  көрінеді. 
Әйтеуір, Шәкерім қажыны осы қағида құтқарып қалған. Досов болысындағы 
үш  ауыл  советтің  (Қаражартас,  Ақтөбе,  Құндызды  деген)  жиналысы  да 
қажыға  қарсы  қол  көтермей,  «бір  ауыздан  бермей  қалады».  Ал,  Ырғызбай 
нәсілінің  алғашқы  құрбаны  -  Турағұл  Абайұлы  туған  жермен  мәңгі 
қоштасады.  Ол  осы  жылдың  қараша  айында  отбасымен  Шымкентке  жер 
аударылды. 
Селдей боп өте шыққан кәмпескенің ойпыл-тойпылынан әупірімдеп аман 
қалған Шәкерім әділі керек, келер  жылы біршама тыныш өмір кешеді.  
1929  жылдың  қысында  әкейдің  жәйін  білейін  деп  Саятқораға  бардым 
дейді  Ахат  ақсақал.  Екі  қонғаннан  кейін:  «Байқошқарға  барайық»,  -  деді. 
Аржағында  12  шақырым    жерде  Байқошқар  ауылы  бар,  сонда  барып, 
Кәрімқұл дегеннің үйіне қондық. Төр үйге төсек салып берді  …Түн ортасы 

 
216 
ауып  бара  жатқанда  әкей  шам  жақты.  Шам  жақты-дағы,  домбыраны  алды-
дағы бір сарын тартты» (Абай. – 1994. - №9. – 52 б.). «Қорқыт, Қожа Хафиз 
түсіме енді де…» деген өлеңнің сөзі мен әні осылайша дүниеге келеді.  
Таңертең  ауыл  адамдарын  жинап  алып,  Шәкәрім  осы  әнін  орындап 
береді. «Онан соң бұл әнге әнші керек деп, Әбдіғали деген бар, осыған соның 
дауысы  жетеді  деп,  Әбдіғалиға  өлеңмен  хат  жазды»,  -  дейді  Ахат.  «Сәлем! 
Әбдіғали  бауырым,  жалғызға»  деп  басталатын  өлең-хаттың  мән-жайын 
үстіде айтқанбыз.    
ЕСКЕРТПЕ:  ақынның  аталған  екі  өлеңі  1988  жылы  Алматыда  жарық 
көрген    «Шәкәрім  шығармалары»    жинағында  1931  жылғы  деп  қате 
көрсетілген.  Мәселе  сонда,    осы  екі  өлеңді  І.Жансүгіровтың  архивінде 
сақталған дәптерінде жазылған күні 1931 жыл 10 февраль деп Шәкәрімнің 
өзі де жаңсақ белгілеген (1930 жылдың 10 февралі Ғафур тұтқынға алынған 
қаралы  күн,  тікендей  қадалған  осы  оқиға  ойынан  шықпаған  Шәкәрім 
даталарды аңдамай ауыстырып алған секілді). Дұрысы, Ахат айтқан 1929 
жылдың февралі екеніне сеніміміз кәміл. 
Тыныштықта  өткен  1929  табысты,  олжалы  жыл  болды.  Қарт  ақын  өзі 
туралы  «Мұтылғанның  өмірі»  атты  дастанын  жазады.  Сондай-ақ,  жаңа 
жырларымен  қатар  кейбір  бұрынғы  шығармаларын  өңдеп  толықтырады.  
Соның бірі - «Нартайлақ-Айсұлу». Бұл сонау 1883 жылғы тұңғыш дастаны. 
Оның  қайта  өңделгені  менмұндалап  тұр.  Мәселен,  дастанның  аяққы  бөлігі 
1925 жылдан соң жазылғанына мынадай екі жол айғақ: 
                            
Қорамнан Шақпақтағы көрініп тұр, 
                            
Екі оба дәл екі емшек сияқтанып. 
Бұл қорған-обалар Шыңғыс заманынан белгі дейді тарихшы қарт: 
                            
Ол оба бұрыннан да болған еді, 
                            
Хан Шыңғыс жайлап бұған қонған еді. 
                             
Шыңғыстың әскер басы нояндары, 
                             
Жебенің Сүбетаймен қорғаны еді. 
Айта кетелік, обалы биіктің басы – ақынға қысы-жазы сүйікті орын еді. 
Жыр асылдарын осында отырып шығарған. 
Осы  жылдың  күзіне  қарай  есте  қаларлық  бір  оқиға  болған.  Ол  
Алматыдан,  сол  кезгі  басшы  азаматтар  Ораз  Исаев,  Тұрар  Рысқұловтар 
атынан Шәкерімге шақыру хаттың келуі. Хаттың мазмұны: «Алматыға келіп,  
тарих  зерттеу  мекемесінде  қызмет  істеңіз.  Қарауылда  қанша  жаныңыз  бар? 
Шойынжолға  қанша  шақырым  тұрасыз?  Келіссеңіз,  хат  жазыңыз  қаражат 
жібереміз» дегенге саяды.  
       
«Үй  ішімізбен  қатты  қуанысып  қалдық,  -  дейді  Ахат.  –  Сүйтіп, 
ауылдағылар  көшпекке  даярланып,  шаруаларын  жайғай  беретін  болды  да, 
мен  жайлаудағы  қорасында  жалғыз  жатқан  әкейге  жүріп  кеттім». 
Қуанбағанда  ше!  Алмағайып  заманың  мынау.  Бірақ  қарт  қаламгер  астанаға 
барудан үзілді-кесілді бас тартып, оған мынадай уәжін айтады: «…Егер мен 
білген нақты тарихты бұрмалап, тек осы кезеңге сәйкестендіре жазсам, сонда 
мен  кім  болам?  Кейін  ақиқатты  зерттеп  –  аршушылар  болмайды  деп  айта 
аласың  ба?  Сөзсіз  болады!  Сонда  кім  боп  шығам!  Бір  өлмей,  екі  өлгенім 

 
217 
болмай ма?». Жыраққа көшу - төнген қатерден құтылудың жалғыз амалы деп 
60 шақырым қыстаудан  асыға жеткен Ахаттың көтеріңкі көңілі су сепкендей 
болғанын  байқап,  тағы  былай  дейді:  «Мен  көргенімді,  білгенімді  бар  адам 
баласы  үшін  жазайын,  наданның  көзін,  келешектің  ойын  ашайын…  деп, 
жапанға  қаштым.  Сондағы  мақсатым  –  қалған  өмірімді  жазумен,  ізденумен 
өтізбек  болғам.  Сол  ойымды,  тапқанымды  жазып  кейінгіге  қалдырмақ 
болдым. Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым. 
Мәңгілік  дәуір  іргетасына  жарарлық  тас  сынығын  таппақпын.  Соны 
іздегеннен басқа өмір маған қалған жоқ, балам! Енді ұғарсың! Қош, жолың 
болсын»!». 
      
Осыдан  соң  «мен  қош  айтып,  елге  тарттым.  Әкейдің  жайлаудағы  тамы 
қыстауға алпыс шақырымдай болатын», - дейді Ахат. 
      
Айтары не, 60 шақырымға ат үстінде қатынау оңай емес. Ал, Шәкерімнің 
жаңағы ойларына келсек, онда бүгінгі күннің биігінен көрінетін терең сырлар 
бар. Әуелі таң қалдыратыны - 71 жастағы ғұламаның қайтпас қайсар мінезі. 
Бірақ оның шын аты - көрегендік қасиет. Егерде ойшыл үй-ішімді сақтаймын, 
отбасымды  асыраймын,  соларды  аман  алып  қалам  деп  Алматыға  барған 
болса, осынша қиындықпен тапқан хақиқат қайда қалмақ? Мұны тура жолдан 
бұрылып кеткендік де де қой. Ондай әрекетке барса Шәкәрім Шәкәрім бола 
ма.  Яғни  Алматыға,  тыныш  өмірге  барудан  бас  тарту  фактісі  ойшылдың 
өзінің биік мақсатына деген түпсіз адалдығын паш етеді, бұл бір. Екіншіден, 
осы жылдар кемеңгер үшін аса қымбат алтын уақыт болғанын да аңдаймыз.  
      
Саяси  репрессия  күшейген  жылдары  әзіз  әулиенің  өмірі  қалай  өткеніне 
бойлай  түсу  үшін  ендігі  ретте  үш  құнды  естелікке  назар  салайық.  Оларды 
Марат  Құрманбекұлы  Түңлікбаев  (1940  жылы  туған)  деген  тарихшы 
азаматтың  1988  жылы  Абай  ауданы  зейнеткерлері  аузынан  жинастырған 
материалдарынан алып отырмыз. 
       
«Біздің  шешеміз,  топырағы  торқа  болғыр  бибі  марқұм,  Ырғызбай 
табынан  еді,  -  дейді  Ғылымбаев  Мақту.  –  Шәкерімге  жақын  болатын. 
Сондықтан  да  ақын  біздің  Бақанастағы  (дәлдісінде  осы  артелге  қарайтын 
Байқошқар ауылына –  А.О.)  үйімізге  жиі келіп, қонып кетіп жүретін. Әкем 
Ғылымбай  Топжановпен  сырлас  еді.  Екеуі  шүйіркелесіп,  түннің  бір  уағына 
дейін  әңгімелесетін.  Кейде  Шәкерім  әлденелерді  айтып  (өлең  болу  керек) 
айтып отырады, әкем жанталасып хатқа түсіруге асық.  
       
…Бірде үшеуміздің арбамен бір жерге бара жатқанымыз есімде. Арбаның 
тербелісімен ұйықтап кетсем керек. Оянсам, бір тоғайлы сайға келіппіз. Олар 
ауылдан алып келген сандықты пиялалап, жан-жағына жүн тығып, бір жерге 
көмді. Тегі, қажы атамның қымбат кітаптары мен қолжазбалары болуы керек. 
Ол кезде оған кім көңіл бөліпті. Шіркін-ай, бәрі де ұмытылды ғой».   
       
Көзбаева Ұқыш: «Қазан төңкерісінен бұрын Көтібай, Жетібай, Жаңабай 
деген  ағайынды  адамдар  Шәкерімнің  малшылары  болған-ды.  Мен  қыз 
күнімде  осы  Көтібайдың  Бәшеріне  атастырылып,  қажының  ауылына  келін 
боп түскем-ді. 1931 жылы біз Бақанасқа көшіп келіп, Әрхамның үйіне кірдік. 
Олар Қарауылға қоныс тепкен-ді.  

 
218 
       
Бәшер  дүкен  ұстайды,  мен  аспазбын.  Қажы  Бақанасқа  жиі  келіп-кетіп 
жүретін.  Киім-кешегін  жуғызып,  бауырсақ  пісіртіп  алатын.  Ашыған 
бауырсақ  көгеріп  кетеді,  қарақтарым,  маған  ши  бауырсақ  қажет  дейтін. 
Айтқанын  екі  етпейміз.  Ондайда  балаша  қуанып,  батаны  көп  беруші  еді. 
Қазірде сексеннің жуан ортасына келіп қалдық, көп жасап жүргеніміз сол ма, 
кім білсін». 
      
Сарбасова  Зияда:  «Шәкерім  қашып  жүрген  кісі  сияқты  емес  еді.  Оның 
алғашқы Саятқорасы өз ауылының жайлауы болған «Кең қоныста» болатын. 
Кейіннен  ол  жерде  колхоз  құрылуына  байланысты  Саятқораны  Шақпақтан 
қайта салып алды. Ол кезде Жәнібектегі жалғыз талдың түбінде үлкен ауыл 
болатын.  Көпшілігі  Көкше  руы.  Шәкерім  әрлі-берлі  өтіп  жүргенде,  біз 
әйелдер, ол кісіні үйдің жабығынан сығалап қана көретінбіз. Ол кезде ондай 
әулие  адамға  бетпе-бет  көріну  қайда?  Маңын  да  баса  алмайтынбыз. 
Қажының азасы ма, яки замана кәрі ме, әйтеуір, Шәкерімнің өлімінен кейін 
жалпақ жұрт, қалың елге зобалаң соқты ғой. 
       20-
шы  жылдардың  ортасынан  беріде  үлкен  отырықшы  поселкеге 
айналған Бақанас елі «балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей ақтабан 
шұбырындыға  ұшырап,  басы  ауған  жаққа  маңды…    М.Әуезов  пен 
Ә.Ысқақовтың  басшылығымен  жүзеге  асқан  егіндікті  суландыратын  канал-
арық, жел тиірмен, кооперативтердің бәрі де адыра қалды. Адамдар қырылып 
жатты.  Айтып-айтпа,  не  керек,  ондай  ақырзаманды  келер  ұрпақтың  басына 
бермесін». 
       
Міне,  осы  естеліктерден  Шәкәрімнің  ел-жұртпен  қоян-қолтық 
араласқанын, қарапайым көпшіліктің жадында ол бітімі бөлек әзіз әулие адам 
санатында мәңгі қалғанын көріп отырмыз. 
  
х   х    х 
1930  жылдың  1  октябрінде  Қужақ-Голощекин  Алматы  қалалық  партия 
активінде  баяндама  жасап,  ұлтжанды  азаматтарға  қарсы  шабуылды  бастап 
берген  еді.  «1930-31  жылдары,  -  дейді  қысқаша  энциклопедия,  -  
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Ш.Құдайбердиев, 
Х.  және  Ж.  Досмұхамедовтер,  М.Тынышпаев,  Қ.Кемеңгеров,  Ә.  Ермеков, 
М.Әуезов,  Ә.Сәтпаев,  Ж.Күдерин  т.б.  қамауға  алынып,  біразы  атылды  да, 
қалғандары  -  түрлі  мерзімге  бас  еркінен  айырылды.  Сөйтіп,  қазақ 
оқығандарынан 150 адам жазаға ұшырады» (4 том, 678 б.).  
Режимнің  қазақ  оқығандарын  жаппай  түрмеге  жауып  елді  бір 
дүрліктіргені  сол  еді.  Онан  соң  меншіктің  бар  малын  ортаққа  алған 
коллективтендіру науқаны басталып кетті. Онан соң аштық... 
Ойхой, опасыз жалған дүние! Мыңды айдаған байдың да, сіңірі шыққан 
кедейдің  де  сүйегі  сайсалада  шашылып  қалды.  Ахаң  (Ахмет  Байтұрсынов) 
«тәубә, қазақ алты миллион болды» деп аузын толтырып айтқан 1896 жылғы 
санақтың  қорытындысына  небары  35  жыл  өткенде,  мұқым  қазақтың  тең 
жартысы аштықтан бұралып, дүниеден өтті. Ресей мен Қытайға, қырғыз бен 
өзбек  жеріне  өтіп,  тентіреп  кеткені  қаншама?!  Мұны  есепке  алған  кім  бар 

 
219 
дейсіз.  Халықтың  жарымын  жоқ  қылған  нәубәтті  қолдан  жасалған  геноцид 
демей көр!  
Жә деп, азалы жылдар оқиғаларына ретретімен тоқталайық. 
Кәмпеске  сияқты  коллективтендіру,  яғни  ұжымдасу  науқаны  да  селдің 
тасқынындай әй-шәйға қаратпай өткен. Әттең дүние, жау шапқандай шұғыл 
өткізбесе де дәнеңе бүлінбес еді ғой... Тұрмысты түбегейлі өзгертуге тиіс зор 
шара,  әрине,    мұндай  асығыстықты  көтере  ала  ма.  Бұл  кезгі  елдің  сурет-
сиқын ата ақынның қаламы былайша кескіндейді: 
                         
Атадан қалған ақ сауыт 
                         
Арамға әбден былғанды. 
                         
Басшысы жоқ сорлы елдің 
                         
Малы мен басы ылғанды. 
                               
Тасбиқты тастап тас алып, 
                               
Сәлде аяққа шұлғанды. 
                               
Өнер қылды «жақсылар». 
                               
Қасқырша елін жұлғанды. 
                         
Жала жауып жалмайды 
                         
Жазасыз қарап тұрғанды. 
                         
Елеріп, еріп көп ел жүр, 
                         
Білмейді құдай ұрғанды. 
                                
Түпсіз жауға санайды 
                                 
Түзу жолға бұрғанды.    
 
Кәмпеске  кезінде  қауіп  Шәкәрімнің  өзіне,  отбасына,  әрі  дегенде 
Құнанбай ұрпағына ғана төнсе, бұ жолы үстіде айтылғандай, бүкіл халыққа 
төнді.  Қысқасы,  бетерден  де  бетер  бар  демекші,  салдары  бұрынғыдан 
әлдеқайда  асып  түскен    жаңа  зобалаң  келді.  «1930  жылдан  бастап,  -  деп 
жазады Қ.Мұхаметханов, - ақынның ақырғы кезеңі аса бір ауыр хәлде, қайғы-
қасыретпен өтті. 1930 жылы 1 ақпанда ең алдымен Шәкәрімнің үлкен баласы 
Ғафурды  конфискелеп,  Баязит  деген  баласымен  бірге  айдап  апарып,  Семей 
түрмесіне жабады. Ақпанның 7-і күні Шәкәрімнің өзін конфискелеп, қамауға 
алады. Түрмеде тергеусіз жатқан Ғафур ақырында өзін-өзі бауыздап өледі». 
Ғафурды конфискелеудің қалай өткенін ақын өлең сөзінде жазады: 
                       
Бірінде келіп Ғафурды алды. 
                       
Баласы да қосақталды, 
                       
Сен қалма деп көгенделмей. 
                       
Мүлік, малын түгел алып, 
                       
Екеуін түрмеге салып, 
                       
Біраз ғана аял бермей, 
                       
Жетісінде өзімді алды, 
                       
Сыпырып үй, жасау, малды. 
                       
Онында мені шығарды, 
                       
Үй тұтқын қып қағаз алды, 
                        
Жатасың деп іс жөнделмей. 
Осы  кестеленген  қатігез,  сұрқия  заман  сықпыты  жан  шошытады.  Қазір 
ғой, «қатігез ғасыр» деп Шыңғысхан заманына меңзеуге бейілміз. Бұл саясат 

 
220 
сөзі, яки өтірік. Шын қатігез 20 ғасыр! Өйткені, адам өмірінің құнсыздануы 
мен әділет, заңның тапталуы мұндай төмен деңгейге ешқашанда түскен емес! 
Мәселен, қылдай кінәсі жоқ адамдардың өздерін түрмеге тығып, үйін, малын 
сыпырып алудан асқан зорлықтың шегі бар ма екен?  Осы хәлді мың емес, 
миллиондар бастан кешті. 
«Ұмытпасам, 1930 жылдың қысы еді,  деп жазады Кәмила Ғафурқызы,  
менің әкем Ғафур мен үлкен ағам Баязит түрмеге жабылған бейуақ кез. Бір 
күні  қолында  бүркіті  бар  атам  келді.  Басындағы  түлкі  тымағы,  үстіндегі 
елтірі  ішігі  атамның  тұлғасы  әдемі  де  салтанатты  көрсетеді.  Бірақ  жүзі 
сынық,  қабақтағы  кірбің,  көңілдегі  кейіс  сезіліп  тұрды.  Ол  кездің  салты 
бойынша  келін  атасымен  бірге  дастарханға  отырмайды.  Сондықтан  шешем 
Мәкей  әзірлеген  кешкі  асты  көрші  үйдің  әйелі  әкеп,  дастарханды  әзірледі. 
Атам  таң  ертең  басымыздан  сипап  бізбен  қоштасты  да,  атына  мініп  жүріп 
кетті. Біз асудан көрінбей кеткенше артынан қарап тұрып қалдық. Бұдан соң 
атамызды  қайтып  көрген  емеспіз.  Сол  сәттен  жетім  қалғанымызды  біз 
кейіннен білдік қой».  
 
Осымен, қарт ақынның үлкен шаңырағын айықпас қара бұлт басты. 
Шәкәрім келесі 1931 жылдың ақпан айының соңында аса бір қиын хәлге 
тап болған. Осы кезде күні-түні ұдайы боран соғып, қарлы қамауда қалған 72 
жастағы  қарт  ақынның  жалғыз  серігі  Қоңыр  атпен  тілдескен  жайын  үстіде 
келтірген  едік.  Ақсақал  Байқошқардан  тамына  қайтып  «от  жағып,  шай 
қайнатып, отын жардым» дейді. 
Айнала ұйтқыған қарлы боран, оның үстіне тергеу-тексеруден торығып,  
титықтаған  қажы  Саятқорада  қатты  ауырып  қалады.  Үш  күннен  кейін  1 
наурызда  жазған  «Қатты  ауырғанда»  деген  өлеңінде  бұл  жайлы  мынадай 
шумақ бар: 
                          
Жиырма жетінші февральда, 
                         
Ентелеп келдім есіз тамға, 
                         
Жатуға жалғыз жалықпай. 
                         
Іш ауру болып науқастанып, 
                         
Үш сөтке ұдайы ішім жанып, 
                          
Құр терім қалды қабықтай. 
 
Дәл  осы  күні,  кездейсоқтық  қой,  қашқындардың  ізін  кескен  ГПУ-дің 
тағы бір екі-үш солдаты жалғыз тұрған тамға қонып, қыраулап кеткен тамды 
жылытып  беріпті.  Және,  тірі  өліктей  болып  шарасыз  жатқан  кісінің  хәлін 
елге  айтып  барыпты.  Осымен,  былтырғы  күзден  бері  келе  алмаған  Ахат 
Шақпаққа  бет  түзеп,  жолға  шығады.  Ол  жер  мұздақ  болып,  аттың  аяғын 
қырықтырып зорға жетеді. Осы жолы үш айдай әкесінің қасында болған Ахат 
өзінің  естелік-эссесінде  соңғы  кездесуі  жайлы  мол  мағлұмат  береді. 
Төмендегі содан алынған үзінділер.  
Жалғыз  тамға  алакөлеңке  қараңғыға  айналған  кезде  әрең  жеткенде: 
«Қоңыр  аттың  ширыққан  жер  тарпыған,  пысқырған  дыбысынан  басқа  түк 
естілмейді.  Көз  алдыма  әлденелер  келіп,  тамында  әкей  өліп  жатқандай 
көрінді, - дейді Ахат. …-Ия! Шал өлген екен. Ол анада келгенімде, еш қайда 
бармаймын  дегенде,  өлетінін  білген  екен.  Түз  тағысындай  барлық  өмірін 

 
221 
түзде  өткізіп,  жапанда  жапамен  өлді.  Өмірі  де,  өлімі  де  –  жұмбақ  сыр.  Ол 
жұмбағы шешілер, сыры ашылар, ұғылар». 
Осындай ойлар қаумалап, тебіренген Ахатты әкесі өзі есік ашып, қарсы 
алады. Үйге кірген соң әкейге қарап отырып, қатты жаным ашыды дейді ол: 
«Ақ  шашы,  ақ  сақалы  қарға  ұқсаған,  әжімі  молайып,  жүдеген  өңі  –  қардан 
кебін  жамылған  құлазыған  белдей,  елсіз  жапан  түзде,  жалғыз  жүрген, 
үйірінен  адасқан  кәрі  тағыдай  көрінді.  Жүрегінде  қандай  сыры  бар,  қандай 
тілек, қандай ойы, қандай арманы бар, соларын білгім келеді. Бірақ түсінен, 
отырысынан, қалпынан іш сырын сезе алатын, таба алатын емеспін». 
Пешке от салып, үй жылыған соң әкей айтты: «Сен бүгін қонақсың, саған 
тамақ асуым керек. Шошаланың төбесінде ілулі үрген қарындардың біреуін 
әкеліп, ет ас!» деді. Мен: «Сіздің ішетін тамағыңыз маған болады», - дедім. 
Әкей: «Жоқ, оның болмайды! Келген қонаққа ет аспаған ырымға жаман, мен 
де жас  сорпа ішейін»,  - деді. Мен бір  қарынды әкеп, аузын шешіп, қолыма 
ілінген  қойдың  сан  жіліктерін  алып  табаққа  салдым.  Әкей:  «Осыларды 
асқалы жатырсың ба?» – деді. Мен: «Ия» – дегенде, «Сен тамақ сала білмейді 
екенсің: «Сан жіліктерді сый қонаққа асады. Ал, үй адамдары алдымен қол 
жіліктерді  асады»  –  деді.  Ел  жайын  сөз  еткенде:  «Адам  баласына  ең  ауыр 
қаза  -  аштық.  Өзегін  өртеп  тұрған  аштыққа  ұшыраған  адамда  ес  қалмайды. 
Сол аштыққа соғып кетпесе игі еді. Қазақта өндіріс, егін  жоқ қой, қолдағы 
күнкөргіш малы кетсе, не болады» деді. Әкесінің қасында үш айдай жатқанда 
Ахаттың  алған  осындай-осындай  сабақтары  көп.  Өмірдің  «тағылымды 
мектебінен оқып шыққандай сезіндім» дейді ол. 
Сөз болып отырған 1930 жылдың наурыз, сәуір айларында Ахат әкесінің 
«Жан  беріп  жарық  жылы  нұрдан»  деген  30  жолдық  өлеңі  сияқты  әлденеше 
өлеңдері мен «Қоңыр ат» жырын жазғанына куә болады. Осы жырдың екінші 
бөлімінде Шәкәрім: 
                          
Ей, Қоңыр ат! Қоңыр ат! 
                          
Айтайын саған бір аз дат! 
                          
Ауылға хабар салайын, 
                          
Елге қарай сырқырат, - 
деп бастап, жылқысынан ауылға мынадай хабарын айтады: 
                                  
Айғанша сынды жарыма, 
                                  
Алғаның өтті дегейсің, 
                                   
Боранда жалғыз аш жатып, 
                                   
Жанына қатты сол батып, 
                                   
Денесіне мұз қатып, 
                                   
Қазасы жетті дегейсің! 
                               
…Ғафурдан қалған көп жетім, 
                                   
Бір көрмек еді ниетім, 
                                   
Арманда кеттім көре алмай», - 
                                    
Деп күңіренді дегейсің! 
                                    
Қабыш пен Ахат, Зиятқа, 
                                    
Сәлемімді айтсаң ұят па? 
                                    
Қиянат жолға баспасын, 

 
222 
                                    
Нәпсіні мүлде тастасын! 
                                    
Жуансың деп, үкімет, 
                                    
Жазаласа қашпасын, 
                                    
Гепеу де мені таныды, 
                                    
Аудандық бізді бір таныр!     
      
Осы арада соңғы жолды түсініктемелеу қажеттілік.  
      
«Аудандық»  деп  ақын,  жоғарыда  аталған,  облыстан  ауданға  арнайы 
жіберілген  милиция  начальнигі  Қарасартовты  айтып  отыр.  Ол  туралы  там-
тұм  мәлімет  мынадай:  әкесі  Қабдолла  Қарқаралы  жақтікі,  етікші  болған. 
Қарасартов әуелде  Бесқарағай аудандық милициясында қызмет қылған. Ал, 
31-
шы  жылдың  дәл  басында  Шыңғыстауға  тағайындалып,  келген  бетте 
жергілікті жастардан милиция жасағын ұйымдастырады. 25 жастағы милиция 
нәшәндігін  көзі  көргендер  былайша  сипаттайды:  «Астында  ауыздығымен 
алысқан шоқтығы биік қаракер аты бар, қолында жалаңаш маузері бар, басын 
ақ шүберекпен байлап алған, ұзын бойлылау, түсі өте суық қарасұр жігіт».  
       
Не  керек,  бұл  сабаздың  кәрі  сондайлық,  келе-сала  жұрттың  апшысын 
табаға  салған  бидайдай    қуырған.  Әйтсе  де  Шәкәрім  «Аудандық  бізді  бір 
таныр!» – деп онымен тіл табысуға әзірге үмітін үзбейді (алдыға оза айтайық, 
бұл үміт ақталмады). 
Әкесінің  жүдеу  хәлін,  ауыр  тұрмысын  көрген  Ахат  оны  елге  алып 
қайтуға  бекініп,  әкесін  көндіреді.  Май  айында  буынып-түйініп  көшуге 
дайындалған соң Шәкәрім Ахатқа: «Сен маған алаң болмай қайта бер. Мен 
мына өлеңмен жазып жатқан поэманы бітірейін, аз-ақ жері қалды ғой!» дейді. 
Бұл  қай  поэмасы  сонда?  Өз  білуімізше,  «Мұтылғанның  өмірі»  атты 
өмірбаяндық поэмасы. Өйткені, жаңағы «Қоңыр ат» жырындағы: 
                            
Сөзімді ұғар жас болса, 
                            
Мен бақыттымын, өлім жоқ. 
                            
Құр әніме мас болса, 
                            
Шын сорлымын, елім жоқ. 
                            
Сөзімді ешкім ұқпаса, 
                            
Мен де, сөз де мұтылар. 
                            
Келмеген жандай жалғанға, 
                            
Топыраққа денем жұтылар, - 
деген жолдар, басқа да нышандар осыған меңзейді.   
       
1931  жылдың  май  айының  ортасында  тергеуге  шақырылған  Ахат  осы 
айдың  29  күні  бес  жылға  түрмеге  кесіледі  (бір  жағынан  ажал  тырнағынан 
аман қалуына осы жәйт себепші де болған).  
      
Шақпақта, қоштасар алдында Ахат әкесін жұбату үшін былай дейді: «Мен 
малымның  жоғын  базарға,  не  басқа  біреуге  сатқам  жоқ,  үкіметтің  айтуы 
бойынша  кооперацияға  өткіздім,  олардың  қағазы  бар.  Қайсыбір  малымды 
тамаққа,  киімге  жараттым.  Сондықтан,  менің  сотталмауым  керек».  Сонда 
Шәкәрім: «Балам, шолақ ойладың, шолақ ойлаудан сақ болу керек. Менше, 
саған бұл жолы кесіледі» дейді. Сондықтан соңғы аманатын да айтады: «Бір 
адамды өзіңнің аман-тірі қалуыңды ғана ойлап, ұстап беруден сақтан! Бұлай 
өмір сүргенше, өлген артық. Егер біреуді өткелге салып өтетін күн туса, оған 

 
223 
жолама!  Егер  өткелге  кісі  салып  өтсең  –  тіріде  өзім,  өлсем  аруағым  ырза 
болмайды!  Мұны  саған  айтып  отырғаным  –  алдыңда  осындай  жағдай  кез 
келуі мүмкін дегендіктен, адам атың жойылмасын дегендіктен. Менің ақтық 
тілегім осы!». Әке мен баланың соңғы тілдесуі осы болады.  
     
Бұл фактіден қажының үкімет саясатына тура қарап, оны жақсы білгенін, 
мәселен, бірді бірге айдап салған сұрқия хәлді айырып отырғанын көреміз.    
Шәкәрім  осы  1931  жылы  өзінің  тағы  бір  қамауға  алынғанын  «Есіз 
қорада» (Абай. – 1994. - №9. –11б.) деген өлеңінде баяндап берген. Бір күні 
есігіне құлып салып, Байқошқарға барып келсе, өзі жоқта екі адамның есігін 
ашып  кіріп,  от  жағып,  тамағын  жеп  кеткенін  көреді  де  кім  екенін  білгісі 
келеді: 
                      
Жүр едім сол екеудің ізін шалып, 
                       
ГПУ-дің солдаттары келіп қалып: 
                     -
Қашқынмен хабарласып жүрсің ғой деп, 
                      
Әкетті Бақанасқа ұстап алып. 
                      
Мені олар Бақанасқа алып барды, 
                      
Жайымды айтып бастыққа хабар салды.                                        
Осы  ГПУ-дің  солдаттарын  (4-5  кісі)  ерткен  басшы  –  Қарауыл 
милициясының  жаңадан  тағайындалған  начальнигі  Қарасартов  екенін 
төменде  дәлелдемекпіз.    Бақанасқа  жеткен  соң  Шәкәрім  Айтмырза  деген 
милицияның  үйіне  барып  тынығады.  Ертеңінде  үлкен  бастық  жауап  алады. 
Ол қаладан (Семейден я Балқаштан) келген ГПУ қызметкері екен, әйтеуір, ақ 
пен қараны ажырата алатын байыпты адам болып шығып, ақынды тұтқыннан 
босатады.  
Осыған  дейін  баяндалған  көп  қайғы-қасірет,  орасан  қиындықтар 
хроникасын бастан кеше отырып, әулие ақынның бір күнде қаламы қолынан 
түспегеніне қайран қаласыз. Мінездің сауыты қандай мықты! Неткен қажыр-
қайрат,  қандай  рухы  күштілік  десеңізші!  Мұның  қайнары  неде?  Осы 
маңызды нәрсені айналып өту жарамас.  
-
 
Арыңның  жоғалмайтын  жағын  ойлап,  кезегін  күт!  Мынаны  ойда 
сақтау  керек:  Басына  ауыр  қайғы  түскен  адам  «енді  маған  өмір  жоқ»  деп, 
тіршіліктен  безеді.  Бұл  –  қайратсыздық,  өмір  заңын  көре  алмағандық,  өз 
қасиетін  жоғалту.  Қайғыру,  қажу  адамды  шатастырады.  Кім  дәуірге  көз 
жіберіп тексере салыстыра алса, сол алдағы өмірінің сәулесін айқын сезеді, 
балам!  
       
Осы сөзді Шәкәрім баласы Ахатқа қоштасар сәтінде айтқан екен.  
Қаламгердің  1913  жылдан  ардың,  тақуалықтың  таза  рухани  жолында 
болғаны  мәлім.  Бұл  жол  ислам  ілімінде  тарихат  делінеді,  одан  тайқымаған 
мұсылман  мағрифат  (Тәңіріні  тану)  пен  хақиқат    шыңына  басқыштайды. 
Алланың  хикметін  сезеді.  «Хақиқатқа  жеткен  адам,  бола  алмас  пәни 
тұтқыны» деп Яссауи айтқандай, бұл ақының жүрегі нұрға малынған шағы.  
Яғни пірадар Шәкәрім рухының сыры, жұмбағы да осында, тегі. Өйткені, 
күшті рух, сергек сезім - көкірек көзі ашылып, әлемді түгел көру хәліне, яғни 
хақиқатқа  жеткен  сирек  тұлғаның  сыбағасы.  Халқымыздың  мұндай  кісіні 

 
224 
«пір-әулие» дейтіні жайдан жай емес. Сыры беймәлім өз хәлін  әулие ақын 
көп өлеңінде сездіреді. Соның бірі: 
                            
…Қараса да көз ашып, 
                            
Көрмесе менен адасып, 
                            
Қасына тұрсам жанасып, 
                                  
Мені жоқ деп санаса. 
                            
Сайтанға иген мойынын, 
                            
Қулыққа толған қойынын, 
                            
Көп жындының ойынын, 
                                  
Қылсам-ау сөйтіп тамаша! 
                                           
(«Әлемді түгел мен көріп»).      
Қоғамдық  сананың  күшті  ағысымен  көп  халық  Маркс,  Ленин  деп 
тақылдап, тамам жұрт күре тамырын адырайтып ұлы Октябрь деп ұрандатып 
жүрген  жағдайда  (тіпті  кешегі  діндар  ақындар  Көкбай  мен  Әріптің  өзі  де 
«Ленин» атты поэмалар жазғаны мәлім), Шәкәрімнің жаралысты жаратушы 
мінсіз  білім  иесі  –  Хақ  тағаланың  барлығына,  жанның  өлген  соң 
жоғалмайтынына  сенімі  бір  мысқал  да  кемімеген.  Сенімнен  шегіну  былай 
тұрсын,  қайта  кері  күш,  кері  ағын  болып,  көкірегін  тосады.  Шамасы  1929 
жылы  жазылған  «Тіршілік,  жан  туралы»  деген  бірнеше  циклден  тұратын, 
тамаша толғау-трактаты осының айқын айғағы емей не. 
Айт-айтпа,  қай заманда да әулиелік деңгейдің басты белгісі түпсіз сенім. 
Сондай-ақ, ұлының ұлылығы осы киелі қасиетпен тексерілмегі бүкіладамзат 
тарихынан  аян.  Иә,  кеңес  өкіметі  дәуірінде  12  жыл  бойы  өмір  сүрген 
қажының  адамзаттың  «шұғылалы  болашағы»  -  социализм  мен  коммунизм 
жайында ләм-мим демей, тіпті бір ауыз жырына қоспай пәк өткеніне еріксіз 
таңырқап, бас шайқайсыз. Бұл әулиелік емей не. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет