№9 Лекция тақырыбы: Толық меңгеру критериінің тұжырымдамасы. Оқу мақсаттары. Оқу мақсаттарының функциялары
Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Білім алушылардың өлшемдерді жобалау: жалпы тəсілдері мен құралдарының қызметімен танысқан, білім сапасын бағалаудың жолдарын меңгерген, білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдана алады
2. Түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді өз деңгейінде қолдануға қабілетті, Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категорияларын анықтай алады..
3. Оқыту мақсаттарының деңгейін анықтайтын Б.Блум таксономиясы туралы түсініктерін дамыта алады, білімді бағалау үшін топқа педагогикалық кеңестер беруге, пікір алмасуға және өзіндік іс-әрекетте баға береді
Лекция жоспары: Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, қызметі, әдістері, формалары мен құралдары туралы жалпы сипаттама.
Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы.
Білімді толық меңгеру теориясы.
Оқу мақсаты таксономиясы.
Лекция мазмұны:
Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, қызметі, әдістері, формалары мен құралдары туралы жалпы сипаттама.
Критериалды бағалаудың моделі оқушылардың оқу жетістігін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр оқушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да:
Оқушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.