СӨЖ тақырыптары:
1. XX
ғ.б. қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдебиет.
2. XX
ғ.б. қазақ зиялыларының саяси көзқарасы.
3. XX
ғ.б. оку-ағарту ісінің өркендеуі.
4. XX
ғ.б. қазақ баспасөзі.
5. XX
ғ.б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар.
ДІНИ-АҒАРТУШЫ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР
Бағыттың басты сипаты мен көрнекті өкілдері. Бұл бағыттағы
ақын-жазушылар негізінен діни білім алып, шығыстық өркениетті
мұрат тұтқандықтан замана сыры, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге
сол көзқарас тұрғысынан қарайды. Сондықтан да, олардың көпшілігі
батыстық үрдістен өріс алған Ресейдегі қоғамдық өзгерістердің
шынайы себебін, олардың сан қырлы сыр-сипатын нақты ажырата
алмағанын ашық айту керек. Бұлардың шығармашылығында ел қамын
ойлаған тынышсыздану, халықты қайтсем түзу жолға салам деген
қиналыс бары рас, бірақ бұл халден арылар нақты жолды олар түптеп
көрсете алмады. Өз заманына қарай ілгершіл ой-пікірлері мол
болғанымен, кейбірі көбіне біржақтылыққа бой ұрып, жалаң түрдегі
діншілдікті насихаттау жолымен кетті.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар өздері
нәр алған шығыстың озық үлгілі әдебиетінен үйреніп қана қоймай,
шығыс шайырларының көрнекті шығармаларының бірсыпырасын
қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға негіздеп
өздері де шығармалар жазды. Сөйтіп нәзирашылдық дәстүрді
дамытты. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақ сахарасына
кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы бағыттағы ақын-
жазушылар. Діни-ағартушы ақындар шығармашылығына тірек болған
қазақ поэзиясының арғы арналарындағы Ахмет, Яссауи, Рабғузи,
Ахмет Жүйнеки т.б. шығармашылықтары, әдебиеттегі діни сарындар.
Бұл бағыттағы ақындардың бір тобына тән ерекшелік-қиссашылдық,
кітаби сюжеттерге еліктеушілік. Жалпы алғанда діни-ағартушы
ақындар өз дәрежесінде қазақ поэзиясынан көркемдік деңгейін биікке
көтерді. ХХ ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан баюына
елеулі үлес қосты.
Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері әр-түрлі
ақындар еңбек етті. Бірақ шығармасының мазмұны, түрі әрқилы,
идеялық көзқарастары сан алуан, шеберлік деңгейі түрліше
болғанымен, бұл бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар.
Бірінші белгісі – бұлар – діни мектептерде оқып мұсылманша білім
алған
ақын-жазушылар.
Олардың
орыс
оқуымен,
орыс
жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана таныстығы болды.
Екіншіден, бұлар – шығыс әдебиетін, оның түрлі әдеби мектептерін
жетік біліп, озық үлгілі дәстүрін, көркемдік тәсілдерін өз бойына үйір
етіп, өз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар. Yшіншіден,
бұлар қаршадайынан діни тақырыптағы шығармаларды, ертегі-
аңыздарды, қисса-дастандарды жаттап, ондағы кейіпкерлерге еліктеп,
сондағы өсиет-өнегеге тұщынып өскендер. Кейін құрғақ еліктеуден,
мағынасыз жаттаудан құтылып, діни ілім-білімге бой ұрып,
іздегендерін дін жолынан тапқандар. Төртіншіден, бұлардың көпшілігі
ірі медреселерде білім алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты
діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің классикалық үлгілерімен
танысып, діни ілімнің қыр-сырын жетік меңгергендер болуы.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңгіров,
Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары,
Мәулекей Жұмашев т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып,
шығыс, ислам сюжеттеріне шығарма жазып, нәзирашылдықты
дамытты. Олардың шығыс сюжетінен, діни кітаптардан аударып, өз
бетінше жазған шығарма-дастандарын мынадай топтарға бөлуге
болады. Діни тақырыптағы қиссалар: “Зарқұм”, “Мәлікаджар”,
“Кербаланың шөлінде”, “Сал-Сал”, “Мұхамед-Ханафия”, “Сүлеймен
пайғамбар”, “Жұм-Жұма”; Қиял-ғайып ертегі іспетті қиссалар:
“Шәкір-Шәкірат”, Сейфіл-Мәлік – Бәдіғұл-Жамал”, “Шаһмарал”,
“Абушахма”; Ғашықтық қиссалар: “Жүсіп-Зылиқа”, “Таһир-Зухра”,
“Ләйлі-Мәжнүн”, Мұңлық-Зарлық”, “Боз жігіт”; Батырлық қиссалар:
“Рүстем-Дастан”, “Кескен бас”, “Ескендір”, “Қисса Баһрам” т.б.
Міне осы шығармаларды жазған, тәржімалаған ақындарды
қиссашыл ақындар деуіміз керек. Өйткені оларға тән творчестволық
еңбектің негізгі өзегі осы қиссашылдық. Ал енді бізде қиссашыл-
кітаби ақындар деген ұғым бар. Бұл ұғым әлі күнге дейін пікір
таластарға арқау болып келеді. Негізінде бұл топқа бұрынғыдай
М.Қалтаевты, Н.Наушабаевты, М-Ж. Көпеевті қосу өте қате болар еді.
Олар – өзіндік стилі, әдеби беті, бағыты қалыптасқан ақындар.
Кітаптарында кейбір арабтан, парсыдан, татардың жазба тілінен
ауысқан сөздер жүр екен деп “кітаби” ақын атандыру – ешбір әдеби
танымға сиымсыз нәрсе. Онда “Оян, қазақты” жазған М.Дулатовты да
осы топқа жатқызуға тура келеді. Оның осы кітабында түсініксіз
сөздер жетерлік.
Әңгіме кітаби сөздер де емес, ақынның мақсатында. Біз ХХ ғасыр
бас кезіндегі түрлі кітаптардағы шығармаларды мейлі ол қарасөзді
болсын, мейлі өлең түрінде болсын тәржімалап, немесе сол сюжетті
негізге ала отырып соған еліктеп шығарма жазған, яғни қисса-дастан
тудырған, өзгедей шығармашылықпен айналыспаған ақындарды
кітаби-қиссашыл ақындар деуіміз керек. Бұларға Ақылбек Сабалұлы,
Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайхысламұлы т.б. жатады. Себебі
олар өзіндік өлең жазып, оны кітап етіп бастырған емес. Жәй ауыл
арасындағы тіршілікте айтқандары бар шығар, бірақ олары көп емес,
әрі сапасы да талапқа сай емес. Олардың сіңірген еңбегі – шығыстық
үлгідегі қисса-дастандарды көбірек жазып қалдыруы және оны өзгеше
бір әдеби дәстүр, әдеби мектеп дәрежесіне көтеруі. Бұл дәстүр Қазақ
даласына кеңінен қанат жайған. Ол Алтайда да, Атырауда да, Сырда
да, Жетісуда да өз жемісін беріп, небір майталман жүйріктерді
еліктірген.
Кеңестік кездегі әйтеуір сол тұстағы идеяларға жат көзқарасты
айдар тағып, ат қойып аластауды әдетке айналдырған мақсаттан туған
“Кітаби-қиссашылдықты” Мәшһүрдей, Мақыштай, Нұржандай
ақындық өнердің, асыл сөздің шеберлеріне айдар ғып тағу, олардың
“шекпендеріне” тарлық жасайды. Олар – діни ағарту тұрғысынан
ұлттық поэзиямыздың өресін биікке көтеріп, әдебиет тарихында өзіне
ғана тән ақындық қолтаңбасын қалдырған өнерпаздар.
Достарыңызбен бөлісу: |