Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев


Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)



Pdf көрінісі
бет21/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
хх адебиет

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 
11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.  Шәкәрім өзінің 
жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында мол әдеби мұра 
қалдырды. Ақын шығармаларының басым көпшілігі қазан төңкерісіне 
дейін жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде өз бағасын алған.  
Шәкәрім – ең алдымен ойшыл ақын. Азаматтық поэзияға тән биік 
асқақтық, өмір құбылысына терең үңілген таным–толғам Шәкәрім 
өлеңдерінің басты идеялық тұғырына айналды. Ақынның шынайы 
азаматтық болмысын, ақындық сенім көзін айқындайтын басты 
тақырыптар – қоршаған орта, табиғат әлемі, тартысты қоғам
қоғамдағы адам, оның болмысындағы қадір-қасиет, адамгершілік 
қағидалары және мінез-құлық, тәрбие негізі.  Шәкәрімнің төл-
туындысы ретінде саналатын үш поэмасы бар. Олар «Қалқаман – 
Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу».  
«Қалқаман  –  Мамыр»  -  Шәкәрімнің  іргелі  шығармаларының  бірі. 
Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау еткен бұл поэма Қалқаман 
мен Мамыр арасындағы ғашықтық сырын шертеді. Ал «Еңлік - Кебек» 
поэмасын  автор  ел  ішінде  аңызға  айналған,  болған  оқиғаның  ізімен 
жаза  отырып,  екі  жастың  махаббат  тргедиясының  жеке  адамның 
қасіреті  ретінде  бағаламай,  сол  тұстағы  қазақ  қоғамының  қасаң 
қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады.  
Ш.  Құдайбердиев  өлең  өлкесінде  ғана  еңбек  етіп  қоймай,  қазақ 
прозасына да едәуір үлес қосты. Олар, мыналар: «Түрік,қазақ, қырғыз 
һәм  хандар  шежіресі»,  «Мұсылмандық  шарты»,  «Трактаты», 
«Бәйшешек бақшасы» атты әңгімелер топтамасы, «Мәнді сөздер» атты 


офоризмдері,  «Шын  бақтың  айнасы»,  «Мен  жетпіс  екі  жасқа 
келгенше» толғамдары және «Әділ мен Мария» романдары. 
Шәкәрім  әңгімелері  шығыстық  мазмұнда,  халық  ауыз  әдебиетінің 
үлгісімен  жазылған  ғибраттық-дидактикалық  сарындағы  дүниелер. 
Автордың  қай  әңгімесін  алсақ  та,  байқалатын  ерекшелік  шағын  ғана 
оқиға,  аз  сөзден  ғибраттық  үлгі  алатын  қорытынды  жасап  отыруы. 
Шәкәрімнің шағын прозалық шығармаларында бірде адам болмысын, 
тағдырын  жан-жақты  суреттеуге  тырысса  енді  бірде  күнделікті  өмір 
құбылыстарының кейбір көріністері, сыр-сипаттары туралы толғамды 
ой  жүйеленеді.  Қара  сөзді  шығармаларының  ішінде  көлемі  жағынан 
да,  көтерген  мәселесі  жағынан  да  ауқымдысы  «Әділ  мен  Мария» 
романы.  Автор  шығармасын  «Қайғылы  роман»  деп  те  атаған.  Ақын 
бұл  қайғылы  романды  1925  жылы  май  айында,  Шыңғыс  тауының 
сыртындағы  Шақпақта  67  жасында  жазған.  Романда  ескі  қазақ 
ауылының  1910  жылдардағы  өмір  тұрмысы,  сол  кездегі  әлеуметтік 
теңсіздік  суреттері,  сүйгеніне  қосылса  да  зорлық  пен  әділетсіздіктің 
құрбаны  болған.  Әйел  тағдыры  шыншылдықпен  суреттеледі.  
Романның идеялық нысанасымен әлеуметтік астарына келетін болсақ, 
мұндада  қазақ  қоғамындағы  әйел  теңсіздігі,  махаббат  еркіндігі 
жолындағы күресі арқау болған.  
Шәкәрім шығармасын оқи  отырып, сол кездегі  халықтың тұрмыс-
тіршілігін,  әдет-ғұрпын,  этнографиясын,  салт-дәстүрін  қоршаған  орта 
табиғатын  ұтымды  пайдаланғанын  байқаймыз.  Ш.  ҚҰдайбердиевтің 
«Әділ мен Мария» атты  прозалық шығармасы – ұлттық әдебиетімізді 
байытқан,  өз  заманының  шындығын  дәл,  шынайы  жеткізе  білген, 
біздің  әдебиеті  тарихымызлдан  өзіне  лайық  орын  алуға  тиіс,  көркем 
шығармалардың бірі.  
Сонымен Шәкәрім  - әдебиеттің көптеген жанрларында туындылар 
жасаған  қаламгер.  Шығармашылығының  басты  тақырыптары  сол 
кездегі  қазақ  қоғамының  бір  саласын  қамтыған.  Ол  әсіресе,  Абай 
үлгісін  шашуда  елеулі  еңбек  етті.  Сондықтан  Абай  дәстүріндегі 
көркемдігі  жоғары,  мазмұн,  түр  жағынан  сонылығы  басым,  үлкен 


қоғамдық-әлеуметтік  мәні  бар  лирикалар  туғызды.  Абай  ұстанған 
ағартушылық, гуманистік көзқарасты қатты қолдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет