Омыртқа жотасы, омыртқа жотасының бөлімері, кеуде омыртқаларының анатомиялық және морфологиялық ерекшелігі


Мойын омыртқаларының саны 7. Көлемі кіші, көлденең өсіндісінде тесік болады



бет2/3
Дата13.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#43002
1   2   3

Мойын омыртқаларының саны 7. Көлемі кіші, көлденең өсіндісінде тесік болады.


Мойын омыртқасы (үстінен көрініс): 1 — қылқанды өсіндісі; 2 — омыртқа өзегі; 3 — төменгі буын ойдымы; 4 — жоғарғы буын ойдымы; 5 — омыртқа денесі; 6 — көлденең өсінді; 7 — көлденең өсіндісінің тесігі; 8 — қабырға өсіндісі
Бел омыртқалары саны-5, бір-бірімен тығыз байланысқан. Денесі мен білікше өсіндісі үлкен, жалпақ.
бел омыртқасы
(үстінен көрініс): 1 — қылқанды өсіндісі; 2 — жоғарғы буын өсіндісі; 3 — төменгі буын өсіндісі; 4 — көлденең өсіндісі; 5 — омыртқа өзегі; 6 — денесі
Сегізкөз бірігіп кеткен 5 омыртқалар жиынтығы. Пішіні үшбұрышты, жалпақ, төменге қарай тарылады. Алдыңғы бетінде көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан қалған. 4 жұп тесігі бар, жұлынның жүйкелері шығады.
Құйымшақ 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Олар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы байланысқан.
Құйымшақ А — алдынан көрініс;
Б — артқы көрініс: 1 — құйымшақ мүйізі; 2 — өсіндісі; 3 — құйымшақ омыртқалар.
Кеуде омыртқасының саны-12., денесі жоғары және төменгі бүйірінде қабырға үшін ойығы бар. Бұл ойыққа қабырғаның басы келіп қосылады. Өзек тесігі дөңгелек, білікше өсіндісі ұзын, арқадан төменгі қарай, тасбақаша жатады.

Денесінің бүйір бетінің теменгі және жогарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1 -кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12 кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан.

  • Денесінің бүйір бетінің теменгі және жогарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1 -кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12 кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет