Омыртқалылар (Vertebrata) тип тармағы. Омыртқалыларға жалпы сипаттама. Классификациясы Орындаған



бет5/6
Дата15.11.2022
өлшемі8,76 Mb.
#50430
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СЛАЙД 2ТОП

Тыныс алу жүйесi. Негiзгi тыныс алу жүйесi – жұтқыншақ өсiндiсiнен түзiледi, сыртқы желбезек пластинкаларымен байланысқан. Сыртқы желбезек тесiктерi арқылы ашылған желбезек қапшықтарынан тұрады. Денесiнiң ұзына бойына бас бөлiмiнiң екi жағына 7 жұп желбезек тесiктерi ашылады. Осы тесiктердiң iшiнде желбезек пластинкалары болады, осы пластинкаларда қан тамырының қоры құрылады. Желбезек қапшығының екiншi жағындағы iшкi желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су желбезек тесiктерiнен желбезек қапшықтарына енiп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Тыныс шығарғанда судағы оттегiнiң мөлшерi азайып, көмiр қышқыл газының мөлшерi артып желбезек тесiктерiнен шығады.

  • Тыныс алу жүйесi. Негiзгi тыныс алу жүйесi – жұтқыншақ өсiндiсiнен түзiледi, сыртқы желбезек пластинкаларымен байланысқан. Сыртқы желбезек тесiктерi арқылы ашылған желбезек қапшықтарынан тұрады. Денесiнiң ұзына бойына бас бөлiмiнiң екi жағына 7 жұп желбезек тесiктерi ашылады. Осы тесiктердiң iшiнде желбезек пластинкалары болады, осы пластинкаларда қан тамырының қоры құрылады. Желбезек қапшығының екiншi жағындағы iшкi желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су желбезек тесiктерiнен желбезек қапшықтарына енiп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Тыныс шығарғанда судағы оттегiнiң мөлшерi азайып, көмiр қышқыл газының мөлшерi артып желбезек тесiктерiнен шығады.

Зәр шығару жүйесi. Негiзгi зәр шығару мүшесi бүйрек. Екi бүйрек арқа жағында хорданың астында орналасқан. Барлық дөңгелек ауыздылардың ұрықтарында алдыңғы бүйрек немесе пронефрос қызмет етедi. Ересек дөңгелек ауыздылардың зәр шығару жүйесi бүйрек каналдарынан тұрады, оны вольфов каналдары дейдi. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ашылады. Ересек дөңгелек ауыздылардың көпшiлiгiнде бас бүйрек (пронефрос) күрделiрек дене бүйрегiне (мезонефрикалық) айналады. Дене бүйрегi дейтiнi ол басынан бастап, денесiнiң бiраз жерiне дейiн созылып жатады.
Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту мүшелерi ауыздан және жақсы дамыған ауыз қуысы мен үлкен тiлден басталады. Тiлдiң үстiнде тамақты ұстап алуына бейiмделген мықты мүйiз тiстерi жұтқыншақтан және iшектен құрылады. Жағы жоқ, аузы дөңгелек, ол жануарлардың денесiнiң қай жерiне болмасын сорып жабысып алуға бейiмделген. Жұтқыншақ iшекпен жалғасып, аналь тесiгiмен аяқталады. Дөңгелек ауыздыларда қарын жоқ. Қарыны дамымағандықтан өңеш бiрден iшекке келiп жалғасады. Миногаларда iшектiң iшкi қабырғаларында спираль тәрiздi қыртыстары болады, олар ас қорыту жүйесiнiң iшкi сiңiру бетiн ұлғайтады да, тамақтың iшек қуысынан өтуiн баяулатып, оның толық қорытылуына себепшi болады. Lшектiң алдыңғы бөлiмiнен бауыр дамиды, iшектiң алдыңғы бөлiмiне келiп құйылатын өтi бар, ұйқы безi жетiлмеген. Миногалардың iрi түрi балықтарға шабуыл жасап денесiн кемiрiп iшiне кiрiп барлық iшкi мүшелерiн жеп, зиянын тигiзедi. Миноганың ұсақ түрлерi судағы омыртқасыздармен қоректенедi.
Көбеюi. Жынысты жолмен көбейедi. Дөңгелек ауыздылар дара жынысты. Жыныс бездерi дара, көбею кезiнде дене қуысының көпшiлiк жерiн алып жатады. Бұл бездердiң арнаулы шығару түтiктерi болмайды. Жетiлген жыныс гаметалары бездерден дененiң қуысына құйылып одан арнаулы тесiктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр түтiк өзегi арқылы суға шығып, сол жерде ұрықтанады.
Дамуы. Миногаларда даму түрленiп жүредi. Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Құмғазғыштар көпшiлiк уақытта топырақты қазып, соның iшiнде жатады. Олар бiрнеше жыл өмiр сүредi, (2-5 жыл) сол жылдардың iшiнде олар ересек миногаларға айналады. Құмқазғыш кейбiр белгiлерiнiң болуына қарағанда (эндостильдiң болуы) тiршiлк ету тәсiлдерiне қарағанда ланцетниктерге ұқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар тура дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет